Мақсаты: «Алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылдық, күз-шаттық, күз-қуаныш екеніні оқушы санасына жеткізу. өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Сценарий "«Арайлы алтын күз» байқауы"»
«Күз кереметі» байқауы
Мақсаты: «Алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылдық, күз-шаттық, күз-қуаныш екеніні оқушы санасына жеткізу. өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу.
Үй тапсырмасы (күзгі жапырақтардан аппликация жасау)
Сән үлгісі (өз шығармашылықтары)
ЗЕЙІН СИГНАЛЫ
І-жүргізуші: Қайырлы күн қымбатты ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! «Алтын күз» мерекесіне арналған күзгі бал байқауына қош келдіңіздер! Мерекелі алтын күз құтты болсын, ағайын! Қасиетті күз мезгілінің бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз- байлық, молшылық.
Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын, Көңілді серіппелі күйін ашсын. Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып, Береке бірлікпенен ортақтассын. Көңіл қойып, құлақ салыңыздар! Үнсіздік орнап, тына қалыңыздар! Бүгінгі біздің бағдарламамызда: Келтіретін ардайым сезім күйін, Көресіздер қызықтың неше түрін Әншінің анықтаған әнін естіп, Көңіліңіз қалары хақ бір серпіліп. Осылай бәрі-бәрі болып жатса, Мақсатқа қалар едік біз де жетіп.
Нағыс сары алтындай сары күз-қыркүйек айы. Ол-еңбек айы. Күз маусымының екінші ай – қазан. Бұл ай – мереке басы. өйткені дихандар сабантой жасайды. Күздің соңғы айы-қараша. Қараша десе дегендей, айнала теп-тегіс сүреңсіз. Жапырағынан айрылған ағаш қара суыққа қалтырап, жүдеу далаға өң бере алмай селтиеді.
ІІ-жүргізуші: Күз мейрам құтты болсын баршаға,
Күздің сәні келіп қапты ортаға.
Қазылар алқалармен таныстырып,
Кетейін осы отырған баршаңызды! - дей отырып, қазылар алқаларымен таныстырып өтейін.
Қазылар алқасымен таныстыру
1.
2.
3.
Қош келдіңіз көрермен, «Күзгі бал» сын-кешіне. Отырыңыз қол соғып, Шат күлкіге бөлене. Көбейді құт-береке, Астық толы қоймамыз. Құтты болсын мереке, «Алтын күзді» тойлаймыз!
Ендеше, құрметті көрермендер қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, «Арайлы алтын күз» атты сайысымыздың бірінші бөлімді «Таныстыруға» кезек берейік. Алғашқы болып топөздерін таныстырады.
«Таныстыру» бөлімі
1.
2.
3.
4.
5.
6.
І-жүргізуші: Сайыскерлерімізбен танысып болсақ,сайысымыздың екінші бөлімі күз тапсырмасына «Көркем сөз» оқуға кезек берейік.
Табиғаттан бабамыз ала берген секілді, Хархандықты қазаққа дала берген секілді Еркелікті, ерлікті желден алған секілді Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді,- деп Қадір Мырзалиев ағамыз жырлағандай, бүгінгі күзігі балл мерекемізді табиғатты аялау, табиғат сұлулығын сақтау тақырыптарымен ұштастырсақ артық айтпаған болар едік. Мұнда қатысушыларымыз күз тақырыбыда көркем сөз оқиды. Құрметті әділқазылар алқасы сайыскерлеріміздің оқу мәнеріне, сөйлесу шеберлігіне, жүріс-тұрысына да мән беріп отыруларыңыз сұралады.
«Көркем сөз» оқу бөлімі
І-жүргізуші: Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын,
Жер мен көк жалтыраған сап-сары алтын
Ағашта жапырақтар сылдырлайды,
Төгілген алтын теңге сансыз жалқын,-деп Сәкен Сейфуллин ағамыз алтын күзді керемет шабытпен сары алтынға теңеп жырлаған екен. Қазақ өнер десе ішкен асын жерге қоятын халық қой. Ендеше, құрметті көрермендер! Асыл тастан, өнер жастан,
Шығады деп дарынды.
Халық айтса, қалт айтпас,
Әрқашанда нанымды
Сол шындықты күнделікті,
Көріп жүрміз өмірден
Өнерімен танысайық,
Тілекші боп көңілден!-деп, келесі кезекті сайыскерлеріміздің «Өнер» сайысына берсек!
«Өнер» сайысы
ІІ-жүргізуші Көрсетеді өнер әр салада сайысып,
Қимылдары жүргендей бір жай ұшып
Мерекелік ас мәзірін жасапты,
Сайыскерлер бармақтары майысып.
Келесі бөліміміз «Мерекелік дастархан мәзірі» деп аталады.
Мұнда сайыскерлеріміз күзгі өнімдерден салаттар дайындап әкелу керек болатын, олай болса, сайыскерлеріміз дайындап келген ас мәзірлерімен таныстырып өтсін. Саусағынан бал тамған сайыскерлеріміздің ас мәзірлерімен танысып, әділқазылар баға берсін.
«Мерекелік дастархан мәзірі»
І-жүргізуші: «Өнер жастан» жаныңдар,
Өнерпаздар – дарындар!- демекші, келесі кезек «Үй тапсырмасы»бөлімінеберіледі. Қатысушыларымыз күзгі жапырақтардан аппликация жасау керек болатын, жасаған жұмыстарын топ бойынша әділқазыларға тапсырулары сұралады.
«Үй тапсырмасы»
ІІ-жүргізуші: Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,
Әр сұлу әсем болар өз жанымен
Өз қолынан шығарған киім үлгісін
Сіздерге көрсетеді өз сәнімен,-дей келе келесі кезекте сән үлгісі. Қатысушыларымыз өз шығармашылықтарымен жасаған киім үлгілерін көрсетеді. Олай болса, қол соғып қошеметтеп отырайық.Сайыскерлеріміз дайын болғанша, кезекті әнге берейік, қабыл алыңыздар! Дуйсембаев Нұрлан Қазмұқанұлының орындауында
« » әні
Сән үлгісі
І-жүргізуші:
Білім- теңіз, мектепті кеме дейміз,
Білім мен тәрбие егіз неге дейміз,
Әдемі мен тәлімі үндесетін,
Жастарды болашаққа жетелейміз.
Жеңістер мен жеңілістен тұратын
Өмір-күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім деп, жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын.
Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар
Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,
Ойлы орта кеңейсін күннен-күнге
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар!-дей отырып, бүгінгі «Арайлы алтын күз» атты кешімізді аяқтаймыз. Жеңісті күндерде кездескенше, достар!!!