kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Мерейлі күз,Алтын күз"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балалар жақсы,белсенді қатысып отырды. ең бастысы сол.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Мерейлі күз,Алтын күз"»




«Мирас» балабақшасы



Ертеңгілік: «МЕРЕЙЛІ КҮЗ, АЛТЫН КҮЗ!»


«Айналайын» ересек тобы






Өткізген тәрбиеші: Бердалина М.С.


Қосшы ауылы


Мақсаты: балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, балаларға эстетикалық тәрбие беру, мектепке дейінгі жастағы балалардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру. Бала мен ата-ананың арасындағы қарым-қатынасты жақсарту. Балалардың мерекелік көңіл-күйлерін қалыптастыру.

Көрнекілігі: шарлар, жапырақтар, плакаттар.

/Топ іші күзгі суреттермен мерекеге сай безендіріледі/

Жүргізуші: Келді міне Алтын күз,

Сары шашты жарқын күз

Мол өнімді ісімен

Таңдандырып халқын күз.

  • Армысыздар, қадірлі қонақтар! Бүгінгі берекелі де ырысты Алтын күз құрметіне арналған «Мерейлі күз, Алтын күз» атты мерекемізді бастаймыз.

Ән: «Алақай, Алтын күз»

Жүргізуші:Жарайсыңдар! Орындарыңа жайғаса қойыңдар!

Ал, балалар, балалар!

Енді бермен қараңдар.

Сендерді бір көрмекші

Әуелі жұмбақ жасырам,

Қулығымды асырам.

Таба алсаңдар шешімін,

Қонағымды дәл ортаға шақырам.

  • Бұлттар төніп, жерге шөгіп,

Дымқыл тұман басады.

Шөп сарғайып, өңі тайып,

Дала сұры қашады.

Бой жаза алмай, ойнай алмай

Денең мұздап тоңады.

Балалар , айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады?

  • Дұрыс айтасыңдар, бұл күз мезгілі. Ал күз айларын білеміз бе?

Балалар: қыркүйек, қазан, қараша.

Жүргізуші: Өте жақсы. Ендеше, уәде еткенімдей ортаға қонағымыз - Алтын күзді шақырайық! 
(Музыка ойнап, ішке «Алтын күз» себетке салған жемістері бар. Билеп кіреді)




Алтын күз: Сәлеметсіздерме, балалар! 
Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Өрік, алша,
  Шие, алма,
 Жидек, жүзім піседі.
 Қауын, қарбыз
  Қияр, сәбіз
 Дүкендерге түседі. Айтыңдаршы балалар бұл қай мезгілде болады?
Балалар:
 - Күзде.

Алтын күз:
Жарайсыңдар балдырғандарым менің өлең-жұмбағымды бірден таптыңдар. Сендерге өз жемістерімді ала келдім!

Жүргізуші: Рахмет! Балалар , барлығымыз күзде не пісетіні туралы тақпағымызды Алтын күзге бірге айтып берейікші.

Барлығы айтады: Алма пісті, Қияр пісті, Жидектердің татып дәмін

Алмұрт пісті, Қарбыз пісті, Жемістердің

Алша пісті, Қауын пісті, жейміз бәрін.

Жерге түсті. Қандай күшті!

Алтын күз: Тамаша, жарайсыңдар!

Жүргізуші: Балалар, күз мезгіліндегі керемет өзгерістерді ақын-жазушыларымыз да өз өлең-жырларына қосады. Олай болса сол өлеңдерге кезек берейік.

Ернұр:

Қуаныштың ағайын,

Қоңырауын қағайын.

Қуандырып біздерді,

Өлкемізге күз келді.

С.Кәусар: Көбейді құт- береке, Астық толы қоймамыз. Құтты болсын мереке, Алтын күзді тойлаймыз.

Д.Кәусар:

Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Талшын:

Жемісті мол теретін,

Күз дос екен бізбенен.

Бәрін тауып беретін,

Жомарт екен күз деген.


Рамазан:

Мерейлі күз, мырза күз,

Сыйлығыңа ризамыз.

Аппақ арай таңында

Шомыламыз нұрға біз.

Адиз:

Наступила осень, Пожелтел наш сад. Листья на березе, Золотом горят.

Айсұлтан:

Айнала сары ала, Қырманға дән тола. Жемістер пісіпті, Қоймаға түсіпті

Ақтұмар:

Жайдары күз, жарқын күз. Аяулы күз, алтын күз. Дәнге толы кең далам, Дариядай шалқар күз.

Жүргізуші: Жарайсыңдар, тамаша айттыңдар.
Рахмет,  «Алтын күз»сіздің жемістеріңізбен ойын ойнайықшы, қазір ортаға бір баланы шығарамыз. Мына қоржынға жемістерді саламыз, сендер бір жемісті сипап көріп, оның пішінін ажыратамыз, содан соң көкөніс пе, жеміс пе екенін айту керек.

Ойын: «Жемістер мен көкөністер қандай пішінде?»

/ Димаш, Ернұр, С.Кәусар, Мұхаммад/Ажыратып жинауға-Досжан,АльАнар,Мұрат – Адиз,Таир,Рамазан/

Алтын күз: Жарайсыңдар, балалар! 
Жүргізуші: Көрдіңізбе, Алтын күз, біздің балалар қандай епті, әрі тапқыр.

Енді балаларыңыздың әніне кезек берейік.

Ән: «Кап-кап,тук-тук» биге – Еркежан,Сзім,Кәусар,Айару

Жүргізуші: Керемет, рахмет сендерге балалар!

Алтын күз, балалар сізге жеміс-жидектер жайлы тақпақтарын да айтып бермекші.

Мерей: /Алма/ Мен- алмамын, алмамын, Таңдандырар бал дәмім. Пісіп толдым, мінекей! Баптап ерек бағбаным.


Мухаммад /Алмұрт/

Тіл үйірген алмұртпын,

Таңсығымын бар жұрттың.

Жақсы өсіре алмайды,

Қараса егер салғырт кім.

СЕЗІМ: /Сәбиз/ Өсіретін бойыңды,

Дамытатын ойыңды.

Қоянға да азықпын,

Сәбіздерміз жазықсыз.

Таир: /Қияр/

Мен-қиярмын, сәндімін, Салаттардың сәнімін. Дәруменім мол менің, Жегенге қуат сыйлаймын!

Амира: Мен- шиемін, шиемін, Күннің көзін сүйемін. Қажеттімін адамға. Оны жақсы білемін.!

Мұрат: /Құлпынай/

Піскен кезде құлпынай,

Қандай тәтті шіркін-ай!

Қарай бергің келеді,

Дүркін,дүркін, дүркін-ай!

Айдана: /Қауын/

Сары алтындай әңгелек,

Қандай тәтті дөңгелек.

Дәмі аузыңнан кетпейді,

Барлығы оған жетпейді.

Алтын күз: Жарайсыңдар, балалар! Адам ағзасына қажетті дәрумендер жемістер мен көкөністерде көптеп табылады. Сондықтан да күнделікті жеп тұрыңдар. 

Жүргізуші: «Алтын күз» енді біздің балаларымыздың әсем биін тамашалаңыз.

Би: «Жапырақтар»

Алтын күз: Өте жақсы,әдемі билейді екенсіңдер, рахмет сендерге балалар. Қандай керемет! Қандай өнерлі балаларсыңдар! 

Жүргізуші: «Алтын күз» енді біз балалармен ойын ойнасақ қалай болады?

Күзде табиғатта қандай өзгерістер болатынын ойын арқылы айтамыз. Бұл ойында жапырақтар жинай отырып, күзде табиғатта болатын өзгерістерді айтамыз.

Ойын: Жапырақ жинау./Айару, Ақтұмар,Талшын/

Жүргізуші: Келесі кезекті тағы да балалардың тақпақтарына берейік.

АСХАН:

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ.

Ой, алақай, тамаша

Шашу шашты жапырақ.

АльАрназ: Осень наступила, Высохли цветы. И глядят уныло, Голые кусты

Димаш:

Берекесін сыйлауға, Өлкемізге күз келді. Жемістерін жинауға, Шақырады біздерді.

Айару:

Өнім үйіп тастадық,

Оқуды да бастадық.

Берекелі алтын күз,

Ашық болсын аспаны

Еркежан:

Аспанды сұрғылт бұлт

Жан-жақтан жабады.

Күн бірте суытып,

Жаңбыр көп жауады.

Досжан:

Астық жеміс жиылды,

Қамбамызға құйылды.

Ардақты күз мың алғыс,

Алдық өнім сыйынды.

Жүргізуші: Алтын күз, біздің қыздарымыз аналары тіккен күздік киім үлгілерін көрсетпекші. Қошеметтеп қарсы алайық.

/Төрт қыз әуенмен кезек шығып көрсетеді./ Сезім,Мерей,С.Кәусар, Ақтұмар

Жүргізуші: Балалар, ата-аналарымызға жұмбақ жасырайық.

Қанекей ата-аналар, балаларыңыздың жұмбағын шешіп көріңіздер.

Балалар бәрі: Жазда тұрып жоғары,

Күзде жерге қонды./ Жапырақ/

1.Еркежан: Ұзын мұртты сарылар, Қойнында наны бар.(Бидай) 2.Айсұлтан: Ағайынды бәрі, Шықса- жасыл, Түссе- сары. (Жапырақ) 3.Мұхаммад: Аспай піскен , Қайнамай түскен. (Жеміс) 4.Рамазан: Қалың киім ұнатады, Шешіңдірсен жылатады. (Пияз) 5. Д.Кәусар: Байлауда, ақтап сенімді, Сары қозым семірді. (Қауын) 6. Таир: Аспаннан домалап Көк моншақ төгілді. (Жаңбыр)
Жүргізуші:Керемет, біздің ата-аналарымыз да мықты, тапқыр екен. Жарайсыздар!

Жүргізуші:

Мерекемізді әнімізбен жалғастырайық.

Ән: «Келді міне қоңыр Күз келді»

Жүргізуші: Балалар, осы мол астық ненің арқасында бізге жетеді?

Балалар:Еңбектің

Жүргізуші: Ендеше қане еңбек туралы мақал-мәтелдерді мен бастаймын, сендер жалғастырасыңдар.

  1. Еңбегі көптің – өнбегі көп.

  2. Еңбек бейне емес, зейнет.

  3. Еңбекпен табылған нан тәтті.

  4. Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

  1. Еңбек еткен – мұратқа жеткен.

Балалар, неге «Алтын күз» дейміз? /Балалардың жауабы/

Неге «Күз жомарт» дейміз? /Балалардың жауабы/

Алтын күз: -Айналайын балаларым өнерлерің көп екен. Риза болып отырмын. Менің қайтатын кезім болды. Аман есен болыңдар .Еңбек етіп, ойнап-күліп, шырқап әнге салыңдар. Мынау менің сендерге әкелген сыйым, дәм татыңдар! Рахмет сендерге. Қош болыңдар! 
Жүргізуші: Балалар, Алтын күзге рахмет айтайық! Келесі кездескенше аманшылық болсын! (Балалар Алтын күзбен қоштасады.Музыка ойнап Алтын күз шығып кетеді).  Ал, келген қонақтарымызға сау болыңыздар –дей отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз.








Алтын күз. «Айналайын»тобының

бағдарламасы

Музыка ойнап тұрады әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді

1.Ән: «Алақай, Алтын күз»

2. (Музыка ойнап, ішке «Алтын күз» себетке салған жемістері бар. Билеп кіреді)

3. Тақпақтар: Ернұр, С.Кәусар,Д.Кәусар,Талшын, Рамазан, Адиз, Айсұлтан, Ақтұмар.

4. Ойын: «Жемістер мен көкөністер қандай пішінде?»

/Сезім, Еркежан, Димаш, Ернұр, С.Кәусар, Мұхаммад/

5. Ән: «Кап-кап,тук-тук» биге – Еркежан,Сзім,Кәусар,Айару

6.Тақпақтар:Мерей,Мұхаммад,Сезім,Таир,Амира,Мұрат,Айдана,

7. Би: «Жапырақтар»

9. Ойын: Жапырақ жинау./Айару, Асхан, Ақтұмар,Досжан, Рамазан, Талшын/

10 Тақпақтар:Асхан, АльАрназ, Димаш, Айару,Еркежан, Досжан

11. Күздік киім үлгілерін көрсету С.Кәусар,Сезім,Мерей,Ақтұмар

12. Жұмбақ жасыру. /Еркежан,Айсұлтан,Мухаммад,Д.Кәусар,Рамазан, Таир/

14. Ән: «Келді міне қоңыр күз келді»

15. Мақал-мәтелдер айту

16. Неге «Күз жомарт» дейміз?

17 Алтын күзбен қоштасу












































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Мерейлі күз,Алтын күз"

Автор: Бердалина Меруерт Сәбитқызы

Дата: 06.11.2018

Номер свидетельства: 483798

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "?зін-?зітану. "Мейірімділік - асыл?асиет""
    ["seo_title"] => string(35) "ozinozitanumieiirimdilikasylkasiiet"
    ["file_id"] => string(6) "273406"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452224401"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства