Просмотр содержимого документа
«Тәуелсіздік күніне арналған "Біз - тәуелсіз ел ұланымыз!" атты ертеңгілігі»
КМҚК «Балерке» балабақшасы
Ертеңгілік тақырыбы:
«Біз - тәуелсіз ел ұланымыз»
Жауапты: Копесова Н.А.
2018-2019 оқу жылы
«Біз тәуелсіз ел ұланымыз»
Әуен ойналып тұрады. Балалар мен қонақтар залда отырады.
ҚР гимні қосылып, орындалады.
«Ата толғау» күй әуенімен қолына ұршығын алып әже келіп отырады. Қолында қамшысы бар бала атқа мініп ойнап жүреді. Ол әжесіне жүгіріп келіп, мойнына асылады.
Бала: Әже біз балабақшада Тәуелсіздік мерекесіне дайындалып жатырмыз. Мемлекеттік гимнді орындадық.
Бала: Әже, «Тәуелсіздік» деген не?
Әже: Е...... құлыным, «Тәуелсіздік» деген бұл үлкен әңгіме. Осы күнге жету үшін қазақ халқы талай қиыншылықты бастан кешірді. Қайсар, батыр аға – апаларымыздың арқасында егеменді ел болдық. Өзіміздің Туымыз, Гимнымыз, Елтаңбамыз бар. Аллаға шүкір.
Бала: Әже мен сізге тақпақ айтып берейін бе?
Әже: Айта ғой, құлыным.
Бала: Ылғи өрге өрлеген,
Бақыты бұл халықтың.
Мейіріммен тербеген,
Тәуелсіздік жарық күн.
Әже: Ой, ақылдым, өркенің өссін!
Бала: Әже мен ұйықтап алайыншы, шаршадым.
Әже: Ұйықтай ғой, құлыным. (Музыка әуенімен бала ұйықтайды). Әже тұрып кетеді. Музыкамен слайдтан «Алтын адам» көрсетіледі (бала түсіне енеді).
Бала: Ассалаумағалейкум ата! Сіз кім боласыз?
Алтын адам: Мен сендердің бабаларың болам,
Аман қалған шабуылдан жүздеген
Батыр халық екенбіз ғой біз деген
Аямаған жұрттың нанын тұзбенен
Жомарт халық екенбіз ғой біз деген.
Ей, балақай, қазақ халқының болашағы сендерсіңдер. «Қазақ» деп соққан жүректерің осы алаудай мәңгі өшпесін. (Бала ұйқысынан оянады).
Бала: Әже, әже!
Әже: Құлыным не болды? Түс көрдің бе?
Бала: Ол маған жанып тұрған шырақ берді.
Әже: Құлыным, қандай жақсы түс көрген екенсің. «Шырақ» деген – бұл біздің еліміздің биіктен көрінуі.
Бала: Әне, әже, жарқырап күн шықты. Тәуелсіздіктің таңы атып келеді. Туымыз да биікте желбіреп тұр. (Слайд көрсетіле бастайды).
(Әжесі мен баласы залдан шығып кетеді)
Жүргізуші: Әсем кештің ажары
Әсем бисіз кіре ме?
Кіп – кішкентай бишілер
Мың бұрала билейді, - деп «Айшуақ» І кіші топ балаларының билерін тамашалайық (флеш моб).
Жүргізуші: О, тәңірім бақыт құсы қонып бір
Деп тіледік бізді баққа жолықтыр.
Бүгін, міне, Тәуелсіздік ағайын
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр.
Елім менің, тәуелсіз жерім менің,
Күннен алған шуақты өмір деймін
Рухы ұлттың өсіпті өлместей боп,
Көк байрағың төбемнен көрінген күн – дей келе «Қазақстан» әнімен «Күншуақ» ортаңғы топ балаларын ортаға ду қол шапалақпен шақырайық.
Жүргізуші: Елімізде бейбіт, тыныш заман болсын!
Тілеймін әр адамға бақыт қонсын!
Елімнің ел ағасы, елбасшысы –
Нұрсұлтан Назарбаев аман болсын!
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында президент күні де аталып өтілуде. Балалар, Қазақстан Республикасының Президенті кім? (президент туралы слайд)
Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Жүргізуші: Иә, балалар мыңдаған жылдардың тарихы бар еліміз өз тәуелсіздігі лды. Әр елдің, мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздері бар.
Мемлекеттік рәміздеріміз: Ту – флаг – flag; Елтаңба -
Гимн – гимн - hymn.
Халық бірлігінің белгісі. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу әрбір азаматтың міндеті.
Жүргізуші: Тудың ортасында алтын күн баршаға ортақ нұр сәулесін төгіп тұр. Қалықтап ұшқан құс ерліктің белгісі.
«Күншуақ» ортаңғы топ пен «Жұлдыз» ІІ кіші топ балаларының тақпақтары.
Жүргізуші:Ал, қанекей тұрмайық,
Қызықты ойын бастайық.
Балалар мен сендердің тапқырлықтарыңды, білімдеріңді байқайын деп тұрмын. Күннің нұрын ұстап, тәуелсіз елімізге өз тілектеріңді білдіріңдер. Балалар өз тілектерін білдіру арқылы күннің нұрын жапсырады.
«Жұлдыз» ІІ кіші топ балаларының орындауында ән «________________»
«Күншуақ» ортаңғы топ ұлдарының орындауында «Батырлар биі».
Көрініс: «Бәйтерек»
Алдымен қасиетті алып ағашы болған екен. Бәйтеректің биіктігі соншалықты жерге қонған құс ағаш басына бір күнде ұшып жетеді екен. Оның төбесіне ұя салып мекендеген, бір Самырұқ құс болыпты. Бәйтеректің қасиеті соншалық, ағаштың жапырағы, топырағы құс қанатының ұшы да ем – домға жақсы болған екен. Сол биік ағаштың басына Самұрық құсы жұмыртқалайды. Самұрық құсы жұмыртқалағаннан кейін Бәйтерегіміз пайда болыпты. (Атасы, Әжесі, немересі қол ұстасып шығады).
Немере: Ата, мынау биік тұрған не?
Атасы: Бұл Астана қаласының төбесінен қарайтын биік мұнара – «Бәйтерек» балам.
Немере: Әдемі екен.
Атасы: Иә, балам. Осы бәйтеректей биік болыңдар. Шыншыл Қазақстанның рухын әрдайым жоғары ұстаңдар.
Жүргізуші: Талшыбықтай бұралған,
Өнерлі ғой қыздар – ай.
Сүйсіндірген биімен,
Қазағымның қыздары – ай.
«Күншуақ» ортаңғы топ қыздарының «Асатаяқ» биін тамашалаңыздар.
«Алтын адам»: Сәлеметсіздер ме балалар!Мені таныдыңдар ма?
Бала: Иә, ата мен сізді түсімде көрдім. Сіз «Алтын адамсыз» ғой.
Жүргізуші: Балалар, Алтын адам сендерге жай келген жоқ екен. Оның сендерге алып келген ойыны бар екен. Қане, ойынды бірге ойнайық.
Ойын: «Ою – өрнектер құрастыру»
«Алтын адам»: балалар, сендер өте білімді, ақылды, өнерлі екенсіңдер. Мен сендерге өте ризамын.
«Алтын адам» бата береді:
Жыр арнадым еліме тебірене
Үміт артам елімнің ертеңіне.
Тәуелсіздік мейрамы құтты болсын
Отаным жылдан жылға көркеюде
Тілеймін мен әр адамға бақыт қонсын
Елімізде бейбіт, тыныш заман болсын!
Әже келген қонақтар мен балаларға шашу шашу рәсімін жасайды.
Жүргізуші: Тойланып мың мереке, ұлыс күні,
Құйылған шаңырақтан ырыс нұры
Халқымның бақыты үшін аз байлық па,
Тәуелсіз еліміздің тыныштығы, - дей отырып, баршаңызға зор денсаулық, бақыт тілейміз. Ұлт арасында достық, елімізде тыныштық болсын.
Барлық бүлдіршіндердің орындауында «Қаражорға» биі орындалып, ҚР-ның Тәуелсіздік күніне арналған іс – шара жабылады.