Просмотр содержимого документа
«"Мерейлі күз,Алтын күз"»
Тақырыбы: Алтын күз
Топ: Ортаңғы «Тоты» тобы Мерекеге сай безендірілген топ. Әдемі сазды әуен ойналып тұрады.
Теледидардан жаңалықтар болып жатады.
Диктор: -Қайырлы таң,теледидар алдына жиналған Астаналықтар яғни Қосшы ауылының тұрғындары.Бүгінгі күннің басты жаңалықтарына назар аударыңыздар.Бүгін Қосшы ауылымыздағы «Мирас» балабақшасында
«Алтын күз» мерекесі тойланып жатыр.Ертеңгілікте «Тоты» тобының бүлдіршіндері өз өнерлерін көрсетуде.Олай болса, экранға назар аударайық.
Залға бүлдіршіндер тәрбиешімен бірге кіріп, орындықтарға жайғасады. Балалардың қолдарында жапырақтар. Тәрбиеші:
Армысыздар халайық! Бармысыздар халайық! Күзгі тойды жұп жазбай, Келіңдер қарсы алайық!
- Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздерме, қадірлі қонақтар!Ел байлығын арттырған берекелі күз айы да келді. Бүгінгі берекелі де ырысты алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілігімізді бастаймыз.
Тәрбиеші:- Қараңдаршы, бүгін біздің залымыз қандай әдемі болып кеткен. (Сырттан бір дыбыс естіледі,желдің шуы) - Балалар, тыңдаңыздаршы бұл не шу? (Осы кезде әдемі әуенмен Күз ханшайымы келеді.) Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме, балалар! Балалар: Сәлеметсіз бе! Күз ханшайымы:
Уа, халайық, дархан далам армысың, Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр, Алмақ болып бар халқымның алғысын. Мен – Күз ханшайымымын. Сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Тәрбиеші: Қош келдің, Күз ханшайымы! Төрлет! Біздің балалардың сізге арнаған өз өнерлері бар.Бүгінгі мерекені бізбен бірге тойла!
Ән. «Күз келгенде»
Тақпақтар.
Рамина: Берекесін сыйлауға, Өлкемізге күз келді, Жемістерді жинауға, Шақырады біздерді. 2. Расул: Ой балалар балалар, Қоңырқай күз келді, Гүл жапырағы солыпты, Ел егінін орыпты.
3. Зере Жаздай күткен бәріміз, Сары алтындай сары күз, Алтын ұя бақшада, Ойын бастар шағымыз. 4.Айгерім Қуандырып біздерді, Мерекелі күз келді. Кел жемісті алтын күз Кемелденсін халқымыз.
5.Лейла
Тоңазып атырап
Көп жеміс піседі
Сарғайып жапырақ
Саудырап түседі.
6.Адема
Біреу астық түсіріп
Біреу бидай ұшырып
Жатқан мезгіл күз екен
Алдым соны түсініп Күз ханшайымы:
- Бүгін сіздерде мереке болып жатыр гой, дендеріңіз сау болып, дастархандарыңыз жеміс жидекке толы болсын. Балалар мен сендердің тақпақтарыңды, ән мен билеріңді сағынып келдім. Мен сендерге түрлі түсті жапырақтарымды ала келдім. Қане, осы жапырақтармен би билейікші.
Би.»Жапырақтар» биі
Күз ханшайымы:
Алтын күзбін! Жайдары, жарқын жүзбін. Қонаққа келдім сендерге. Сәбіз, картоп, тәтті алма! Оған достым таң қалма! Жапырақ та сиқырлы, Ойын ойнар түр-түрлі!
Тәрбиеші:Рахмет, саған Алтын күз! Қабыл алдық сыйды біз! Отырыңыз жайғасып! Ал, ендеше, балалар, бекер қарап тұрмаңдар. Жапырақ пен сиқырлы, ойынды тез ойнаңдар.
Ойын: «Кім тез жапырақтарды жинайды?».
Шарты:Ортада балалар екі топқа бөлініп тұрады.Жерде жапырақтар шашылып жатады, соны балалары тез жинауы керек.Әуен біткенше жинауы керек.Соңында жеңімпаз топ анықталады.
Тәрбиеші:
-Күз ханшайымы біздің балалар ән айтқанды жақсы көреді.Тек қазақ тілінде емес орыс тілінде де ән айта алады.Қане ,балалардың «Капельки» әнін тыңдап көрелік.
Тәрбиеші:-Күз ханшайымы, менің достарым өте білімді, ақылды.Сізге күз айларының ерекшелігін өлеңдетіп айтып бермекші.
1-бала:Медина(қыркүйек)
Бір-біріне жер аспан Мейіріммен қарасқан Ұстаз-шәкірт жүздескен Қош келіпсіз күз дескен.
2-бала: Нұркен(Қазан) Қазан айы болыпты, Қамбаға астық толыпты Сары даланы сәндетіп Думандатып әндетіп
Жаңартқан ғаламды Жаңбырлы ғажап ай Осынау заманды Орнатқан қазан ай. 3-бала: Дамира(Қараша)
Мол байлық тергені Шаттығы қаншалық. Қарашы, өрледі Қараша ән салып.
Күн суытып барады Малдар қолға қарады Қараша ауыл даламыз Қысқа дайын боламыз
Тәрбиеші: Мінеки, балалар күз айларымен таныстыңдар. Өнім биыл тамаша! Көз тоймайды қараса: Сәбіз, пияз, қияр, картоп, Бұршақ, асқабақ, қызылша, Қызанақ, орамжапыраққа қарашы. Көкөністер бір жерде жиыла қалып дауласты. Балалар (хормен): Жиналып қаппыз бәріміз, Қайсымыз ең дәмдіміз? Ішімізден адамға Тиеді көп пайдамыз?
Бұршақ:Амира Кішкене түймедеймін мен Ұнаймын мен бәріне Дәмді тағамдарымен Сый жасаймын бәріңе!
Қызылша:Рахым Мен де бір сөз айтайын Мақтанайын сіздерге. Менсіз борщ болмайды Винегрет те үстелде. Орамжапырақ:Іңкәр Мақтанғаннан не пайда? Менсіз дәмді щи қайда? Мені қосса самсаға, Бәрі жейді тамсана.
Қияр:Алимбек Дәмім тілді үйірген Мен тұздалған күйімде! Жаңа піскен кезімде Жейді бәрі сүйсіне! Сәбіз:Аслан Кім бар сәбіз шырынын Жастайынан ішпеген? Мені жеген адамдар Кем болмайды күшке де!
Асқабақ:Ибрагим Өсем бақша-бауында Қатты ұқсаймын қауынға Жемек болып шикідей Күлкі болмай қауымға. Қызанақ:Мирас Піскен кезде қызанақ Көз тартар қызыл түсімен Бар ма адам сүйсінбей, Томат шырын ішпеген? Картоп:Асанәлі Мен ұялшақ картоппын Мен емеспін мақтанар Мені жақсы көреді Үлкендер мен балалар. Бос айтысты қояйық, Дауласуды тоқтатайық!
Алма Жания:
Пісіп тұрған алмамын, Тамсандырар бал дәмім. Жерге сілкіп түсірме, Ісіп кетер маңдайым.
Тәрбиеші:
-Балалар міне біздің көкөніс жемістеріміз адам үшін пайдалы қайсысы екенін білмей таласуда, сендер білесіңдер ма қайсысы пайдалы екенін?
Балалар:-Иә,адамға барлығы да пайдалы.
Тәрбиеші:
-Балалар , осы біздің жеміс,көкөністерімізді қай мезгілде жинап алатынын білеміз ба?
Балалар:
-Күз мезгілінде жинап алады.
Тәрбиеші:
-Олай болса, «Күз»әнін бірге шырқайық.
Ән: «Күз» Тәрбиеші: Күз ханшайымы, балалардың өнерлері ұнады ма? Күз ханшайымы: Иә, балалардың бәрі өнерлі екен.
Тәрбиеші:Балалар мен жұмбақ жасырғым кеп тұр бәріміз мұқият тыңдайық: Іші толған шәрбат Дәмі қандай әйбат Үзесің бірден жүзін Оның аты-...(жүзім)
Дөп-дөңгелек сары Ішінде бар дәні Қызығасың көріп Оның аты-...(өрік)
Жапырақты тасалап Өсетін жері бақша-бақ Күрең қызыл шіркін ай Оның аты-...(құлпынай)
Бір сабақта көп түйме Жей алмайсың көк күйде Санап қара қанша Оның аты-...(шие) Тәрбиеші:
-Балалар, бағанадан бері ойнадық ,биледік енді бір әсем әннің реті келіп тұрған сияқты
«Біз билейміз,ойнаймыз»әні .
Күз ханшайымы:-Тамаша!Балалар менің сендермен тағы да ойын ойнағым келеді.Қалай қарайсыңдар?
Балалар:-Иә,ойнаймыз.
Ойын. «Қолшатыр!»
Тәрбиеші: -Күзде ауа райы қандай болады? Балалар: -Салқын болады, жаңбыр жауады.
Ғажайып сәт.
Жұмбақ:
Жұмбақ жауабын шешіп Күз ханшайымының сыйлығына ие болады.
Тәрбиеші:
Көбейді құт береке, Астық толы қамбамыз. Құтты болсын мереке, Алтын күзді тойлаймыз.