Наурыз мерекесіне арналған "Наурыз келді алақай жер көгерді балақай"
Наурыз мерекесіне арналған "Наурыз келді алақай жер көгерді балақай"
Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді. Ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Ұлы мереке сіздерге бақыт, қуаныш, сыйласын!
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Наурыз мерекесіне арналған "Наурыз келді алақай жер көгерді балақай"»
Наурыз келді алақай,
Жер көгереді балақай!
Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа жыл келді. Ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Ұлы мереке сіздерге бақыт, қуаныш, сыйласын! Тәрбиеші: Армысыздар құрметті қонақтар. Ұлыс күндеріңіз құтты болсын! Келе жатыр жылымыз, Мейрамдаймыз мұны біз. Халқы сүйген мейрамды Қарсы алайық Наурызды! (Наурыз қыз музыкамен ортаға келеді) Наурыз қыз: Мен наурыз қызбын Қыздарымда қасымда Ұлыс күнге жетті міне асыға Келген жылым жақсылыққа басташы Қуанышпен әр үйдің Босағасын атташы Айша Сәнді көктем - Наурыз! Наурыз тойы - жырымыз. Көңіл гүлдей жайнасын. Құлпырсын күн мен ай. Құтты болсын Наурыз!
Қош келіпсің Наурыз! Сабира Арман тойы халықтың. Қуанышы халықтың, Құтты болсын қадамың! Би биледік бәріміз! Нұрсезім Егін өңін толқытқан, Елдің көңілін шалқытқан. Бас иеміз - Наурыз! Сені тойлап қарсы алып, Камила Бар әлемге жар салып, Сәлем бердік, біз сізге! Тәрбиеші: Рақмет, Төрлетіңдер, дастархан басына жайғасыңдар. Наурыз жыл басы, наурыз қуаныш мерекесі. Тәрбиеші: Наурыз - бақыт пен шаттық мерекесі. Наурыз – көктем мерекесі. Ендеше «Көктем» туралы ән шырқайық
ӘН: «Көктем келді»
Тәрбиеші: Келесі кезекті осынау қасиетті мерекеге арналған салт дәстүрге береміз
Тәрбиеші: Ендеше ұлыстың ұлы күнін бізбен бірге қарсы ал, наурыз мейрамың құтты болсын! Алдар: Рахмет! Мен сендерге құр қол келген жоқпын. Ұлттық ойындардың бірі асық ату ойынын, ойнауға бір дорба асықтар ала келдім. Ойын: (Асық ойыны)
Тәрбиеші: Аяулы да қасиетті аналар біздің мерекелік дастарханымызға төрлетіңіздер!
Наурыз қыз: наурыз мейрамында ауылдарды аралап наурыз көже ішу керек екен. Тәрбиеші: Иә, наурыз көже ең дәмді, әрі тойымды, құнарлы тағамның бірі. Наурыз қыз: Ендеше, мен ауылдарды аралап, қыдырып қайтайын – деп шығып кетеді. Ән «Наурыз мереке» Мынау шелек, осының ішіне сал.
Үлкеннің жолын кеспе Асты үрлеме Саусағыңды аузыңа салма Тіліңді шығарма Жақты таянба Тізеңді құшақтама Табаныңды тартпа Бір қолмен нанды үзбе Есікті қатты жаппа Отқа түкірме Үйге қарай жүгірме Есікті керме Үлкеннің алдын кеспе Босағаға тұрма Бос бесікті тербетпе Бетіңді баспа Адамға қарап керілме Көк шөпті жұлма Құстардың ұясын бұзба Суға түкірме Құмырсқаның илеуін бұзба.
Тәрбиеші: Ал, құрметті халайық, бесікке салу рәсіміне кезек берейік. Бұл - бесік. Бесіктің жабдықтарын айтып өтейін. Көрпесі, жастықшасы, баулары, аяқбауы, жөргегі, түбегі, шүмегі болады. - Ал енді бесікті дайындап, бөбегімізді жатқызайық. - Бесікке баланы салмас бұрын, аластап алған дұрыс. - Шырпыны жағып, отпен аластайды. (сіріңкені көрсетеді) Алас - алас, алас, Бар пәледен алас. Барлық пәле желмен кетсін, Ағынды сумен кетсін. Алас - алас, алас. Енді тыштырма рәсімін жасайық. Тышты, тышты, тышты ма? Балалар хормен: Тышты, тышты
Конфетті уыстап алып, екі жаққа балаларға шашады Қайталап айтады: Тышты, тышты, тышты ма? Бөбегім ұйықтап дем алсын Қунап оянсын! Енді баланы бесікке салайық. Бесік жырының бір шумағын айтып жіберейік. Тәй – тәй басып бөпешім, жүргенің қандай Көз қуаныш көкешім, күлгенің балдай Аспандағы ай күнді, аламын дейсің Асқар таудай айбынды, боламын дейсің Әлди – әлди, ақ бөпем Сендей сәби жоқ көкем Анам әкем дейсің бе, тілің тәтті екен Әлди – әлди, ақ еркем Бой жетерсің сен ертең
Мақтанышы елімнің, өзің бол еркем Тәрбиеші: Кел, балалар ойнайық Ойнайық та, көңілімізді көтерейік Ойын: «Орамал тастау» Қызымызды ортаға шақырайық. Ұлдарымыз музыка әуенімен атпен шабады. Музыка тоқтағанда, қызымыз орамалды ортаға тастайды, ал ұлдар жерге түсірмей қағып алу керек. Қағып алған бала қыздың бетінен сүйеді. ұлттық ойынның бірі қол күрес
Тәрбиеші: Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады. Ендеше, ақ кимешекті ақ әжеміз наурыз көже әкеле жатыр. Қош келдіңіз! (музыка) ӘЖЕ: (Қолында тостаған, наурыз көже) - Амансыздар ма, құрметті қонақтар, балалар, көктемнің тамаша мерекесі, Ұлыстың ұлы күні, Наурыз құтты болсын, әр шаңыраққа береке, бірлік, мәртебе әкелсін. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Қайда барса жол болсын! - Балалар, менің қолымдағы не? Онда не бар деп ойлайсыңдар? - Дұрыс айтасыңдар. Бұл Наурыз көже. Наурыз мерекесін наурыз көжесіз елестету мүмкін емес. Сендерге сұрақ - Наурыз көжені неше түрлі тағам қосып дайындайды? - 7 түрлі - Қане атап беріңдерші?
- Сүр ет, сүзбе, бидай, құрт, тары, май, тұз - Дұрыс айтасыңдар. Наурыз көже ең дәмді, әрі тойымды, құнарлы тағамдардың бірі. Ерте кезде үлкен тайқазанға пісірген. Наурыз көже қаншама халықты аштықтан аман алып қалған. - Ал, қонақтар жыл бойы тоқшылық болсын, дастарханымыз кең жайылсын деген ақ тілекпен наурыз көжеден дәм татыңыздар. (ата – аналар алдына үстел қою, Наурыз көже құятын тостағандар қойып, құйып береді) ӘЖЕ: Мына наурыз мерекесіне бір әдемі кілемшені әшекейлеуді бастап едім, аяқтай алмай қойдым. Мына көзде көрмейді, кәрілікте келді. Балалар маған көмектесіп жібересіңдер ме? Келіңдер, отырыңдар – деп жерге отырады (Әже жерге отырып, кілемшені жайып, оюларын жанына қойып, қалай жасау керек екенін көрсетеді. )
Ой, рақмет, балалар! Өркендерің өссін, көп жасаңдар. Қандай тамаша кілемше болды – деп жайып көрсетеді Тәрбиеші: Қандай көмек керек болса айтыңыз, біз әрқашанда көмектесуге әзірміз. Солай ма, балалар? Сау болыңдар! Наурыз құтты болсын!