kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Төрлет Жаңа жыл!

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Еркетай" шағын орталығындағы ортаңғы тобының тәрбиеленушілеріне арналған Жаңа жылдық ертеңгілік. Балалардың ертегілер әлеміне саяхаты.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Төрлет Жаңа жыл!»

«Ән салайық, билейік жасыл шырша жанында»

2016 жылдың балаларға арналған ертеңгілігі.


Тәрбиеші: Құрметті балалар, ата-аналар, қонақтар. Жаңа жыл мерекесіне арналған «Ән салайық, билейік жасыл шырша жанында» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.Құрметті жамағат жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы Қайрамбаева Бақыт Батаевнаға береміз. Келесі құттықтау сөзін ата-ана комитетінің төрайымы Нуркасымова Гульнар Ақанқызына береміз.

Тәрбиеші: Ал енді балалар айтыңдаршы бүгін қандай мереке?

Балалар: Жаңа жыл.

Тәрбиеші: Ал мына ортада тұрған не?

Балалар: Шырша

Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңдар, ал шыршамыз қандай айтыңдаршы балалар?

Балалар:Шырша әдемі.

Тәрбиеші:Иә шырша әдемі , барлықтарың да ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер, ал енді жаңа жылдық мерекемізге тағы кімдер келу керек?

Балалар: Аяз ата мен ақшақар

Тәрбиеші:Иә балалар Аяз ата мен Ақшақар келу керек. Олар орманда жүріп адасып кеткен болар. Бәріміз қосылып бар дауысымызбен Аяз ата мен Ақшақарды ортаға шақырайық.  (Аяз ата,Ақшақар)

Аяз ата Ақшақарымен залға кіріп келеді.

Аяз ата: Амансыңдар ма балалар, аяулы ата-аналар! Сіздерді жаңа жыл мерекелеріңізбен құттықтаймыз.Өмірлеріңізге шаттық, дендеріңізге саулық,отбасыларыңызға ынтымақ,бірлік тілейміз!

Ақшақар: Армысыздар ма балалар,ата-аналар,қонақтар.Өздеріңді сағынып келдік,жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Келер жылымыз табысты болып, береке,бірлік әкелсін деп тілеймін.

Ақшақар: Аязата қарашы,балалардың киімі қандай әдемі. Шырша да әсем безендірілген екен. Бәрі де сұлуланып кетіпті.

Тәрбиеші: Аяз ата мен ақшақарымыз келді, енді шырша шамын жағайық иә балалар?

Балалар:Иә

Тәрбиеші: Қане бәріміз бірге «Шамдарыңды жарқырат» деп айтайық (барлығы айқайлайды,шырша шамдары жағылады.)

Аяз ата: Бәрекелді балалар!Шыршамыз жарқырап,айналаға қуаныш сыйлады. Шыршаның құрметіне ән айтып, шыршаны айналып өтейік.(Ән айтылып, шыршаны айналып шығады)

Тәрбиеші: Ал енді балалар Аяз атамыз алыстан шаршап келді, төрге отырғызып дайындаған тақпақтарымызды айтып берейік. (Балалар тақпақтарын айтады.)

Аяз ата: Ой! Бәрекелді, жарайсыңдар балалар! Аталарыңды бip куантып, тастадыңдар. 

Тәрбиеші: Жаңа жылды қарсы алдың, 
Мініп алып күймеге. 
Мен де бүгін ән салдым, 
Араластым биге деп, Қабдолла Бибарысты «Балдырған» әнімен ортаға шақырамыз.

Тәрбиеші:Біз көңілді баламыз

Шаттық әнге саламыз

Айгөлек-ау,айгөлек

Би билейміз дөңгелеп-дей отыра биші қыздарымыз Айдаргазина Нурай мен Қабиболла Адэляны «Көбелек» биімен ортаға шақырайық.

Тәрбиеші: Бақша іші мереке, 
Ойын күлкі асқақ ән. 
Жақсы әпкелер жаңа кеп, 
Мерекені бастаған.  Ортада кішкентай бүлдіршіндерімізді «Қошақаным» әнімен қарсы алыңыздар.(ән айтылады,сол кезде шалқанға дайындық)

Тәрбиеші: Жүзімізге күлкі ойнап 
Қанаттанды жанымыз. 
Жаңа жылды біз тойлап 
Шаттанамыз бәріміз- деп, ортамызда «Шалқан» ертегісінің қойылымын тамашалаңыздар.

Тәрбиеші: Қандай әсем жырларың

Қандай жарқын жүздерің

Нұрымды да себейін

Жырымды да төгейін-дей отыра Қабиболла Адэляны «Бала тілегі» әнімен ортаға шақырайық.

Аяз-Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді де өнерлі екенсіңдер. Киген киімдерін қандай әдемі!менің сендерге сонау алыстан арқалап әкелген сыйым бар еді, соны табыстауға рұқсат етіңдер.Ал енді біз жолға шығайьқ. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Сау болыңдар.

Ақшақар:Ал, балалар,сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашьқ болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)

Балалар: Сау болыңыздар! 
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, балалар! 2016-шы жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен куаныш әкелсін!!!















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Төрлет Жаңа жыл!

Автор: Касенова Индира Болатхановна

Дата: 29.05.2017

Номер свидетельства: 419219

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Т?рлет, Жа?а жылым т?ріме"
    ["seo_title"] => string(25) "torlietzhanazhylymtorimie"
    ["file_id"] => string(6) "272845"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452074244"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Төрлет, төрлет жаңа жыл!"
    ["seo_title"] => string(27) "torliet_torliet_zhan_a_zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "372103"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1482319508"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "«?ош келді?, Жа?а жыл» "
    ["seo_title"] => string(25) "k-osh-kieldin-zhan-a-zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "150073"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1420391707"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "Жа?а Жыл- Жа?а Жыр "
    ["seo_title"] => string(23) "zhan-a-zhyl-zhan-a-zhyr"
    ["file_id"] => string(6) "201776"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1429114866"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "?ош келді?, Жа?а жыл! (жа?а жылды? мереке) "
    ["seo_title"] => string(50) "k-osh-kieldin-zhan-a-zhyl-zhan-a-zhyldyk-mieriekie"
    ["file_id"] => string(6) "194512"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427788390"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства