kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің маңыздылығы және дамыту жолдары»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Кіріспе

         Қазіргі кезеңде экологиялық проблемалардың  қоғамда көптеген өзекті де өткір мәселелерді оңтайлы шешу жеткіншектер мен жастардың экологиялық мәдениетін еселеуге, қоршаған ортаға деген құрметін, Табиғат-Анаға азаматтық сүйіспеншілігін қалыптастыруға тікелей байланысты. Осыған сәйкес қазіргі уақытта білім беру мекемелерінде балаларға экологиялық тәрбие беру - оқу-тәрбие үрдісіндегі әлеуметтік мән-маңызы зор, сондай-ақ құнды бағыттардың бірі. Сондықтан да айнала қоршаған ортаны қорғау мақсатына бағытталған күрделі іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

           Мектепке дейінгі шақта бала бойына білім мен біліктілікті, шығармашылық пен ізденімпаздықты, еңбек сүйгіштікті, танымдық қасиеттерді жинақтап дамыту барысында табиғатпен тереңірек таныстырудың ерекше орны бар. Бала өмірінің алғашқы жеті жылы – денсаулықтың, ақыл-ой, адамгершілік, еңбек және экологиялық дамудың негіздері қаланатын өте маңызды кезең.

Бүгінгі педагогикалық оқуда  мен келешекте білімді ұрпақты тәрбиелеуде қазіргі кезде маңызды мәселелердің бірі мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің маңыздылығы және балабақшаны дамыту жолдары бойынша өз тәжрибемдегі  қолданып отырған жұмыс түрлері мен  нәтижелері бойынша баяндаймын.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің маңыздылығы және дамыту жолдары»»

Мұнайлы ауданы №9 «Бәйтерек» балабақшасы

директоры М.У.Титанова



«Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің маңыздылығы және дамыту жолдары»



Белгілі педагог Ян Амос Каменский:

"Адамды оқытқанда, мүмкіндігінше білімді кітаптардан емес, аспан және жерден, емен ағашы және ғәріптерден, яғни басқа біреудің бақыламалары мен түсініктерін оқып қана қоймай, өздерінің көріп-ұстаған заттарын зертей отырып оқып, үйрену қажет» деген


Кіріспе

Қазіргі кезеңде экологиялық проблемалардың қоғамда көптеген өзекті де өткір мәселелерді оңтайлы шешу жеткіншектер мен жастардың экологиялық мәдениетін еселеуге, қоршаған ортаға деген құрметін, Табиғат-Анаға азаматтық сүйіспеншілігін қалыптастыруға тікелей байланысты. Осыған сәйкес қазіргі уақытта білім беру мекемелерінде балаларға экологиялық тәрбие беру - оқу-тәрбие үрдісіндегі әлеуметтік мән-маңызы зор, сондай-ақ құнды бағыттардың бірі. Сондықтан да айнала қоршаған ортаны қорғау мақсатына бағытталған күрделі іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Мектепке дейінгі шақта бала бойына білім мен біліктілікті, шығармашылық пен ізденімпаздықты, еңбек сүйгіштікті, танымдық қасиеттерді жинақтап дамыту барысында табиғатпен тереңірек таныстырудың ерекше орны бар. Бала өмірінің алғашқы жеті жылы – денсаулықтың, ақыл-ой, адамгершілік, еңбек және экологиялық дамудың негіздері қаланатын өте маңызды кезең.

Бүгінгі педагогикалық оқуда мен келешекте білімді ұрпақты тәрбиелеуде қазіргі кезде маңызды мәселелердің бірі мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің маңыздылығы және балабақшаны дамыту жолдары бойынша өз тәжрибемдегі қолданып отырған жұмыс түрлері мен нәтижелері бойынша баяндаймын.

Негізгі бөлім

Балабақшамыздың жылдық мақсат, міндеттерін басшылыққа алып, 2015-2018 жылдарға арналған экологиялық бағыттағы даму жоспарын жасақтап, сол бойынша жұмыс жасап келеміз. Жоспарда баламен, ата-аналармен және тәрбиешілермен жүргізілетін жұмыстарда кездесетін кемшіліктер, кедергілер және шешу жолдарымен жоспарладым.

«Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің маңыздылығы және дамыту жолдары»

Экологиялық білім берудің мақсаты: балалардың экологиялық сана-сезімінің негізін қалыптастыру, қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүрудің маңызы туралы түсініктерін жетілдіру. Экологиялық мәдениетін тәрбиелеу, табиғи құбылыстар мен объектілерге саналы-дұрыс беталысты көзқарасты қалыптастыру.

Даму жоспарын үш кезеңге бөлдік: Дайындық, негізгі, қорытынды.

1. Дайындық (ұйымдастыру) кезеңінде не үшін дәл осы бағыт таңдалды, бұл қандай мәселелерді шешеді және нәтижесі қандай болмақ деген сұрақтарға жауап берілді. Сонымен тақырыбы, мақсаты, міндеті, мәселесі, уақыты және қоры анықталды. Жұмыс жоспары жасалды, шығармашылық жұмыс тобы құрылды, жауапты адамдар тағайындалды.

2. Негізгі кезең – жоспардың жүзеге асу кезеңі, бұл кезеңде ақпарат жинақталды, жоспар бойынша негізгі іс-шаралар өткізілді, жоспарларды бақылау және түзету жұмыстары жүргізілді. Іс-шаралар жүзеге асырылуы арасында өзгерістер енгізілді. Бастысы бағдарламаның дәл, дұрыс орындалуы емес жұмыстың тиімділігі болды.

3. Қорытынды кезеңде жасалған жұмыстарды қорғау, рефлекция, қойылған мақсат тұрғысынан алынған нәтиженің бағалануы және түзетулер енгізіліп және қорытындыланады.


Балабақшада экологиялық тәрбие үш бағытта жүргізіледі:

ПЕДАГОГТЕР ЖӘНЕ ТӘРБИЕШІ - БАЛА - АТА-АНА


Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық мәдениет тәрбиесінің тиімді болу үшін, барлық жұмыс мына ұстанымдарды сақтау қажет:

Ғылыми


Ғылыми ұстаным жағынан шамалағанда ол жас ерекшелігін ескере отырып, баланың көзқарасының негізін қалыптастыру, танымдық қызығушылықтарын дамыту және элементарлы экологиялық білімдерінің жиынтығымен таныстыстыру.

Қолжетімділік

Экологиялық мәдениет тәрбиесінен ғылыми терминдерді алып тастау қажет, бірақ кейбірінің мән-мағынасын балаларға жас-шамаларын ескере отырып, түсіндіріп кету қажет.

Адамгершілік.

Өз денсаулығына қамқор болатын және салауатты өмір салтын сақтайтын адамдағы жаңа құндылықтарын қалыптастыру деген сөз. Экологиялық білім беру мазмұны адам табиғаттың бір бөлігі екені және табиғаттың құндылығы туралы, планетамыздағы барлық тіршілік етушілерге құрметпен қарауды, бағалауды балада қалыптастыруға мүмкіндік беруі қажет.

Болжамдаушылық.

Әдетті және қоршаған ортаға деген қарым-қатынасқа күнделікті іс-әрекеттеріне баға беруді, табиғатқа зиян келтіру ниетін тоқтата білу қасиеттерін қалыптастыру

Қызметтілік

бұл мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық мәдениет тәрбиесінің негізі. Қоршаған ортаны аялай отырып қорғауға арналған әр-түрлі игі іс-әрекеттерге қатысу барысында баланың оқыту барысында алған экологиялық білімінің мінезінде қалыптасуына себеп болады. Қызметтілік ұстанымы түрлі экологиялық жобаның негізінде жатады

Интеграция.

Интеграция қағидатының астарында баланың әртүрлі іс-әрекеттерін экологияландыру.


Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық мәдениет тәрбиесінің бір маңызды шарты ол дамытушы - заттық ортаны дұрыс ұйымдастыру және экологияландыру болып табылады.

Ондай ортаны құрудың негізгі шарттары бар:

  • балада экологиялық мәдениеттің қалыптасуына жағдай жасау;

  • табиғат аясында экологиялық дұрыс тәртіп орнату, өзіне және қоршаған ортаға қауіпсіз жағдай орнату;

  • баланың табиғатпен жанасуына және қарым-қатынасына жағдай туғызу.

Тәрбиешілермен педагогтерге экологиялық тәрбие берудің бағыты: Балабақшаның алдында қойған мақсаттарын жүзеге асыру, педагогтар экологиялық тәрбие мен білім берудің технологияларын сауатты меңгеріп, жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдерді кәсіби шеберлікпен игеріп, оны тәжірибеде пайдалану, экологиялық бағытта жұмыс жүргізетіндіктен экологиялық тәлім-тәрбие беру .

Тәрбиешілер мен ұстаздарға экологиялық бағытта жұмыс жүргізу түрлері

  • экологияға қатысты материалдарды оқып үйрену

  • бағдарламалармен танысу

  • жекелей топтың жұмыс жоспарын құру

  • топтағы табиғат бұрыштарын ұйымдастыру

  • зерттеу жұмыстарын жүргізу

Тәрбиешілермен өткізілген іс-шара бастапқы кезде зерттеу жұмыстары бойынша біраз қиындық туғызды: оқу құралдарының тапшылығы, әдістемелік нұсқаулардың жеткіліксіздігі т.б. Бірақ педагогикалық ұжым үнемі ізденудің арқасында бұл жұмысты алып шықты. Шығармашылық жұмыс тобының отырысында Экология тұжырымдамасы құрылды, жас ерекшелік топтың бағдарламасы жасалды, әдістемелік нұсқаулар жинақталды.

Сонымен қатар төмендегідей іс-шаралар өткізілді. Олар: озық тәжірибелі педагогтардың әдістемелік кітапшалары, қалалық аудандық, балабақшалар арасындағы семинарларға қатысып, тәжірибелермен алмасу. Өзіміздің базада семинар, ашық оқу-іс әрекетін өткізу, пікір алмасу т.б.

Әдістемелік-бағдарламамен қамтамасыз ету : С.Н. Николаева Жас эколог. Бағдарлама және балабақшада қолданып дамытуы. М.А. Васильева Балабақшадағы оқу-тәрбие бағдарламасы. Ө. Ақылбекұлы Экологиялық әліппе. т.б.

Экологиялық тәрбие бойынша педагогтармен жүргізілген жұмыс түрлері: Әдістемелік кеңес, Психологиялық жаттығулар, Іскерлік ойын, Дөңгелек үстел, Тәжірибелік семинарлар, Шебер сыныптар ұйымдастырылды.

Шығармащылық топ тәрбиешілермен бірлесіп қолдан әдістемелік қолөнерлер жасақтады (дамытушы кітаптар, ойын құралдары)

Барлық оқу қызметтерінде Экологиямен ұштастырып байланыс жасап, жаңа инновациялық технологиялардың элементтерін , ақпараттық құралдарды қолданып жұмыстандық. Монтессори элементтерін, ТРИЗ технологиясы, Құм терапиясы және ақпараттық құралдар технологиясын қолданып келеміз.

Мектепке дейінгі балалардың экологиялық мәдениетін құру моделі

Экологиялық алаңды ұйымдастыру, экологиялық соқпақ, табиғатқа жол бағыты. Табиғат бұрышын безендіру. Табиғат күнтізбесін модельдеу. Экологиялық акциялар. Жас экологтың лабораториясын ұйымдастыру, тәжрибелер жасау. Экскурцияларға бару.

Алайда бұндай дүниелерді қазіргі талапқа сай, көзтартымды жасақтау мемлекет тарпынан қаражат бөлінбегендіктен қиындықтар туғызды. Бұл қиындықтарды шешуші жолдарын іздестіріп, ата-аналар қауымдастығын құрып оларды балабақша өміріне қызыға қатыстыруды ұйымдастырдық.


Балабақшаның балаларға экологиялық білім мен тәрбие беру бағыты: Балаларды туған табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, оның әсемдігін терең сезінуге, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қамқорлыққа алуға тәрбиелеу; Балабақшада табиғат жөнінде қарапайым білім беріп, осының негізінде тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде нақты жалпылама түсініктерді қалыптастыру.

Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып барлық іс шаралар жүргізілді.

Қызықты тәжірибелерге қатысуда балалардың өз жұмысының қорытындысын көруге деген ынта пайда болады. Оларды ауа мен судың қасиеттерімен таныстыруда түрлі ойындар мен тәжірибелер жасалады. Мысалы: «Су- тіршілік көзі» «Өсімдіктердің өсу кезеңдері» «Құмның қасиеті және ерекшелігі», «Пияздың құрамын зерттеу»

Маңғыстау табиғатымен таныстыру мақсатында балаларды облыстық мұражайға апарып, өлкеміздің табиғаты туралы түсініктерін кеңейіп, балалардың табиғатқа деген қызығушылықтары оянды.

Ұйымдастырылған оқу қызметтерінде, мақсатты серуендер мен саяхаттарда ойындарды қолдану көп жетістіктерге жеткізді. Ойын тәрбиешілер мен мектеп жасына дейінгі балалардың оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы десек те болады. Экологиялық дамытудың түпкі мақсаты оның сапалы болуы.

Балабақшаның ата-аналарға экологиялық білім мен тәрбие беру бағыты: Ата-аналарға экологиялық бағытта білім мен тәрбие бере отырып, балабақшамен тығыз байланыста болуға баулу. Ата-аналарға экологиялық білім мен тәрбие беру барысында табиғат пен экожүйенің даму заңдылықтарын ұғындыра білумен қатар экологиялық саналы тәрбие беру.

Балабақшада ата-аналарға экологиялық тәрбие берудегі өткізілетін жұмыс түрлері: Ата-аналар жиналыстары, көрме, акциялар ұйымдастыру, ашық есік күні, ойын-сауықтар, семинар, дөңгелек үстел.

Ата-аналармен бірлесіп экологиялық бұрыштар жасақталды.

Балабақшаның балаларға экологиялық сапалы білім беруге арнайы жасалған жағдаяттар: Экология кабинеті. Апталықтар (акциялар, көрмелер) «Жас эколог» үйірмесі. «Балабақша тынысы» қабырғасы. Океанариум бұрышы, Аққу айдыны бұрышы, Джунгли бұрышы. Құм терапиясының құралдаы.

Балалар ата-аналарымен бірге Экологиялық акция «Құстарға қамқор болайық», «Табиғатпен үндес» сайысына қатысып аудан бойынша 2-орынға ие болды. Балабақша ішілік семинарда «Ата-анамен бала арасындағы танымдық зерттеу» дөңгелек ұстел ұйымдастырылды, балалар отбасында тәжрибе жұмыстарын жасап бейнебаян жасап, жасаған жұмыстарын қорғап шықты. Балаларды тәрбиелеудегі ата-аналармен, тәрбиешілермен бірлесіп жасаған жұмыстар балалардың бойында дұрыс мінез-құлық қалыптасуын қамтамасыз етті, дағдыларды, білімдерді, іскерліктерді меңгеру үрдісін тездетті. Мұндай бірліктің негізі ата-аналардың педагогикалық білімділігі, олардың мектепке дейінгі ұйым жұмысымен хабардар болып табылды.“Баланың экологиялық мәдениеттілігі”, “Отбасындағы бала тәрбиесі” т.б кеңестер дайындауға болады. Ата-аналарға арналған кештер: “Кітап бала өмірінде”, “Бала және табиғат”, “Әжелер мектебі”, “Әкелер мектебі” т.б. өте қызықты өткізіп, нәтежеде бала тәрбиесіне үлкен көмегін тигізеді.

Ұсынылды: Балабақшаның ата-аналар комитетінің төрайымы алдағы жылдары өз ұсынысмен балаларға арналған шағын жылы жай (теплица), шағын су бұрқауы (фантан) және спорттық алаң жасақтау жобасын ұсынды. Балабақша директорымен ақылдаса отырып 2018жылдың жоспарына енгізіп жұмыстану үстіндеміз.


Қорытындылай келе:

Балаларды, ата – аналар мен тәрбиешілерді кешенді сүйемелдеу қалыптары дайындалды; Әрбір педагог жеке кішігірім жобалар жасап, шағын конспектілер дайындады; балабақшада даму ортасы жетіледі; педагогтардың ақпараттық коммуникациялық технологиялар туралы білімдерін анықтай алдық .

«Адам табиғатқа тәуелді болса, табиғат та оған тәуелді" демекші алға қойған мақсатымыздың дұрыс және нәтижелі болуы біздің қолымызда. Және де осындай жұмыстардың арқасында болашақта табиғатты аялап қамқор болатын, еңбекқор, білімді ұрпақтар тәрбиеленіп жатқанына сенемін.


 


Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Балабақшадағы экологиялық тәрбие /Отбасы және балабақша-1996. №11-12/

2. Көбеева Н «Бала және табиғат» \\

3. ҚұлмағамбетовТ. Табиғат тануды оқыту әдістемесі -Алматы, қ университеті, 1988.

4. Керімбаева Р Табиғат. Бала. Тәрбие.\\ Отбасы және балабақша. – 1997. № 1 – 3.

5. Жұмабекова Ф.И Көркемдік тәрбиені ұйымдастыру ерекшеліктері. \\ Бақшадағы көркемдік тәрбие.

6. ҚұлмағамбетовТ. Табиғат тануды оқыту әдістемесі -Алматы, қ университеті, 1988.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Планирование

Целевая аудитория: Дошкольникам

Автор: Титанова Марям Усеновна

Дата: 12.04.2019

Номер свидетельства: 506861


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства