Просмотр содержимого документа
«Сценарий Алтын күз»
(Балалар ән ырғағымен залға кіріп, шеңбер бойына тұрып, жапырақтар биін билейді) (қолыңдағы жапырақтарды себеткке салады)
Жүргізуші: Береке бақ дарыған, Жомарт көңіл, жарқын жүз. Сары алтынға малынған, Жетті міне, алтын күз! Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздерме,қадірлі қонақтар! Бүгінгі берекелі де ырысты алтын күз құрметіне арналған мерекемізді бастаймыз. Балалар, бүгін бізде қандай мейрам? Балалар: Күз мейрамы! Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар балалар «Алтын күз» мерекесі. Ендеше кезегімізді бүлдіршіндердің өлең шумақтарына берейік.
(Төрт бала ортаға шығады) Милана: Қарашы күз келді.күз келді, Жапырақ жауыпты іздерді. Құс біткен керуен тізеді, Қара бұлт қабағын түйеді. Асанали: Алтын, сары, қызыл,көк, Алуан-алуан жапырақ. Күзгі бақта күлімдеп, Көз тартады атырап. Расул: Күз келді,Сарғайды тоғай.Сап-сары маңай,Соңғы әнін айтып,Құс кетті қайтып. Сағыныш: Айнала жым-жырт, Көк аспан сұрғылт Жер жыртқан тыңда, Трактор қырда.
Жүргізуші: Ой, балалар! Естіп тұрсыңдар ма? Бізге біреу келе жатқан сияқты.(Залға Сайқымазақ кіреді, бірақ қөңілсіз болады)
Сайқымазақ: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мыңда не болып жатыр?
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе! Мында «Алтын күз» ертеңгілігі болып жатыр.
Жүргізуші: Сайқымазақ неге сен бүгін көңілсіз жүрсің?
Сайқымазақ: Мен Алтын күзді іздеп жүрмін, әң шырқап, би билеп көңіл көтергім келеді. Бірақ ешкімді таппадым.
Жүргізуші: Сенің көңілінді көтеру үшін біздің балалар саған ән-би айтып береді!
Ән-би «Ойнаймыз, билейміз» балалар орындауында.
Сайқымазақ: Қандай жақсы,әдемі ән-би. Рахмет балалар. Балалар бізде қазір Күз мезгілі.Күзде қандай көкөністер мен жемістерді білесіңдер?
Балалардың жауабы.(алма, қияр, шие, алмұрт,сәбіз)дұрыс. Ал көкөністер мен жемістер туралы кім қандай тақпақтар біледі? Кім айтып береді?
Інжу; Ой алақай,тамаша! Шашу шашып жапырақ Бақыттың іші алаш Ойнар едім балаша
Ұлдар биі «Саңырауқұлақтар»
Күз:Рахмет, балалар қандай әдемі би!
Жүргізуші: Күн меннен су бар жерде Бау-бақшада гүлденер. Ортаға шық,балалар, Кім көп теріп улгерер… Жүргізуші:Ал,күз саған балалардың ертеңгілігі ұнады ма?
Күз:Иә өздерін сияқты өнерлі балаларды ешқашан көрмедім.Көп,көп рахмет! Сендерге арнайы сыйлығым бар,апайларына берем,топта жейсіңдер.Ал,балалар сау болыңдар! Балалар: Сау болыңыз ! Жүргізуші: Балалар міне біздің шағын ертеңгілік кешіміз аяқталды.Құрметті ата-аналар және қонақтар ниет қойып тыңдағандарынызға көп-көп рахмет! Берекелі бақ-дәулет Арта түссін тойланып. Сау болайық бәріміз, Келгенше күз айналып! (Балалар ән ырғағымен залдан шығады)
Келісілді: Бекітілді:
№10 «Алтын бала» №10 «Алтын бала»
балабақшасының әдіскері балабақшасының меңгерушісі