Просмотр содержимого документа
««Наурыз той- думан» атты ертеңгілік»
Музыка ойналып,ортаға Алдар көсе әндетіп,Шығайбай мен бәйбішесі шығады.
Қойылым «Татаулық»
Алдар көсе:Мен Алдармын-Алдармын
Айтар сөзге шешенмін!
Алдап сараң байлардың
Айықтырғам «кеселін»
А-а-ааааааааааа
Оооооооооооо
Шығайбай:Әй,бәйбіше,бол енді Наурыз тойынан кешігетін болдық,болсаңшы тез
Бәйбіше: Кәзір ,кәзір байеке!Мына бір ыстық күлшені Наурыз тойына арнап пісіріп едім.Ойбай, мынау әлгі Алдар ғой! Енді қайттік?!Күлшені қайда жасырдым?
Шығайбай:(қойнын көрсетіп)бәйбіше мұнда жасыр мұнда (кемпірі ыстық күлшені Шығайбайдың қойнына жасырады)
Алдар:Ассалаумағалейкум,Шығайбай!Наурызың құтты болсын!Ұлыстың ұлы күні ойдағы қырдағы ағайындар құшақтасып табысады емеспе!Кел,бай-еке бізде құшақтасып көріселік.
Шығайбай: Ойбай, күйдім!Күйіп барам жібер,жібере ғөр,Алдар(Алдар одан сайын құшақтап қыса түседі)Сен-ақ алшы осыны(нанды береді)
Безендірілген залға, ұлттық киім киген балалар музыка әуені мен кіреді.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар,біздің бүлдіршіндердің наурызға арналған мерекеге қош келдіңіздер!
Ұлыстың ұлы күні-наурыз мерекесі құтты болсын! Ақ мол болсын,халық тоқ болсын!деген ізгі тілекпен «Қарлығаш» тобының
«Наурыз той- думан» атты ертеңгілігімізді бастайық.
Жүргіуші:
Кәне,балалар жайғасып отырайық. Балалар,казір жылдың қай мезгілі? Көктем мезгілі
Жарайсыңдар!
Тақпақтар
Айсұлу:
Наурыз келді алақай,
Кел билейік балақай,
Бізде қарап тұрмайық
Тойға шашу шашайық!
Айару:
Наурыз келді еліме
Наурыз келді жеріме
Байлық,бақыт тілеймін
Барлық қазақ еліне!
Тамерлан:
Наурыз тойы- тамаша
Наурыз тойы –жаңаша
Табиғат та тамаша
Тамылжып тұр жараса.
Жансая:
Жылдың басы –наурыз
Жырдің басы –наурыз
Мерекеге арналсын
Бүгінгі жыр әніміз!
Жарқын:
Наурыз бұл -мереке
Құтты болсын-береке
Қыдыр ата келсін
Бізге бата берсін!
Ән «Наурыз тойы»
Жүргізуші:: Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады. Ендеше, ақ кимешекті ақ әжеміз келе жатыр. Қош келдіңіз! (музыка) ӘЖЕ: - Амансыздар ма, құрметті қонақтар, балалар, көктемнің тамаша мерекесі, Ұлыстың ұлы күні, Наурыз құтты болсын, әр шаңыраққа береке, бірлік, мәртебе әкелсін. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Қайда барса жол болсын!
Жүргізуші: Қош келдіңіз әже төрлетіңіз!
Әже : Барлықтарыныз жайналып қалыпсыздар Алдар көсе, Шығайбайда осында екен.
Жүргізуші: Әже сізге арнаған қыздардың биі бар соны тамашалайқшы.
Би «Дастарқан»
Әже: Мен сіздерге алып келген бір ойыным бар еді.
Ойын «Мерген»
Ән «Көктем келді»
ӘЖЕ: Ой, рақмет, балалар! Өркендерің өссін, көп жасаңдар.
Би «Флешмоб»
ӘЖЕ: Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Қайда барса жол болсын!рақмет ! Сау болыңдар! Наурыз құтты болсын! (шығып кетеді)
Жүргізуші: Бөбектеріміздің жақсы тілегімен ертеңгілігімізді аяқтаймыз.Назар аударып тыңдағандарыңызға рақмет.