kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Жаңа жылдық сандық"

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Жаңа жылдық сиқырлы сандық" балабақша балаларына арналған мерекелік ертеңгілік

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Жаңа жылдық сандық"»

«Жаңа жылдық сандық»

Музыка әуенімен балалар залға билеп кіреді.

Жүрг: Құрметті ата аналар, балалар, қонақтар «Жаңа жылдық сиқырлы сандық» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер! Тақпақтар:

Амирхан:Жаңа жылды қарсы алып Жанерке: Өлең де әзір, ән әзір,

Жасаймыз біз жылда бір. Ойын да әзір, бәрі әзір

Жарқын –жарқын ән салып, Кел Жаңа жыл біздерге,

Жалғасады жырға жыр. Кел Жаңа жыл, жаңа жыл!

Амина: Жасыл шырша жанында Аружан:Той мереке салтанат

Көңілдіміз баршамыз Думандатып шартарап

Ән салуға, би билеуге Келді міне жаңа жыл,

Біз дайынбыз бәріміз Тартуларын арқалап

Ән: «Қыс күні» (Осы кезде Мыстан залға кіріп, шыршаның астындағы сандықты құлыптап тастайды)

Жүрг: Балалар қараңдаршы біздің мерекелік шыршамыз сондай керемет әдемі безендірілген, ал мына тұрған сандықта не бар? (қараймын). Бұл Аяз атаның сыйқырлы сандығы болар. Ал мынау кім? Сіз кімсіз? Не істеп жатырсыз?

Мыстан: Туф,туф, мыналар мені көріп қалды ғой! Енді не істедім, әйтеуір сандықты құлыптап үлгердім. Мен сыйлық дегенді ұнатпаймын, маған да ешкім сыламайды, менде ешкімге сыйлық берген емеспін, сондықтан бірнеше құлыпқа жауып тастадым. Ешқандай сыйлық болмайды, Аяз ата да келмейді, балалардың мерекелерінің шырқын бұздым, үйлеріңе кете берсеңдер де болады. /кетіп қалады/

Жүрг: Мыстан апай, Мыстан апай қайда кеттіңіз енді не істейміз?

Сандықты ашып көрейін деп едім, ашылмайды? Мыстан апай құлыптап кетті, енді қалай ашсақ екен? Бізге кім көмектеседі?

Балалар: Бізге көмектесетін адам керек. Мүмкін сиқыршы Феяны шақырармыз?

Жүрг: Дұрыс айтасыңдар, бірақ Фея жай келе қоймайды. Ол келу үшін біз жаңа жылдық тақпақтар айтып берейік.

Тақпақтар:

Сезім: Жүзімізге күлкі ойнап Эльмира: Жаңа жылмен, жаңа жылмен

Қанаттанды жанымыз Құттықтаймыз әрине

Жаңа жылды біз тойлап Әкемізді, анамызды

Шаттанамыз бәріміз Қонақтардың бәрін де

Айдар: Жасыл шырша орманнан, Байбатыр:Тамаша, тамаша
Бізге арнайы келіпті. Шыршамыз тұр жараса. Ойыншығын балалар Басында әсем жұлдызы,

Шыршаға әсем іліпті Көз тоймайды қараса.
Жүрг: Сыйқыршы Феямыз әлі келмей жатыр, мүмкін жолды таба алмай жатқан шығар құртақандар барып жол көрсетіңдер. /екі бала кетіп қалады/ Балалар, ал біз жайғасып отырайық. / свет сөнеді, шар жанады/

Музыка әуенімен залға алдында құртақандар жол көрсетіп, қолдарында шамдары бар кіреді, артында Фея кіреді

Фея: Сәлеметсіңдер ме балалар!

Көп күттірмей сендерді

Келіп қалдым міне мен

Қолдан келсе егер де,

Сиқырымды аямай

Көмекке мен дайынмын

Жүрг: Сәлеметсіз бе, сиқыршы Фея сізді көп күттік, мына Аяз атаның сандығын Мыстан апай құлыптап кетті, сіздің көмегіңіз керек. Қарап көріңізші.

Фея: Әрине мен сендерге көмектесемін, мына құлыптар ашылмайды, мына Мыстанның қылығын ай, балалар құлыптар ашылу үшін біз бір неше тапсырмаларды орындауымыз қажет екен. /құлыптың жанында қағаз орамасын алып шығады/

Фея- 1тапсырма:Той пердесін ашыңдар,

Тойға шашу шашыңдар.

Жаңа жылды қарсы алып,

Ән маржанын шашыңдар!

Жүрг: Біздің балалардың ағылшын тілінде тақпақ пен ән қабыл алыңыздар.

Аңсар: Сноуфлэйкс фолин Чингис: Винтэ, винтэ

Ван бай ван Лэтс гоу скейт

Тайм ту плэй Винтэ, винтэ

Энд хэв сам фан Донт би лэйт

Билт э сноумэн Винтэ винтэ

Сноуфлэйкс ту Лэтс гоу рол

Кам энд си Винтэ винтэ

Вот ю кен ду Ин зэ сноу

Ән: «Ағылшынша»

Фея: Жарайсыңдар, тапсырманы орындадыңдар, бірінші құлыпымыз да ашылды.

Жүрг: Тағы не істеу керек?

Фея: Сандықша ашылу үшін тағы бір құлып тапсырмасын орындау керек.

2 тапсырма: Жаңа жылды қарсы алып,

Шыршамызды айналып.

Баршамызға жар салып

Би билеңдер бұралып.

Жүрг: Біздің қыздар шырша жанында би билейді бұралып.

Би: «Шыршалар»

Жүрг: Мен сізге көмектесейін келесі тапсырманы әперейін.

Фея – 3 тапсырма: Кел, балалар келіңдер,

Жаңа жылдық тамаша

Тақпақ айтып беріңдер.

Ернұр: Жаңа жылда жаңаша, Алихан: Жаңа жыл келгенде

Болсын қызық тамаша Қуанамыз бәріміз,

Билеп ән сап атаны, Аяз ата келгенде

Қуантайық балаша Билейміз, ән саламыз.

Жансая: Келді тағы жаңа жыл, Алтынай: Әкелсін жыл ырыс-құт

Қуантумен біздерді. Әлемде болсын тыныштық

Құтты болсын қуаныш, Жаңа жылым тамаша

Құттықтаймыз сіздерді. Ән салайық жаңаша!

Фея- 4 тапсырма: Қазір қарайын тағы не бар екен,

Жапалақтап ақшақар

Жауды күнде қайталап.

Қырға шықты балалар,

Би билейді бұралып

Жүрг:Ендеше балалар ортаға шығып барлығымыз би билеп берейік

Жалпы би (общий танец)

  • (музыка ырғағымен мыстан келеді)

Мыстан: Ох, ох сандықтың біраз құлыптарын ашыпсыңдар ғой, ал қалғандарын аша алмайсыңдар!

Жүрг: Мыстан апай жаңа жылдық мерекенің шырқын бұзбаңыз, балалардың көңілін түсірмеңіз.

Мыстан: Қайдағы апай, әлі жап –жас сұлу бикешпін!

Фея: Мыстан бикеш жаңа жылда бәр бір-біріне кешірімді, мейрімді болады сіз де бізбен бірге жаңа жылды қарсы алыңыз.

Мыстан: Мен бе? мен бе? Мені ешқашан жаңа жылды тойлаған емеспін, ешкім мені шақырмайтын мерекеге.

Жүрг: Мүмкін сіз де бір құлыпты ашып берерсіз?

Мыстан: 5 ші құлыпты алып тапсырманы оқиды.

5 – тапсырма: Қар да жауды бақтарға , ақ көбелек -ақ мамық,

Аунап таза ақ қарға, балалар жүр шаттанып!


Ойын: «Қарлы шың құрастыр» /из стаканчиков белых построить крепость/

Фея: Ал енді 6 -шы құлыпты ашып көрейін, мынау құлып мұзбен қатып тұр,менің сыйқырым жетпей тұр,балалар оны тек Аяз атаның таяғы аша алады.Аяз атаны шақырайық.

Мыстан: Балалар мен сендерге ризамын біраз көңілім көтеріліп қалды. Онда мен Аяз атаны шақырайын, сендердің мерекелеріңе жіберейін.

Жүрг: Балалар біз де жай отырмайық Аяз атаны дауыстап шақырайық.

Балалар : Аяз ата! Аяз ата!

Жүрг: Ата- аналар сендер де шақырып көріңдер!

Аяз ата: Қандай жарқын жүздерің,

Қандай әсем жырларың

Асулармен алысқан,

Асау желмен жарысқан

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан.

Жүрг: Сәлеметсіз бе, Аяз ата сіздің келгеніңізге қуаныштымыз, Шырша шамын жағайық, Жаңа жыл тойын ашайық!

Фея: Балалар біз де көмектесейік.

Бәрі: Шырша, шырша жарқырап, шамдарыңды жарқырат!

Жүрг: Ал балалар келіңдер!

Тақпақ айтып беріңдер.

Жомарт Аяз атадан,

Сыйлық алып көріңдер.

Айару: Ақ қырауға малынған Мұхамед: Базарлықты баршаға
Сақалы да мұрты да. Әкеліпті Аяз ата
Аяз ата сағынған, Қарасын деп тамсана
Сәлем бepді жұртына. Безендірдік шыршаға

Рустам: Бізбен бірге ойнайды Ералы: Безендіріп шыршаны

Жаңа жылды тойлайды Жыл қуантты баршаны.

Барлық бала бақытты, Той - мереке басталды,

Болса екен деп ойлайды Аяз ата басқарды

«Шырша жыры» өлең.

Фея: Аяз ата қолғабыңызды жоғалтып алыпсыз.

Жүрг: Келіңдер балалар Аяз атаның қолғабымен ойын ойнайық

Ойын: «Қолғап»

Медина: Әдемілеп біз ілген Айсұлтан:Аппақ тонға оранып,
Ойыншықтар тізілген Базарлықты мол алып.
Қандай әсем шыршамыз. Келді алыс сапардан
Ән шырқайық баршамыз Аяз ата оралып

Нұрсерік: Жаңа жылым мол болсын Асылхан: Оралды өлкеме 
Басқан қадам оң болсын Жаңа жыл, армысың!
Төрле, төрле жаңа жыл Оранды ақ көрпе
Бізге құтты жыл болсын. Асқар тау, қарлы шың.

Инсар: Қыс қызығы тамаша Абдумалік: Жаңа жылды тойлайық

Ойнаймыз біз таласа Ойнап асыр салайық

Думанымыз жалғассын Атамыздың сиқырлы

Жаңа жылға тамаша Қолғабымен ойнайық,

Аяз ата: Дұрыс айтасыңдар ойнасақ ойнайық. Менің қолғабым қайда кеткен?
Фея: Қолғабыңызды тауып көріңіз.

Жүрг: Балалар шеңберге тұра қалыңдар.

Жүрг: Аяз ата, Фея біздің балалар сіздерге арнап орыс тілінде ән айтпақшы, қабыл алыңыздар.

«Что такое зима?» өлең.

Фея : Аяз ата мына сіздің сандығыңызды тек сіз аша аласыз.

Жүрг: Иә, құлыпты сіздің сиқырлы таяғыңыздың көмегімен ғана ашуға болады.

Аяз ата: Қане байқап көрейін, сандықты ашып берейін. (таяғымен сиқырлап ашады)

Ал, қане балалар,

Сендерге сыйлығым бар,

Аталарыңның сыйлығын

Қуанып қабыл алыңдар.

Жүргізуші: Рахмет сізге Аяз ата. (сыйлықты алады)

Аяз ата: Балалар сендер өнерлі екенсіңдер, өркендерің өссін! Жаңа жылдарың құтты болсын! Қуаныш бақыт әкелсін! Сау болыңдар!

(Аяз ата кетеді)

Ән: «Жаңа жыл»

Жүргізуші: Құрметті қонақтар; ата-аналар осымен жаңа жылға арналған ертеңгілігіміз аяқталды.Сіздерге тілейтініміз:

Ж:  Жаңа жылда жол болсын!

Ф: Әрбір үйде той болсын!

Ж: Берекелі жыл болсын!

Ф: Ақ дастарқан мол болсын!

Барлығы бірге: Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

















































































1тапсырма: Той пердесін ашыңдар,

Тойға шашу шашыңдар.

Жаңа жылды қарсы алып,

Ән маржанын шашыңдар!


2 тапсырма: Жаңа жылды қарсы алып,

Шыршамызды айналып.

Баршамызға жар салып

Би билеңдер бұралып.


3 тапсырма: Кел, балалар келіңдер,

Жаңа жылдық тамаша

Тақпақ айтып беріңдер.


4 тапсырма: Қазір қарайын тағы не бар екен,

Жапалақтап ақшақар

Жауды күнде қайталап.

Қырға шықты балалар,

Би билейді бұралып


5 – тапсырма: Қар да жауды бақтарға ,

Ақ көбелек -ақ мамық,

Аунап таза ақ қарға,

Балалар жүр шаттанып!










































«Шырша жыры» Қыс күні

Кәне, достар, тұрмайық, Жапалақтап ала қар

Қарсы алайық жыл басын. Жауды күнде қайталап

Қызықтан бос қалмайық, Қырға шықты балалар

Шырша жыры самғасын Шаңғыларын арқалап

Қайырмасы: Қайырмасы:

Ал, достарым, келіңдер Жұлдыз болып ағамыз

Келді Аяз атамыз. Ақ мамықтың үстімен

Биге бөлеп беріңдер, Спортшы бала боламыз

Шырша жырын айтамыз, Үлгі аламыз күштіден

Шырша жырын айтамыз.

Қуаныштың бүгінгі

-Құтты болсын Жаңа жыл, Басылмайды ыстығы

Шыршамыз тұр жараса, Жылдамырақ жүруді

Жанында Аяз ата жүр Үйретеді қыс күні

Қуанады балаша

Қайырмасы: Қайырмасы:

Аппақ қардай береке

Даламызда самғасын

Жаңа жылдай мереке

Таба берсін жалғасын



Что такое зима? Жаңа жыл

-Что такое зима? Келді міне жаңа жыл

Это снег и метели Шаттық сыйлап бәріне

В белых шапках дома Жаңа бақыт жаңа нұр

Ели в шубы одели Үлкен –кіші сәбиге

Что такое зима? -Жаңа жылда ақ ұлпа

Белоснежные дали Қар жамылды ауламыз

Целый год мы тебя Балаларды сағынта

С нетерпением ждали Келді аяз атамыз

Припев: - Ай-дай ару ақшақар

Заморозит детям нос мороз Көмекшісіз әрине

Лихо с горки нас несет лед Аяз ата ақсақал

Елку детям принесет, Сыйлықтары мол екен

И подарит Новый год, -Қандай сұлу шыршамыз

И подарит Новый год, Ортамызда тұр жайнап

Всем удачу принесет Жаңа –жылда баршамыз

И подарит новый год Шаттанайық кел - ойнап

Всем подарит Новый год!



-Что такое зима ?

Серебристые льдинки

Разрисует она

Окна словно картинки

Что такое зима?

Кто об этом не знает

Жаль, что летом она

Никогда не бывает

Припев:

















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Жаңа жылдық сандық"

Автор: Кариева Жанслу Тойбековна

Дата: 29.01.2018

Номер свидетельства: 453460

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(110) "«Он екі ай» ертегісі желісімен алынған жаңа жылдық сценарий"
    ["seo_title"] => string(70) "on_ieki_ai_iertieghisi_zhielisimien_alyng_an_zhan_a_zhyldyk_stsienarii"
    ["file_id"] => string(6) "378566"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1484234323"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Жа?а жылды? кеш 9-10 кластар. "
    ["seo_title"] => string(33) "zhan-a-zhyldyk-kiesh-9-10-klastar"
    ["file_id"] => string(6) "164391"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1422632327"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) ""Жаңа жылдық сиқырлы сандық""
    ["seo_title"] => string(30) "zhan_a_zhyldyk_sik_yrly_sandyk"
    ["file_id"] => string(6) "453456"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1517246556"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "Жа?а жылда?ы ал?аш?ы же?іс "
    ["seo_title"] => string(36) "zhan-a-zhyldag-y-alg-ashk-y-zhien-is"
    ["file_id"] => string(6) "204955"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1429773886"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(28) "Т?рлет, Жа?а жыл "
    ["seo_title"] => string(19) "torliet-zhan-a-zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "177426"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424632198"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства