kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Разработка на новый год

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Күлбикештің бастан кешкендері". Жаңа жылдық мереке ересек топтар үшін. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Разработка на новый год»

«Күлбикештің бастан кешкендері»

Қатысушылар : Күлбикеш, Аяз ата, Өгей шеше, Виталина, Люсинда.

Жүргізуші: Ерте ерте ертеде әкесі мен қызы өмір сүріпті. Кішкентай қыздың анасы болмағандықтан, әкесі мінезі қатал басқа әйелге үйленеді. Ол әйелдің өзінен аумаған екі қызы болыпты. Өгей шеше өз қыздарын ерекше жақсы көріп, еркелетіп ал өгей қызын жек көріп таңнан кешке дейін жұмысқа салып қойыпты.Әбден шаршаған қыз жұмыстан кейін күлдің үстіне отыра кетеді екен.Сол үшін де оны басқа қыздар мазақтап Золушка Күлбикеш деп атап кетіпті.

(Музыка әуенімен сахнаға жамауы бар жыртық көйлек киген Золушка шығады. Онымен бірге әдемі киінген қыздарын еріткен өгей шеше де шығады)

Өгей шеше: Күлбикеш біз бүгін сарайға жаңа жылдық кешке барамыз. Ал сен айтқан тапсырманың бәрін орындадың ба ?

Күлбикеш : Иә, шешей

Виталина : Ал сен бізге көйлек тіктің бе?

Золушка: Иә ,әпке

Люсинда: Ал менің басыма шляпа таңдадың ба?

Күлбикеш : Иә, әпке ( шляпаны береді.)

Люсинда: Мен мұны кимеймін

Виталинда: Онда маған бер

Люсинда: Жоқ бермеймін

Өгей шеше : Таласпаңдар менің сүйікті қыздарым.

Күлбикеш: Менде сендермен бірге барайыншы?

Өгей шеше: Бізбен бірге бару үшін, алдымен үйдің ішін жинап тәртіпке келтір, бес қап бұршақ тазала, бес қап жарма тазала және пешті тазалап қой. Ұқтың ба?

(Күлбикеш жылайды.)

Өгей шеше: Кане менің қыздарым кеттік.

Екінші көрініс.

Жүргізуші: Сөйтіп, Күлбикеш үйде қалып, бұрышта отырып жылай береді. Оның да балмаскарадқа барғысы келеді. Бірақ мұндай жыртық, күлге былғанған көйлекпен қалай барсын?

(Музыка әуенімен Ақшақар кіреді)

Ақшақар: Қымбатты Күлбикеш, сен жаңа жылдық мерекеге барғың келіп тұр ма? Сен ол мерекеге барасың, ол үшін мен сенің сиқырлы көмекшің боламын.

Күлбикеш : Мен ол жерге қалай барамын ?Киетін жақсы көйлегім де жоқ.

Ақшақар: Ал мен сенің мына жаман киімдеріңді тамаша көйлекке айналдырамын және аяғыңа әдемі туфли беремін. Сенің ол жаққа апаратын тамаша күймедегі аттарың және ат айдаушың болады. Бірақ сағат он екіні соққанда сенің әдемі күймең асқабаққа, аттарың тышқандарға, ат айдаушыларың көртышқанға айналады, ал сенің тамаша көйлегің қайтадан лас жаман көйлекке айналады. Сол үшін сен сағат он екіден қалмай оралуың керек.

Күлбикеш: Рахмет менің қайырымды Ақшақарым ! Саған, он екіден қалмай келуге уәде беремін.

(Саханадан шығыды, жай әуен қосылып тұрады.)

Үшінші көрініс.

Жаңа жылдық мереке өтіп жатыр. Бәрі билеп жүр. Күлбикеш кіреді. Музыка аяқталады.

Ханзада өгей шеше мен қыздарына қарап: Мына әдемі қыз кім?

Өгей шеше : Оның кім екенін білмейміз?

Ханзада : Бейтаныс сұлу, биге шақыруға бола ма ?

(Ханзада мен Күлбикеш билейді)

Би (Вальс)

(Музыка аяқталып, Ханзада Күлбикешті орнына шығарып салады.)

Ақшақар : Біздің Аяз ата кешігіп жатыр ғой. Әлде жолдан адасып кетті ме екен? Енді қайтеміз ? Канекей бәріміз бірігіп Аяз атаға арнап ағылшын тілінде ән айтайық.

(Ағылшын әні орындалады)

Слайдтан Аяз атаның келе жатқаны көрсетіледі.

Музыка әуенімен Аяз ата кіреді.

Аяз ата:

Аяз ата : Ханымдар мен Ханшайымдар мына шыршамыз неге көңілсіз ?

Қанекей шырша оттарын жағайық.

Балалар: Қуант шырша, таңырқат

Шамдарыңды жарқырат!

(Шырша жанып балалар тамашалайды)

«Мы узнали маленький секрет» әнін айтады.

Жүргізуші: Аяз ата Ақшақар біздің балалар сіздерді сағынып тосты, сіздерге арналған тамаша тақпақтары бар, тыңдайсыздар ма?

Аяз ата: Иә,иә тыңдайық.(Балалардың тақпақтары айтылады.)

Жүргізуші: Аяз ата біздің уақыт сағат он екіге де жақындап қалыпты. Енді сағаттар биін тамашалаңыздар.

Би « Сағаттар»

Ханзада : Сұлу қыз есіміңізді айтыңызшы?

Күлбикеш: Ханзада, менің атым..... (сағат он екіні соғады)

Жүргізуші:

Күлбикеш жүгіріп бара жатып туфлиін жоғалтып алады.Ханзада туфлиді жерден көтеріп алады.

Төртінші көрініс

Жүргізуші: Сонымен Ханзада Күлбикешті ұмыта алмай көп іздейді. Ханзада сұлу қыздың атын білмегендіктен, тауып алған туфлиды балдағы барлық қыздарға кигізіп өлшеп шығады. Бірақ туфли балдағы ешбір қыздың аяғына дәл келмейді. Ал оған Аяз ата көмектеседі. Сол кезде Аяз ата ханшайым Күлбикешті алып шығады.

(Аяз ата Күлбикешті Ханзадаға ертіп келеді.)

Ханзада:Қуаныштымын,қуаныштымын.Рахмет.

(Күлбикеш орындыққа отырады Ханзада аяғына туфлиді кигізеді.Күлбикеш туфлидің екінші сыңарын алып киеді, ал өгей шеше мен қыздары Күлбикештен кешірім сұрайды,аяғына жығылады.)

Жүргізуші: Аяз ата біздің сізге арналған өлеңіміз бар.

Аяз ата : Кәнекей онда мен сендердің тамаша өлеңдеріңді тыңдайын.

Барлығы бірге «Аяз ата» әнін орындайды.

Аяз ата: Бәрекелді әндерің маған ұнады. Ал менің де балаларға әкелген сыйлықтарым бар,сыйлықтарды қайда қойдым екен есіме түсірейін.

(Музыка әуенімен залға Әтеш сыйлықты алып келеді)

Әтеш: Сәлеметсіңдер ме, менің кішкентай бүлдіршіндерім! Мен жаңа жыл әтешімін, енді сендермен 1 жыл бойы дос боламыз, сендерді қорғап- қорғаштап жүремін. Балалар, жаңа жылдарыңмен! Аяз ата сіз балаларға арналған сыйлықтарыңызды ұмытып кетіпсіз ,мен жолдан тауып алдым. Міне, сыйлықтарыңыз.

Аяз ата: Рахмет саған Әтеш. Балалар келе жатқан жаңа жыл Тауық жылымен құттықтаймын.

(Балаларға сыйлықтарын таратып береді.)

Аяз ата : Жарайсыңдар балаларым! Мені бүгін бір қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, өнерлі екенсіңдер. Киген киімдерің қандай әдемі! Солай емес па қызым? Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерлерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!

(Аяз ата, ақшақар, әтеш қоштасып шығып кетеді)


Жүргізуші: Жаңа жылдық құттықтау сөзді балабақша директоры

Айгүл Қадылбекқызына береміз.

Жүргізуші: Міне біздің ертегіміз аяқталды.Барлықтарыңызға жаңа жылдық көңіл -күй, отбасылық бақыт тілейміз.































Әдіскер/ Методист _______________________

қолы/подпись

«Қарлығаш» ересектер тобы үшін

ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.

Технологическая карта организованной учебной деятельности

в старшей группе «Қарлығаш».

Өткізілетін күні, айы, жылы/ Число, месяц, год проведения:«15» қараша 2016.ж

Тәрбиеші/Воспитатель: Тилебалдинова Д.Ж

Білім беру саласы/ Образовательная область: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі/ Сөйлеуді дамыту

Раздел организованной учебной деятельности:

Тақырыбы/ Тема: Мамандықтың бәрі жақсы

Білімділік міндеті/ Образовательная задача: Балалардың әртүрлі мамандықтар туралы білімдерін толықтыру.

Дамытушылық міндеті/Развивающая задача: Сұрақтарға толық жауап беру арқылы зейіндерін дамыту.

Тәрбиелік міндеті/ Воспитательная задача: Үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар/ используемый материал: Түрлі мамандық иелері туралы суреттер, үнтаспа

Қостілділік компоненті/ Билингвальный компонент:

Тілдің үштұғырлығы/ Полилингвальный компонент: Мамандық- профессия-profession

шаштараз- парикмахер-the hairdresser

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Этапы деятельности

Педагогтың іс-әрекеті

Деятельность воспитателя


Баланың іс-әрекеті

Деятельность детей



Мотивациялық-қозғаушылық/

Мотивационно-побудительный




Біз балдырған баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Үлкендерге әрдайым,

Сәлем берер баламыз.



Балалар өлең жолдарын қимылмен қайталайды.




Ұйымдастыру-іздестіру/

Организационно-поисковый


Балалар сендерге балабақшада білім алған, саяхатқа шыққан ұнай ма?Бүгін бізді керемет саяхат күтіп тұр.



Елдос пен Аяжан әні қосылады.

Бүгінгі біздің саяхатымыздың жол серіктері Аяжан мен Елдос.

Аяжан мен Елдос амандасады.


Балалар біз қай қалада тұрамыз?



Дұрыс айтасыңдар, ал Өскемен қаласына жақын қандай қалаларды білесіңдер?


Өте жақсы. Ал енді балалар бүгінгі біздің пойызымыз бізді Семей қаласындағы керемет аспазшыға апарады. Олай болса, сапарымызға шығайық.


Балалар, біз бару үшін шашымызды сәндеп алайық, ол үшін бізге қай маман иесі қажет?


Ал шаштаразды орысша қалай атаймыз?


1. Шаштараз аялдамасы.

Тапсырма: суреттердің ішінен шаштаразды тауып тап.



2. Тігінші аялдамасы.

Балалар, шашымызды жөндедік, енді әдемі киінуіміз қажет, ал әдемі киімді кім тігіп береді?

Тапсырма: Қыз бала және ұл бала киімдерін ажыратып көрсет.




3. Дәрігер аялдамасы.


Балалар біздің келесі аялдамамыз дәрігер аялдамасы. Ол бізге сергіп, бойымызды жазып шынығып жүруімізге нұсқау беріп отыр.


Сергіту сәті.


Мынау менің жүрегім, бәрі осыдан басталған,

Мынау басым ақылды, бәрін осы ақтарған.

Бала болсам ақылды, дана болсам нақылды,

Қала салсам шың тастан, білім алам мен жастан.

Тігін тіксем ерінбей,емдеймін бәрін күлімдей,

Мынау менің оң қолым, мынау менің сол қолым,

Бәрі осыдан басталған!

Болашақ маман иесі, біз боламыз ертеңгі,

Кім болсақта күлейік, аман- сау болып жүрейік!


Жақсы балалар, бойымызды сергітіп алсақ, ойын ойнайық.

4. Түзету ойын. «Дұрыс па, бұрыс па?» ойыны.


Мен қазір сендерге маман иелерінің қызметтерін шатастырып айтуым мүмкін, ал сендер дұрыс, дұрыс емес екендігін айтасыңдар.


Аспазшы үй салып жүр.





Жүргізуші машина жүргізеді.



Тігінші сабақ оқытып отыр.




Сапарымызды ары қарай жалғастырайық.


5. Құрылысшылар аялдамасы.

Жұптық жұмыс.

Балаларға маман иелерінің қима суреттері таратылады. Суретті құрастырады.


6 Аспазшы аялдамасы.


Жақсы балалар, біз аспазшымызға да жеттік. Аспазшы бізге дәмді

тағамдардан ас әзірлеп қойыпты.

Асапзшының да тапсырмасы бар екен.

Өздерің ұнататын тағамдарыңды атаңдар.



Ұнайды








Балалар амандасады.


Өскемен қаласында.



Семей, Риддер, Зайсан












Шаштараз



Парикмахер





Бір бала тақтаға шығып көрсетеді.



Тігінші




Балалар кезекпен тақтаға шығып ажыратып көрсетеді.










Қимыл- қозғалыспен қайталайды.



























Дұрыс емес, үйді құрылысшы салады. Аспазшы тамақ пісіреді.


Дұрыс. Жүргізуші машина жүргізеді.


Дұрыс емес. Тігінші тігін тігеді. Сабақты мұғалім оқытады.




Жұптасып құрастырады.











Балалар өздеріне ұнайтын тағамдарын атайды.

Рефлексивті-түзетушілік/

Рефлексивно-корригирующий

Қортындылау.

Балалар ,біз бүгін қай қалаға сапарға бардық?


Бізге кімдер жол серік болды?

Жол жөнекей кімдердің тапсырмасын орындадық?


Дұрыс айтасыңдар, ал осы шаштараз, дәрігер, құрылысшы, тігінші,аспазшы бір сөзбен айтқанда нелер?

Бірін-бірі бағалау.

Педагог тапсырманы орындағаны үшін балаларға мадақтау айтады.


Семей қаласына.



Аяжан мен Елдос.


Шаштараз, дәрігер, құрылысшы, тігіншінің.


Мамандықтар



Балалар бірін -бірі бағалайды.


Күтілетін нәтиже/ ожидаемый результат:

нені білу керек / знать: мамандықтардың атауларын;

нені игереді/ иметь: мамандық иелерінің атқаратын қызметін;

нені біледі/ уметь: қималарды құрастыруды, сұрақтарға жауап беруді;




















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Разработка на новый год

Автор: Тилебалдинова Динара Женисхановна

Дата: 20.12.2020

Номер свидетельства: 567897

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(100) "Методическая разработка "Новый год - весёлый праздник"."
    ["seo_title"] => string(57) "mietodichieskaia-razrabotka-novyi-ghod-viesiolyi-prazdnik"
    ["file_id"] => string(6) "251340"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1447234551"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(207) "Методическая разработка занятия «Встреча старого нового года!»»                               ( нетрдиционная форма обучения)"
    ["seo_title"] => string(96) "mietodichieskaiarazrabotkazaniatiiavstriechastaroghonovoghoghodanietrditsionnaiaformaobuchieniia"
    ["file_id"] => string(6) "280757"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1453408919"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(207) "Методическая разработка занятия «Встреча старого нового года!»»                               ( нетрдиционная форма обучения)"
    ["seo_title"] => string(97) "mietodichieskaiarazrabotkazaniatiiavstriechastaroghonovoghoghodanietrditsionnaiaformaobuchieniia1"
    ["file_id"] => string(6) "280758"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1453408925"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(128) "Творческий проект «Новый год у ворот» для детей первой младшей группы"
    ["seo_title"] => string(68) "tvorchieskiiproiektnovyighoduvorotdliadietieipiervoimladshieighruppy"
    ["file_id"] => string(6) "285738"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1454241499"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "Творческая мастерская "С новым годом". "
    ["seo_title"] => string(41) "tvorchieskaia-mastierskaia-s-novym-ghodom"
    ["file_id"] => string(6) "117529"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1412827954"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства