О?у іс-?рекетіні? барысы:
Балалар ?уенмен зал?а кіреді. Шатты? ше?бері. Балалар ?она?тармен с?лемдесіп, орындарына отырады.
?аза? тілі о?ытушы: -Балалар бізге ертегі кейіпкерлері Али мен Аия ?она??а келді.Олар ?здерімен бірге ертегі, ж?мба?тар алып келдік дейді. ?аза? тілі о?ытушы: -Балалар жа?а ертегі естігілерін келе ме ? Балалар: -Ия.
Ертегі мазм?ны бойынша теледидар к?рсете отырып, ертегі мазм?нын еске т?сіреді. ?аза? тілі о?ытушы:- Жарайсы?дар, балалар барлы?ы? да ертегіні біледі екенсі?дер. Балалар, енді ертегідегі кейіпкелерді? аттарын ?аза?ша, орысша, а?ылшынша ?ш тілде айтайы?:
?арлы?аш- ласточка- swallow
?ар?а- ворона- crow
К?кек- кукушка- cuckoo
Жылан- змея- snake ?аза? тілі о?ытушы: - Керемет, балалар, сендер ??старды? аттарын а?ылшын тілінде айта біледі екенсі?дер. ?аза? тілі о?ытушы: Балалар осы ертегіні р?лдерге б?ліп, сахналайды.
Балалар ертегіні сахналайды. ?аза? тілі о?ытушы: - Балалар, ертегіде нені? к?мегімен ?арлы?аш ?з балапандарын аман алып ?алды?
Балалар: - Д?уітті?. ?аза? тілі о?ытушы : - Д?рыс айтасы?дар. ?арлы?аш ?з балапандарын Д?уітті? к?мегімен аман алып ?алды. Енді ?арлы?аш пен Д?уіт на?ыз достар. Біз барлы? уы?ытта достарымыз?а к?мектесуіміз керек. Балалар, осы досты? туралы та?па?тар, ма?ал-м?телдер, тыйым с?здер айтайы?. «Досты?»
Орта? мекен-жер шары.
Т?бемізде бір аспан.
Барлы? ?лтты? баласы,
Досты?ымыз жарас?ан.
Орта? бізге бір Отан.
Орта? жерді? байлы?ы.
Е?бек орта?, жер орта?.
Орта? бізге барлы?ы.
Е.Елубаев.
«Тату доспыз б?ріміз»
Ж?зімізге ?ара?ыз.
Бал к?лкілі баламыз.
Бізге ?ымбат к?ншуа?,
Бізге ?ымбат анамыз.
Просмотр содержимого документа
«Ласточка и богомол»
Жасай бер, қазақ тілі, ана тілім!
Мақсаты: Балаларды туған тілімізді құрметтей білуге баулу. Міндеттері:Баланың сөйлеу тілін дамыту арқылы сөздік қорларын молайту; ой – өрісін кеңейту;Жас ұрпақтың патриоттық сезімін оята отырып елін, жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Қазақ тілі оқытушысы: Туған тілсіз тәңірім жоқ табынар, Туған тілсіз тірлік құрсын, наныңдар! Туған тілде намысым мен арым дар, Туған тілсіз тірлік құрсын, наныңдар! Туғанда да, қонғанда да, ұшқанда, Өз тілінде қиқулайды құстар да, Өз тілінде кісінейді құлыншақ...
Армысыздар құрметті балабақша ұжымы мен балғын балалар! Сіздерді Қазақстан халқының Тілдер мейрамымен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, жанұяда амандық, бақыт тілейміз. Здравствуйте уважаемые гости, родители и ребята! Разрешите начать наш праздник. Сегодня мы отмечаем День языков народов Казахстана. Тақпақтар 1бала: Мне дорог аромат степей Здесь воздух Родины моей Мой Казахстан! Мой дом родной! Не знаю Родины иной!
2 бала: Туысқандар – бауырлар! Қазақ тілі - ана тілі. Қуанатын күн бүгін! Тіл мейрамы келіпті!
3 бала: Мы знать хотим язык страны Язык Абая, Алий. И вам хотим мы пожелать Язык казахский изучать Мы патриоты той страны В которой были рождены. ( Музыка ойналады Қарашаш сұлу кіреді
Звучит музыка, заходит Қарашаш - красавица.) Қарашаш: Сәлеметсіңдерме, балалар! Ребята, а куда это я попала? Что за край такой красивый? Что край такой богатый? Қазақ тілі оқытушысы: Вы попали к нам на праздник. Унас сегодня праздник языков, праздник дружбы! А край этот - Казахстан. Қарашаш - красавица проводит викторину на казахском и русском языках. Сен Қазақстанды білесің бе? сұрақ - жауабы Викторина «Знаешь ли ты Казахстан?» 1. Біздің елбасымыз кім? Кто президент Республики Казахстан? 2. Бас қаламызды атаңдаршы. Назовите главный город Казахстана? 3. Біз қай Республикада тұрамыз? В какой Республике живем? 4. Қазақстан Республикасының рәміздерін атаңдаршы. Назовите символы Республики Казахстан? 5. Біздің елімізде қандай ұлттар тұрады? Какие национальности проживают в Казахстане? Қарашаш: Молодцы ребята, вижу как много вы знаете о своей Родной стране. Казахстан - наш общий дом, большая семья. Ребята, а вы знаете что такое аул? Балалар : Да. (дети отвечают) Қарашаш: Ребята, я с вами хочу поиграть в очень интересную игру. А называется игра « Аул».(объясняет правило игры) Игра « Аул» со средними группами. Қарашаш прощается с детьми, уходит. Тақпақтар 4 бала: Ортақ мекен жер шары Төбемізде бір аспан Барлық ұлттың баласы Достығымыз жарасқан. 5 бала: Ортақ бізге бір Отан, Ортақ жердің байлығы Еңбек ортақ, жер ортақ Ортақ бізге барлығы. 6 бала: У русских и казахов общий путь Путь дружбы и с него нельзя свернуть Народы вместе сквозь века прошли В пути друзей надежных обрели. Песня « Туған жер» исполняет подготов гр.
Әдепті бала - арлы бала Тәрбие сағатының тақырыбы: Әдептілік әліппесі Мақсаты: Балаларды кішіпейілділікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрету, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман қасиеттерден жирену сезімін дамыту. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды айыра отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру. Балаларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: Мақал-мәтелдер, нақыл сөздер жазылған плакаттар, тірек сызбалар
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім:Бүгінгі тәрбие сағатымыз әдептілік тақырыбында өтіледі.
Әдептілік- адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының, жүріс- тұрысының ережесі.
Осы әдептілік ережесін сақтау керек. Бүгінгі заман адамы сегіз қырлы, бір сырлы болып өсуі керек.
«Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та бар қалан»деп Абай атамыз айтқандай кішіге мейірімді, досына қайырымды, еңбексүйгіш, шыншыл да қамқор болсаң өсе келе ата- анаңның, Отаныңның мақтанышы боласың.
Адам болатын бала-барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, жаман әдеттерден аулақ болуға тырысуы керек. Ендеше әдепті, ақылды балалардың қандай болуы керек екенін мына өлеңдерден тыңдайық.
1- оқушы
Ата- ананың тілегі- адам болып өскенің,
Адамдықтың тірегі – адал болып өскенің.
Әдептілік дегенің- әрқашанда керегің,
Әсемпаздық дегенің- әуре сарсаң әлегің.
2- оқушы
Тәртіпті бала сүйеніш,
Төбең бір көкке жетеді.
Ұрыншақ бала жанында,
Ұрыс пен керіс айқай шу.
Ұстамды бала маңынан,
Ұнамды қылық байқайсың.
3- оқушы
Кім үлкенді сыйласа,
Кім үлкенді тыңдаса
Үлкен болған кезінде
Сыйлы болмақ өзі де.
4- оқушы
Сыйла үлкен кісіні
Қамқорлыққа ал кішіні.
Сақтап көше тәртібін,
Бағдаршамның ал тілін.
Әдет қыл бұл ісіңді,
Тазалап жүр тісіңді.
5-оқушы
Қарсы ал ерте күн көзін,
Төсегіңді жина өзің.
Асықпай іш тамақты,
Жалама аяқ-табақты.
6-оқушы
Пышақты ұста оң қолмен,
Шанышқыны сол қолмен.
Нанды үгітпе, қадірле,
Қабығымен бәрін же.
Саусағыңды сормағын
Салыр салақ болмағын.
7-оқушы
Сыйлап сәлем беремін
Көршілерді көргенде.
Ізетпен бас иемін,
Үйге қонақ келгенде.
Әдепсіз деп сөкпесін,
Анама айтып өкпесін.
8- оқушы
Атам маған қашан да,
Кішіпейіл бол деген.
Ата сөзі санамда,
Мақтанбауды жөн көрем.
9- оқушы
Өзгелерден өзімді,
Санамаймын жоғары.
Артық айтып сөзімді,
Желпінгенім жоқ әлі.
10- оқушы
Атам маған қашан да,
әділетті бол деген.
Ата сөзі санамда,
Жүрем тура жолменен.
11- оқушы
Қалдыратын ұятқа,
Жалған сөзге төзбеймін.
Жеткізетін мұратқа,
Тек шындықты көздеймін.
12- оқушы
Ізетті бала
Ерлан қандай елгезек,
Берді ағайға жол кезек:
-Ағай ғафу етіңіз!
Алға қарай өтіңіз.
-Оқасы жоқ, ұланым,
Ізетіңмен ұнадың.
Деп ағай да Ерланды
Жақсы көріп нұрланды.
Ән: «Не деу керек?»
«Жалғастыр» ойыны:
«Не істеуге болмайды?» деген сөзді мұғалім айтады, оқушылар әрі қарай өздері жалғастырады.
1. Үлкендердің алдын-
2. Кішкене баланы-
3. Құстарды-
4. Қыз баланы-
5. Сабақтан-
6. Үйге жүгіріп-
7. Үлкен кісіні-
8. Оқу –құралдарын-
9. Сыныпта айғайлауға-
10.Ысқыруға-
11.Құстың ұясын-
Не істеу керек?
- Үлкендерді сыйлау керек
- Ата- аналардың тілін алу керек
- Тәртіпті болу керек
- Оқу құралдарын күтіп, таза ұстау керек
- Сабақты жақсы оқу керек
Мұғалім: Ал енді балалар, кезекті мақал- мәтелдерге берейік.
«Жақсыдан үйрен,
Жаманнан жирен» деген мақалды қалай түсінесіңдер?
Оқушылар хормен:
Аулақ жүріп жаман қылық, әдеттен,
Үйренеміз жақсы мінез әдептен.
Әдептілік жайлы мақал- мәтелдер айту.
Әдепті бала- арлы бала,
Әдепсіз бала- сорлы бала.
Әдептілік белгісі,
Иіліп сәлем бергені.
Ашу- дұшпан, ақыл- дос,
Ақылыңа ақыл қос.
Сіз деген- әдеп,
Біз деген- көмек.
1. Ұлық болсаң- кішік бол.
2. Кішіден ізет- үлкеннен құрмет
3. Әдепті бала ата- анасын мақтатар,
Әдепсіз бала ата- анасын қақсатар.
1. Жақсы адам ай мен күндей
Әлемге бірдей.
1. Әдепті бала кездессе,сәлем берер бас иіп,
Әдепсіз бала жолықса, өте шығар кекиіп.
Сұрақ- жауап: «Сен маған, мен саған»
1. Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқаныңда алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің?
2. Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек?
3. Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?
4. Үйге қонақ келгенде бала не істеу керек?
5. Әдептілікті бізге кім үйретеді?
Мұғалім: «Әдеп» деп «әдептілік» деп қандай мінез бен іс- әрекетті айтамыз?
1-оқушы: Әдептілік деп үлкенді сыйлауды, достарды, айналадағы адамдарды құрметтеуді айтамыз. Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей- ақ алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай біледі, көпшілікке өзінің әдептілігін көрсетеді.
2-оқушы:Сонымен әдептілік дегеніміз әдеп, ізет, инабат, сыйласым, құрмет, қамқорлық деген сөздерді білдіреді екен. Тағы да бір айтатын жағдай бір- бірімізге кешірімді болу керек, ол да- әдептілік. Кейде кешірмейтін мінез құлықтар да болады. Ондай теріс мінезді тезге салып, тез түзеу керек.
Жас- кәріге сіз деген
Жақсы үлгі іздеген.
Дос боламыз біз деген,
Ізетті ұл мен қызбенен.
Көрініс: Байлық пен ақыл
Ізеттілік, әдептілік, адамгершілік жөніндегі сұрақ- жауап
Сыйлап үлкен ағаны
Сәлем берген баланы
Кім дейміз?
Әдепті екен бұл дейміз.
Кітап, дәптер, қаламы
Кір шалмаған баланы
Кім дейміз?
Ұқыпты екен бұл дейміз.
Таудай биік талабы
Жақсы оқитын баланы
Кім дейміз?
Үлгілі екен бұл дейміз.
Әдептілік сөзін топтастыру.
Мұғалім: Балалар, бүгін біз сіздермен әдептілік жайлы білдік. әр адам өзін кез-келген жағдайды кез-келген жерде тәртіпті ұстап, әдепті де әдемі сөйлей білуі керек екен.
"Қарлығаш пен дәуіт ертегісін" сахналау
Оқу іс-әрекеттің мақсаты: Ертегіні тыңдата отырып, Қарлығаш адамға дос екенін, Дәуіттің адалдығын балаларға түсіндіру. Балаларды бір-біріне көмектесуге, қиналған кезде көмек беруге, бір-біріне қамқор болуға үйрету. Ертегі мазмұны бойынша ертегіні сахналай білуге дағдыландыру.
Оқу іс-әрекетінің барысы: Балалар әуенмен залға кіреді. Шаттық шеңбері. Балалар қонақтармен сәлемдесіп, орындарына отырады. Қазақ тілі оқытушы: -Балалар бізге ертегі кейіпкерлері Али мен Аия қонаққа келді.Олар өздерімен бірге ертегі, жұмбақтар алып келдік дейді. Қазақ тілі оқытушы: -Балалар жаңа ертегі естігілерін келе ме ? Балалар: -Ия. Ертегі мазмұны бойынша теледидар көрсете отырып, ертегі мазмұнын еске түсіреді. Қазақ тілі оқытушы:- Жарайсыңдар, балалар барлығың да ертегіні біледі екенсіңдер. Балалар, енді ертегідегі кейіпкелердің аттарын қазақша, орысша, ағылшынша үш тілде айтайық: Қарлығаш- ласточка- swallow Қарға- ворона- crow Көкек- кукушка- cuckoo Жылан- змея- snake Қазақ тілі оқытушы: - Керемет, балалар, сендер құстардың аттарын ағылшын тілінде айта біледі екенсіңдер. Қазақ тілі оқытушы: Балалар осы ертегіні рөлдерге бөліп, сахналайды. Балалар ертегіні сахналайды. Қазақ тілі оқытушы: - Балалар, ертегіде ненің көмегімен қарлығаш өз балапандарын аман алып қалды? Балалар: - Дәуіттің. Қазақ тілі оқытушы : - Дұрыс айтасыңдар. Қарлығаш өз балапандарын Дәуіттің көмегімен аман алып қалды. Енді Қарлығаш пен Дәуіт нағыз достар. Біз барлық уықытта достарымызға көмектесуіміз керек. Балалар, осы достық туралы тақпақтар, мақал-мәтелдер, тыйым сөздер айтайық. «Достық» Ортақ мекен-жер шары. Төбемізде бір аспан. Барлық ұлттың баласы, Достығымыз жарасқан.
Ортақ бізге бір Отан. Ортақ жердің байлығы. Еңбек ортақ, жер ортақ. Ортақ бізге барлығы. Е.Елубаев. «Тату доспыз бәріміз»
Жүзімізге қараңыз. Бал күлкілі баламыз. Бізге қымбат күншуақ, Бізге қымбат анамыз.
Дружит с солнцем ветерок, А роса-с травою. Дружит с бабочкой цветок, Дружим мы с тобою.
Всё с друзьями пополам Поделить мы рады! Только ссориться друзьям Никогда не надо! Юрий Энтин.
«Be My Friend»
Take my hand and walk me, Be my friend and talk to my, We can talk of many things,
How we feel when a songbird sings. Friend care, Friends share, We need friends Everywhere!
Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің
№6 «Золотая рыбка» көптілділікті дамыту орталығы бөбектер бақшасы
Коммуналды мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
"Қарлығаш пен дәуіт ертегісінде үштілді қолдану "
Дайындаға: қазақ тілі оқытушысы
Г.М. Аманова
2015 ж
«Қазақ тілі- ғажап тіл» атты танымдық ойын
Мақсаты: - Мемлекеттік тілді құрметтеуге, мәртебесі биік рухани құндылық екенін үнемі назарда ұстап, тіл жанашыры болуға насихаттау; - Кез келген ортада ауыз әдебиетінің үлгілерін біліп жүру, шешендік өнердің тарихын насихаттау. - Мұғалім, оқушы, ата- ана бірлескен топтар арқылы бірлікке, ынтымақтастыққа шақыру. Зерттеушілік, ізденушілік, қызығушылық қабілеттерін арттыру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, жұмыс барысында қажеттілік тудыратын шиырмалар, мақалдар, қағаз, қалам. т.б.
Барысы: Ұйымдастыру бөлімі. Сыныпты мерекелік көңіл күй орнату, тілге қатысты даналық сөздер ілінеді. Жарысқа сынып оқушылары, ата -ана және оқушы еркімен мұғалім қатысады. Үш топ сынға түседі. Топ құрамында бес мүше болуы тиіс. Үш оқушы, бір ата-ана, сынып жетекші немесе мұғалім. Сыныпты дайындау, ата- ананы қатыстыру тіл мамандары мен сынып жетекшіге тапсырылады. Алдын ала ойынның бағдарламасында үй тапсырмасы беріледі.
Ойынның шарттары: 1. Таныстыру. (Топ басшысын сайлау. Топтың аты, ұраны, төс белгісі) 2. Сұрақ- жауап. (Топ мүшелеріне сұрақтар қойылады. «Иә, жоқ» деген жауаптар алынады.) 3. Тұлғалар. (Жылдар сойлейді. Белгілі акын-жазушылардың өмір сүрген жылдары немесе кітаптардың аты беріледі, авторын табу керек.) 4. Орыс тілі бойынша сынақ. Орысша нұскаларын көрсету. 5. Үш тұғырлы тіл. (Орыс тілі, ағылшын тілдері бойынша білімдері сынға түседі. Берілген сөздерді қатыстырып, сөз тіркесі, мақал, мәтін құру керек. 6. Абайдың даналық ойлары. Қара сөздердің тәрбиелік мәнін түсіндіру. 7. Үй тапсырмасы. Өнер көрсету немесе шығарма, өлең оқу.
Барлық кезеңдер бойынша бағалар қойылады. Жеңімпаз болған топ «Тіл жанашыры» деген атқа ие болады.
Жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар, оқушылар, ата- аналар! Мектебімізде жыл сайын дәстүрлі түрде аталып өтетін тілдер мерекесіне қош келдіңіздер! Бүгінгі ұйымдастырылып отырған «Қазақ тілі- ғажап тіл» атты интеллектуалды ойнымызға ата-ана, оқушы, мұғалім қатысқалы отыр. Үш топты үлкен қошеметпен ортаға шақырайық. «Адам өзінің азан шақырып қойған атына сай өмір сүреді», - дейді халық. Мүмкін, солай болар. Алдаркөсенің әкесі Алдан деп аталған екен. Шынында да, ол өмір бақи алданып өткенге ұқсайды. Содан да болуы керек, алданудан әбден зәрезап болған аңқау азамат тұңғышының атын «Алдар» қойыпты. Олай болса, Сіздерді бізді алдап кетпейтіндеріңізге көз жеткізу үшін танысып алайық.
Үш топ таныстырады. - Шараның ашылуы, би орындалады. Ендеше, «Тілдер апталығына» қош келдіңіздер! Ойынымызды бастаймыз. Интерактивті тақта арқылы тақтаға ойын шарттары жазылады.
Бірінші кезең. «Сұрақ-жауап» бөлімі Дұрыс жауапқа он ұпайдан беріледі. - Қазақ тілі мемлекеттік тіл ме? - Тіл туралы заң қабылданды ма? - Ұлтаралық тіл ағылшын тілі ме? - Абай қазақтың күйшісі ме? - Шоқан ақын ба? - Ыбырай мұғалім болған ба? - Сөйлем мүшелері бесеу ме? - Фонетика саласы сөйлемге қатысты ма? - Қожанасыр ауыз әдебиетінің кейіпкері ме? - Мектепте тілдерден сабақ беретін мұғалімдер саны жетеу ме? - Тілдер мерекесі қыркүйекте аталып өтіле ме? Бағалары айтылады. Ұпай сандары он балдық жүйемен бағаланады.
Екінші кезең. «Тұлғалар» бөлімі Жылдар мен шығармалар тізімі беріледі. Авторларды табу керек. Екі жеребе тасталады. Орындарына барып, кеңесіп орындайды. Жылдар Шығармалар Авторы 1835-1865 Манас жыры 1846-1945 Алғадай туралы әрбір ой 1841-1889 Таза бұлақ 1873-1938 Қырық мысыл 1858-1931 Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек 1894-1938 Құлагер, 1845-1904 Ғылым таппай мақтанба 1893-1938 Бір адамға 1804-1846 Аягөз, кайда барасың? Үшінші кезең: Орыс тілі бойынша сынақ. Орысша нұсқаларын көрсету. Сәби кез-детство. Сүттей аппақ-белый. Аңғал, аңқау-доверчивый,наивный. Көзәйнек –очки. Құтқару-спасать. Қырсық-упрямый. Айып, кінә – вина, проступок. Дау-спор, Тағдыр-судьба, Білім-знание.
Төртінші кезең: Үш тұғырлы тіл. (Орыс тілі, ағылшын тілдері бойынша білімдері сынға түседі. Берілген сөздерді қатыстырып, сөз тіркесі, мақал, мәтін құру керек. Хайуанаттардың аттары орысша ағылшынша Түлкі Қасқыр Қоян Аю Арыстан Ит
Бесінші кезең: Абайдың даналық ойлары. Қара сөздердің тәрбиелік мәнін түсіндіру.
Алтыншы кезең: Үй тапсырмасы. Өнер көрсету немесе шығарма, өлең оқу.
Шара соңында жеңімпаз топ марапатталады. «Ана тілі» әні орындалады.
11.
«Достықтың терең тамыры»
Қазақ тілін оқытуымен айналысатын қызметшілерімен дөңгелек үстел
14.09
Карамендина С.К.
12.
«Бір тілді білген – бір адам,екі тілді білген-екі адам»
Қазақ тілі,ағылшын және орыс тілдерінің мұғалімдерінің қатысуымен ата-аналар жиналысы
16.09
Мырзабаева Ж.О.
Козыбакова А.М.
Мырзабаева Н.О
Сценарий утренника «Бала тілі – бал», посвященного к Дню языков народов Казахстана для детей средних и старших групп. Ақсақал: Армысыздар, құрметті қонақтар! Кош келдіңіздер!
(Қонақтар өз тілдерінде амандасады).
Мұгалім: Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте, - деп ақын жырлағандай, тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен дариды. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Әркімнің өз тіліне деген құрметін өз анасына, өз ұлтына, өз Отанына деген құрмет деп білу керек.
Армысыздар, кұрметті ұстаздар, оқушылар!
Бүгін сіздердің «Тіл мерекесі - достар мерекесі» атты тәрбие сағатты тамашалауға келіп отырған қадамдарыңызға гүл бітсін дей отырып, енді сөз кезегін социологқа беремін.
Социолог: (картада көрсетеді) Қазақстан Республикасы – Еуразия құрлығындағы мемлекет. Итд.
Академик:Қазақ тілі түркі тілдеріне жатады. Түркі тілдері тіл туыстығына карай 6 топқа бөлінеді. Итд
Мұгалім:Я, тыңдап тұрмын. Теледидар дикторы Арайлым Олжасқызымен байланыстық.
Диктор телевидения: (тікелей эфир) Сәлеметсізбе, Ш.О., біз тікелей эфирде Ана тілің – қыдырың бағдарламаны бастайық. (ҚР Тілдер туралы Заңда 6 тарау бар)
Мұгалім: Арайлым Олжасқызы. Біздің мерекемізді тамашалауға жеріміздің әр түкпірінен келген қонақтар, қазақ тілін қалай біледі екенін көрсеткісі келіп отыр.
Назар аударайық.
Оқушылар тақпақтарын оқып жатыр.
Мұғалім:Құрметті қонақтар! Осы тікелей эфирды көріп, теледидар көрермендері таң қалып жатыр, Сіздердің қазақ тілін білгендеріңізғе, бірақ мен жауап бердім. Әр мемлекетте «Қазақ тілін үйренейік» деген бағдарламасы өтеді деп. Ендіше біздің сұрақтарымызға жауап бересіз бе деген дауысты хат келді. Береміз, я.
(Викторина телефонмен).
Мұгалім:Рахмет.
Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Құшақ жая таныстым сан тіліммен.
Жаман үйді қонағы билейді деп,
Қала жаздап айрылып өз тілімнен.
Өзге тілге еліктеп ел болмадық,
Қазағыма артық жоқ өз тілінен...
Қазақ тілі - ол кімнің тілі?
Оқушылар: 1.Ол Абай Қунанбаевтың тілі.
2. Ол Жамбыл Жабаевтың тілі.
3. Сакен Сейфуллин
4. Олжас Сулейменов
5 Роза Рымбаева
6 Н.Ә. Назарбаев
7.Бекзат Саттарханов
8. Ахмет Байтурсынов
9. Ляззат, Ербол, Қайраттың
10. Султан Бейбарыстың
Мұгалім :Көрмемен таныстыру.(Кітаптарды көрсетіп, автор туралы айтып кету). Қазақ тілі – ол Абылай ханның тілі , Керей мен Жәнібектің тілі, Қабанбай, Наурызбай, Қобланды, Алпамыс, Әлия, Мәншүк Бауыржан Момышұлы батырларымыздың тілі. Оларға біз бас иеміз.
Олар бізге тәуелсіздік әкелген. Олар бізге бақыт әкелген.
Ән «Үш бақытым».
Ең бірінші бақытым - халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым - тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де.
Қассиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші – Отан деген
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.
Мұгалім:Ақсақалдар айтқандай.
Тілден асқан асқар жоқ,
Тілден асқан байлық жоқ,
Тілден терең теңіз жоқ.
Ортаға ақсақалымызды шақырып, бата тілейік.
Ақсақал:Бата
Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің.
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін.
Дастарханың мол болсын,
Абыройың зор болсын.
Тіліміз өркендей берсін,
Еліміз көркейе берсін.
-4-
Мұғалім: Өз Жолдауында Президентіміз: «Біз қазақ халқының сан ғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениет аралық келісімді, бір тұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз»- деген Ұлтаралық достығы ең басты байлығымыз. Басқа тілді білу - өнер, өз тіліңді білу – ұлттық парыз , ал тұрған мемлекетіңнің тілін білу – азаматтық борыш.
«Қазақ елінің келешегі – қазақ тілінде» екенін әр уақытта есте ұстап, асыл мұрамызды, қасиет пен құт дарытқан ана тілімізді өркендете берейік дегім келеді.
Осымен, тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.Сіздерге
Оқушылар: (бірге) Ана тіліңді құрметте! –
деп, келгендеріңізге рахмет айтамыз. Қош сау болыңыздар!
Қазақ тілі қазіргі уақытта өзге ұлт өкілдеріне балабақшадан бастап оқытылып келеді. Мемлекеттік тілді оқыту, болашақ ұрпақтың бойына қазақ тілін құрметтеу сезімін қалыптастыру мұғалімдердің үлкен еңбегін қажет етеді. Ұстаздар бұл бағытта аз тер төгіп жатқан жоқ. Кішкентай кезінен қазақ тіліне сусындап өскен балалар қайтсе де бұл тілдің қадір-қасиетін біліп өседі деп ойлаймын. Оларға тек жаттанды түрде оқытпай, қазақ халқының тәлім-тәрбиесін де үйрете алуымыз қажет. Сабақтың қызықты өтуі үшін мұғалімдер әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданады. Соның ұтымды бір түрі — ойын арқылы тіл дамыту болып табылады. Енді бірнеше ойын түрлерін айта кетейін:
1. «Ойлан тап» оқыта үйрету ойыны. Мұғалім кім? деген сұрақ қойғанда, оқушылар ата, әке, іні деп жауап беруге тиіс. Мұғалім қайда? деп сұрақ қойғанда, үстелде, орындықта, партада, аулада, үйде, мектепте деп жауап берулері керек (мақсаты: оқушылар қойылған сұрақты түсініп, оған дұрыс жауап таңдай білулері керек. Яғни кім? деген сұраққа сызғыш деп жауап берілмейді).
2. «Қайталай ғой» оқыта үйрету ойыны. Ойын шарты: бір оқушы қандай да бір көкөністі атайды, ал екінші оқушы оны қайталап, тағы бір көкөніс атауын қосады. Үшінші оқушы екеуін қайталап, үшінші сөзді қосады. Осылай ойын 6-7 сөзге дейін жалғасады.
3. «Мені түсін» оқыта үйрету ойыны. Бұл ойынды жекелеген сөздер мен сөз тіркестерінің айтылуын меңгерту кезеңінде қолдану тиімді. Ойынның бір артықшылығы- алдын ала қосымша дайындықты қажет етпейді. Мұғалім тақта алдына оқушыларды бір қатар етіп тұрғызады. қатардың бас жағына өзі тұрып, жанындағы оқушыға жаңа сөздердің бірін сыбырлап айтады. Оқушы дәл осылай сол сөзді келесі оқушыға сыбырлап айтады. Ойын осылай жалғасады. Қатар аяқталғанда, соңғы тұрған оқушы өзі естіген сөзін дауыстап айтады. Алғашында мұғалім жасырған сөз бен соңғы сөз салыстырылып, бастапқыда сөзді бұзып айтқан оқушы сол сөзді бірнеше рет қайталайды. Осылайша бірнеше сөз жасырылып, олардың айтылуы бірнеше рет қайталанады. Мұғалімнің орнына сыныпты топқа бөліп, жарысты ұйымдастырғанда, әр топ мүшелері ойынды бастайды.
4. «Тақырыптық сөздер» оқыта үйрету ойыны. Лексикалық тақырыптарды пысықтау кезінде қолдануға қолайлы ойын түрі. Оқушылар шеңбер жасап, дөңгелене тұрады. Мұғалім басты тақырыпты айтады. Мысалы, мұғалім «Көктем» деген тақырыпты айтады. оқушылар осы тақырып бойынша сөздерді бір-бірден айтады. Осылайша шеңбер аяқталғанға дейін сөздер айтыла береді.
5. «Өз жұбыңды тап» оқыта үйрету ойыны. Сөз тіркесетірн меңгертуге арналған ойын. Мұғалім сабақта сөз тіркестерінің лексикалық мағынасын жаттықтыру мақсатында осы ойынды ойнатуына болады. Бұл ойында оқушылар саны жұп болуы керек. Мұғалім әр оқушыға бір-бірден сөз үлестіреді. Барлық оқушылар өздеріне берілген сөздерді дауыстап оқиды. Осыдан кейін оқушылар сөз тіркесін жасау үшін өз жұбын іздейді. Мысалы жаңбыр, жауады, көктем, айлары деген сөздер таратылады. Жаңбыр деген сөзді оқыған бала жауады деген сөзді оқыған баланың қасына барып, екеуі бірігіп, жаңбыр жауады деген тіркесті айтады.
6. «Кім көп және тез?» оқыта үйрету ойыны. Мұғалім қазақ тіліне тән белгілі бір дыбысты атайды, оқушылар сол дыбыс кездесетін сөздерді атауы керек. Әрбір дұрыс айтылған сөз үшін мұғалім оқушыға жұлдызша береді. Көп жұлдызша жинаған бала жеңімпаз атанады.
7. «Сөзден сөз тіркесіне» оқыта үйрету ойыны. Бұл ойын арқылы оуқышалрдың сөзден сөз тіркесін құрай алу дағдылары қалыптастырылады. Мысалы, мұғалім бәтеңке деген сөзді айтады, оқушылар қызыл бәтеңке, екі бәтеңке, үлкен бәтеңке, менің бәтеңкем т.с.с сөз тіркестерін айтады. Осы ойын түрлерін қолдану ұстаздардың сабағын қызықты өткізуге септігін тигізеді деген ойдамын.
Өзге ұлт балаларына қазақ тілін ұтымды, қызықты үйрету үшін жаңа әдістер мен технологияларды өз тәжірибемізде қолдануға ізденеміз. Жаңа технологияны, әдіс — тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын арттырады. Сонымен қатар қазақ тіліне үйреткенде балалардың жас ерекшелігін ескеру әдіс-тәсілдерді таңдаумен сай келеді. Ойын — оқу үдерісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық санат. Тіл үйретуде ойынды көрнекі құралдар, түрлі суреттер, кестелер, ойыншықтар, музыка және т.б. материалдар сабақты көркемдеп отырса, балалардың сөздік қоры біршама толығады, ауызша сөйлеу түрлері кеңейеді. Әрбір сабақта ойын түрлерін және өзара сөйлеу үлгілерін тақырыпқа сай қолданған жөн және тиімді.
Тіл үйрету барысында ойын элементтерін дидактикалық материал ретінде қолданудың пайдасы бар. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді. Дидактикалық ойындардың сапалылығы олардың сабақтың әр кезеңіндегі орны мен міндетін, мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын мұғалімнің жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажеті материалдарды алдын-ала дайындап алуына, ойын үрдісіне оқушыларды белсенді қатыстыруына байланысты болады.
Сабақтың басында — өткен сабақты еске түсіру.
Сабақтың ортасында — көңіл-күйін сергіту, ерік-жігерін дамыту, сабаққа ынтасын арттыру. Сабақтың соңында — тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді. Ойын арқылы балалар қазақ тілін үйреніп, сөздік қорын байытады, мемлекеттік тілді меңгереді және жаңа материалды жақсы қабылдайды, есте сақтайды, зейіні дамиды, қызығушылығы артады. Қазақ тілі сабағындағы сөздік қорды дамыту жұмыстары: түсіндіру, сұрақ- жауап, сөйлесу, әңгімелесу, әңгіме, көрнекілік әдіс — тәсілдер арқылы жүзеге асады. Сөздік қорды дамытуға бағытталған әдістердің жалпы міндеті — сөздің мағынасын түсініп, оны дұрыс қолдану.
Түсіндіру әдісі — жаңа сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді түсіндіруде қолданылады. Сабақ барысында үйретілетін жаңа сөздер бойынша сөздік жұмысында іске асады. Көрнекілік әдісі — әр сабақта жүргізілетін әдіс. Басқа тілді үйретуде ең нәтижелі және жиі қолданылады. Балаларға түрлі суреттер мен заттарды, ойыншықтарды көрсету арқылы іске асады. Дыбыстық жаттығуларды өткізуде балалар сөздердегі қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттығады, дауыстың ырғағы дамиды.
Мысалы: Шақ — шақ — шақ — кішкентай құлыншақ. Ыр- ыр — ыр — ырылдайды қасқыр. Ян — ян — ян — секіреді қоян
Қорыта айтқанда, ойын — балалардың негізгі іс — әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Дидактикалық ойындар балаларды өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады, олардың ойлау қабілеттерін, ізденпаздылығын арттырады, сөз қорын молайтуға көмектеседі, сабақта дидактикалық ойындарды пайдалануда оқушыларды әдептілікке, адамгершілікке, қамқорлыққа, қайырымдылыққа тәрбиелейді.
Балабақшада өзге ұлт балаларына қазақ тілін үйретудің тиімді бір жолы-ойын