kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Жаңа жыл думанды кеш" ертеңгілігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жаңа жыл думанды кеш ертеңгілігі ортаңғы топқа арналган.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Жаңа жыл думанды кеш" ертеңгілігі»

Жаңа жыл думанды кеш

Мақсаты: Ертегі көрінісі арқылы балаларды достық сезімге тәрбиелеу.

Өздерінің тиесілі рольдеріне еніп іскерлікпен, үлкен

шығармашылықпен орындауға баулу.

Көркем сөздерді мәнерімен орындауға тәрбиелеу.

(Музыка ойналып, балалар залға кіреді.)

Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын, деген үн,
Қанаттана кең алқапқа тарайды.
Құрметті ата-аналар, қонақтар! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Жаңа жылға арнап әзірлеген бүлдіршіндеріміздің ән-жырын қабыл алыңыздар!

Алдияр: Армысыңдар, халайық!
Бармысыңдар, халайық!
Жаңа жылды жұп жазбай,
Бірге қарсы алайық!
Назым: Ертегі әлемі
Қандай өзі әдемі,
Жасыл шырша жанында,
Барлық достар жиналды.
Кәне балақай, байқашы,
Мән беріп қарашы!
Достардың барлығы,

Үлгерді ме, санашы.
Әділет:Келді тағы жаңа жыл
Қуантумен біздерді
Құтты болсын жаңа жыл,
Құттықтаймыз сіздерді!
Назерке:Өлең де әзір, ән әзір,
Ойын да әзір, бәрі әзір
Кел Жаңа жыл біздерге,
Кел Жаңа жыл, жаңа жыл!
Махамбет:
Құтты болсын жана қадам, жана бағыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Жақсылықтың белгісі жаңа уақыт

Келіп міне жатырмыз асыр салып.

Шахназ: Құтты болсын Жаңа жыл барша қауым

Құтқа орасын кең байтақ дархан елім

Қазақтың пейіліне тарту етсін

Табиғат ашық аспан, таң шапағын

Барлығы: Бұл шырша, шырша,
Қуаныш жалпыға.
Сүйікті шырша,
Жарқыра! Жарқыра!
Шыршаның шамы жанады

Музыка ойналып залға Фея майшам ұстап кіреді.
Фея: - Снип, снап, снуре! Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендердің Жаңа Жылда ертегі күтіп отырғандарыңды естідім. өзімнің сүйікті ертегілерімнің бірін ала келдім. Сонымен тыңдаңдар. Бір кішкентай қалашықта Кай деген ұл (Кай жүгіріп шығады), Герда деген қыз (қыз жүгіріп қасына келеді) болыпты. Әжелері өзінің сүйікті немерелерін өте жақсы көріпті. Бір күні оларды Жаңа Жылды тойлауға шыршаға жібереді. (Фея балалардың қолынан ұстап шыршаның артына кетеді). Кай мен Герда шыршаның артынан қол ұстасып ортаға келіп тұрады.
Герда: Кай, Қар Ханшайымы балардың мерекесіне келеді ме?
Кай: Келіп көрсін, мен оны пешке отырғызып қояйын. Ол сосын еріп кетеді (күледі)
Кай мен Герданың қасына екі бала келеді.
Кәусар: Шыршамыз, шыршамыз,
Көңілдіміз баршамыз.
Ән салуға, би билеуге,
Біз дайынбыз бәріміз.
Нұрхан: Ал, балалар, құр тұрмайық,
Кай мен Герданы шақырайық.
Ән салайық, қол соғайық,
Жаңа жылды қарсы алайық!
Ән: «Жаңа жыл» (Балалар отырады)
Залға Қар Ханшайымы кіреді.
Қар ханшайымы: - Ах, сен мұнда екенсің ғой. Жүр менімен! (Кайды алып кетеді)

Артынан Герда жүгіріп: -Кай, Кай тоқта! Шыршаның алдына келіп:
- Қар Ханшайымы Кайды алып кетті, енді не істеймін? (Тізесіне отырып жылайды)
Фея: Жылама, Герда! Сенің жақсы шыдамды қыз екеніңді білеміз. Сен Кайды міңдетті түрде табасың, жол ұзақ. Жылы киіміңді киіп ал да, жолға аттан. (Тон, пима кигізеді)
Фея: Шоқ Жұлдыз, қайдасың?!
Шоқ жұлдыз: Мен мұндамын, қандай тапсырма бересіз?
Фея: Түсе ғой бері. Мына Гердаға жол көрсетіп жібер. (Жұлдызды алып Гердаға береді)
Герда: -Кай, мен сені іздеп табамын!

Залға Қар Ханшайымы кіреді.
Қар Ханшайымы: Балалардың көңілді болғанын ұнатпаймын. Не ән? Не күлкі? Мен сендерге көрсетемін.
1- бала: Сенің даусың қорқынышты емес! Суық желден де қорықпаймыз. (Алдияр)
2- бала:
Біз сенен қорықпаймыз.. Біз көңілдіміз, өйткені жаңа жылға шыршаны безендіріп жаңа жылға дайындаламыз. (Шахназ)

Ойын: «Шыршаны безендіру»

Қар Ханшайымы: Ах, солай ма, жаман қыздар мен ұлдар! Күлесіңдер, көңілдісіңдер, ендеше қорғаныңдар. Эй менің сенімді көмекшілерім, Қайдасыңдар? Алыңдар мына қарларды, ұшыңдар, ұшыңдар, барлығың мұз қылып қатырыңдар.
Би: «Сиқыршылар»

(Би болып жатқанда шыршаның шамын сөндіру, барлық балалар «қатып» қалады.)
Қар Ханшайымы: Жарайсыңдар, менің көмекшілерім. Жақсы еңбектендіңдер. (Бишілердің басынан сипап, таққа барып отырады)
Фея: Ой, сұмдық. Мынау не болды өзі? Аналардың жүрегі ғана бұл мұзды еріте алады. Кәне аналар, жылдам балалардың аттарын қаттырақ айтып оятыңыздар. (Аналар балалардың атын атап, тірілтеді). Балалар бастарын көтеріп отырады.

Фея: Балалар сендерді Қар ханшайымының қатігездігінен құтқарған аналарымызға Жаңа жылдық тілектерімізді арнайық

Тақпақтар:

Рамазан: Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағынған.

Міне сұлу шыршамыз,

Көптен күтіп сағынған.

Ақниет: Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып,

Келді алыс сапардан

Аяз Ата оралып.

Айдар: Аспан жерге төгеді,
Ақ күмісін уыстап.
Жаңа Жылда келеді,
Бізге қарай жылыстап.

Иманбек:Жаңа Жыл, Жаңа Жыл!
Жаңалық ізде сен,
Жаңа ән, жаңа жыр,
Жазып бер бізге сен.
М.Санжар: Жаңа Жылды қарсы алып,
Жасаймыз біз жылда бір.
Жарқын – жарқын ән салып,
Жалғасады жырға жыр.

Муслим: Көрдің бе Аяз атаны,
Аппақ екен сақалы.
Аппақ екен мұрты да,
Аппақ екен шапаны.

Б.Мансур: Елочка ты елка

Елка птосто диво

Посмотрите сами

Как она красива.

Данияр: такпак


М.Мансур: такпак


Фея: Кәне бұл жерден кетіңіз. Біз Аяз Атаны шақырамыз. Сізге жаман болады.
Қар Ханшайымы: Ха- ха-ха! Оны әлі көреміз, кімге жаман болатынын. Аяз ата келмейді. Герда Кайды таба алмайды.
Фея: Бізді қорқытпа, Жаңа Жыл кешінде не күтіп тұрғанын білмейсің.
Қар Ханшайымы: Мен көрейін не күтіп тұрғанын. Әй, сыған қызы Рада. Кел маған бал ашып бер.

(Цыган Рада кіреді.)

Сыған қызы Рада: Балалардың қолдарын кезек-кезек алып. Ой сен үлкен ғалым боласың. Ал сен ғарышкер болады екенсің, т.с.с
Сыған қызы Рада: Неге шақырдың Қар Ханшайымы, а-а?
Қар Ханшайымы: Жетер билегенің, енді мені Жаңа Жыл кешінде не тосып тұр, соны айтып бер.

Цыган Рада: Мен мында жалгыз келген жокпын, алдымен, алдымен менімен бірге келген кішкентайлардың онерін тамашалаңыз содан соң ашып беремін.

Қар ханшайымы: -Жарайды,жарайды ендеше шақыр.

(Шыршаның артынан сыған қыздары биге шығады)
Би: «Сығандар»

Қар ханшайымы: Қане енді айтып көр.

Сыған қызы Рада: Қазір, қазір менің маржаным! (Картасын жайып) О, сұлуым, бүгін сен Аяз атаның қолынан пеште ерисің. Карта өтірік айтпайды, алдамайды.
Қар Ханшайымы: Сен не деп кеттің өзі? Оңбаған мыстан сыған, кәне жоғал! (Рада шығып кетеді, қыздар орындарына отырады)
Қар Ханшайымы (ойланып): Аяз Атаның қолынан пеште еримін бе? Мүмкін емес. Карта алдайды. Бірақ мен ойланып көрейін. (Кетеді)
Герда залға кіреді.
Герда: Қалай ұзақ жүрдім, шаршадым, жатып дем алайын (шыршаның астына жатып ұйықтайды).
Герда: Мен әлі Кайды іздеп жүрмін.
Фея: Саған тек Ақшақар көмектесе алады. Кәне балалар, Ақшақарды шақырайық!
Балалар: Ақшақар, Ақшақар!
Ақшақар: Міне, мен де келдім. Сәлеметсіңдер ме, достарым. Сәлеметсің бе Герда. Сен неге жылап тұрсың?
Герда: Қалай жыламаймын. Мен үйге де қайта алмаймын, інімді де таба алмаймын. Сен маған көмектесші.
Ақшақар: Жылама, Герда. Менің бір сиқырлы айнам бар. Соған қарап Кайдың қайда екенін көрейік. Кәне, Сиқырлы айна, бізге көмектесші. Кай қайда екенін көрсетші. Міне, Қар Ханшайымының ат шанасы көрінді. Бізге қарай келе жатыр. (Экраннан көрсету)
Кәне тығылайық (Шыршаның артына тығылады)
Залға Қар Ханшайымы мен Кай кіреді. (ҚХ таққа отырады. Кай оның аяқ жағына отырады.)
Кай: Жан – жағымыз тып – тыныш. Көңілсіз бәрі. (Мұз пішіндермен ойнап отырады)
Қар Ханшайымы: Шудан көрі тыныштық жақсы ғой.
Кай: Бүгін барлық жерде Жаңа Жыл ғой!
Қар Ханшайымы: Бізге ешкім керек емес. Ешкім келмейді де.
Кай: Достарымсыз маған көңілсіз. Мен ән айтып, би билегенді ұнатамын.
Қар Ханшайымы: Кәне, жап аузыңды. Ыңырсымай қойшы!
(Осы кезде шыршаның артынан Герда шығады)
Герда: Кай! Сен мені таныдың ба?
Кай: Иә, таныдым, бірақ айқайлап менің мазамды алмышы.
Герда: Сенің есіңде ме, біз қандай көңілді болдық?!
Қар Ханшайымы: Енді ол көңілді болғанды ұнатпайды.
Герда: Өтірік! (Аяғымен тарсылдатып) Ол мені ұмытқан жоқ! (Кайға жақындап, құшақтап, бетінен сүйеді) Мен сені таптым, Кай!
Кай: Сәлеметсің бе, Герда!( Қолдарын шапалақтап, айналады, күледі, қуанады орнына барып отырады)
Фея: (шыршаның артынан Шығып): Герда Кайды тапты да, біздің мейрамға келді. Біз енді мейрамды жалғастырайық, ән салып, би билейік.
Қар Ханшайымы: Мен ән, күлкі, мейрамды ұнатпаймын! Мерекелеріңді бұзамын! Ха –ха –ха!
Фея: Балалар, жылдамырақ Аяз атаны көмекке шақырайық.
Балалар: Аяз Ата! Аяз Ата! Аяз Ата!
Аяз Ата: Келе жатырмын. (Есіктің артынан айқайлап ) Келе жатырмын!
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Амансыздар ма, қонақтар!
- Ақшақар, не болып жатыр? Көңіл күйлерің жоқ қой?
Ақшақар: Қар Ханшайымы біздің мерекемізді бұзбақшы. Сиқырлы таяғыңды алып, оны пешке ерітіп жіберші.
Аяз Ата: Бір, екі, үш,
Бері кел пеш!
Бір, екі, үш,
Қар Ханшайымын ерітіп жібер. (Үрлегенде, ҚХ айналып, айналып, пешке барып құлайды.
Қар Ханшайымы: Көмектесіңдер, еріп барамын! (Аяз Ата пешті итеріп, шығарып жібереді)
Аяз Ата: Міне, Қар Ханшайымынан құтылдық. Мерекемізді жалғастырайық. Кәне, балалар шеңбер құрып тұрайық. Шыршаның шамын жағайық!
Барлығы: Қуант, бізді таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат! (Шыршаның шамын жағу)
Ән: «Аяз ата»
Аяз Ата: Әнді жақсы айтады екенсіңдер.

Ақшақар: АязАта, балалар сізге тақпақтар дайындапты. Тыңдап көрейік.
Айгерім: Бар баланың қонағы,
Төрлет Ата жоғары.
Жұрттың бәрі атадай,
Қашан жомарт болады.
АлиНур: Қалып едік сағынып,
Күтіп алдық жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп.
Д.Кәусар:Сақалы аппақ күмістей,
Тістері аппақ күріштей.
Қызыл ала шапаны,
Сағындым Аяз Атаны.
Перизат: Сағындым Аяз Атаны,
Орала ма ол енді.
Айтар едім өлеңді,
Жылдамырақ келсе екен,
Бізге сыйлық берсе екен.

Айдана: Жаңа жыл,Жаңа жыл,

Тамаша тойымыз.

Алақайғ,алақай,

Өседі бойымыз.

Мадина: Әкелсін жұрт ырыс-құт,

Әлемде болсын тыныштық

Ән салайық жаңаша

Жаңа жылым тамаша.

О.Санжар: Жаңа жыл,жаңа жыл,

Жаңа жылда жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында

Жадырап барлық бала жүр.

Амина: Добрый дедушка мороз

Елку из лесу принес

Поднимаем руку в высь

Скажем «Елочка зажгись»

Приходи в наш хорвод

Поскорей Новый год!

Аяз Ата: Жарайсыңдар, балаларым. Кәне, менің достарым. Өнерлеріңді көрсетіңдер!

Ақшақар: Мен жаңа жыл мерекесіне шығыс елінің қыздарын ала келіп едім, олар да өз өнерлерін көрсеткісі келіп тұр. Қане шығыс биін қарсы алайық.

Би: «Шығыс биі»

Фея: Аяз ата, Балалармен шыршаны айналып, көңілденіп ән айтайық.

Ән: « Jingle bells »


Фея: Аяз Ата, сізбен ойын да ойнадық, би де биледік. Балалар тақпақ, әндерін айтты, осы сіздің сыйлығыңыз қайда?
Аяз Ата: А, сыйлық па? Сыйлық бар, қазір табамыз (шыршаның астынан кішкентай балапанды алып шығады) Міне, сыйлық сендерге. Келе жатқан жыл тауық жылы ғой.
Фея: Жоқ, ондай емес. Ол тым кішкентай ғой. Бізге үлкен жаңа жыл келіп сыйлық берсін.
Аяз Ата: Жарайды, таяғыммен сиқырлайын. Жаңа жыл кіріп, балаларға сыйлық әкелсін!

Бір, екі, үш!

Жаңа жыл ,сыйлықтарымды ала кір

(Залға үлкен Тауық кіреді. Қоржынында сыйлықтар таратып береді.)

Аяз Ата: Ал балалар, менің басқа да балабақшада балалар күтіп отыр, сендердің өнерлеріңе өте риза боп қалдым. Менің кететін уақытым да таяп қалды. Мен кетейін. Сау болыңдар балалар.

-Сау болыңыз Аяз Ата.

Фея: Ең жақсы күн Жаңа жыл қай елге де,

Қызығы ортақ кедей мен бай елге де.

Біз отырмыз ішімізден бақыт тілеп,

Жер бетінде жүрген бар пенделерге.

Жаңа жыл ауылдарды жарылқасын,

Қиналып әр отбасы тарылмасын.

Жаңа жыл келген күні қуанғандай,

Барша халық күлкіден арылмасын.

Құрметті: Ата-аналар,қонақтар,әріптестер!

«Шұғыла» тобының жаңа жыл мерекесіне арнап дайындаған «Жаңа жыл –Думанды кеш» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Жаңа жылда жаңа бақыт,денсаулық тілейміз.

Сау болыңыздар!













Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Жаңа жыл думанды кеш" ертеңгілігі

Автор: Койсариева Алмагул Сейтжановна

Дата: 04.04.2017

Номер свидетельства: 406436

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "Бастауыш сыныптарға арналған жаңа жыл 2016-2017 жыл"
    ["seo_title"] => string(58) "bastauysh_synyptarg_a_arnalg_an_zhan_a_zhyl_2016_2017_zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "374169"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1482938578"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(85) "Мектеп ішілік іс - шара : "Жайна, жайна жаңа жыл!""
    ["seo_title"] => string(51) "miektiep_ishilik_is_shara_zhaina_zhaina_zhan_a_zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "389774"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1486631567"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(95) ""Жа?а жыл?а саяхат" 5-11 сыныптар?а арнал?ан к?гілдір от "
    ["seo_title"] => string(63) "zhan-a-zhylg-a-saiakhat-5-11-synyptarg-a-arnalg-an-koghildir-ot"
    ["file_id"] => string(6) "201666"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1429100034"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "Кел жа?а жыл орта?а"
    ["seo_title"] => string(24) "kiel-zhan-a-zhyl-ortag-a"
    ["file_id"] => string(6) "320704"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1461136143"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Армысы?, 2015 ?ой жылым! "
    ["seo_title"] => string(24) "armysyn-2015-k-oi-zhylym"
    ["file_id"] => string(6) "154527"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421165183"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства