Просмотр содержимого документа
«"Мерейлі күз,Алтын!"»
Тақырыбы:«Мерейлі күз, алтын күз»
Мақсаты: Балалардың күз мезгілі туралы алған білімдерін тиянақтау,күз ерекшеліктерін, күз айы ұғымдарын түсіндіре отырып,балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау.
Музыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді.
Жүргізуші: Қарсы алайық бәріміз,
Жасымыз бен кәріміз.
Қырдан кепті қыдырып,
Алтын күз бізге нұр төгіп.
Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді.
Армысыздар тәрбиешілер мен ата-аналар, қадірлі қонақтар! «Мерейлі күз, Алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.
«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін» - Бұл не, балалар? (Күз мезгілі)
(ендеше, күз мезгіліне арнаған өлең шумақтарымызды тыңдайық)
Балалар бізге қонақ келе жатқан сияқты.Ол кім болды екен?
Күз ханшайымы: Сәлем менің достарым,
Өмірге көп қосқаным,
Күз сыйлығын алыңдар
Сыйлығына қаныңдар.
Молшылыққа кенеліп,
Шаттық әнге салыңдар.
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Күз ханшайымы! Біздің балалар сізді асыға күтті.
Күз ханшайымы: Рахмет, менің достарым! Ал, мен сендерге жұмбақ ала келдім.
1.Бұтақта ілініп тұрамын,
Піскенде себетке құладым.(Жеміс)
2. Ашулы қонақ бұл анық,
Тонып шешсе жыладық. (Пияз)
3. Өсірер тың дала,
Көшірер қамбаға.
Айналар ұңға да
Айналар нанға да.(Бидай)
4. Сырты қатты,
Іші тәтті. (Қарбыз)
5. Өсірдім ұлпа қар,
Шешуін кім табар. (Мақта)
Жүргізуші: Күз ханшайымы, біздің балалар, астық жайлы тақпақтар біледі.
Ерасыл: Көктемде егін егетін
Күзде жинап беретін
Біздің дала бай дала
Астық толы айнала
Айдана: Жатыр дала жалтылдап
Жаз шуағы мол құйды
Күн астында алтын дәт
Тербеледі толқиды
Шерхан: Қоңыр күз келдіңбе
Қабағың түйіліп
Қауындар, жемістер
Қалыпты жиылып
Амир: Қызды қайнап ел ісі
Қызыл қырман жер үсті
Елдің тоймен жүргені
Еңбегінің жемісі
Алинур: Тоңазып атырап,
Көп жеміс піседі.
Сарғайып жапырақ,
Саудырап түседі
Алия киінуге кетеді
Жүргізуші:Сұлу қызымыздың биін тамашалайық.
Би:«Хатуба»
Ойынға дайындық
Күз ханшайымы: Балалар! Бақшада жемістер де, көкөністер де пісіп жатыр Бірақ кім, оларды жинап алады, мен білмеймін! Мүмкін сендер көмектесіп жібересіңдер?
Жүргізуші: Әрине біздің балалар, көмектесіп, көкөністермен жемістерді жинап береді.
ОЙЫН «Жемістер мен көкеністер»
Залға 4 шеңбер қойылады (олар үлкен себет болады) 4 баланың басына- өрік, қызанақ, орамжапырақ жүзім маскаларын кигізеді. Барлық балалар 4 командаға бөлінеді.
1 –Өрік
2 – Қызанақ
3 – Орамжапырақ
4 – Жүзім
Музыкамен барлығы билейді, тоқтап қалғанда, әр команда өз шеңберіне барып тұрады. Кейін ойын қайталанады.
Күз ханшайымы: --- Бәрекелді, керемет!қыздарым өркендерің өссін ,балалар тағы сұрағыма жауап беріңдерші
--Күз мезгілінде неше ай бар
--Үш ай бар
--ай аттарын білесіңдер ме
--қыркүйек,қазан,қараша
--қазір қандай ай екен
--қараша айы
--күз мезгілінің нешінші айы
--үшінші айы
Күз ханшайымы: бәрекелді балалар менің көңіл күйі көтеріліп қалды
Жүргізуші: «Күз ханшайымы енді күз айларының жырларын тыңдайық
Алия (қыркүйек)
Бір-бірімен жер аспан
Мейіріммен қарасқан
Ұстсз- шәкірт жүздескен
Қош келіпсің күздескен
Ерасыл (Қазан)
Қазан айы болыпты
Қамбаға астық толыпты
Сары даланы сәндетіп
Думандатып әндетіп
Ж.Айзере (қараша)
Күн суытып барады
Малдар қолға қарады
Қарашы ауыл даламыз
Қысқа дайын боламыз
Жүргізуші: Балалар, біз бойымызды бір сергітіп ойын ойнап алсақ қалай қарайсындар?
Балалар: -Ойнаймыз
ОЙЫН «Жаңғақтар мен алмаларды себетке жинап ал!»
Ортада шеңбер ішінде жаңғақтар мен алмалар аралас жатады. Қарама қарсы балалар екі командаға 5 баладан бөлініп тұрады. Қолдарында себеттер. 1,2,3 дегенде бір-бірден барып өз заттарын жинайды. Музыка тоқтағанда ойын аяқталады. Кім көп жинаса сол команда жеңеді.
Жүргізуші: Досы көпті жау алмас, деп бекер айтпаған! Міне біздің, балалар тәртіпті бұзбай жақсы ойнады.
Теңіздей тербетіле көл бетіне,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілеріміз өнерлерін көрсетуде.
ұлдарымыз бен қыздарымыздың биін тамашалаңыздар.
Би: «Жылайды жапырақ»
Кезегімізді өлең шумақтарына берейік.
Камила:
Таудан салқын жел соқса
Сыбдырлайды қалтырап
Жақын қалды желтоқсан
Жабырқайды жапырақ
Алишер:
Сары жапырақ төгілген
Тоғайдыда көрдім мен
Енді сары бояумен
Күз суретін салам мен
Абду Рахман:
Келістіріп бар сәнін
Берген өзі табиғат
Алтын күзді ал қане
Қар салайық жамағат
Мадина:
Ой балалар,балалар
Қоңырқай күз болыпты
Қурап жапырақ солыпты
Ел егінін алыпты
Абылайхан:
Барын беріп халыққа
Жұмыстан соң қалтырап
Дала ұқсайды алыпқа
Дамыл алмаған маужырап
Асель:
Жетті міне алтын күз
Жеміс жинау салтымыз
Жеміс жтнап болған соң
Той –тойлайды халқымыз
Нүреслям:
Аспанды сұрғылт бұлт,
Жан-жақтан жабады.
Күнбірте суытып,
Жауын көп жауады.
Е.Санжар:
Соңғы шуақ төгіліп,
Жалқынданып тұр аймақ
Ақ сәулеге шомылып,
Жапырақтар жүр ойнап
Ерсултан:
Аспанды сұрғылт бұлт,
Жан-жақтан жабады.
Күнбірте суытып,
Жауын көп жауады.
Қыздар сән үлгісіне дайындалады....
1Ж.Айзере,
2Валерия,
3Сабина,
4Мадина( (
5Алия,
6Айдана,
7Ш.Айзере,
8Адия,
9Камила,
10Асель,
11Ажар
Ұлдармен ойын: «Қолшатыр кімге тиеді»
Жүргізуші: Күз ханшайымы! Біздің қыздарымыз, аналары тіккен күздік киім үлгілерін көрсетпекші. Ендеше «Алтын күз-2018» күзгі сән үлгісін ортаға шақырамыз! Қарсы алыңыздар!
Күз ханшайымы: Керемет! Қандай әдемі! Балалар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, келесі кездескенше сау болыңдар!
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Мерейлі күз, Алтын күз» - атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз. Сау болыңыздар қонақтар, келгенше жыл айналып.