Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: «Қош келдің Жаңа жыл»»
КМҚК «Шуақты Шұғыла» балабақшасы
Ертеңгілік:
«Қош келдің Жаңа жыл»
Тәрбиеші: Жусанбаева Д.Ж.
Көкпекті ауылы
28.12.2016 жыл
Тақырыбы: «Қош келдің Жаңа жыл»
Мақсаты: Балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру.
1.Мерекелік көңіл-күй ортасын ұйымдастыру.
2.Образдық бейнелерді сомдай білуге үйрету, хормен ән айту шеберліктерін арттыру. Би қимылдарын қызығушылықпен, ырғақты сақтай орындауға төселдіру.
3.Қиындықта бір-біріне көмек бере білуге тәрбиелеу.
Жүргізуші:
Қош келдің,Жаңа-жыл
Қуаныш пен шаттыққа кенелейік.
Жадырап, би билеп тербелейік,
Төрлет, төрлет халқымның жаңа жылы.
Балақайлар, алақайлар!
Жаңа жылға қош келдіңдер!
Бұл мереке жер жүзінде,
Тойланады баршамен.
Біз де шетте қалмайық,
Мерекені тойлайық!
Ән: «Жаңа жыл»
(Ортаға Микки Маус жүгіріп шығады).
Микки Маус: Армысыздар құрметті қонақтар, аяулы балалар! Үлкендермен кішілер! Сіздермен қайта қауышқаныма өте қуаныштымын. Мен – көңілді тышқан Микки Мауспын. Сендер қай топтың балаларысыңдар? Жарайсыңдар, балалар! Балалар, сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме? Ертегі әлеміне барғыларың келе ме? Ендеше, сиқырлы сөзді жаттап алайық. Мұқият тыңдандар, есте сақтандар! Ухты- пухты!
Естерінде сақтадыңдар ма? Олай болса хормен қайталандар.
(Елес ортаға шығады.)
Елес: Ха-ха-ха! Бұл мерекеге жол жоқ. Біз өте қорқынышты елестерміз, бар ертегі ертегі әлеміне қоныс аудаарамыз. Балалар бізді ұнататын болады.. Қайдағы, жайдағы Микки Маус пен Ақшақарды емес, тек бізді ғана қолдайтын болады. Ха-ха-ха! Жаңа жыл мерекесі елестер мерекесіне айналсын! (Елестер залды бірнеше рет айналып, залдан шығып кетеді).
Жүргізуші: Масқара! Бұлар біздің мерекеміздің шырқын бұзады! Сен де Микки Маус өз ертегі әлеміңе жете алмайсың ғой.
Микки Маус: Қапаланбаңыздар! Бұл елестерден құтылуға тырысамыз. Осы жерде әрі мықты, әрі батыл ұл, қыздар өте көп. Менің кішкентай бауырларым Микки Маустар өздерінің өнерлерін көрсетеді.
Би: «Микки Маус»
(Залға қара шапан киген адам залға шулы іс-әрекетпен кіреді).
Қара шапан: Мен – «Қара шапан» түнінің иесімін! Елестер қайда?
Микки Маус: Сәлем, Қара шапан!
Қара шапан: Иә, айтпақшы, Сәлеметсіздер ме! Елестің осында жүргенін естіп келдім. Онымен шайқасқа түсуге асығып тұрмын.
Жүргізуші: Ал, біз сізге көмектесеміз!
Қара шапан: қара шапан әрқашан да бір өзі жеңіске жете алмайтын болдым.
Микки Маус: Елесті жеңу үшін денемізді жаттықтырып алу керек.
Ақшақар: Масқара, масқара! Жаңа жыл ертегісіне бейтаныс біреу кіріп кетіпті. Аяз ата екеуіміз мерекеге келе жатыр едік, кенеттен төңірек қап-қараңғы болып кетті. Ақша қарлар біздің жолымызға жарық түсіруді доғарды, ал Аяз ата орманда ұйықтап қалды. (сырттан Аяз атаның қорылдаған дауысы естіледі, Ақшақар балалардан көмек сұрайды.)
Жүргізуші: ақшақар, мұнайма! Бұл кімнің ісі екенін біз жақсы білеміз.
Микки Маус: Балалар, Жаңа жылға арнап, бір ән шырқайық, сонда Аяз ата оянады!
Ән: «Аяз ата»
Ақшақар: Аяз ата оянады ғой, бірақ осы жерге қалай келеді? Айнала тас қараңғы.
Жүргізуші: Осында отырған шыршаларымыз өздерінің билерімен Аяз атаға жол көрсетеді.
Би: «Шыршалар»
(Артынан залға Аяз ата кіреді)
Аяз ата: Келемін, келемін... Сәлеметсіздер ме, балалар! Жаңа жылмен, Жаңа бақытпен құттықтаймын!
Аяз ата: Балалар, елестен қалай құтылуға болады, сендер білесіндер ме? Ал, мен білемін. Олар жарықтан қатты қорқады. Оларды қуып жіберу үшін шыршаны жағу қажет. Ал, шыршаның жарықтары жай емес. Шыршаның шамдарын жағу үшін, бәріміз сиқырлы сөздер айтайық:
Шырша, шырша, шыршамыз!
Жан! Жан!
Елес: А-а-а-а, жооооқ!
Микки Маус: Тамаша, бәрі де жақсы аяқталды! Қымбатты, достар, ойын – сауықты жалғастырайық!
Жүргізуші: Елестен құтылғанымызға қуаныштымын, көңіл көтеріп би билейік.
«Көңілді би»
Ақшақар:
Әсем шыршамызға арнап ән шырқайық.
Ән: «Шырша»
Жүргізуші: Аяз ата біздің балалар тақпақтарын айтқылары келіп тұр.
Жаңа жылды қарсы алып, Жасаймыз той жылда бір. Жарқын –жарқын ән салып, Алихан Қ. Жалғасады жырғы жыр.
Жаңа жылмен, жаңа жылмен Құттықтаймыз әрине. Әкемізді, анамызды Әлем Қонақтардың бәрінде.
Жүзімізде күлкі ойнап, Қанаттанады жанымыз. Жаңа жылды біз тойлап, Найля Шаттанамыз бәріміз.
Ақ қырауға малынған,
Ақшақардай сақалы, Арсен
Көптен күтіп сағынған
Көрдік аяз атаны.
Жаңа жыл, жаңа жыл, Кел қалама, далама. Нұрлы күнді жалғастыр, Жанайым Бір мінейік шанаға.
Жасыл шырша жанында Айналып, ойнап ән салам. Өзіміздің бақшада Тимош Жаңа жылды қарсы алам
Кел жаңа жыл жеріме Ырыс, бақыт арқалап. Ұлан –байтақ еліме Жания Таратайық арбалап.
Тілеймін мен бар адамға, Жаңа бақыт, жаңа жыл. Әке, шеше, аға, апа, Алихан Б. Құтты болсын жаңа жыл.
Күнімізде шуақты, Үнімізде қуатты. Назгуль Жылт-жылт етіп шыршамыз, Мен мұндалап тұрады. . Аппақ тонға оранып
Базарлықты мол алып Минтемир
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып.
Әдемілеп біз ілген, Ойыншықтары тізілген. Қандай жақсы шыршамыз, Ильсияра Мен мұндалап тұрады.
Аяз ата, Ақшақар,
Жылда бізге келеді.
Өлең, тақпақ айтқанда Нурадиль
Сыйлықтарын береді
Ұлпа қарлар келіңдер,
Соңымнан менің еріңдер. Аяжан
Би билеп қалықтап,
Шырша жансын жарқырап.
Аяз ата келді, Нурик
Тамашаны көрді.
Риза болып қуанып
Бізге сыйлық берді.
Аяз ата: Осындай өнерлі балаларды қалайша сыйлықсыз қалдыруға болады.
Қара шапан: Аяз ата сенің үлкен қапшығынды көрмей тұрмын.
Аяз ата: Микки Маус менің немереме көмектесші. Сыйлықтарды берейік.
Жүргізуші: Аяз ата сыйлықтар үшін көп рахмет! Ал біздің балалардың музыкалық сыйлығын қабыл алыңыз.
Ән: «Аяз ата»
Аяз ата:
Келді уақыт қоштасатын,
Бәрінді де жаңа жылмен,
Құттықтаймын шын жүректен.
Ақшақар:
Жаңа жылды баршамыз,
Қарсалайық қуана.
Микки Маус:
Тілеймін сіздерге,
Жарқын көңіл, шаттық сезім.
Бәрі:
Жаңа жыл құтты болсын!
Сау болыңдар балалар!
Жүргізуші: Құттықтау сөз «Шуақты Шұғыла» балабақшасының меңгерушісі С.Б. Бековаға беріледі.
Осымен біздің ертеңгілігіміз аяқталды назарларыңызға рахмет. Сау болыңыздар.