Просмотр содержимого документа
«"Тәуелсіздікке 25 жыл" ертеңгілік»
Тәуелсіздік күніне арналған ертеңгілік
Залдың безендірілуі:көк,сары түсті шарлар, «Бәйтерек» ескерткішінің макеті, «Қазақстан тәуелсіздігіне 25жыл» жазуы, түрлі ұлт балалары.
Кейіпкерлер: хан, батыр, уәзір.
Балалар музыка залына қолдарына жалаушаларымен кіріп, жартылай шеңберге тұрып, музыкамен билеи тұрады.
Жүрг:
Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің бүгін кенеле бер.
Мерейің 25-жылдық құтты болсын
Ғасырдың тойы болшы келе берер.
Құрметті ата-аналар ,қонақтар,балалар бүгін біз Қазақстан республикасының 25 жылдық мерей тойына қуанышты, жылы лебізбен жиналып отырмыз. Тәуелсіздік алған күніміз құтты болсын. Балалар" тәуелсіздік" деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Балалар жауабы: Өзіміздің бостандығымыз,
Жүр: Әрине, бұл деген еркіндік, бостандық, тәуелсіздік. Ендеше осы мерекені тойлап ән шашуымызды айтайық.
«Әнұран»
Тақпақтар:
1. Жасампаз жыр - әнім,
Өзіңсің ғажапстан .
Өсиет, ұраным,
Отаным –Қазақстан.
Ән « Отан»
(Әннен кейін музыкамен хан кіреді.)
2. Қазақстан - елдің аты,
Қазақстан - жердің аты.
Қазақстан - ел жаннаты,
Қазақстан - жер жаннаты.
Хан:Уа халқым !
Ұлдарың орындады берген антын,
Кімдер еді, шығарған елдіндаңқын.
Мерекелерің құтты болсын бүлдіршіндерім.
Жүр:Хош келдіңіз хан ием біздің тойға. Төрлетіңіз, отырыңыз. Біздің тойдың құтты қонағы болыңыз.
Хан:(орнына отырады) Әдейлеп ат терлетіп осы мерекеге келдім. Сендер бөбектерім осы тәуелсіздік елінде өмір сүргендеріңе 25 жыл болды.
Шалқы қазақ шалқитын заман келді демекші, осы тәуелсіздікке жету үшін батырларымыз өз елін қорғап, тәуелсіздікті аңсаған.
Жүр: Міне хан ием осы қуанышты қойнымызға сыйдыра алмай, шырқатып той тойлап, ән шырқап би билеудеміз.
Хан:Не дейді, не дейді Кім келе жатыр дейді. (таңданады) ( жауаптары)
Жүр: Келіңдер балалар бой сергітіп ойын ойнап алайық.
Ойын: "Өз жұбыңды тап"
Ойынның шарты: Балалар шеңберге тұрып қолдарына әр түрлі пішіндер таратылады музыка әуенімен билеп музыка тоқтағанда балалар жұптарын тауып жұппен тұру.
(Музыкамен батыр кіреді)
Батыр:(Тізерлеп отырып хан алдында)
Сәлем бердік ханымыз
Елге құрбан жанымыз
Қиындықта халықтың
Қызметіне әзірміз.
Хан:(Хан орнынан тұрып,батырмен кеуде қағысып,амандасады. Батыр балалармен амандасады.)Пай-пай батырым!Осы тойға сендерде келіп қалдыңдарма? ( мәнерлеп амандасу)
Жүрг:Төрлетіңіздер!Біздің де сіздер сияқты кішкентай ел қорғайтын батырларымыз бар.Кәне, батырлар би билеп жіберейікші?
Би: "Жаңа дәуір"
1-батыр: Керемет, міне біздің болашақ батырларымыз қандай ?
2-батыр:
"Жер болса,ел болады,
ел болса ер болады"деген екен біздің ата-бабаларымыз.Ал сендер біздің болашақ ұрпақтарымыз қандай ұлағатты сөздер, мақал-мәтелдер білесіңдер?
Мақал-мәтелдер:
Батыр: иә, күш-қуат жағына келгенде алдарыңа жан салмайтындарың көрініп тұр, ал тілге,ақыл-ой, мақал-мәтелдерге қалайсыңдар?
Жүргізуші:
Ел мен жер егіз.
Ел ағасымен жарасады,
Киім жағасымен жарасады.
Аталар сөзі –
Ақылдың көзі
Туған жер - тұғырың,
Туған ел - қыдырың.
Ел қадірін көрген біледі,
Жер қадірін жүрген біледі.
Адам елінде көгерер,
қоға көлінде көгерер.
Бөтен жердің гүлінен
Туған жердің тікені артық.
Өз елімнің басы болмасам да,
Сайының тасы болайын.
Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
Елінен безген оңбайды,
Көлінен безген қонбайды.
Ел болам десең, бесігіңді түзе.
Отан – елдің анасы
Ел – ердің анасы.
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Отанды сүю – от басынан басталады.
Туған жердің жуасы да тәтті.
Әркімнің өз жері - жұмақ.
Ер елінде,
Гүл жерінде.
Отан үшін күрес,
Ерге тиген үлес.
Құртақандай торғай да,
Өз ұясын қорғайды.
Отаның берік болса,
Жауың алмайды.
Ән: «Елтаңбасы елімнің»
1-батыр:Бәрекелді,ал енді менімен мынадай ойын ойнағыларың келе ме?
(мен сендерге қазір жаңылтпаштың басын бастаймын,сендер аяқтау керексіндер)
Жаңылтпаштар:
Тайғанақтап, Тарау-тару жолдар жолдардың
Қаңғалақтап, Тарау-тарау саласы бар
Бұлғалақтап, Салаларының да
Сырғанақ теп. Тарау-тарау арасы бар.
Тақпақтар:
Таңдай қаққан шартарап Көк туымнан нұр алдым
Көк туымда барша бақ Сол қыранға сыңармын
Қыран самғап барады Ерікті елдің еншісі-
Күнді иыққа арқалап Еркіндігі қыранның.
Хан:ҚОРЫТЫНДЫЛАУ: Е,(Қуанышпен батырларға қарап)аңсаған арманымызға жеттік-ау деймін.Қазір елімізде 120-дан аса ұлт өкілдері тұрады.
Батыр:Қазақ елі кең пейілді халық қой
Батыр:Жау жағадан алмаса,жуас халықпыз ғой, сондықтан да барлық елдермен достығымыз жарасымды емес пе?
Ән: « Қазақстан жалауы »
Хан:Тәуелсіздік деген тәтті ұғым,қастерлі сөз. Әлемде соңғы 25-жылдың ішінде тәуелсіздік туын биік ұстап алға басқан ел-Қазақстан!
Жүрг:
Ән: «Қазақстан жалауы»
Хан: бәрекелді
Батыр:Міне біздің болашақ ұрпақтарымыз
Әу демейтін қазақ жоқ»демекші өздері шеттерінен әнші, биші
екен, ал енді мергендіктеріңді сынап көрсек қайтеді.
Ойын. «Мергендер »
(Ойын шарты: екі топқа бөлініп себетке гранаталар 2 метр ара қашықтықта тұрып лақтыру).
Хан:Сұрмергеннің де ізбасарлары өсіп келе жатыр екен, бәрекелді!
батыр:Ел іргесін сеніп тапсыратын ұлдарымыз бен қыздарымыз өсіп келе жатыр екен. Өзіңдей дана болсын, біздей дара болсын деп батаңды бер хан ием!
Хан:
Елімнің іргесі тыныш болсын!
Ұрпағым мекен еткен ,
Жері түкті майса болсын!
Қарттарына шежірелі қамқор болып,
Әр ісінде бөгетсіз жолы болсын!
Шаңырағында шат күлкі ұялаған,
Балдырғанның ұйқысы тәтті болсын!
Әумин.
батыр:Ал енді біздің әлі асатын асуымыз, басатын тауымыз көп. Рұқсат болса жол жүрейік хан ием.