8-наурыз халық аралық әйелдер, аналар, қыздар күні екенін түсіндіру. Ананы сыйлауға, құрметтеуге үйрету.Ана өмірдің гүлі, бәрімізге дүние есігін ашқан, жарық дүние сыйлаған адам.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Сыйынар ем, ана деген тәңірге»
Сыйынар ем Ана - деген тәңірге
Жүргізуші: Ана дейміз бәрімізде аңқылдап,
Ана дейді жас сәбиде жарқылдап
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық алтын бақ.
Мұхамедәли: Той пердесін ашайық ,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп ,
Ән маржанын шашайық!
Жүргізуші: Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар! Аяулы , сүйікті абзал да асыл аналар , әжелер, ұстаздар бүгінгі көктемнің алғашқы мерекесі 8 наурыз мерекесімен сіздерді шын жүректен құттықтаймыз!
Армысың мейірімді аналарым ,
Мейірбан ашық көңіл даналарым,
Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен,
Құттықтайды сіздерді балаларың.
-деп мерекеміздің кішкентай қатысыушыларын қарсы аламыз.
Құшағына алған сайын шалқытқан
Иісін жұпар аңқытқан
Жылулығын сезінемін әрдайым
Аяулы алақанынан анамның
(музыка қосылып алақан биімен балалар залға кіреді)
Мұхамедәли: Анам менің сүйіктім,
Тек өзіңе табынам.
Қасымда жүрсем биікпін.
Алыстасаң сағынам
Жүргізуші: Анаң болса қасыңда
Басқа байлық не керек
Аналардың жүрегі
Мейрімді ғой керемет.
Мерекелік ертеңгілігімізді бастамас бұрын балабақшамыздың директоры Айнақбаева Гүлнар Тоқтамысқызына құттықтау сөз кезегін береміз.
Жүргізуші: Ару ана өмірдің асылдары,
Жайнаған көңілімнің жасыл бағы
Сіздер үшін ән мен би өлең мен күй
Сіздер үшін мереке шашулары .
Біздің балаларымыздың әнін қабыл алыңыздар «Песенка про маму»
Көрініс: «үш ана»
(ортаға стол және үш орындық қояды.бір орындықтың шетінде стол астында қуыршақ жатады. Әйгерім қыздың киімін киген бүлдіршін, Анасы қызыметкер, Әже. Ақырын музыка қосылады )
Жүргізуші: Ойыннан келген әйгерім
Қуыршағын іздейді
Столдың астынан тапты да
Хал сұрауды көздеді.
Әйгерім: Қызым менің қалайсың
Томсырайып қарайсың.
Қарның ашып отырмай,
Тамақ ішсең жарайсың.
Егер тамақ ішпесең
Қу сүйек болып қаласың.
Отыр қане қасыма,
Тамақтанып аласың.
(қуыршағын алдына алып отырады)
Жүргізуші:Әйгерімнің осы сәт
Анасы үйге кіреді.
Тағат таппай қызының
Қалын сұрап біледі.
Анасы: Әйгерімжан, бүгін сен,
Тамақ ішіп көрдің бе?
Қызықтап әлде ойынды,
Кешке дейін жүрдіңбе?
Күнде саған ұмытпай ,
Тамағыңды іш деймін.
Тіл алмайсың қырсығып
Осы сені не істеймін (отырады басын ұстап)
Жүргізуші: Анасының артынан ,
Аптығып әже кіреді.
Ол – дағы өз қызының
Қалын сұрап біледі.
Әжесі: Айналайын, алтыным
Шаршадыңба, жарқыным.
Ішпедің ау тамақ та,
Жайын ойлап жалпының.
Қарашығым, қарағым,
Түсіңкі ғой қабағың.
Сөткемен тұрып жұмыста
Болмай қалды – ау тамағың (Отырады)
Жүргізуші: Аналардың елжіреп,
Ет бауыры барады
Әр қайсысы сұқтанып,
Өз қызына қарады.
Бәрі – үш ана:
Қандай қиын , қараңдаршы,
Қырсық мінез бала болу.
Бәрінен де оңай емес ,
Білсеңіздер ана болу!
(көрініске қатысушылар ортаға шығып қол ұстасып бас иеді.)
Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы.Ананың көз нұры ,мейірімі тастай мұзды да жібітеді.Сүйікті аналар,қымбатты көктем аруы балаларымыздың сіздерге деген жылы лебізін қабыл алыңыздар.
Тақпақтар
Кәусар: Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген аптайым
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамымен құттықтаймын.
Ерасыл: Ана деген ақылшың,
Анаң барда батырсың.
Қасыңда кім болсада
Тек анаңа жақынсың.
А.Асанәлі: Ақыл құйған санама,
Күннен артық расында.
Күн алыста , ал анам.
Ылғи менің қасымда
Даяна: Аяулы да алтын нұрлы анашым
Жүрегімнен мәңгі бірге боласың
Сен арқарсың ,сен аспансың ,биіксің
Сен дархансың ,сен жомартсың, данасың.
Ернар: Жанымызды жайнатқан,
Өзіңіз ғой аналар
Зор денсаулық мол бақыт
Тілейміз біз балалар.
Вадим: Анам менің «Күнім» дейді
Мен қуансам күлімдейді.
Балауса: Көктем келді жадырап,
Күн нұрымен таласып ,
Жайнай берші жарқырап
Жаны жайсаң анашым.
Жүргізуші: Мереке күніңмен
Қарсы алам өзіңді
Сәбилік сезіммен
Арнаймын сөзімді
Бөбегің оянса
Ұйқыңнан мың тұрдың
Гүліңмен балауса
Көктемдей құлпырдың
Сіздердің алдарыңызда кішкентай қуыршақтар қарсы алыңыздар.
Би: «Қуыршақ барби»
Жүргізуші: «Қариясы бар үйдің ,қазынасы бар» деп бекер айтылмаған Бүгінгі мереке күні әжелерімізді біздің балаларымыз мерекесімен құттықтайды.
Айзере: Әжетайым, әжетайым,
Құтты болсын мерекең.
Нурасыл:Менің әжем мейірбан
Мені жақсы көреді
Қажетіне жарасам
Жас балаша күледі
М.Асанали: Аналарды сүйеміз
Ақылын ойға түйеміз
Әжемізді ардақтап
Әдеппен бас иеміз
Ән: «Әжеммен қаламын»
Жүргізуші:Жүзімізде күлкі ойнап
Қанаттанды жанымыз
Көктем тойын біз тойлап
Шаттанайық бәріміз –деп балабақша апайларымен балалардың орындауында қабыл алыңыздар.
Би «Апайлармен бірге қыздар»
Жүргізуші: Аялаймыз ананы
Құрметтейміз бағамыз
Сіздер үшін аналар
Шырқап тақпақ айтамыз.
Келесі кезекте тақпақтарға береміз.
Ульяна: Анам болса қасымда
Басқа бақыт не керек
Айару: «Боташым» деп саған
Кім сүйікті адам
Ол – менің анам.
Айханым: Қуанышы ананың,
Бізді өсірген анашым.
Перизат: Анам менің анашым
Сені жақсы көремін
Мерекемен бүгінгі
Құттықтаймын мен сізді.
Әділет:Мен анамды сүйемін
Құшағына енемін
Мәпелеген анамды
Қуантсам деп келемін
Айша: Ақ анашым аппағым,
Өзің жайлы таппағым
Өзің жайлы әнемде
Арнадым саған бәрінде
Абылай: Аппақ мамам , ақ мамам
«Ақ , мамам» - деп шаттанам
Түн ұйқыңды төрт бөліп,
«Бөпешім» деп жатпаған
Қаныш: Бал бөбегін баптаған
Анам үшін мақтанам
Ақ бетіңнен сүйейін
Келші, келші ақ мамам
Көктем аруы: Балалар мен сендердің өнерлеріңді көріп тәнті болдым .Енді менің сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр . Ойын «Өз балаңды тап» .
Көктем аруы : рахмет сендермен көңілді болды.
Жүргізуші: Сүйкімді ғой балалар
Өнерлі ғой баршасы
Міне осылай қойылым
Көрсетті «Үшқұлын» бақшасы
Дей келе келесі кезекте «Көгершін» тобы ұлдарының орындауында«Аяулы анашым» әнін қабыл алыңыздар .