Жаңа жыл мерекесіне арналған
ертеңгілік сценариі
Жаңа жылға сай әсем безендірілген зал ортасында түрлі-түсті жарқыраған ойыншықтары жасыл шырша тұр. Көңілді музыкамен балалар залға кіреді.
Басаушы: Құрметті ата-аналар, қонақтар, сүйікті балалар!
Жаңа жылдың таны неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн
Қанаттана кең алқапқа тарайды.
Балалар: Жаңа жылмен, жаңа жылмен
Құттықтаймыз әрине
Папамызды, мамамызды
Қонақтардың бәрінде!
(балалар шыршаны айналып жүріп ән орындайды)
Ән: «Жаңа жыл, жаңа жыр».
Тақпақтар: 1. Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса
2. Жаңа жылда жаңаша
Тақпақ айтамыз
Болсын риза балаша
Әппақ атамыз
3. Қуантып елді
Жаңа жыл келді
Өсетін болдым
Бір жасқа енді.
4. Сақалы аппақ –күмістей,
Тістері аппақ-күріштей
Қызыл ала шапаны
Сағындым Аяз атаны
Бастаушы: Балалар қазір бір жұмбақ шешейік.
1 Таусылмайтын ақ мақта
Қысы, жазы тау жақта. (Қар)
2. Қыста ақ
Жазда сұр. (Қоян)
3. Жасыл ине киімім
Жайлаймын тау биігін
Жаңа жылда тойласаң
Төріңдемін үйіңнің. (Шырша)
Балалар: Аяз ата! Ақшақар!
(бауырсақ домаланып кіреді)
Бауырсақ: Мен бауырсақ, бауырсақпын
Ағын судан шомылшақпын
Майға пістім домалап
Қашып келем жорғалап
Мен атадан қаштым
Мен әжеден қаштым
(алдынан қоян шығады)
Қоян: Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін
Бауырсақ: Жемеші мені, мен саған өлең айтып беремін.
Өлеңі: Мен бауырсақ, бауырсақпын
Ағын судан шомылшақпын
Майға пістім домалап
Қашып келем жорғалап
Мен атадан қаштым
Мен әжеден қаштым
(алдынан қорбаңдап аю шығады)
Аю:Сәлем , бауырсақ мен сені жеймін.
Бауырсақ: Жемеші мені, аю аға мен саған өлең айтып беремін.
Өлеңі: Мен бауырсақ, бауырсақпын
Ағын судан шомылшақпын
Майға пістім домалап
Қашып келем жорғалап
Мен атадан қаштым
Мен әжеден қаштым
(алдынан түлкі шығады)
Түлкі: Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.
Бауырсақ: Жемеші мені, аю аға мен саған өлең айтып беремін.
Өлеңі: Мен бауырсақ, бауырсақпын
Ағын судан шомылшақпын
Майға пістім домалап
Қашып келем жорғалап
Мен атадан қаштым
Мен әжеден қаштым
Түлкі: О, керемет өлең екен, балалар сендерге ұнады ма?
Балалар: Иә, ұнады.
Түлкі: Ал, онда жемейақ қояйын.
Би: «Поссорились - помирилис» екі баладан
(музыка естіледі Аяз ата мен Ақша қар кіреді)
Аяз ата: Сәлеметсізбе балалар. Жаңа жыл құтты болсын!
Кел балалар, шырша дайын
Қол ұстасып ән салайық
Жаңа жылдың жарқын айын
Ән мен бимен қарсы алайық
Бастаушы: Аяз ата, біз сіз туралы өлең білеміз тыңдаңызшы.
Ән: «Біздің Аяз атаның»
Ақша қар: Ал Ақшақарлар тұрмайық
Би билейік жырлайық
Аяз ата қуансын
Дөңгеленіп зырлайық
Би: «Ақша қарлар»
Бастаушы: Неге біздің шамдарпымыз жанбай тұр? Аяз ата көмектесесіз бе?
Бәрі бірге: Қуант бізді таңырқат
Шамдарыңды жарқырат.
(шамдары жанады, қол соғады)
Бастаушы: Аяз ата біздің балаларымыз сізге тақпақ, би, өлең айтқысы келеді.
Ән: «Аяз ата»
Би: «Сылдырлақпен»
Тақпақтар: 1. Жаңадан тақпақ
Аламыз жаттап
Жаңа жыл келді
Жаңа жыл аппақ
2. Ақ таяғын таянып
Таңмен бірге оянып
Аяз ата келеді
Балаларды сағынып
3. Аяз ата келіп тұр
Бізге сәлем беріп тұр
Тақпақ айтқан балаларға
Сыйлықтарын беріп тұр
Аяз ата: Жарайсыңдар балаларым, ал енді ойынға кез келді
Ойынды жақсы көресіңдер ма?
Ойын: «Мұздатамын», «Хоккей»
Аяз ата: Рахмет сендерге балаларым
Аяз атаның батасы: Шаңырағымыз шалқи берсін
Жаңа жыл бақыт құсын ала келсін
Денсаулық, бақыт, байлық баянды болсын
Асып-тасып арта берсін дәулетіміз
Жақсы аты жаранға жетсін қазақ әулетінің
Әумин!!!
Балалар көңіл ән мен залдан шығады.