Тақырыбы: «Қош келдің, Жаңа жыл, елімізге!»
Балалар залға көңілді әуенмен кіріп.шеңбер құрып тұрады.
Жүргізуші: Армысыздар құрметті ата-аналар, балабақша ұжымы және бүлдіршіндер ! Сіздерді кележатқан жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.Жаңа жылды мерекелеу үшін осы әсем шырша жанына барлығымыз жиналып отырмыз. Жылда жақындап қалды.
Жүргізуші: Ақ көңілім айналды аппақ қарға,
Көңілдене қосыл сен ән мен жырға
Қыс қызығы басылмай ұласады,
Қуанышы көп болсын жаңа жылға –дей отырып, жаңа жылдық кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Балалар бүгін сендер,сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіңдер, мына жерде барлық аңдар,сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері де жетіпті. Ал бүгін балалар қандай мереке?
Балалар: Жаңа жыл!
Жүргізуші: Жаңа жылдық мерекемізді ашуға құттықтау сөз
«Нұрбалапан» бөбекжайының меңгерушісі: М.Т Кадимоваға
сөз беріледі.
Жүргізуші: Нұрландырып маңайды
Шырша шамы жағылсын
Жаңа жылдың құрметіне
Ақ тілектер ағылсын!
(Шырша жағылады)
Жүргізуші:Кел,, жаңа жыл, жаңа бақыт ырысым.
Жақсылықтың жаршысы да нұрысың.
Адамдардың асқақтаған арманы,
Ақындардың таусылмайтын жырысың
Жүргізуші: Балалар, біздің шыршамыз бар, әдемі киінген балаларымыз бар, ата-аналарымыз, көрермендеріміз де бар екен,енді біздің жаңа жылдық мерекемізге кім жетіспейді?
Балалар: Аяз ата, Ақшақар.
Жүргізуші: Қуаныңдар ағайын, тамсаныңдар!
Сүйіншімен маңайға жар салыңдар.
Аяз ата келеді Ақшақармен
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар
(осы кезде музыкамен асыға күткен Аяз ата мен Ақшақар келеді)
Жүргізуші:Армысыз Ата! Армысыз Ақшақар!
Аяз ата сөзі: Армысыздар ма ұлдарым
Армысыздар ма қыздарым!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем билерің.
Асулармен алыстым
Асау желмен жарыстым.
Шыршымызға асығып,
Өздеріңмен табыстым.
Ақшақар сөзі: Сүйсіндірер маңайды.
Ақшақармын арайлы,
Жалт-жұлт еткен жүзімнен,
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын,
Қалай тыныш жатпақпын.
Менсіз қыстың сәні жоқ.
Әнмін,жырмын,тақпақпын.
Жүргізуші: Жаңа жылға арналған
Кімнің қандай әні бар?
Айналайық шыршаны
Торали: Жүргізуші: Олай болса Тышқан жылы бізге құр келмеген өзімен бірге ертегісін ала келген соны тамашалайық.
Ертегі сахналау: «Арыстан мен тышқан» ертегісі
Жүргізуші: Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.
«Тышқандар» биін тамашалаңыздар.
Жүргізуші :Аяз-ата балалардың сізге арнаған өлең жолдары бар соңы тамашалаңыз.
Инкар: Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып,
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып.
Інжу: Қалып едік сағынып
Күтіп алдық жабылып.
Жолын қойдық жарық қып
Шыршаларға шам іліп.
Ж.Әмір: Қайда қызық болса думан
Аяз Ата сонда болды
Күндіз үйле ойнап бізбен
Балалармен бірге болды.
Нұртас: Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа жыл
Ата-әже, ата-әже
Құтты болсын жаңа жыл.
М.Әмір. Жаңа жылым мол болсын,
Басқан қадам оң болсың,
Төрле,төрле жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын.
Айару: Аяз-ата ақ сақалды,
Ақ таяқты паң ата,
Асып өтіп асқар тауды,
Жеттің бізге таң ата.
Н.Райана: Жапалақтап ақша қар,
Жауды күнде қайталап,
Қырға шықты балалар
Шаңғыларын арқалап.
Айналаны қар жапты.
Жүргізуші: Бүгінгі күн тамаша,
Есте болар әрқашан.
«Бәйтерек» тобының жаңа жылын,
Ұмытпаймыз ешқашан–дей отыра ертеңгілігімізді аяқтаймыз.
Көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет. Жаңа жыл құтты болсын,отбасыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!Келесі жылымызда аман есен кездескенше ! Сау саламатта болыныздар!