«Құсмұрын кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Қарлығаш» Құсмұрын балабақшасы» МКҚК
«Спорт-жан серігің»
спорттық іс-шара
Өткізген: тәрбиеші Асанова Куляим Рамазановна
2019ж.
«Спорт-жан серігің»
Денсаулық күніне арналған «Көңілді эстафеталар» ойын-сауық кеші
Мақсаты: Балалардың көтеріңкі көңіл-күйін туғызу. Балалардың денесін шыңдап күш-қуатын нығайту, шапшаңдыққа, ептілікке тәрбиелеу. Балаларды ойындар арқылы ақыл-ойының толысып өсуіне ықпал жасау. Жарыс кезінде ойынға қызыға қатысуына жағдай жасау, бір-біріне достық қарым-қатынастарын дамыту. Дене шынықтыру сабақтарына қызығушылығын арттыру. Дене тәрбиесі процестеріндегі сауықтыру міндеттерін жүзеге асыру.
Қажетті құралдар: Зал іші мерекеге сай безендірілген, түрлі-түсті жалаушалар, эстафеталық заттар, түрлі-түсті шарлар, доптар, кедергілер, шеңбер.
Жүргізуші: Құрметті әріптестер, балабақша тәрбиеленушілері және спорт сүйер жанкүйер қауым. Бүгін «Көбелек» тобында тәрбиеленуші балалардың қатысуымен «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» мақсатында мерекелік сауықтыру іс-шарасын өткізгелі отырмыз. Балаларды салауатты өмір салтына баулу арқылы денсаулығын сақтау, нығайту, дене шынықтырудың рөлін көтеру. Егеменді еліміздің ертеңгі денсаулығы мықты азаматтар мен азаматшаларды тәрбиелеу біздің міндетіміз.
Құрметті әріптестер және кішкентай көрермендер бүгінгі«Спорт-жан серігің» атты спорттық сайысына қош келдіңіздер!
Көңілді жарысқа «Көбелек» ересек тобының балалары қатысады.
Әр таңды бақытпенен аттырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
топ бүлдіршіндерін шақырамыз.
(әр топ өз орындарына келіп тұрады)
І.Ұйымдастыру кезеңі
Кел балалар кел енді
Кел шынықтыр денеңді
Айта көрме әйтпесе
Батыр болам дегенді.
ІІ.Негізгі бөлім
Сайыстың бағдарламасы 6 кезеңнен тұрады
1. «Пингвин»
2. «Кім шапшаң» /обручпен/
3. «Жүйрік паравоз» жарысы
4.«Пирамида құра»жарысы
5«Жемістерді жина»
6.«Кім күшті» /шарды жару/
Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар!
Сайысымызды бастаймыз.
«Ай» тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны: :
Денсаулықты сақтаймыз,
Жаттығудан ешқашан да қашпаймыз.
«Күн»тобын ортаға шақырамыз
Топтың ұраны:
Спортпен достасамыз,
жалқаулықпен қоштасамыз.
І кезең: «Пингвин»
Шарты: Допты аяқ арасына қысып алып, жерге құлатпай пингвиндер жүрісімен жүріп, мәреге жетуі тиіс, қай топ бірінші келсе сол топ жеңімпаз.
ІІ кезең: «Кім шапшаң»
Шарты: Топ басшысы обручпен бір-бірден балаларды мәреге апарады.
IІІ кезең: « Жүйрік паравоз» жарысы
Шарты: бірінше бала паравоз, қалған балалар вагондары болады. Бірінші паравоз бала белгіленген жерден өзі айналып келіп, екінші баланы ерітіп айналып келіп, үшінші баланы ерітеді, жарыс осылай жалғаса береді. Жарыс соңында қай топтың паравозы вагондарын жинап мәреге бірінші жетсе сол топ жеңеді.
ІV кезең: «Пирамида құра» жарысы
Шарты: Сендердің жандарыңда пирамида шеңберлер жатыр, сол шеңберлерді алдарыңда тұрған таяқшаға рет-ретімен орнатамыз. Қай топ бірінші жинап болса сол топ жеңіске жетеді.
V кезең: «Жемістерді жина»
Шарты: Балалар орындықтарға отырып, жемістерді басынан асырып бір-біріне беру арқылы себетке жемістерді жинайды.
VI кезең: «Кім күшті»
Шарты: Әр топтар жерде үріліп жатқан шарларды, үстеріне отырып жаруы тиіс қалдығын жинап себетке салуы керек қай топ көп шар қалдығын жинаса сол топ жеңімпаз.
Флешмоб. Екі топ бірігіп флешмоб билейді.
Қорытынды бөлім:
Жарыс заңы ежелден-
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол-
Еңбектену,жалықпау
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады
Жеңілгендер ренжімей
тараса бізге жарады
демекші бүгінгі эстафеталық жарысымыз осымен аяқталды. Бүгінгі жарысқа қатысқан бүлдіршіндерге алғысымызды білдіреміз! Алдағы күндері үлкен биіктерден көріне беріңдер! Бүгінгі жеңістерің құтты болсын!