kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Құтты болсын,Жаңа жыл!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Новогодний утренник в средней группе "Балдырган"

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Құтты болсын,Жаңа жыл!"»

Зеренді ауданы

Ақкөл ауылы

МКҚК «Бөбек» cәбилер балабақшасы





«Балдырған тобы»



Дайындаған: Оспанова А.К.









2018-2019

Жүргізуші:

Құрметті қонақтар армысыздар,

Бәріңізде есен сау бармысыздар.

Келіп қалды жаңа жыл мерекесі,

Құттықтаймын жаңа жылмен баршаңызды.

Тамаша,тамаша шыршамыз тұр жараса,

Жаңа жылда ертегі, келе ме? Біздің бақшаға.

Не ойласаң жаңа жылда, орындалады бар арман,

Жаңа жылды сондықтан, күтеді барлық балақан.

Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Ортаға «Балдырған» тобының бүлдіршіндерін шақырайық

(Музыка әуенімен залға балалар кіреді).

Балалар қараңдаршы мұнда қандай әдемі шырша, айналаның бәрі аппақ нұрға бөленген, әдемі шыршалар. Ой балалар мұнда қараңдар, бұл не нәрсе?

Балалар: Балалар бұл ұлпа қар емес пе?.

Жүргізуші: Шынында да бұл сиқырлы ұлпа қар ғой.

Балалар тыңдаңдаршы сиқырлы ұлпақар бізге бірдеңе айтқысы келген секілді.

Жүргізуші: Алақай, балалар ұлпақар бізді орман ішіне саяхатқа шақырады. Ендеше балалар сендердің орманға саяхатқа барғыларың келе ме?

Балалар: Әрине.

Жүргізуші: Ендеше біздің сиқырлы ұлпақар сиқырлы әуен ырғағымен орманға апарады. Ол үшін барлығымыз көзімізді жұмайық.

(Балалар көздерін жұмады, музыка ойнайды).

Енді көзімізді ашайық. Міне балалар біз орманға да келіп жеттік. Ал енді сиқырлы ұлпақарды домалатып көрейікші ол бізді қайда апарады екен.

Балалар сендер көріп тұрғандай бұл үйшік қой.

Жүргізуші: Мұнда кім бар екен? (Үйшіктен Ақшақар шығады).

Ақшақар: Мен Ақшақармын аяз-атаның сүйікті немересімін, мен жаңа-жылға дайындалып жатырмын.

Жүргізуші: Сәлеметсің бе? Ақшақар қош келдің! Ақшақар бүгін біздің балалар да жаңа-жылға ерекше дайындықпен келді. Ендеше мерекеміздің қонағы болып, балаларымыздың саған арнаған өлеңі бар.

Ән: Ақшақар.

Жүргізуші: Ендеше жырдан шашу шашып, кезекті балалардың жыр шумақтарына берейік.

Тақпақтар: Іңкәр:

Құтты болсын жаңа жыл,барша халық,

Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық,

Бәрімізге шынайы тілек тілеп,

Бәр әлемге бақытпен жар салайық!

Әмина:

Шыршамыз да керемет
Ойыншықтар тағылған

Алыс жақтан келіп тұр
Аяз ата сағынған.
Айзере:
Кезектесіп балалар
Тақпақ айтып береміз
Сұрақ қойса Ақшақар
Ойланып жауап береміз.
Дарина:

Келді, міне Жаңа жыл,

Қарсы алайық бәріміз.

Күліп ойнап, би билеп,

Ән салайық бәріміз.

Аяулым:

Жаңа жыл, Жаңа жыл,

Жаңа жылда, жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр.

Жанерке:

Жасыл шырша жамылған,

Асыл моншақ тағылған

Келді сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған.

Ерасыл:

Жаңа жылда жаңаша

Тақпақ айтамыз

Болсын риза балаша

Әппақ Аяз атамыз

Евгений:

Всем нам очень хорошо.

Весело сегодня.

Оттого что к нам пришел.

Праздник новогодний.


Ақшақар: Балалар, сендер ойнағанды жақсы көресіндерме? Ендеше ойын ойнаймыз.

Ойын: «Аққала».

Жүргізуші: ( Кенеттен жерден аяқ киім тауып алады). Ой балалар, сендер аяқ киімдерінді жоғалтып алған жоқ па едіңдер.

Балалар: Жоқ.

Жүргізуші: Мүмкін мына ұлдардың аяқ киімі болар (балаларға кигізіп көреді) Жоқ бұл ұлдардың аяқ киімі емес екен.

А-а-а білдім бұл қыздарымыздікі болу керек (қыздарға кигізіп көреді) Қыздардікі де емес, бұл сонда кімдікі болды екен?

(Музыка әуенімен залға Сайқымазақ келеді).

Сайқымазақ: Күте тұрындаршы, күте тұрындаршы менінде сендермен жаңа жылды тойлағым келеді (жүгіріп келеді).

Жүргізуші: Сен кімсің?

Сайқымазақ: Сендер мені танымадыңдар ма? Мен сайқымазақпын ғой.

Жүргізуші: Қош келдің Сайқымазақ. Сен амандасуды білмейсің бе?

Мына отырған қонақтар мен бүлдіршіндермен амандасып қойсаңшы.

Сайқымазақ: Сәлеметсіндер ме қонақтар, балалар! (Сайқымазақтың бас киімі 2-3 рет түсіп қала береді). (Тәрбиеші бас киімі кигізіп) Ой Сайқымазақ саған не болды?

Сайқымазақ: Мен осында келе жатып, сендердің көңілді дауыстарынды естіп мерекеден құр қалған екенмін деп осында жүгіріп келдім.

Жүргізуші: Жоқ сайқымазақ сен кешіккен жоқсың оданда мұнда отырып, балалармен мерекені бірге тамашала.

Сайқымазақ: шыршаныз неге көңілсіз тұр? Шырша жарқырамай тұр ғой мені күтіптұрған болар.Ендеше, шыршаның көңілін көтерілуі үшін шыршаға арнап өлең айтайықшы.

Ән: « Шырша»

Жүргізуші:(Сайқымазақтың аяғына қарап) Сайқымазақ сенің екінші аяқ киімің қайда?

Сайқымазақ: Ой, шынында да қайда қалды екен? Айттым ғой, жаңа осында асығып келе жатып жолда түсіріп қалды-ау деймін.

Жүргізуші: А-а-а-а-а Сайқымазақ тоқта-тоқта мүмкін сенің іздеген аяқ киімі осы болар (аяқ киімін көрсетеді).

Сайқымазақ: Ия, ия бұл менікі ғой.

Жүргізуші: Ой, Сайқымазақ сен біресе қалпағынды түсіресің, біресе аяқ қиімінді жоғалтасың. Басқа ештеңе жоғалтқан жоқсың ба?

Сайқымазақ: Балалар, менімен бірге ойын ойнағыларың келе ме?

Ойын: « Қар жинау».

Ақшақар: Балалар біздің мерекемізге кім жетіспей тұр?

Аяз-ата: Амансың ба, ұлдарым,

Амансың ба қыздарым.

Қандай жарқын жүздерің,

Қандай әсем жырларың.

Асулармен алысқан,

Асау жолмен жарысқан.

Аталарың сендерге,

Шаршап келді алыстан.

Жүргізуші: Амансыз ба Аяз ата!

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып

Келді алыс сапардан

Аяз ата оралып.

Амансыз ба Аяз ата! Қош келдіңіз! Аяз ата сонау орманнан әбден шаршап, тонға да боларсыз келіңіз осында отырып жылынып балалардың өнерін тамашалаңыз.

Тақпақтар: Дильназ:
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той - маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.
Ясмин:
Жаңа жылға сәніміз
Біздің айтар әніміз
Келдің бе аман алыстан
Сәлем, Аяз атамыз.
Назарали:

Құтты болсын, құтты болсын,

құтты болсын жаңа жыл!

Аяна:

Тамаша,тамаша.

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы.

Көз тоймайды қараса.

Виталий:

Жаңа жыл, Жаңа жыл,

Тамаша тойымыз.

Алақай,алақай .

Өседі бойымыз.

Лаяна:

Той, мереке, салтанат
Думандатты шартарап
Келді, міне жаңа жыл
Тартуларын арқалап.
Аманжан:
Аяз ата аппақ
Кәмпиттері тәтті – ақ Маған кәмпит көп берсең
Тағы айтамын тақпақ.
Ән: «Жаңа жыл».

Ақшақар: Аяз ата қолыңыздағы сиқырлы ұлпақарларды беріңізші, ол енді бізді қайда апарар екен (Кішкентай шыршаға қарай домалатады).

(Қоян секіріп шығады).

Жүргізуші: Сәлеметсің бе қоян, сен неге қорқып дірілдеп тұрсың?

Қоян: Сендер аңшы емессіңдер ме? Мен аңшылардан қатты қорқамын. Ақшақар: Жоқ біз аңшылар емеспіз бұлар мерекеге келген сүйкімді балалар. Бізді саған мына сиқырлы ұлпақарлар алып келді. Кел сен де қорықпай бізбен бірге мерекені тамашала.

Қоян: Балаларға секіріп барып, мен балалармен би билегім келіп тұр, мен енді ешкімнен қорықпаймын келіңдер билейікші.

Би: «Жаңа жыл».

Қоян: Ал қонақтар, ата-аналар менімен бірге ойын ойнайық.

Ойын: «Қалпақ».

Ақшақар: Аяз ата балалар сізге өз өнерлерін аямай-ақ көрсетіп жатыр.

Ал сіздің балаларға деген сыйлықтарыңыз көрінбейді ғой.

Ұмытып кеткен жоқсыз ба?

Аяз-ата: Әрине ұмытқан жоқпын. Ақшақар қызым сиқырлы ұлпа қарларды бері әкелші. (Шыршаға қарай домалатады) Қәне сиқырлы ұлпа қар сыйлықтарға жол көрсет.(Аяз ата шыршаның артынан сыйлық алып келеді).

Балалар: Рахмет.

(Аяз ата, Ақшақар қоштасып кетеді)

Жүргізуші: Балалар біздің де қайтатын уақытымыз болды. Аяз атаның сыйлығын алып, көзімізді жұмып сиқырлы әуенімен өз балабақшамызға оралайық.

Балалар сендерге сиқырлы ұлпақ қарларымыздың саяхаты ұнады ма?

Саяхатта біз кімдерді көрдік? Жарайсындар балалар. Енді мерекені аяқтамас бұрын балабақшамыздың меңгерушісі Кушанова Сулышаш Жантасқызына сөз берейік. Енді ата-аналардың да ақ тілектерін тындасақ.

Жүргізуші:Жаңа жыл әр отбасыға жаң нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Жаңа жылымыз тағы да құтты болсын!



































































































































































































































































































































































































































































































































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Құтты болсын,Жаңа жыл!"

Автор: Оспанова Айслу Кабкешовна

Дата: 05.02.2019

Номер свидетельства: 498591

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Наурыз - т?сау кесер салты"
    ["seo_title"] => string(27) "nauryz-tu-sau-kiesier-salty"
    ["file_id"] => string(6) "315335"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459865426"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства