Просмотр содержимого документа
«"Тәуелсіз-елімнің еркіндігі!"»
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған ертеңгілік «Тәуелсіздік – елімнің еркіндігі»
1. Білімділік: Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып,желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау: Мерекеде Елбасы, мемлекеттік рәміздер, тәуелсіздіктің құрбандары туралы түсінік беру.Патриоттық сезімдерін ояту.
2. Дамытушылық: Әндер, билер, ойындар арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиеші: Құрметті «Гүлдер» балабақша ұжымдары,балабақша бүлдіршіндері,бүгін еліміздің сан мыңдаған жылдар бойы армандаған,сол жылда дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген,тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын «Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған «Тәуелсіздік – елімнің еркіндігі» атты ертеңгілігімізді назарларыңызға ұсынамыз.
Мерекелік ертеңгілік өтетін залға балалар музыка әуенімен кіреді.
1991 жылы қазақ елі егемендікке қол жеткізіп, өз алдына тәуелсіз мемлекет атанды. Міне, биыл тәуелсіз мемлекет атанғанымызға 26 жыл толды. Осы тәуелсіздік Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатайұлы, Ләззат Асанова сынды қазақтың батыр, қаһарман ұл - қыздарының арқасында келді.
Соған назар аударайық.(Слаид қарау)
Олардың Тәуелсіздік жолындағы ерлігі, қайсарлығы біз үшін өнеге болмақ желтоқсан құрбандарына тағзым етіп 1 минут үнсіздікпен еске алайық.
Ән ұраны елімнің
Шақырады бірлікке
Егеменді елімнің
Болашағы бірлікте.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні орындалады
Тақпақтар:
Әнуар:
Болмасам да сол кезде мен сеземін
Жүректе намыс оты сөнбегенін,
Ызғарына аяздың төзгендерін,
Бұл күннің оңайлықпен келмегенін.
Әсел:
Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Тату-тәтті боп халқымныз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесін.
Ғани:
Отаным менің мекенім асыл ардағым.
Көк майса шалғын, айдынды сулар жан –жағын.
Жасампаз жолда, дамушы елім мәңгілік,
Самғай бер көкте, қазағым менің талмағың.
Диляра:
Қарттарым мұңаймасын деп,
Сәбилер жыламасын деп.
Кешегі өткен тарландар,
Желтоқсанда ұрандар.
Томирис:
Алтын таңның аясында,
Бақытты өскен балалмыз,
Еркін өмір шат заманда,
Шырқап әнге саламыз.
Сүлейман:
Бақытты болып жүргенім
Сенің арқаң, Қазақстан.
Елім менің-тірегім,
Құшағында гүл атам.
Эльмира:
Тәуелсіздік- Менің байтақ Отаным. Бір өзіңсің Мұхтар,Абай,Шоқаным. Тәуелсіздік- сәбиімнің күлкісі, Тәуелсіздік- ақ батасы атамның.
Мәди : Желтоқсанның қанды суық ызғары Қалың әскер қазағымды қорлады. Тәуелсіздік қолдаған жастардың Отан үшін табандары тозбады.
Дияра: Жүректе намыс оты лапылдаған, Күш-жігері жастардың сарқылмаған. Отан үшін олар шығып алаңға Қарсы ағып өзендей тасқындаған.
Қайырлан:Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн,
Ерекше болып мәңгілік,
Ел жадында қалған күн.
Әсем: Мерекеге шығады,
Бүкіл халық біліп қой. Отандастар ұғады ,
Тәуелсіздік-ұлы той.
Жүргізуші: Жастарымыздың ерен ерлігін насихаттау арқылы бүгінгі таңда біздің егемендігіміздің алып берген Қазақстан Тәуелсіз мемлекет атанды.Отанымыз туған жеріміз,еліміз жылдан жылға көркейіп жаңарып өсіп келуде.
Ән: «16 –желтоқсан»
Балалардың орындауында
Хор «Сәлем -Қазақстаным»
Аида:
Отан сенің ата-анаң,
Отан-досың,бауырың,
Отан-өлкең,астанаң,
Отан-аудан, ауылың.
Айлина:
Отан-тарих, отан-тіл,
Жасаған елің, өз халқың,
Отан-өлең,Отан-жер,
Көгерген көкке ел даңқын.
Аяжан:
Әнұраным-жан ұраным
Айтар әнім-сөлер сөзім
Туған жерім- сағынарым
Туған елім сағынарым
Мәңгі бақи шырқалады
Республика әнұраным!
Катя:
Цвети же, наша Родина
Любимая страна!
На всей земле огромной
Такая ты одна!
Аружан:
Бақытты ел- бұл Отан
Бәріне мен иемін!
Біздің Отан-Ұлы Отан
Ұлы Отанды сүйемін!
Даяна:
Тәелсздік жолында
Талай-талай тер тамған
Билігім өз қолымда
Еркіндігім-елдігім.
Ұлан:
Отанды біз атамекен
Деп аялап атаймыз
Өйткені оны мекен еткен
Бабамыз бен атамыз.
Әлинұр :
Әлем сүйген салтымызт бар
Бейбітшілік –ел ұраны.
Өмір сүйген халқымыз бар.
Бейбіт елдің біз ұланымыз.
Тәрбиеші: Енді ақ орданың төбесінде қан қызыл ту орнына көк ту қондырылып,желбіреп тұр.Онда бөрінің басы жоқ. Бірақ бөріні де бүріп түсер қыран бар. Құс төресі шартабақ күн аясында тәуелсіз,еркімен самғауға бағыт алғанын әрбір қазақстандық қастерлеп,мақтан тұтып,даңқын көтере беруге үлес қосса,көк туымыздың абыройы үстем болып,дұшпандарымызды күйіндіріп,достарымызды қуанышқа бөлей берері анық.
Қазақстан республикаысының призиденті кім?
Қазақстанның астансы қай қала?
Қ.Р рәміздерін атап бер?
Тудың түсі қандай,?
Туда не бейнеленген ?
Елтаңбада не бейнеленген?
Рахмет!
Ән : «Достық әні»-«Гүлдаурен» тобы
Ән «Тәуелсіз ел ұланы» -«Бәйшешек» тобы
Ойын: «Бәйге»
Қазақтың ұлттық ойыны «Арқан тартыс»
Тәрбиеші: Туған халқымыздың тарихын,батыр ұл-қыздарымыздың ерлігін,жеріміздің байтақтығын,байлығын ақын ағаларымыз жырлап келеді. Сол жырларды жаттап,көкейге түйіп,елімізге лайықты азамат болып өсуге міндеттіміз,басқаша болуға біздің құқығымыз жоқ,бүгінгі бақытты күніміз үшін қаншама ерлер тер төкті,жанын қиды. Сол батырларымыздың армандаған ұрпағы біздің білімді,дені сау Отанымыздың лайықты ұл-қызы болып өсуі қажет. Апа- ағаларымыздың қайталанбас ерлігіне тағзым етеміз. Осымен құрметті қонақтар ересектер тобының дайындаған «Тәуелсіздік – елімнің еркіндігі» атты ертеңгілігіміз аяқталды.