Просмотр содержимого документа
«"Мерейлі күз,Алтын күз"»
МЕРЕЙЛІ АЛТЫН КҮЗ !!!
Жүргізуші: Қарсы алайық бәріміз, Жасымызбен кәріміз. Қырдан кепті қыдырып, Алтын күз бізге нұр төгіп. Тілегім аман болсын ел іргесі, Алтын күз қайта келді берекесі. Молшылықтың шаршысы бола білді, Алтын күз ырыс, береке ала келді. Армысыздар, ағайын!!! Сәлеметсіздер ме, қадірлі қонақтар! Бүгін біздің жыл мезгіліндегі ең тамаша «Алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.
Ал, балалар,балалар, Енді бері қарандар. Бізге қонақ келмекші, Сендерді бір көрмекші. Әуелі жұмбақ жасырам, Қулығымды асырам. Таба алсандар шешімін, Қонағымды шақырам. «Көк майсалы көрікті, Алқаптағы көп егін. Бұл күндері киіпті, Сары жібек көйлегін.» Бұл не? «Алтын күз» Алтын күз: Сәлеметсіңдер ме балалар!
- Мені таныдыңдар ма?
- Не тойлап жатсыңдар?
- Күз туралы және оның ерекшеліктері туралы кім біледі?
Балалардың жауабы: Күзде табиғат ерекше күйге енеді. Жапырақтар сары, қызыл болса, алқаптағы шөптер қоңыр, сарғыш түске боялады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Күн біртіндеп қысқарады, жауын –шашын көбейіп, күн суытады. Күзде жеміс-жидектер, көкөністер, бақша дақылдары, егістіктегі астық пісіп, қамбаларға жиналады. Күз мезгілінде 3 ай бар, олар: қыркүйек, қазан, қараша.Күз - жылдың берекелі мезгілі.
Күз ханшайымы: - Ой жарайсыңдар балалар ал енді күз айларын және күз ерекшеліктерін кім маған жырға қосып айта алады?
Қыркүйек (Адель)
Бір-біріне жер аспан
Мейіріммен қарасқан
Ұстаз-шәкірт жүздескен
Қош келіпсіз күз дескен.
Қазан (Малика)
Қазан айы болыпты,
Қамбаға астық толыпты
Сары даланы сәндетіп
Думандатып әндетіп
Қараша (Т.Айзере)
Күн суытып барады
Малдар қолға қарады
Қараша ауыл даламыз
Қысқа дайын боламыз
Балалар мен сендерге құр келген жоқпын,өзіммен бірге піскен жемістерімді ала келдім.
Күзде қандай жемістер піседі білесіңдер ме? /алма,алмұрт т.б/
Балалар мен сендермен бірге «Дәмін ажырат» деген ойын ойнағым келіп тұр.
-Сендер ойын ойнағыларың келе ме?
-Иә,ойын ойнағымыз келеді.
Ойынның шарты: Мен сендердің ауыздарыңа бір жемісті саламын, ал сендер сол жемістің дәмін татып көріп қандай жеміс екенін айтасыңдар. Балалар мен сендерге құр келген жоқпын,өзіммен бірге піскен жемістерімді ала келдім. Би: «Жапырақтар» биі
Күзде қандай жемістер піседі білесіңдер ме? /алма,алмұрт т.б/
Олай болса сендердің күз туралы тақпақтарыңды тыңдайық.
Алтын, алтын, сары алтын,
Алтын күзде нұр жатыр.
Біз бақшаға баратын,
Алақай-ау, күн жақын. (Айару)
Алтын сары, қызыл, көк...
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап. (Ханифа)
Алтын нұрдай тамшылап,
Жапырақтар төгіледі.
Біздің өмір таң шуақ,
Біздің өмір көңілді. (Амира)
Біреу астық түсіріп,
Біреу бидай ұшырып.
Жатқан мезгіл күз екен,
Алдым соны түсініп. (Арман)
Қыстың жақын қалғанын,
Жапырақтар білгендей
Желмен ұшып барады,
Жерге қонып үлгермей.(Амина)
Жапырақтар жамырап,
Сайға барып бекінді.
Анасынан ажырап,
Қалған бала секілді.(Аяулым)
Диқан бабаң екті де,
Еңбектен еш қашпады.
Алдыңа әкеліп төкті де.
Ақ нанды үйіп тастады.(Ернар)
Ән: «Жау, жау жаңбыр»
Жүргізуші: Балалар мен жұмбақ жасырғым кеп тұр бәріміз мұқият тыңдайық:
Іші толған шәрбат
Дәмі қандай әйбат
Үзесің бірден жүзін
Оның аты-...(жүзім)
Дөп-дөңгелек сары
Ішінде бар дәні
Қызығасың көріп
Оның аты-...(өрік)
Жапырақты тасалап
Өсетін жері бақша-бақ
Күрең қызыл шіркін ай
Оның аты-...(құлпынай)
Жүргізуші: Ендеше балалар өздерінің тақпақтарынды айтып беріңдерші.
Асханадан шықпаймын,
Атым - пияз, бұқпаймын.
Көзден жасты шығарып,
Тұмаудан бірақ сақтаймын. (Сезім)
Өсіретін бойыңды,
Дамытатын ойыңды,
Қоянға да азықпыз –
Сәбіздерміз жазықсыз. (Айгерім)
Ақ түсім бар қант алар,
Қызыл түсім бар қанға - нәр.
Зияным жоқ біліп қой -
Қызылшамын, пайдам бар. (Асанали)
Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып,
Тұрған ол мен – қызанақ,
Күнге қарап ұялып. (Ягмур)
Көптеп ерте шырмалып,
Өсемін мен бүр жарып.
Атым – қияр, теріп ал,
Жиі-жиі суғарып. (Ибраһим)
Бақшаларда тізіліп,
Қаперсіз мен жатамын.
Қабат-қабат киініп,
Қырыққабат атандым. (Қарақат)
Картоп – біздің атамыз,
Жер астында жатырмыз.
Бір тамырдан тараған
Ағайынбыз бәріміз. (Аль Нияз)
Иісім жұпар аңқыған,
Бақшадағы шырынмын.
Жеп көргендер тамсанған -
Балдай тәтті қауынмын. (Зере)
Жүргізуші: Ойын: «Көкеністер жинау»
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді. (Нұрайым Жеңісбекқызы)
Іші толған шәрбәт,
Дәмі сондай әйбат.
Үзесің бірден жүзін,
Оның аты - ЖҮЗІМ. (Айтұмар)
Сырты қандай қатты,
Дәні сондай тәтті.
Шағып қара таңдап,
Оның аты - ЖАҢҒАҚ. (Айғаным)
Дөп-дөңгелек сары,
Ішінже бар дәні.
Қызығасың көріп,
Оның аты - ӨРІК. (Сұңқар)
Пісетін кезі дәл күзде,
Мезгілсіз оны үзбе.
Аузыңнан кетпес бал дәмі
Оның аты - ШАБДАЛЫ. (Мэлс Нұрайым)
Бір сабақта көп түйме,
Жей алмайсың көк күйде.
Санап қара қанша,
Оның аты - ШИЕ. (Серікбай Айзере)
Жапырақты тасалап,
Өсетін жері бақша-бақ.
Күрең қызыл шіркін-ай,
Оның аты - ҚҰЛПЫНАЙ. (Асылжан)
Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бал дәмім.
Жерге сілкіп түсірме –
Ісіп кетер маңдайым. (Қайсар)
Тіл үйірген алмұрпын,
Таңсығымын бар жұрттың,
Жақсы өсіре алмайды,
Қараса егер салғырт кім. (Әлжан)
Асқабақ деген көп киім,
Жетпіс қабат көк киім.
Жаңбыр одан өтеді,
Түймелеуге жетпейді. (Раяна)
Асқабақ алып бақшаны,
Қайнамай піспес келесі.
Қоңыр күзге сақтайды,
Сары майдай ел іші. (Ақерке)
Ән: «Жаңбыр жауды».
Ұлдар биі: «Саңырауқұлақ»
Күз ханшайымы: Ой балалар менің көңіл-күйімді көтергендеріңе сендерге көп-көп рахмет. Өнерлерің үстем болсын өте талантты балалар екенсіңдер, келесі күз келгенше білімдеріңді де өнерлеріңді де өрістете беріңдер. Ал мен сендермен қош айтысамын, сау болыңдар. (Күз ханшайымы залдан шығып кетеді).
Жүргізуші:
Өңі қашқан бәрінің
Оңып кеткен атырап
Қолдарындай кәрінің
Қалтырайды жапырақ
Соңғы кезде жерге күн
Қырын қарап алыпты
Қара бұлттар жөргегін
Кептіре алмай қалыпты
Міне балалар күзде аяқталып қалды, енді қылышын сүйретіп қыс келмекші. Күзге айтарымыз берер сыйын жылдан-жылға көп болсын елде тыныштық болсын дейміз. Осымен «Мерейлі алтын күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.