Просмотр содержимого документа
«Сценарий утренника»
Тақырыбы: « Бүлдіршін ару-2017»
Мақсаты: 1.Егеменді елдің ертеңгі болашағының іргесін берік ететін қазақ қыздарының бойында мәдениеттілік,әдептілік,инабатты,ибалы,сыпайлық қасиеттерін қалыптастыру.
2.Жан-жақты білімді,сауатты болуға үйрету.Бойындағы өнерін және қол өнер шеберлігін дамыту,жетілдіру.
3.Аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге,мейірімділікке,қоғамның белсенді азаматшалары болуға тәрбиелеу.
Барысы: 1.Ұйымдастыру
2.Кіріспе .Мұғалімнің сөзі:-Құрметті ұстаздар,ата-аналар,оқушылар бүгін біз үлкен мерекеге жиналып отырмыз,Бұл көктем мерекесі.Наурыз айы –үлкен мерекелер айы.Көктемнің шуақты күндерімен сабақтаса келетін бұл мейрамды тойламайтын халық жоқ.Бәріміз ананың ақ сүтінен нәр алып,өсіп-өніп келеміз.Күллі адамзат абзал да,асыл жандардың алдында бас иеді. «Құрметтесек ананы құрметтейік»дегендей,мереке қарсаңында біз де осы аяулы ата-аналарымыздың басын қосып отырмыз.Мерекелеріңіз құтты болсын,ардақты аналар.Бастауыш сыныптар арасында өтетін «Бүлдіршін ару» байқауына қош келдіңіздер!