Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау. Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында қарапайым түсінік беру. Ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, қасиетін түсінуге баулу. Ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстыру. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін балалардың бойына сіңіру. Балаларды ұлттық салт-дәстүрді, мұраларды танып-білуге, сыйлап, түсінуге үйрету. Балалардың ой-қиялының, шығармашылық белсенділігінің және бейнелі ойларының дамуына ықпал ету.
Жүргізуші: Армысыздар, ата-аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз да келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты, тілектеріңіз қабыл болсын! Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.
Осы көктемнің мерекесіне арналған әнімізді шырқап берейік
Жүргізуші: Балалар біздер Ұлыстың Ұлы күні ақ бата алып, шашу шашатын кім екенін білесіңдер ме!
Балалар: Қыдыр Ата! Наурыз Әже! Жүргізуші: Ендеше ортаға ақ батасын беруге Қыдыр атамызды шашуын шашуға Наурыз әжемізді шақырайық!
Наурыз Әже:
"Наурыз келсе, құт келгені, халайық!" Есік ашып, шашу шашып, Ел боп қарсы алайық (отырған қонақтарға шашу шашу)
Жүргізуші: Қыдыр ата! Наурыз Әже! Ортаға жайғасыңдар бүгін біздің «Қыран» балабақшасында үлкен той болғалы жатыр бізбен бірге тойлатыңыздар!
(Ортаға барып отырады)
Ендеше біздің бүлдіршіндердің дайындаған тақпақтарын айтуына рұқсат берейік.
Айша:
Күттіріп келген жыл басы, Бізбен бірге жырлашы Сафура:
Елімнің дастарханына Береке, ырыс сыйлашы.
Қуаныш:
Қош келдің, Наурызым ардақты, Халқым саған бар үмітті арнапты.
Заңғар:
Жылда солай келе бергін жасарып, Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.
Інжу:
Күн мен түн теңелді, Жер шуаққа кенелді Қуанышта ел енді Аппақ:
Наурыз келді, салтымыз "Көгерсін"деп халқымыз Көшеге тал егеді.
Би: «Қаражорға биімен»
Жүргізуші: Рахмет балалар. Енді біздің балалар ұлттық ойын ойнап береді.
Ойын :«Арқан тартыс»
Мақсаты:
Балаларды ұттық ойынға тәрбиелеу. Балалардың жігерлігін күшейту. Арқан тартыс ойыны арқылы қазақтың салт дәстүрін, әдет ғұрпын, туған елге, жерге, өз отанына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Наурыз Әже:
Тұсау кесу дегеніміз кішкентай балаға ырымдап , тез жүгіріп кетсін деп, ала жіп байлап, бата тілек айтып келеді. Тұсау кескенде тоқ ішекпен де кеседі. Ондағы мақсаты: көгерсін ,өссін, өнсін деген мағынаны білдіреді.
Әже: Менің балаларым осы наурыз біздің жаңа жылымыз осы мерекеде мен үнемі наурыз көже пісіремін. Сол наурыз көжені қалай пісіру жолын айтып өтейін (әже наурыз көже пісіру жолын айтып береді)
Құрметті қонақтар менің жеті түрлі дәм салған наурыз көжемнен ауыз тейіңдер! Ақ мол болсын!
Қыдыр ата: Сұрасаң бата берейін, Үстем болсын мерейің Ықыласпен қол жайсаң, Ақ тілекті төгейін Ұлыс оң болсын Ақ мол болсын Қайда барсаң жол болсын! Ұлыс бақты болсы
Төрт түлік ақты болсын!
Әумин!
Тәрбиеші:Осымен наурызға арналған шағын мерекеміз аяқталды. Той тойға ұлассын!Ендеше біздің наурыз көжемізден дәм татыңыздар! Келесі кездескенше сау болыңыздар!!!