Просмотр содержимого документа
««Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады»»
Білім беру саласы: Денсаулық Ұйымдастырылған іс – әрекет: Дене шынықтыру Тақырыбы: «Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады»
Мақсаты: Ұлттық ойындар дене шынықтыру іс – әрекетінде кең қолдана отырып, балалардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық шеберліктерін, мүмкіндіктерін арттыру. Қажетті құралдар: Арқан, Жылқы, Теңге, Қамшы.
16-желтоқсан Тәуелсіздіктің 26 – жылдығына орай, балалар арасында өткелі жатқан «Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады» атты жарысқа қош келдіңіздер! Құрметті қонақтар, педагогтар және балаларды мерекесімен құттықтай отырып, зор денсаулық, мол бақыт, жұмыста табыс , қажымас қайрат, жүздеріңізден күлкі, қуаныш , көлдей көңіл, өзендей өмір тілейміз!
Жалпы дамытушы жаттығуларын орындатады.
«Қара жорға» әуеніне орындатады. Б. қ. Аяқ арасы сәл алшақ, қол белде, иықты алға, артқа қозғау. (6 рет қайталау) Б. қ. Оң аяқты алға созып, оңға қарай иіліп, қолды бүге, саусақтарды қозғау. (6 рет қайталау) Б. қ. Сол аяқты алға созып, оң қолды жоғары көтере, сол қолды алға соза, сол қолды, оң қолға тигізу. (6 рет қайталау) Б. қ. Аяқты бірге ұстап, қолды 2 жаққа соза, иықты қозғау. (6 рет қозғау) Б. қ. Аяқты айқастыра тұрып, қолды белге ұстап, иықты алға, артқа қозғау.(6 рет қайталау)
Жарысымызды бастамас бұрын әділ-қазылармен таныстырып өтейін:
1. Әдіскер : Токаева С.И.
2. Медбике: Магзумова Г.Ж.
3. Тәрбиеші : Сандыбаева С.К.
«Тұлпар» тобы Қатар өскен құрдасқа, Жарыс ұнап тұрмас па! Қуып жету жақсы ғой Озып шығу бір басқа.
«Қыран» тобы Босқа қарап тұрмайық, Бағымызды сынайық Намысты қолдан бермейік Жарысты озып шығайық.
Нұсқаушы: Балалар, сендерге сәттілік тілей отырып, жарысымызды бастаймыз. Ал, енді сайысымыздың шарттарымен таныстырайық...
Сайыс шарттары: 1. Бәйге 2. Арқан тартыс 3. Теңге алу 4. Қол күрес
5. Асық ату
6. Тауық күрес 7. Ақсерек – көксерек қимылдық ойын
1. Ойын: Ұлттық ойын «Бәйге» Ойын шарты: Әр топтың алдына 3 - 4 м қашықтықта межелер белгіленді. Екі топтың балалары ( арақашықтық2м) сап түзеп тұрады. Бұл ойында жұптасып жарысады. Әр топқа бір ат, бір қамшы байланады. Белгі бойынша әр топтан бір баладан атқа қонады да жарысады. Балалар аттың шабысына салып шабуы тиіс.
2. Ойын: Ұлттық ойын «Арқан тартыс» Ойын шарты: Бұл екі топқа бөлінген балалармен ойналатын ойын бір түрі. Арқанның екі жағынан екі топқа бөлінген балалар тартысады. Қай топ өз жағына алып, келсе сол топ жеңіске жетеді.
3. Ойын: Ұлттық ойын «Теңге алу» Ойын шарты: Бұл ойынды ер балалар ойнайды. Аттың орнына шыбық ат пайдаланады. Белгілі бір жерге теңгені ыдысқа салып қояды. Ойыншылар атпен шауып келіп еңкейіп теңгені ыдыстан тез алып шаба жөнеледі. Егер ойыншы теңгені алмай қалса жеңілген боп есептеледі.
4. Ойын: Ұлттық ойын « Қол күрес» Ойын шарты: Ортаға екі ойыншы шығып, кілемнің үстіне жамбасынан жатады. Олар бас бармақтарын айқастыра қолдарын жымдастырып ұстайды. Ойынның шарты қолының күші көп ойыншы қарсыластың қолын жерге тигізуі керек.
5. Асық ату
Екі топ балалары бір – бірден шығып қатарға қойылған асықты атып құлатуы тиіс құлатқан топқа ұпай қосылады әрі қарай солай жалғасады.
6. Тауық күрес.
Балалар екі топқа бөлінеді.Осы екі топтан екі бала шығып ,кәдімгідей күреседі.Оның ең қызығыда,басқаша күрестен айырмасы да –тек жалғыз аяғымен ақсаңдай жүріп,иықтарын қағып күресуінде.Бұл күрес балалардың нық басып,орнықты жүруін жетілдіреді.Күрестің 1 аяғн тізесін бүгіп,мата белбеуін байлап тастайды.Қайсысы сүрініп жығылса ,сол ұтылады
Ойын: Ұлттық ойын: «Ақсерек - көксерек» Ойын шарты: Ойынды ойнау үшін балалар екі топқа бөлінеді, қолдарынан ұстап тұрады. Ара қашықтық 20 - 30 қадам. 1 - топ. Ойынды бастайды: Ақсерек - ау, ақ серек Бізден сізге кім керек. 2 - топ Ойынды жалғастырады Ақсерек – ау, ақ серек Жаман – жаман бала аты (бала аты) керек. Аты аталған бала келесі топқа дейін жүгіріп барып ортасынан ұстасқан қолдарды ажыратып кету керек. Егер өтіп кетсе сол топтан бір баланы тобына алып қайтады, өте алмаса сол топта қалады. Ойын осылай жалғаса береді.
Тәрбиеші: Өнерге биік сеніңіз Думанға қызық келіңіз Әділ қазы ел сенген Өнерге баға беріңіз.
Тәрбиеші: Құрметті көрермендер, балалар біздің алға қойған мақсатымыз ата – бабадан қалған өнер мен өнеге, үлгілерінің лайықтыларын баланың сана сезіміне құйып көзіне көрсете отырып, ұлттық ойын арқылы бойына сіңіріп, оларды әдептілікке, мейірімділікке, ізеттілікке, туысқандық пен бауырмалдыққа, үлкенге – құрмет, кішіге – қамқорлыққа баулып адамды қажеттерді ұғындыру, қалыптастыру. Бір ғажабы ойындар балалардың жан сұлулығында, тән сұлулығында жан - жақты жетілдіруге бағытталған.
Бүгінгі балалармен ұйымдастырылған «Ұлттық ойыны - ұлықтайық» атты спорттық кешімізді қорытындылап, әділ шешімімен «Тұлпар» және «Қыран» топтарының арасындағы сайыста достық жеңді. Екі топты алтын және күміс медалдарымен марапатталады. Осымен спорттық жарысымыз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет!