Құрметті ата-аналар, бүгінгі мерекеге шақырылған қонақтар! Бүгінгі ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған.
Жас ұрпақты ата-баба дәстүрімен тәрбиелеу. Әже тәрбиесін үлгі ету. Әжелер айтқаны асыл екенін, әрі олардың өнегесін күнделікті өмірде пайдалану. Әжелер өнегесінің ерекшелігін ашу. Баланы кішіпейілділікке, қарт адамдарды құрметтеуге үйрету бүгінгі біздің бағдарламамыздың басты мақсаты
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Құрметті ата-аналар, бүгінгі мерекеге шақырылған қонақтар! Бүгінгі ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған.
Жас ұрпақты ата-баба дәстүрімен тәрбиелеу. Әже тәрбиесін үлгі ету. Әжелер айтқаны асыл екенін, әрі олардың өнегесін күнделікті өмірде пайдалану. Әжелер өнегесінің ерекшелігін ашу. Баланы кішіпейілділікке, қарт адамдарды құрметтеуге үйрету бүгінгі біздің бағдарламамыздың басты мақсаты.
Құрметті әжелер, бағдарламамызға қош келдіңіздер.
Видио
Бағдарламамыздың бірінші айдары «Біздің үй....» деп аталады.
Өзіңіздің отбасыңыздың руын, шежіресін. Отбасыңызда қандай салт дәстүрлерді дәріптейсіз соны айта отырсаңыз.
1
2
3
Рахмет. Жалпы қазақ тәрбиесінде жеті атасын біліп, өз халқының ата салт дәстүрін сақтауға баланы бесіктен тәрбиелеген. Сол тәрбиеде алдымен осындай ардақты әжелеріміздің рөлі басым. Сіздерге барша бүлдіршіндер атынан рахметіміз шексіз.
Сонымен қатар асыл әжелеріміз бала тәрбиесімен қатар келін тәрбиесіне де көп көңіл бөлген. Келінге ас пісіру, дастархан жаю, қонақ күту сияқты жан жақты тәлім тәрбие берип отырған.
Бүгінгі жас ұрпаққа осы бір тәлім тәрбиеңізден бөліссіп отырсаңыздар.
Видио
Бағдарламамыздың келесі айдары: «Ас болсын!!!» деп аталады.
Алдымен бірінші қонағымыз Жансылу әжеге мынандай сұрақ қойғым келеді.
«Жент» деген қандай ас,қалай жасалы.
«Балқаймақты »қайнатудың қандай құпиясы бар,
«Бидай қуыру» нег жоғалып барады?
«Астан үлкен емессің», «Ас адамның арқауы» деген мақал- мәтелдер тегінен айтылмаған. Қай заманда, қалай айтылғанына қарамастан, халық асты құрметтеудің жолын, оны әзірлеудің көзін, ретін таба білген. Ел мен елді татуластыруды, жақсылар мен жайсандарды құрметтеуді, өздерінің мырзалық, мәрттік үлгілі, өнегелі қасиеттері мен артықшылықтарын, ел дәулетін қазақ кең дастарқаны арқылы яғни ас, қонақасы арқылы көрсеткен.
Әжелердің видиосы Кезекті бейне баянға берейік.
Экраннан ажелеріміздің келіндерімен бірлесіп пісірілген тағам түрлерін көрсетіледі.
Ажелерімізге көп көп рахмет.
Қарттық деген қасиетті ұғым бар, Мен өзіңнің пейіліңмен жалындар. Балалардың болашағын аңсаған. Бойларыңда бір керемет жылу бар.
Рахмет әжелер. Келесі бағдарламамыздың айдары «Қонақ кәде» деп аталады.
Әжелердің ұстамдылығы, төзімділігі, сабырлылығы, еңбекқорлығы, қиыншылық атаулыға қажырлылықпен қараулары үнемі бізге үлгі болуға тиіс. Бүгінгі мерекеге қонақ кәде ретінде өздеріңізге қолқа салғымыз келеді.
Қайырымды қасиетті Ең ардақты ақ әжем Әрбір сөзі өсиетті Баға жетпес, бал әжем Аман – есен жүріңізші Бар тілегім сол әжем .
Әже ол біздің ардақтымыз, әже ол біздің алтын қазынамыз, бар байлығымыз. Ата анамызды қадірлеп. Құрметтей білейік.
Меркеге арналған бүлдіршіндеріміздің ән шашуын қабыл алыңыздар.
Осымен біздің бүгінгі бағдарламамызаяқталды. Қонағымыз болғанға сіздерге мың алғыс. Ажелерімізге рахметін айту үшін ортаға Жаңылсын Балтабайқызын шақырамыз.