Мен жол т?ртібін реттеп т?рсам, ?ыздары?ыз жолдан ?те алмай т?р екен. Олар?а к?мектесіп ?айда баратындарын с?расам мектепке баратындарын айтты. Сосын оларды осы жерге мектепке алып келдім.
?ош келіпсіздер, ??рметті ата – аналар мен ?стаздар.
И?, б?рімізге осынау ?лемні? жары?ын сыйла?ан ана есімі ?ашанда биік, ?рі ?ымбат. Ана б?л ?те ?асиетті, мейірімді жылы с?з. Ана деген ?лемні? жан д?ниесі, бастауы мен таусылмайтын жал?асы. Б?л с?з кімді де болса еле? еткізбей ?оймайды. Олай болса б?гінгі аналар?а арнал?ан, ?здері?ізді? балалары?ыз дайында?ан ерте?гілік мерекелік концертін тамашалау?а ша?ырамыз. Ендеше ??рметті ата аналар балалары?ызды? а? тілектерін ?абыл алы?ыздар.
Н?рсая мен Мерей келе?ойы?дар.
Ана дейміз б?ріміз де а??ылдапТой пердесін ашайы?
Ана дейді жас с?би де жар?ылдапТой?а шашу шашайы?
Ана деген б?йтерегі ?мірді?Аналарды ??рметтеп
Ана деген алтын ?азы?, алтын ба?.?н маржанын шашайы? деп шашу шашады.
Кезекті бар тіршілікті? т?т?асын ?стап т?р?ан айдай аналар мен аяулы ?желерімізге арнал?ан та?па?пен жал?астырамыз.
Баланы? да тірегіАнам мені? панам ?ой
Даланы? да тірегіСодан ?ор?ан табам ?ой
Шаншымасын еш ?ашанАсы?па анам ерте? – а?
Аналарды? ж?регіОтын болып жанам ?ой
Б?рі?із де анасы?Анам мені? асыл жан
Біз ?шін к?н боп жанасы???ша?ы н?р шашыл?ан
??тты болсын мейрамы?К?н секілді к?леді
??тты?таймын анашымСипап ыл?и басымнан
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Мен жол тәртібін реттеп тұрсам, қыздарыңыз жолдан өте алмай тұр екен. Оларға көмектесіп қайда баратындарын сұрасам мектепке баратындарын айтты. Сосын оларды осы жерге мектепке алып келдім.
Жүргізуші: Сізге көп – көп рахмет, біздің қыздарымызға көмектескеніңізге. Келіңіз отырып біздің мерекені тамашалаңыз.
Қош келіпсіздер, құрметті ата – аналар мен ұстаздар.
Иә, бәрімізге осынау әлемнің жарығын сыйлаған ана есімі қашанда биік, әрі қымбат. Ана бұл өте қасиетті, мейірімді жылы сөз. Ана деген әлемнің жан дүниесі, бастауы мен таусылмайтын жалғасы. Бұл сөз кімді де болса елең еткізбей қоймайды. Олай болса бүгінгі аналарға арналған, өздеріңіздің балаларыңыз дайындаған ертеңгілік мерекелік концертін тамашалауға шақырамыз. Ендеше құрметті ата аналар балаларыңыздың ақ тілектерін қабыл алыңыздар.
Нұрсая мен Мерей келе ғойыңдар.
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап Той пердесін ашайық
Ана дейді жас сәби де жарқылдап Тойға шашу шашайық
Ана деген бәйтерегі өмірдің Аналарды құрметтеп
Ана деген алтын қазық, алтын бақ. Ән маржанын шашайық деп шашу шашады.
Кезекті бар тіршіліктің тұтқасын ұстап тұрған айдай аналар мен аяулы әжелерімізге арналған тақпақпен жалғастырамыз.
Құтты болсын теңдік алған Құтты болсын теңдік алған
Қуанышты мерекең Қуанышты мерекең
Мұрат, мүлде мақсатым Мұрат, мүдде мақсатым
Жақсы күн мен жақсы түн Жақсы күн мен жақсы түн
Нағыз бақыт ананың Нағыз бақыт ананың
Ақтау дер ем ақ сүтін Ақтау дер ем ақ сүтін
Мәпелейсің мені анам Жамандықтан сақтандырып
Қолыңдағы құсыңдай Жақсы ісімді мақтан қылып
Құлпыра өсіп дем алам Мәпелеген ақ мамамды
Құшағыңда қысылмай Жүрсем деймін шаттандырып
Сегізінші наурыз келді Еркелесең күлімдейтін
Шаттық сезім ап келді Ұрысқаны білінбейтін
Қуанышты күнде енді Маңдайымнан иіскеп менің
Құттықтаймын сіздерді Құлыншағым күнім дейтін
Би: Сәнді қыздар мен ұлдардың орындауында би.
Жүргізушіі: Дүниенің жарық күні анамыз
Дана болсақ анаменен данамыз
Тыңдаңыздар көңіл қойып, ағайын
Анаға арнап тағы бір ән саламыз.
Ән: Анашым.
Ойын: Құрметті ата аналар балаларымыздың ойынын тамашалаңыздар.
Ойын шарты: Орындыққа гүл қоямын. Ортада екі ұл мен екі қыз вальс билейді. Музыка тоқтаған кезде екі ұл бала жүгіріп барып орындықтағы гүлді алып өзінің билеген қызына ұсынады. Қайсысы бұрын гүлді алса сол жеңімпаз болады.
Көрініс: Ақ жаулықты әжелеріміздің құрметіне « Әже мен немере» арасындағы көріністі тамашалаңыздар.
Қазақша киінген әже іс тігіп отырады, немересі қасында ойнап жүреді.
Әже: Жүрегім кім менің?
Немере: Мен!
Әже: Тірегім кім менің?
Немере: Мен!
Әже: Жаным кім менің?
Немере: Мен!
Әже: Сәнім кім менің?
Немере: Мен!
Әже: Ботақаным бағлан қозым
Не деген тәтті баласың өзің
Ой қарғам, менің
Немере: Жоқ, әже қарғаң мен емес!
Жо... жоқ, қарға болмаймын
Керегі жоқ ондайдың
Қарға қарқ – қарқ етеді
Алысқа ұшып кетеді
Қасыңда боп әрдайым
Мен ешқайда бармаймын
Жүргізуші: Көктемгі күннің көзіндей жылы жүзді, тұла бойына сұлулық тұнған, арқаның ажарындай нұрлы, келбетті, аяулы аналарымыздың құрметіне арналған тақпақтарымызды жалғастырамыз.
Адамзат қуат алар ақ сүтінен Бала, бала, бала деп
Мәпелеп әлдилеген пейілін кең Түнде шошып оянған
Аналық махаббаттың кәусар бұлақ Түн ұйқысын төрт бөліп
Сөнбейтін ақ жүрегін мәңгі шырақ Түнде бесік таянған
Алтын анам жасынан аялаған Аялы қолды талпынтқан
Мен үшін игілікті аямаған Қаймақты сүттей қалқытқан
Сабақтан шаршап үйге келгенімде Суық болса жөргегін
Бал сөзі жаным деген сая маған. Қорғасындай балқытқан
Ана десем шешек атым жанары Ана біздің күніміз
Өмірімнің бастау алар жан әні Ана біздің гүліміз
Ана деген тіршілікте пана бар Ұланды ана қуантып
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады Ұзақ өмір сүріңіз
Ана десем сезім билер тым ыстық Теңдесі жоқ данасың
Жарасымды адамдарға туыстық Арқа сүйер панасың
Бар адамға берсе ананың мейірін Еңбегіңді ақтаймын
Орнар еді бар әлемге тыныштық Аман болшы анашым
Наурыздың сегізі Анаң болса қасыңда
Сұлулықтың негізі Басқа бақыт не керек
Әдемі сөзі баланың Аналардың жүрегі
Анаға айтар лебізі Мейірімді ғой керемет
Анасыз жоқ бір күнің Мен анамды сүйемін
Әжесіз жоқ бір күнің Құшағына енемін
Ұсынамыз біз бүгін Мәпелеген анамды
Сөздің сұлу шоқ гүлін. Қуантсам деп келемін
Жүргізуші: Мың бұралып би билеп
Ән де салып береміз
Осылайша шаттықпен
Біздер өсіп келеміз
деп қыздардың биіне кезек береміз. Би:
Ойын: Осы балалардың тәтті тілдерімен айтылған өлең жырларынан кейін ата – аналар сіздерді сіздерді бір серпілтіп ойын ойнасақ дегім келіп тұр.
Ойын: «Сөз тапқанға қолқа жоқ».
Әр түрлі сұрақтар қоямын, сіздердің берген жауаптарыңыз А әрпінен басталатын
болу керек.
Сіздің есіміңіз? 2. Балаңызды қалай еркелетесіз?
Сіз жұмыс жасап отырсыз ал, балаңыз маза бермей жатыр, не деп айқайлайсыз? 4. Жақсы көретін мерекеңіз?
Сүйіп ішетін тағамыңыз қандай? 6. Қандай санды ұнатасыз?
Жақсы көретін әніңіз қандай? 8. Қандай көкөніс пен жемісті ұнатасыз?
Жүргізуші: Бүгінгі мереке аналардікі ғана емес, ардақты әжелердің де мерекесі. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» деп бекер айтылмаған. Келесі құттықтауларымыз сіздерге арналады құрметті ақ жаулықты әжелер.
Аналарды сүйеміз Өзің мені өсірген
Сөзін ойға түйеміз Айналайын ақ әжем
Әжені де ардақтап Тентек болсам кешірген
Әдеппен бас иеміз Шөлдедің бе жан әжем
Әлпештеген баласын Шай қайнатып берейін
Ана бақыт ана жыр Шекер салып жан әжем
Әркім сүйіп өзінің Өзім құйып берейін
Мақтан етер анасын. Балдай тәтті бал әжем
Үлкен болған кезімде Өзің мені өсірген
Сыйлық әкеп әжеме Айналайын ақ әжем
Таң қалдырып бар елді Тентек болсам кешірген
Өте жақсы көремін Ауырмашы ақ әжем
Өйткені мен әжемді Шай қайнатып берейін
Таусылмайды өлеңі Шекер салып бал әжем
Күнде айтып береді Өзім құйып берейін
Барған сайын бір жаққа Балдай тәтті бал әжем
Кәмпит алып келеді.
Әже деген көп шығар
Әжемдей менің жоқ шығар
Мейірімді бұл кісі
Қандай ғажап күлкісі
Менің әжем, ақ әжем
Ұл мен қыздың бағы әжем
Ертегі айтып бер десең
Айтып берер тағы әжем
Жүргізуші: Сонымен балалар ана деген кім болды?
Ана – қамқоршы. Ана – бақытың. Ана – тірегің.
Ана – қорғаның. Ана – болашағың. Ана – ақылшы.
Ана – сүйенішің. Ана – жанашырың. Ана – байлығың.
Ана – үйдің жылуы.
Жүргізуші: Аналардың жанарында
Тұратындай таң күліп
Барлық бала өз анасын
Сүйіп өтер мәңгілік.
Ендеше осындай балаларды дүниеге әкеліп, жарық күн сыйлаған аналарымызға бәріміз бас иейік.
Көктемгі күннің көзіндей жылы жүзді, тұла бойына сұлулық тұнған, арқаның ажарындай нұрлы келбетті аяулы аналарымыздың құрметіне арналған тақпақтарымызды жалғастырамыз.
Ән: Ана деген – алтын қазық , алтын бақ - дей отыра, кезекті бүлдіршіндеріміздің аналарына арнаған әніне береміз. Ән. Анашым
Балалар, енді біз аналарымызды сынап ойын ойнатып көрейікші
Бүгінгі күн аяулы аналар мен ақ жаулықты әжелер тек қана сіздерге арналады. Кезекті өздеріңізге арналған тақпақтар мен жалғастырамыз.