kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Мерейлі күз,Алтын күз"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектепалды даярлық тобында өте жақсы болды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Мерейлі күз,Алтын күз"»

«Мерейлі күз, Алтын күз» ертеңгілігі (даярлық топ)

Мақсаты: Балаларды күз әлемімен таныстыру. Күз мезгілінде болатын ерекшеліктерді сахналандыру. Балаларды күз байлықтарымен, күзгі еңбекпен таныстыру. Табиғатты сүю, қорғауға тәрбиелеу

Музыка әуенімен балалар қол ұстасып, кіріп орындарына отырады.

Тәрбиеші: Армысыздар, халайық,

Бармысыздар, халайық!

Күзгі тойды жұп жазбай,

Бірге қарсы алайық!

Құрметті бүгінгі кешке жиналған қонақтар және ата - аналар! Бүгінгі мектепалды даярлық тобы балалары дайындаған шағын ғана «Мерейлі күз, Алтын күз» атты ертеңгілігімізді бастаймыз.

(Әуен ойналады. Балалар бақшаға қарап сөйлеседі.)

Балалар: Қандай әдемі бақша!

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы бүгін біздің бақшамыз өте қатты ашулы екен. Неге ашулы екен сұрап білгілерін келеді ме? Ия, балалар ендеше сұрап білейік.

Балалар: Бақша - бақша неге ашулысыз?

Бақша: (Сырттан сөйлеп тұрады) Мен күз мезгілінің тез бітетініне ашулымын. Күз мезгілі таяп қалды. Менің көкөністерім мен жемістерімді адамдар бақшадан теріп - теріп алды. Менде енді түкте қалмайды. Соған ашулымын. Маған көмектесесіңдер ме балалар? Менің жемістерім мен көкөністерімнің бақшада қайтадан жайқалып өскенін қалаймын.

Тәрбиеші: Балалар бақшаға көмектесеміз бе?

Балалар: Ия көмектесеміз.

Тәрбиеші: Ендеше балалар біз бақшаға көмектесу үшін көкөністер мен жемістерді қайтып жинай алмаймыз, сондықтанда бақшаға күз мезгілі, көкөністер мен жемістер туралы тақпақтарымыз бен әндерімізді айтып, өз өнерімізді көрсетейік. Келістік пе балалар?

Балалар: Ия.

Тәрбиеші: Дайын болсаңдар балалар тақпақтарға кезек берейік.

Тақпақтар:

Али

Жемісі мол теретін

Күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген.

Айзере

Көк аспаның мөлдіреп,

Алтын күзім елжіреп,

Асыр салып жүре бер,

Сары көйлегің желбіреп.

Нұрәділ

Жайдары күз, жарқын күз,

Аяулы күз, алтын күз.

Дәнге толы кең далам

Дариядай шалқып жүр.

Нұршат

Жапырақтар сылдырлай,

Алтын күз міне келіпті.

Туған жерін қия алмай,

Ұшып бәр құстар кетіпті.

Қалқа

Өнім үйіп тастадық,

Оқуды да бастадық.

Берекелі алтын күз,

Ашық болсын аспаның.

Зере

Еңбек қызып қырларда

Бидай толды қырманға

Алтын таулар секілді

Сап-сары бел тұрғанда

Біреу астық түсіріп

Біреу бидай ұшырып

Жатқан мезгіл күз екен

Алдым соны түсініп

Айару

Келді міне алтын күз,

Сары шашты, жарқын күз.

Мол өнімді ісімен,

Тандандырып халқын күз.

Тәрбиеші: Балалар, бізге біреу жетіспей тұрған сияқты. Арамызда кім жоқ?

Балалар: Күз ханшайымы

Тәрбиеші: Күз ханшайымы қайда? Мүмкін адасып, бізге келе алмай жатқан шығар? Кәне күз туралы ән айтайық, бізді естіп келіп қалар?

Ән: «Күз береке»

Күздің музыкасы естіледі, балалар орындықтарға барып отырады. Залға Алтын күз ханшайымы кіреді.

Алтын күз: Сәлеметсіңдер ма, балалар! Мені күтіп қалдыңдар ма? Мен Алтын күзбін! Өте еркемін. Сәл нәрсеге ренжіп, бұртиып, қабағымды түйіп, көз жасымды аямай төгіп – төгіп аламын. Менің ақ көңілділігімді бәрі ұнатады. Мен ормандарды, тауларды аралап, барлық жерді сары, қоңыр бояуға боядым! Құстарды жылы жақтарға шығарып салдым! Міне сендерге де келіп жеттім, мерекелерін құтты болсын!

Тәрбиеші: Рахмет сізге Алтын Күз! Ал біздің балалар сізге күз туралы мақал - мәтел айтқысы келіп отыр!

Қалқа

Екпей егін шықпас,

Үйренбей білім жұқпас.

Ақжол

Жердің сәні егін

Ердің сәні білім

Алия

Егіндікті күз суар.

Күз суарсаң, жүз суар.

Хамза

Арпа, бидай ас екен

Алтын күміс тас екен

Айтөре

Не ексен соны орасың

Нұрәділ

Жері байдың – елі бай.

Алтын күз: балалар мақал – мәтел көп біледі екенсіңдер. Ал сендер күз мезгілдері туралы білесіңдер ме?

Балалар: Әрине білеміз.

Ерасыл К

Күз маусымының алғашқы айы – қыркүйек. Ол ерлік пен еңбек айларының бірі. Қойма алтын астыққа толады.

Зере: Күз маусымының екінші айы – қазан. Бұл ай жиын – терін аяқталатын, дихандар еңбек жемісіне кенелетін береке айы, берекесін қуаныштайтын мереке айы.

Алия

Күздің соңғы айын қазақтар қараша дейді. Қараша десе дегендей, айнала қоңырқай тартады. Ағаш – қурай жапырағынан айырылып, орман – тоғай сирейді. Қара суық түсіп, қыс демі сезілетін кез.

Тәрбиеші: Күз ханшайымы Сабина қызымыздың «Осень, осень» әнің қабыл алыңыз!

Ән: «Осень, осень»

Алтын күз: Рахмет балалар! Өте өнерлі екенсіңдер. Мен сендерге сиқырлы қолшатырымды алып келдім. Қолшатырды айналдырам, балаларды күзгі жапырақтарға айналдырам!

Балалар ойын ойнауға шығады:

Музыкалық ойын: «Сиқырлы қолшатыр» (Әлімжан, Ерасыл К, Алия, Айзере, Нұршат, Али, Зере)

Ойын шарты: балалар екі топқа бөлініп, жапырақ ішіндегі сандарды жинайды.

Тәрбиеші: Күз хааншайымы біздің балалардың би өнерін тамашалаңыз.

Би: «Жапырақтар»

Музыка әуенімен залға Тұмау кіреді.

Тұмау: (Алмагүл) Бұл не?Ап чи! Ештеңені түсінбедім! Ап чи! Мында неге жиналып отырсындар? Неге шулайсындар? Мен қайда келдім?

Балалар: Балабақшаға!

Тұмау: Балабақша? Ал сендер мені таныдыңдар ма?

Тәрбиеші: Жоқ! Таныған жоқпыз!

Тұмау: Күз келді, күн суытты.

Менсіз бола ма күндерін?

Жөтеліп, тамақ ауырып

Бұның бәрін сыйлайтын

Тұмау деген достарын! Ап чи!

Егер дендерін сау болса

Тез арада кетіндер!

Мерекені болғызбаймын

Кәне бұл жерден кетіндер!

Тәрбиеші: Ешқайда біз кетпейміз!

Осында ойнап күлеміз!

Күзде бізге келіп тұр,

сыйлықтарын беріп тұр!

Тұмау: ХА-ХА-ХА! Ақымақтар!

Күз мезгілі көңілсіз,ызғарлы,

Ойнауға да ынғайсыз, сонда не істеп жүресіз?

Тәрбиеші: Бақшаға барып көкөністерді жинаймыз, дәмді салат жасаймыз!

Мықты болып өсеміз!

Тұмау: Ал мен дүкенге барамын,

Кола, чипсы сатып аламын.

Ең пайдалы, дәмді де, түскі асқа кешке де.

Тәрбиеші: Кола, чипсы дегенің

Зиян келтіретін тағамын

Тұмаудан құтқаратын

Витаминдер жеу керек

Бақшаға біз барайық

Көкөністерді жинайық!

Дәмді салат жасайық!

Тұмау: Иә салаттарын пайдалы екен! Витаминдері неткен көп еді! Мен осындай салат жегім келмейді. Одан да достарымды микробтарды шақырайын! Жыл бойы жинап жүрдім!Сақтап жүрдім арнайы қабын ашып қарайды. Кәне микробтар шығындар,балаларды тұмаумен ауыртып жіберіндер! Қабынан микроп ойыншықты алып шығарады да балаларды қуады. Ал балалар орындықтарына қашып кетеді.

Алтын күз: Ал біз микробтардан қорықпаймыз, құтқарады біздерді, пияз деген көкөніс!

Ортаға пияз – бала шығады

Пияз – Ернұр: Сәлеметсіңдер ме балалар!

Ең батылды, пайдалы

Көкөністін ішінде,

Ем беретін пиязбын!

Тұмаудан да қорғаймын,

Микробтарды жоямын!

Тұмау: Ой көмектесіңдер! Көзім ашып барады, қымбатты микробтарым, қапқа қашып кетіндер!микробтарды қапқа тығады. Енді не істеймін? А маған бір ой келді, сендерді тұмаумен жұқтыру үшін жаңбырды шақыру керек. Үстерін су болып, жөтеліп ауырасындар. АП ЧИ.

Жаңбырдың дыбысы естіледі. Міне жаңбыр өзі келіп жетті!

Алтын күз: Ал біз жаңбырдан қорықпаймыз, «Жау, жау жаңбыр» әнін орындап берсек, жаңбыр басылып қалады.

Ән: «Жау, жау жаңбыр»

Тұмау: Ап чи, маған не болды?

Тәрбиеші: Денсаулық мықты болу үшін спортпен шұғылдану керек, және таңғы жаттығу жасау керек! Кәне Тұмау бізбен бірге жаттығу жасашы!

Музыкалық ойын: « 4 қадам алға»

Тәрбиеші: Міне көрдің бе Тұмау, осылай жаттығу жасап жүрсен ешқашан ауырмайсын! Ал егер осындай пайдалы жемістер мен көкөністерді жесен, мүлде жазылып кетесін!

Ортаға көкөністер мен жемістер шығады тақпақтарын айтады.

Тақпақтар:

Пияз - Ернұр

Асханадан шықпаймын,

Атым –пияз бұқпаймын.

Көзден жасты шығарып.

Тұмаудан бірақ сақтаймын.

Сәбіз - Әлімжан

Өсіретін бойыңды,

Дамытатын ойынды.

Қоянға да азықпыз-

Сәбіздерміз жазықсыз.

Қызылша - Хамза

Ақ түсім бар қант алар.

Қызыл түсім қанға-нәр.

Зияным жоқ,біліп қой-

Қызылшамын пайдам бар.

Асқабақ - Нұртөре

Бақша төріндегі асқабақпын

Асханадағы дәмді тамақпын

Сап сары боп торсиып

Күтем сені терсін деп

Картоп - Ақжол

Картоп біздің атамыз,

Жер астында жатырмыз.

Бір тамырдан тараған

Ағайынбыз бәріміз

Алма - Айару

Пісіп тұрған алмамын,

Тамсандырар бал дәмім.

Жерге сілкіп түсірме,

Ісіп кетер маңдайың.

Алмұрт - Сабина

Тіл үйірген алмұртпын

Таңсығымын бар жұрттың.

Жақсы өсіре алмайды,

Қараса егер салғырт кім.

Өрік - Айтөре

Мен өрікпін, өрікпін

Табиғатқа көрікпін

Тұмау: Балалар мені кешіріндерші, сендермен қалуға рұқсат етіндерші. Мен енді жақсы болам спортпен шуғылданам, көкөністермен дос боламын! Менің сендермен ойын ойнағым келеді.

Тәрбиеші: Балалар Тұмауды кешіреміз бе? Онымен ойын ойнаймыз ба?

Балалар: Ия, кешіреміз! Ойнаймыз.

Ойын: «Кім тапқыр»

Тұмау: Балалар мені кешіргендерін үшін сендерге үлкен рахмет!

Алтын күз: Балалар, сендермен болғаныма қуаныштымын. Қаншама қызықты ойын білесіңдер, әдемі тақпақ пен ән айтасыңдар! Сендер сондай ақылды балалар екенсіңдер!Бірақ менің де сендерге арнап әкелген сыйлықтарым бар. Бұл жапырақтар жәй ғана емес, сиқырлы жапырақтар.

Ортаға себетті қояды орамалмен жабады.

Тұмау: Қазір біз алтын күз екеуміз сиқырлы сөздер айтамыз! Сендер көздерінді жұмындар, бірақ ешкім қарамайды. Балалар көздерін жұмғанда, Тұмау себетті айырбастайды басқа алмалары бар себетке.

Алтын күз: Жапырақтар кәнекей, тәтті алма болындар! Ормалды алайын не болғаның көрейін!

Орамалды ашады, алмаларды балаларға таратып береді. Кәне балалар сыйлықтарды алыңдар!

Балалар сыйлықтарға риза болыңдар!

Тұмау: Қоштасатын кез келді!

Тәрбиеші: Қоштасар алдында балаларымыз дайындаған «Алтын күз» әнін қабыл алыңыздар!

Екеуі: Балалар әндерін өте жақсы. Енді біз кетейік сау болындар!

Шығып кетеді.

Тәрбиеші: Бақша сіздің көңіл күйіңіз қалай?

Бақша: Балалар менің көңіл – күйім көтеріліп қалды. Жарайсыңдар!

Тәрбиеші: Балалар осымен бүгінгі Алтын күз мерекесі аяқталды, сау болындар!

Балалар: Сау болыңыз күзгі бақ, сау болыңыздар қонақтар! Музыка әуенімен шығып кетеді.


























































































































«Мирас» балабақшасы


Мерекелік іс – шара

Тақырыбы: «Мерейлі күз, Алтын күз»

Қосшы

2018

Тобы: Мектепалды даярлық «Балғын»

Дайындаған: Қуанышева А.Қ



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Мерейлі күз,Алтын күз"

Автор: Қуанышева Ақжан Қуанышқызы

Дата: 06.11.2018

Номер свидетельства: 483800

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "?зін-?зітану. "Мейірімділік - асыл?асиет""
    ["seo_title"] => string(35) "ozinozitanumieiirimdilikasylkasiiet"
    ["file_id"] => string(6) "273406"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452224401"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства