Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің маңыздылығы.
Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің маңыздылығы.
Қазіргі заманда жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру әлеуметтік құрылымның ең маңызды міндеттерінің біріне айналды.
Қоршаған ортаны қорғау туралы заң табиғат пен оның байлықтары Қазақстан Республикасы халықтарының өмірі мен қызметінің, олардың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы мен әл-қуатын арттырудың табиғи негізі болып табылады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің маңыздылығы.»
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ.
Жанжакина К.
тәрбиеші
№61 «Айгөлек» б/б КМҚК
Қарағанда қаласы
Қазіргі заманда жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру әлеуметтік құрылымның ең маңызды міндеттерінің біріне айналды.
Қоршаған ортаны қорғау туралы заң табиғат пен оның байлықтары Қазақстан Республикасы халықтарының өмірі мен қызметінің, олардың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы мен әл-қуатын арттырудың табиғи негізі болып табылады.
Осы Заң қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделері үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілейді, сонымен бірге экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және өзге де қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсерін болғызбауға, алуан түрлілікті сақтау мен табиғатты ұтымды пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған. Қоршаған орта – табиғи объектілердің, оның ішінде өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ климатты қоса алғанда, табиғи ресурстардың жанды және жансыз жиынтығы. Қоршаған ортаны қорғау – табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс-қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен толықтыруға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі.
Балалық шақ баланың жеке тұлға болып қалыптасуының алғашқы сатысы. Баланың айналамен танысу және экологиялық тәрбие дағдыларының қалыптасуы осы мектепке дейінгі жас шағында қалыптасады. Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, үлкендердің ықпалы арқылы өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын бала өз отбасынан алса, жалғасы балабақшамен байланысады, яғни бала тәрбиелене отырып білім алады. Тәрбие негізі қаншалықты сапалы болса, келешек кепілі де сондай болмақ. Оның бір бағыты ретінде экологиялық білім сапасын назардан тыс қалдыруға болмайды. Себебі, экологиялық тәрбие - ол баланың қоршаған ортасы, айналасы, болашағы деген ұғымдармен тығыз байланысты. Табиғатқа деген сыйды жоғалту адамзаттың адамгершілік құндылықтарын жоғалтуға әкеліп соқтырады. Сондықтан ел болашағы, бүгінгі жас ұрпақта жаңа экологиялық сезім қалыптастыруы керек. Бүгінгі таңда адамзатты ерекше алаңдатып отырған зор мәселелердің бірі – қоршаған ортаның, табиғаттың жай-күйі.
Табиғат тіршілік атаулының алтын ұясы, аялы бесігі, құтты қонысы мен өсіп-өнер мекені. Адам – сол табиғаттың бір бөлшегі, жер ананың перзенті. Табиғатты, Жер ананы сүйе білу, оны қорғау, аялау, табиғи байлықтарды үнемді пайдалану – әр адамның азаматтық борышы, міндеті. Табиғат адам бойына шабыт, күш қуат, сезіміне сылулық пен сағыныш ұялатады. Табиғат адамның күнкөріс көзі, оны есеп-қисапсыз төгіп-шашып, ластап, бүлдіріп пайлалануға тиіс емеспіз. Ол – келер ұрпақтың мекен тұрағы, несібесі, көзбен көріп қызықтап, көңіл тойдыратын қуанышы. Сондықтан да біздің мақсатымыз да міндетіміз де балалардың экологиялық ойлауын қалыптастыру, оларға экологиялық тәрбие беру. Экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу неғұрлым ерте басталса, соғұрлым оның болашағы зор болмақ.
Экологиялық тәрбие дегеніміз – бұл табиғаттану ілімінің және экологиялық табиғи байлықтың адаммен бірге екендігі, олардың қалыптасқан ара-қатынасының жиынтығы. Экологиялық тәрбие берудің міндеті: балаларды табиғаттың әсемдігін көріп, түсіне білуге, табиғатқа қамқор бола білуге үйрету. Өсімдіктер мен жануарларды күте білу дағдыларын қалыптастыру, қоршаған ортада алған әсерлерін жеткізе білу, эмоциялық көңіл-күйлерін басқара білу дағдыларын жетілдіру, қоршаған ортаны аялап, табиғатты қорғай білуді жүйелі түрде жүзеге асыру. Табиғат пен бала арасында байланыс орнату, адамның табиғаттағы тіршілік әрекеті және жеке гигиена жайындағы білімдерді тиімді жолдармен жеткізу.
Экологиялық білім берудің басты міндеттері:
Өсімдіктер мен жануарларды күте білу дағдыларын қалыптастыру.
Қоршаған ортада алған әсерлерін жеткізе білу, эмоциялық көңіл-күйлерін басқара білу дағдыларын жетілдіру.
Қоршаған ортаны сүю, табиғатты қорғауды жүйелі түрде жүзеге асыру.
Табиғат пен бала арасында дұрыс қарым-қатынас орнату.
Адамның табиғаттағы тіршілік әрекеті, табиғатты сақтап қалуда, олардың байлығын арттыруға адамның қатысуы жайындағы білімдерді тиімді жолдарымен жеткізу.
Тәжірбиелер арқылы жалпы адамзаттың байлығын танып, білу, таным-білім, табиғат құбылыстарын бақылау.
Табиғат пен адамның ара-қатынасын, оның табиғат өзгерістеріне тікелей қатынасын көрсету.
Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін мынадай жұмыс түрлерін орындауға болады:
оқытудың негізгі әдістері,
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетері,
тірі және өлі табиғатты бақылау,
танымдық-зерттеу жұмыстары,
экологиялық ойындар,
саяхаттар,
табиғаттағы еңбек,
көркем әдебиеттер оқу,
экологиялық тәрбиеге байланысты ата-аналармен жұмыс,
тәжірбиелер.
Табиғатты жүйелі түрде бақылау балаларды байқағыштыққа үйретеді. Мұның өзі балалардың өмірге көзқарасын өзгертіп, олардың талғамын оятады. Тәрбиешінің күнделікті іс-қимылын бала бақылай отырып, қайталайды. Бала жануарларды күтуге, табиғи ортаға жанашырлықпен қарауға үйренеді. Бала табиғатпен тілдесіп, оның сырларын ұғады. Әсіресе, экология ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде табиғаттың ғажайып құбылыстарымен таныстыруға болады, олардың мәнісін ұғындыру арқылы жастайынан жан-жақты тәрбиелеп, баланың қабылдауын, зейінін, ойын, тілін дамытуға болады. Экологиялық тәрбие беруде балаларға көркем әдебиет туындылары, нақыл сөздер, өнегелі өсиеттер, тыйым сөздер оқу маңызды роль атқарады. Сонымен бірге, әртүрлі ойындар күнделікті тұрмыс, адам өмірі мен еңбек әрекеті, табиғат және ондағы өзгерістерді тани білуге көмектеседі.
Қорыта келгенде мектеп жасына дейінгі балаларды дамытуда экологиялық ортаның алатын орны ерекше. Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беруде табиғаттың маңыздылығын жас ерекшеліктеріне қарай сатылай түсіндіру, баланың ойлау қабілетін, сөздік қорын, тілін дамыту, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда маңызды роль атқарады. Сонымен қатар, бала бойындағы әдемілік, әсемдік жөніндегі түсінігін кеңейтіп, табиғат сұлулығын танып, сезіне білу оны шығармашылық пен өмірге ендіре білу қабілеті, талғам қиялын, көзін ашқан бұлақтай дамытады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
ҚР «Қоршаған ортаны қорғау» туралы заңы
Збарская О.В. «Бала мен балабақша» №6/ 2013ж
Т.Т.Зиноллақызы «Отбасы және балабақша» №3/ 2013ж.