Аяулы да қымбатты аналар мен аруларымыздың мерекесі 8 наурызда жоғары сынып оқушыларының мектеп оқушылары мен ұстаздарына арналған «Сыйынар ем ана деген тәңірге» атты кештің сценариін ұсынамыз: Мерекелік кештің басты мақсаты: Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Оқушылардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету. Кештің көрнекілігі: Елбасы жолдауы, Жолдаудан үзінді жазылған қағаздар, ұлағатты сөздер, суреттер, шар, шақыру билеті, үнтаспа, гүл т.б. Кештің барысы: Қонақтарды кешке шақыру, оларды қарсы алу, тілек білдіру, өнер көрсету, құттықтау сөздер, қорытынды сөз, жалпы қорытынды жасау. Асылбек Еңсеповтың «Детство» күйі қосылып тұрады. Сахнаның сыртынан Мұқағали Мақатаевтың «Ана» атты өлеңі оқылады Ана Сен бақыттысың, Жыламағын! Жай түсіп жатқанда да құламадың Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның Сондықтан жыламағын, жыламағын! Бармын ғой Тірімін ғой, Қасыңдамын. Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын. Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын, Байырғы берекеңді қашырмағын. Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа Өзім кепіл тот басып, тозбасыма. Екі жыр жазсам саған бірін арнап «Ана» деп жаздым ылғи сөз басына. Тәңірім кеше көрсін кесірімді Аспанға жазсам сенің есіміңді! Ана, Сен бақыттысың, тербете бер Құба талдан иілген бесігімді… (Өлең аяқталып болған соң, бірден көңілді әуен қосылып оқушылар сахнаға шығып, ай секілді дөңгеленіп тұрады да орталарына екі жүргізуші келіп тұрады). 1-жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Рахмет саған- Аншамы!»
Тақырыбы: «Рахмет саған-Анашым!» ертеңгілігі
Мақсаты: Балаларға халықаралық әйелдер мерекесі туралы түсінік беру. Мерекеге деген қызығушылығын арттыру, тақпақ, әндер үйрету. Шығармашылық, әртістік қабілетін дамыту. Сахнаға бейімдеу. Аналарды құрметтеуге, сыйлауға, қамқор болуға тәрбиелеу.
Жүргізуші:
-Құтты болсын аналардың мейрамы!
Жарқыраңдар, жаз күніндей жайдары!
Мерекесі бұл көктемнің алғашқы,
Бақыт берсін әр көктемнің айлары!
Құрметті аналар, ардақты әжелер, аяулы қыздар – шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі –
8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімейрамымен шын жүректен құттықтаймыз. Көктемнің бар гүлі, көңілдің сазды үні тек сіздерге арналады. Отбасыларыңызға амандық, зор денсаулық, еңбектеріңізге жеміс тілейміз. «Рахмет саған-Анашым!» ертеңгілігін өткізгелі отырмыз. Олай болса, балаларымызды шақырайық.
/Балалар залға кіреді./
Жүргізуші: Ұл балалардың тақпақтарын тыңдайық.
Тақпақ:
1-бала:Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын ашайық.
2-бала:Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті аналар!
3-бала:Достықты біз ойлаймыз,
Бірге күліп ойнаймыз.
Қыздарды құттықтап,
Мерекесін тойлаймыз.
4-бала:Жанымызды жайнатқан,
Сіздерсіз ғой аналар. Зор денсаулық, мол бақыт, Тілейміз біз балалар.
5-бала:Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күн мен.
Құттықтаймын анашым,
Сегізінші наурызбен.
/Мыстан кемпір әндетіп залға кіреді/:Жаман қабын алып келіп, ортаға отырады. Ішінен киімдерін, шоқпыт-шоқпыт заттарын шығарып, «Мерекеге не кисем екен» - деп бір моншақ тауып тағып алады. «Қане, менің айнам қайда осы» - деп табаның астын сүртіп-сүртіп қарайды да түрінен шошып кетеді.«Маған қайдан сыйлық берсін, қартайып кетіппін, шашым мынау, аузымда тіс жоқ, мен бүгінгі мерекеге бармаймын» - деп ашуланады.
Мыстан әже: -Бүгін менің достарым мені кешке мерекеге шақырған, ал мен дайын емеспін, көңіл-күйім түсіп кетті, қалай барамын енді?
Жүргізуші: -Мыстан әже, біз сізге мерекелік көңіл-күй сыйлаймыз.Бүгінгі мерекеге арнап, балалар өнер көрсетеді. Сіз де бізге көмектесіңіз, мереке көңілді өту үшін аздап сиқырыңызды пайдалансаңыз болады.
Мыстан: /Сыбырлап бірдеңелерді айтады/
Алдаркөсе келеді:
-Мен Алдармын, Алдармын,
Сақалымды талдармын.
Сақал түгіл мұрт та жоқ,
Мендей қулық жұртта жоқ.
А-а-ай, е-е-ей...
Мыстанды көріп, шошып кетеді.
Алдар: - Ой, Мыстан, қандай әдемі болып кеткенсіз.
Мыстан: - Ей Алдар, сен кімді алдағың келіп тұр? Өзің әдемі болып киініп алыпсың.
Алдар: - Мен «Алдаро Бренд» деген киім дүкенін аштым. Жоқ, Мыстан, шынымен де әдемі болып кетіпсіз. /Балаларға қарап, көзін қысады/ .Мыстан әже мерекеңізбен!
- Құрметті аналар, апалар, әжелер мерекелерің құтты болсын! Біздің жігіттер қайда?
Ой, бәрекелді келіңдер билейік!
Би: «Қазақ жігіттері»
Жүргізуші: - Қандай бала болмайық,
Анамызға балдаймыз.
Көтерейікші көңілін,
Ән салайық бәріміз.
Ән: Хор «Топ-топ балақан»
1.Біздер үйдің күніміз,
Біздер үйдің гүліміз.
Ата-анаға қуаныш,
Біздің тәтті үніміз.
Қайырмасы:
Топ-топ балақан,
Шапалақта алақан.
Мәпелеген анамыз,
Әке – біздің панамыз.
Кәмпит берсе біздерге,
Риза болып қаламыз.
2.Аман болсын анамыз,
Аман болсын панамыз,
Аман болса екеуі,
Жұлдыз болып жанамыз.
Қайырмасы:
Топ-топ балақан,
Шапалақта алақан.
Мәпелеген анамыз,
Әке – біздің панамыз.
Кәмпит берсе біздерге,
Риза болып қаламыз.
Жүргізуші: - Енді балаларымыздың тақпағын тыңдайық.
Жүргізуші:- Мыстан әже, сіз басыңызға әдемі бантик тағып алыпсыз.
Мыстан:- Иә, мен кішкентай кезімде анам үйде болмаған кезде, бантигімді әкем байлап беретін, ал қазіргі кезде әкелер бант байлауды біле ме?
Жүргізуші: -Онда оны тексеріп көрейік.
Мыстан: -Жарайды, ендеше менде бір қызықты ойын бар. Оған мен қыздарымыздың әкелерін шақырғым келіп тұр.
Ойын: «Бантик байлау»
Шарты:Жіптің бойына ілінген бантиктерді әкелер байлап жарысады. Ортаға кім бірінші болып жетсе, сол жеңімпаз.
Мыстан:/Айнаға қарап отырып/
-Көйлегім бар, туфлиім бар, енді маған әдемі болу үшін, косметика керек. /Сыбырлап сиқырлы сөздерін айтады/
/Көктем келеді/
Көктем:Мен көктеммін құлпырған,
Жаңа атқан таңдаймын.
Қарды ерітіп жылғадан,
Су ағызған әрдайым.
Бүршік жарар ағаштар,
Құстар әнін салады,
Еріген қар астынан
Гүлдер бүршік жарады
Би: «Көктемгі гүлдер» /Қыздар көктеммен бірге билейді/
Мыстан:- Ой, өзің қандай әдемісің. Мен де сен сияқты әдемі болғым келеді.
Көктем: - Әже, мен сізге әдемі болуға көмектесе аламын. Менің сізге керемет сыйлығым бар: Мынау әдемі хош иісті гүлдерден жасалған әтір, осының ішінде сіздің әдемі болуыңызға керек нәрселердің бәрі бар. /бояуларды береді/