Амансың ба халайық? Жаңа жылды тойлайық Ән салайық, билейік Мерекені көрейік Құрметті ата-аналар, әріптестер ортаңғы топтың балаларының Жаңа жылға арналған ертеңгілігін бірге тойлайық! Ол үшін «Еркетай» тобының балаларын ортаға шақырайық.
Би: «Джингл Белс» (балалар екі сапқа тұрып пойыз болып кіреді )
(бидің соңында жартылай шеңбер жасап тұрады)
Тақпақтар:
Самал:
Жүзімізде күлкі ойнап, Қанаттанды жанымыз. Жаңа жылды біз тойлап, Шаттанамыз бәріміз.
Расул:
Жаңадан тақпақ
Аламыз жаттап,
Жаңа жыл келді
Жаңа жыл аппақ
Сабина:
Далада қар борайды
Ақ мамыққа орайды
Мұз болады қатады
Жып-жылтыр боп жатады
Нұржан:
Бүгін біз көңілдіміз, Жаңа жылды қарсы алып
Мерекеге келгендерді,
Құттықтаймыз ән салып.
Жүргізуші: Балалар, біз осы әсем безендірілген залға қандай мерекені тойлауға келдік?
Балалар: Жаңа жыл мерекесін.
Жүргізуші: Балалар, жылда жаңа жыл мерекесінде қонаққа кімдер келеді?
Балалар: Аяз-ата, Ақшақар.
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, балалар, ендеше алдымен жаңа-жыл мерекесіне келетін Аяз Ата мен Ақшақарды бәріміз шақырайық.
Балалар: Аяз Ата,Ақшақар ау-уууу! (3 рет қайталап айтады).
Жүргізуші: Амансың ба, Ақшақар! Аяз Ата қайда?
Ақшақар: Аяз Ата орман аңдарының жаңа жыл мерексінде жүр. Қазір шамалыдан кейін келіп қалар. Оған дейін мен сендердің өнерлеріңді тамашалайын.
Жүргізуші: Жарайды, Ақшақар ендешеотыр, біздің балаларымыздың өнерін тамашалаңыз.
Тақпақтар:
Камила:
Аралайды бақшаны
Үзілмейді жақсы әні
Гүлденеді бақшалар
Жауса жаусын ақша қар
Нұрай:
Мұздан моншақ тағынып
Күміс қырау жамылып
Ортада тұр Ақшақар
Көптен күткен сағынып
Дария:
Аппақ,аппақ,ақша қар,
Жапты біздің көшені
Ақ жамылды бақшалар,
Біздер еккен кешегі.
Аружан:
Біз ақшақар боламыз,
Әсем әнге саламыз.
Жаңа жылда би билеп,
Шаттанамыз бәріміз.
Ақшақар: Балалар мен Аяз Ата келгенше сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр. Сендер менімен ойнасыңдар ма?
Ойын №1:
Ақшақар: Шыршаларың керемет қой, өзі сондай әдемі екен, бірақ шамдары сөніп тұр ғой. Кәне, бәріміз шыршаға үрлейік. Қатттырақ.
Барлығы үрлейді бірақ шыршаның шамдары жанбайды.
Жүргізуші: Аяз-Атасыз біз ешетеңе істей алмаймыз, кәне, телефон соғып аяз атаны шақырайық, атамыз кәрі, мүмкін, ұмытып кеткен шығар. –
Алло, ата «Еркетай» тобының балалары шыршаның қасында сізді тосып жүр, неге кешігіп жатырсыз? Ұмытып кеттіңіз бе?
Аяз-Ата: Ойбай, кәрілік қой, ұмытып кетіппін, қазір жетемін.
Жүргізуші: -Балалар, Аяз-Ата келгенше, біз бір өлең айтайық.
«Топ-топ-топ басайық» әні.
Жүргізуші: -Балалар, Аяз –Ата өзі қандай?
Балалар: Аппақ сақалы, мұрты бар, қызыл шапаны бар, ақ таяқпен жүреді.
Жүргізуші: Өте дұрыс, балалар, олай болса барлығымыз қатты дауыстап Аяз-Атаны шақырайық. Бір, екі, үш: Аяз-Ата (3 рет қайталайды).
Жүргізуші: Аяз-Ата, армысыз, жылдағыдай бармысыз!
Аяз-Ата: Шырша неге жанбай тұр. Кәне, шамдарын жағайық.Барлығы бірге Аяз Атамен үрлеп шыршаны жандырады.
Аяз Ата: балалар сендер осы әсем шыршаға арнаған ән мен тақпақтарын бар ма?
Жүргізуші: Әрине бар, сіз отырып тыңдаңыз. Біздің балалар өнерлерін көрсетеді.
Тақпақтар:
Бекжан:
Жасыл шырша жайнаған,
Жарқыраған нұрменен
Қандай ғажап айналам,
Құлпырғандай гүлменен.
Ясмин Ж:
Шыршаға бардық
Әсем ән салдық
Аяз атадан
Сыйлықтар алдық
Ерали:
Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдыз
Көз тоймайды қараса
Алихан:
Жаңа жыл,жаңа жыл
Тамаша тойымыз
Алақай,алақай
Өседі бойымыз
Ән: «Шырша біздің ортамызда» Аяз Ата мен Ақшақармен бірге айтады.
Осы кезде Қоян кіріп келеді. Жылайды.
Ақшақар: Қоян, сен неге көңілсізсің? Не болып қалды?
Қоян: Жаңа Аяз Ата біздің мерекемізден кеткеннен кейін мен үйіме бардым. Қу түлкі қонаққа келіп, мені үйімнен қуып шықты. Мен далада қалдым.
Жүргізуші: Не деген сұм түлкі, қоян, жылама, біз түлкіні қуып шығып, үйіңді алып береміз.
Қоян: Мен түлкіден қорқамын. Оның тістері қандай, көздері қандай! Мінезі жаман!
Жүргізуші: Сен қорықпа, біз сенің бауырларыңды көмекке шақырайық. Олар сылдырмақпен билейді, оны түлкі естіп, қорқып, қашып кетеді.
Кәне, қуыршақтар, шығыңдар!
Сылдырмақтарды ойнатыңдар!
Биді бастаңдар, түлкі қорқып қашсын.
«Сылдырмақтар» биі.
Түлкі: Мен үйден шықпаймын, Мен ешкімнен қорықпаймын.
Жүргізуші: Аяз-Ата, мына, түлкіге не істеуге болады?
Жүргізуші: Онда қарақшыларды шақырып, түлкіні байлап тастайық.
Түлкі: Ойбай, Аяз-Ата, тұмсығымды үсіттің ғой, аясаншы мені. Енді не болдым?
Аяз-Ата: Ал сен қоянды аядың ба, қу түлкі? Балалар, түлкіні кешірейік пе?
Балалар:Ия, бір жолға кешірейік.
Аяз-Ата: Олай болса, қоян, бар сен өз үйіңе барып, тұр. Ал түлкі өзіне үй салып ал. Бірақ кетпей тұрып бәріміз бір ойын ойнайық
Ойын №2:
Қоян: Рахмет. Сау болыңыздар!
(Қоян мен түлкі орманға кетеді)
Аяз-Ата: Балалар, мен сендердің дауыстарыңды сағындым, кәне, маған бір жақсы ән айтып беріңдерші.
«Аяз Ата» әні.
Аяз-Ата: Ой, қандай керемет ән! Бір түрлі қобалжып кеттім.
Жүргізуші: Аяз-Ата, біздің бүлдіршіндеріміз әнмен қоса тақпақты да жақсы айтады. Кәне, тыңдаңызшы. Ал, сіз кәрісіз, шыршаның түбіне отырып тыңдаңыз.
Тақпақтар:
Даяна:
Көрікті, бөрікті
Аяз ата келіпті
Беріп жатыр таратып
Алма,анар,көрікті.
Аян:
Сағынып көп күткен
Атамыз келеді
Алақай ,алақай
Көп сыйлық береді
Айдана:
Сақалы аппақ күмістей
Тістері аппақ күріштей
Қызыл ала шапаны
Сағындым аяз атаны
Мариям:
Аяз ата келеді
Тамашаны көреді
Риза болып қуанып
Бізге сыйлық береді
Аяз-Ата:Ой, қандай өнері балалар, келіңдер, сендерге кәмпит берейін.
Қандай өнерлі балалар, мен бүгін біраз жасарып қалдым. Сендермен кездескеніме өте қуаныштымын.
Ақшақар: Аяз-Ата, балаларға сыйлықтар әкелдің бе?
Аяз-Ата: Әрине, мен бір қап сыйлық әкелдім.
Аяз-ата сыйлықтар таратады.
Аяз-Ата, Ақшақар: Ал, балалар, біз қайтайық. Бізді басқа балалар да күтіп отыр.
Жаңа жыл құтты болсын,
Жаңа жыл мол табыс әкелсін.
Денсаулықтарын мықты болсын,
Сау болыңдар, балалар!
Жүргізуші: Ал, құрметті қонақтар! «Кел, Жаңа жыл» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Біздің осындай өнерлі, сүйкімді, ақылды, тәп-тәтті бүлдіршіндеріміздің өнерін тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет. Сау-саламат болыңыздар!