Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: Балабақшамен қоштасу»
«Бекітемін»
Жаңаөзен қаласы әкімдігінің
МКҚК № 22 «Ақбұлақ» балабақшасы
Директоры______Джаманшалова Г.Н.
«___» ______2016ж
Мерекелік іс-шара
«Балабақшамен қоштасу!»
Дайындаған: №11 «Аққу» тобы
Тәрбиешісі: Аксанова А.К.
2014-2015 жж
Балабақшамен қоштасу кеші.
Музыка ырғағыиен балалар екі-екіден қол ұстасып көңілді күймен залға кіреді.
-Өтті қызық көп күндер,
-Жеті жасқа жеттіңдер,
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер,
-Өсті ақыл ойларың,
-Өсті міне бойларың,
-Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойларың-деп,
Сүйікті балабақшасымен, қимастықпен қоштасып балаларымызды құрметпен қарсы алайық.
Ән.Қ.Р әнұраны
Би.Вальс, «Аққу» тобының тәрбиеленушілері:
Тақпақтар:
Гульфайруз: Бізге тәртіп үйреткен,
Ән салдырып, билеткен
Таныстырған ең алғаш,
Әріптермен, суретпен,
Доспен тату ойнайды,
Мерекені тойлайды,
Бойымызға сіңірген
Тәрбиеші Айгүл мен,
Айсұлу апайларға
Мың алғыс.
Ақерке: Сен үйреткен сөйлеуді
Сенде ойымм есейді
Менде мектепке барамын
Балабақшам қош енді
Біз балауса баламыз
Жетілді ой-санамыз
Балабақшамен қоштасып
Мектепке енді барамыз
Ана тілін ардақтап
Ата-салтын біз көрдік
Сурет салып ән жаттап,
Оқып жазып үйрендік
Фатима: Мектепке енді барамыз
Оқимыз сауық құрамыз
Қашықта болмас арамыз
Сіздерге келіп тұрамыз.
Аяулым: Балабақша бағынды
Көп оқыдық көп білдік
Елмен отан жайында
Бұл қуаныш себебін
Бізге қарап ұғыңдар
Туған Отан қуансын
Ерт жетті деп бөбегім.
Ақниет: Қуаныштың мың гүлін
Бақшамызды қимаймыз
Қоштасатын күн бүгін
Ботақандай бөбектеп
Еркелеткен ұл-қызын
Анамызды ерекше
Қуантамыз біз бүгін.
Би: жігіттер
Би: Қыздарбиі.
Тақпақтар:
Нұрлан: Қызық күндер өткіздік
Балабақша бағында
Көп ойнадық көп білдік
Ол мен Отан жайында
Бақша біздің панамыз
Мектеп біздің анамыз
Оқып білім аламыз.
Дильназ: Үлкендердей тап-таза
Жазамын мен тақтаға
Үлгілі бала боламын
Оқып білім аламыз.
Оразмағанбет: Бақша біздің панамыз
Мектеп біздің панамыз
Ұлағатты ұстаздан
Оқып білім аламыз
Нұрай: Балабақша үйіміз
Онда жақсы үйіміз
Тоты құстай түрленіп
Ән саламыз жиі біз.
Қарлығаш: Күліп ойнап қайтамын
Ән саламыз би билеп
Тақпақты да айтамыз
Көңілдіміз күлеміз
Әріптерді білеміз
Бақша біздің үйіміз
Тату-тәтті жүреміз
Білім Ханшайымы: Ортаға кіреді.
Балалар мен сендердің білімдеріңді тексеруге келдім, дайынсыңдарма?
Сол кезде Жалқаубек кіреді.
Жалқаубек: Ои мында не болып жатыр , кеттік балалар оинауға не істеп жатырсындар далада қызық болып жатыр.
Жүргізуші: Ау Жалқаубек сенің мұның не?Мерекеге киініп келмейсіңбе, сенде биыл мектепке барасыңғой, қарашы мына Білгішбек қандай бала болғанын, сенде талпынуың керек емес пе?
Жалқаубек: Ой, мына Білім ханшайымы не істеп жүр, бар өзіңнің мектебіңе, балалар менің досым болады, біз мектепке бармаймыз, аналарымыз , әжелеріміз оқиды басымызды ауыртпаймыз.
Жүргізуші: Ой Жаулқаубек біздің балалар мектепке әзір, балабақшамен қоштасып жатыр, сен апаңнан қалмай жүргенде, біздің балалар бәрін-оқып білім алған.Кәне отыршы көресің.
Жүргізуші: Ал Жалқаубек қалай екен біздің балалар.