kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Қош келдің жаңа жыл" атты мерекелік ертеңгілік сценариі

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Қош келдің-  Жаңа жыл!» ертеңгілік.

Мақсаты: Қыс мезгілінде болатын балалардың сүйікті мерекесімен таныстыру. Мерекелік көңіл күйлерін ояту. Әр баланың мерекеге қатысуын қадағалап, мерекені балалардың естерінде қалатындай өткізу.

1.Білімділік: Қыс туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Қыс мезгілінде болатын ерекшеліктерді сахналандыру.

2.Дамытушылық: Кейіпкерлердің бейнелерін сомдай білуге үйрету, хормен ән айту шеберліктерін арттыру. Би қимылдарын қызығушылықпен, ырғақты сақтай орындауға төселдіру.

3. Тәрбиелік: Табиғатты сүю, қорғауға тәрбиелеу.

Ертенгілікке қолданатын атрибуттар: Залдың іші мерекеге сай безендірілген, әртүрлі ойыншықтармен безендірілген шырша, қолғап, шелектер, ағаш қасықтар, қаршалар, ірімшік макеті, наушник, сыйлыққа арналған қорапша.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Қош келдің жаңа жыл" атты мерекелік ертеңгілік сценариі»

«Қош келдің- Жаңа жыл!» ертеңгілік.

Мақсаты: Қыс мезгілінде болатын балалардың сүйікті мерекесімен таныстыру. Мерекелік көңіл күйлерін ояту. Әр баланың мерекеге қатысуын қадағалап, мерекені балалардың естерінде қалатындай өткізу.

1.Білімділік: Қыс туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Қыс мезгілінде болатын ерекшеліктерді сахналандыру.

2.Дамытушылық: Кейіпкерлердің бейнелерін сомдай білуге үйрету, хормен ән айту шеберліктерін арттыру. Би қимылдарын қызығушылықпен, ырғақты сақтай орындауға төселдіру.

3. Тәрбиелік: Табиғатты сүю, қорғауға тәрбиелеу.

Ертенгілікке қолданатын атрибуттар: Залдың іші мерекеге сай безендірілген, әртүрлі ойыншықтармен безендірілген шырша, қолғап, шелектер, ағаш қасықтар, қаршалар, ірімшік макеті, наушник, сыйлыққа арналған қорапша.


Балалар көңілді әуен ырғағымен музыка залына кіреді.

Жүргізуші:

-Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар, ата-аналар, балабақша ұжымы! Бүгінгі біздің бөбекжайда өткелі отырған Жаңа жыл мерекесіне қош келдіңіздер! ІІ кіші «Ақ бота» тобының «Кел, кел Жаңа жыл» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз. Олай болса біздің сиқырлы, әсемде шыршамызға көрік беру үшін бүлдіршіндерімізді ортаға қошеметтеп шақырайық.

-Балалар қараңдаршы біз қандай мерекені тойлап жатырмыз. (Жаңа жыл)

-Ия, дұрыс айтасыңдар балалар. Жаңа жыл мерекесі құтты болсын! Балалар қараңдаршы ортада әсем шыршамыз тұр. Шыршамызды оданда әсем қылу үшін не ілу керек? (Ойыншықтар ілу)

(Аяздың даусы естіліп, ортаға Қаршақыз келеді)

Қарша қыз.
-Сәлем, менің достарым! Жаңа жыл құтты болсын!

-Мен жаңа жылға шыршаға не керек екенін білемін. Шыршаға, шыршаға шам керек! Дұрыс шырша жанбай тұр.

Жүргізуші:

-Сен дұрыс айтасың. Біз Аяз ата келгенше шыршамызды жағып дайын болғымыз келген сен шыршаны жағуды білесің бе?

Қарша қыз:
-Әрине білемін. Аяз атаның мектебінде оқып жүргенімде Аяз ата маған шыршаны жағатын сиқырлы сөздерді айтқан болатын. Қазір мен сиқырлы сөздерді оқимын. Ал сендер үрлейтін кезде маған көмектесіңдер жарай ма?

-Сим-сим-сим. Ах-ах-ах.

Қуант бізді таңырқат.

Шамдарыңды жарқырат.(үрлейді).

(Шырша жанбайды)

-Ой балалар өте өкінішті менің үрлегенде күшім өте аз.

Жүргізуші:

-Қарша қыз. Мен сізге қалай көмектесу керек екенін білемін. Сізге біздің кішкентай аруларымыз би билеп береді. Сізде солармен бірге билеп, көңіліңізді көтеріп, күш жинап алыңыз. Содан соң шыршаны бірге үрлеп, жағамыз.

Би: «Ұлпақарлар».
(Би біткеннен кейін ортаға Кощей келіп, отырып алады.)

Кощей:

-Ойпырым-ай. Сендер Қарша қызды қонаққа шақырасыңдар, онымен бірге би билейсіңдер, ал менше. Орманда жүремін қатып, тоңып, жалғыз өзім.

Жүргізуші:

-Жоооқ. Сен енді жалғыз емессің, біздің кішкентай аруларымыз бүгінгі жаңа жылға дайындаған билерін Қарша қызға көрсетіп оның көңіл-күйін көтеруде. Қаласаң сенің де көңіліңді көтереді.

Кощей:

-Ал менің мерекені тойлауға көңіл - күйім жоқ.

Жүргізуші:

-Көңіл күйінді біздің балалар жақсылап көтереді. Сенде бізбенен мерекені тойла. Қарша қыз және сен бізбен бірге ән айта ғой. Балалар қанекей бәріміз Кощейге ән айтып берейікші.

Хор: «Жаңа жыл».

Қаршақыз:

-Ой қандай керемет! Тамаша! Балалар мен шыршаны жағуға дайынмын.

-Сим-сим-сим. Ах-ах-ах.

Қуант бізді таңырқат.

Шамдарыңды жарқырат.(үрлейді).

(Шырша жанады)

Жүргізуші:

-Қандай керемет. Көрдіңдер ме балалар сиқыр деп осыны айтады.

Кощей:

-Балалар мен мерекені тойлауға дайынмын.

Қарша қыз:

-Кощей мереке көңілді болу үшін балалармен ойын ойнайық.

Ойын: «Тауып көр».

Ойынның шарты: Кощей құлағына наушник тағады. Балаларға Қарша қыз аңнын атын атайды. Балалар қимылмен көрсетеді ал Кощей табуы керек. Мысалы аю, түлкі, қоян.

Жүргізуші:

-Құрметті қонақтар біздің балаларымыз сіздерді жаңа жылмен құттықтау үшін тақпақтар жаттап келіпті, қабыл алыңыздар!

-Қарша қыз: (аяздың дауысы шығып, жүгірген аңның дауысы естіледі)

-Жарайсындар балалар. Балалар бір дауыс естілетін сияқты. Орман жақтан шығып жатыр.

Жүргізуші:

-Бәлкім бұл Аяз ата шығар.

Орман сақшысы:

-Көрдім, көрдім Аяз ата келеді!

Жүргізуші:

-Балалар барлығымыз Аяз ата мен Ақшақарды дауыстап шақырайықшы.

Балалар:

-Аяз ата, Ақшақар! Аяз ата, Ақшақар!

(Бірінші залға Ақшақар кіреді, балалармен амандасады)

Жүргізуші:

-Сәлеметсің бе Ақшақар! Біздің Аяз атамыз қайда?

Ақшақар:

-Орманда Аяз ата екеуміз демалып отыр едік, кенет аюжан біздің сыйлықтарымызды ұрламақшы болды. Содан Аяз ата аюжанның бұл тірлігін көріп қойып, сыйлықтарды аюға жіктеп, алдына салып, жазалап келеді. Мені сіздер күтіп қалды деп, ертерек жіберді.

Жүргізуші:

-Аюдың бұл тірлігі дұрыс болмапты. Аяз ата көрмегенде балалар сыйлықсыз қалады екен ғой. Ақшақар сен отырып деміңді ал.

Орман сақшысы:

-Көрдім, көрдім Аяз ата келеді!

(Аяз ата аюды таяғымен ұрып келеді, аю қолдарында сыйлық жалынып келеді де залға кіреді)

Аю: Аяз ата болды,болды ұрламаймын енді сыйлықты. Шын сөзім.

Аяз ата:

Құтты болсын, балалар,
Келген Жаңа жылдарың!
Алаңдамай өсіңдер,
Еркелеп қыз, ұлдарым!
Өткен жылы келіп ем,
Бәріңді де көріп ем,
Жыл өткізіп келем деп,
Уәдемді беріп ем.
-Жаңа келе жатқанымда аю сыйлықтарыңды өзіне алып қалғысы келді. Әй аюжан сен Жаңа жыл мерекесі жылына бір рет келетінін білесің. Неге мерекені құртқын келді?

Аю: Мен аю балалардың алдында уәде беремін. Сыйлықты ұрламауға және үлкенге көмектесуге. Шын сөзім.

Жүргізуші:

-Аяз ата сіз шаршаған боларсыз. Отырып демалыныз. Біздің балалардың сізге арнаған әнін қабыл алыныз.

Хор: «Аяз ата».

(Аяз ата қолғабын түсіріп алады. Оны Қарша қыз тауып алады)

Қарша қыз:

-Мынау кімнің қолғабы?

Ақшақар:

-Ата сіздің бір қолғабыныз жоққой.

Аяз ата:

-Ааа, менің қолғабым ғой түсіп қалыпты.

(Қарша қыз қолғапты Аяз атаға берейін деп жатқанда қолынан Кощей тартып алып шеңберге келіп тұра қалады.)

«Қолғапты ұстап ал» ойыны.

Көңілді музыка ойнайды. Балалар қолғапты қолдан-қолға береді, Аяз ата оларды қуалап, қолғапты қайтармақшы болады. Шыршаны екі рет айналады және қолғабын «қуып жетеді».

Жүргізуші:

-Аяз ата сіз қатты шаршадыныз, отырып демалыңыз, біздің балалардың өнерін тамашалаңыз.

Аяз ата: Жарайды, тамашалайық!

Би: «Тышқандар».

Аяз ата:

-Қандай керемет би болды, өздерің өнерлі екенсіңдер!

Жүргізуші:

-Иә, Аяз ата біздің балалар Жаңа жыл мерекесін көптен асыға күтіп, дайындалды. Енді сізге арнап жаттаған тақпақтарын айтып берсін.

Билеймиз, ән саламыз.

Аяз ата:

-Ой жарайсыңдар балалар! Сендер биыл көп тақпақ жаттапсыңдар. Аю қайда, аюжанда сендердің көңілдерінді көтерем, қателігімді түзеймін деп жол бойы биге дайындалып келген.

Жүргізуші:

-Онда ортаға «Аюлар» биімен балаларды шақырайық!

Ақшақар:

-Қандай керемет! Аюжан, балалар сендер нағыз биші екенсіндер ғой.

(Кощей қызғанып жарыс ұснады)

Кощей:

-Аю биші болса, мен бәрінен жылдам жүгіремін. Аю кел жарысайық.

Ойын: «Кім жылдам ?»

Ойынның шарты: Аю мен Кощей арқаларын тіреп тұрады, әуен басталғанда шыршаны айнала жүгіріп сыйлықты бірінші көтеру керек. Балалармен де ойналады.

Ақшақар:

-Қызықты ойын болды иә балалар! Қарша қыз екеумізде ойнағымыз келеді. (балалармен ойнайды)

Жүргізуші:

-Осы достығымыздың құрметіне барлығымыз бір би билейікші.

Би «Қуыршқтар».

Аяз ата:

-Жарайсыңдар балалар сендермен менде демалып қалдым. Сондай керемет дайындалыпсыңдар. Ал енді мені басқада бүлдіршіндер күтуде. Мен жолға шығайын.

(Аю мен Кащей екі қаптын қасынан шығып хормен)

-Аяз ата ал, сыйлықтар ше?

Аяз ата:

-Ой мен сыйлықтарды табыстайын. (дорбанын аузы ашылмайды)

Ақшақар:

-Енді не істейміз Аю мен Кощей дорбанын аузын жауып тастапты.

Аяз ата:

-Саспаңдар менімен бірге сиқырлы сөзді айтсаңдар дорба ашылады.

Жаңа жылдық дорба, ашыл.

Сыйлықтарым шашыл!!!

(Қаршақыз бен Ақшақар дорбаны ашады, Аяз ата балаларға сыйлықтарды табыстайды.)

Жүргізуші:

-Балалар барлығымыз Аяз ата мен Ақшақарға рахмет айтайық! Рахмет!

Аяз ата:

-Кощей, Аю ортаға келіңдер! Қарша қыз «Желаяқ» деген сиқырлы сөзді айтшы.

Қарша қыз:

Ах диби дох, диби дох

Сим сала бум! (Аю мен Кощей бір орында тұрып жүгіреді)

Кощей:

-Аяз ата мынау не, не істедіңдер?

Аяз ата:

-Бұл сендер дорбаның аузын жауып тастағандарың үшін. Енді орманға қарай жүгіріндер. Балалар барлықтарын үрлесендер Аю мен Кощей орманға кетеді.

(Балалар үрлейді аю мен кощей шығып кетеді)

Қаршақыз:
Жаңа жылда бақшамыз,
Гүлдей болып жайнасын.
Аман болсын барлық бала,
Шат-шадыман ойнасын.

Аяз ата:
Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым,
Құтқа орансын кең байтақ, дархан елім.
Қазақтың пейіліне тарту етсін,
Табиғат ашық аспан, таң шапағын!
Ата-әже, қонақтар, балалар,
Құтты болсын жаңа жыл!

-Ал енді балалар біз жолға шығайық сау болыңдар!

Балалар:

-Сау болыңыздар!

Жүргізуші:

-Құрметті қонақтар осымен біздің жаңа жылдық ертеңгілігіміз аяқталды. Келесі кездескенше сауболыңыздар!











Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы

«Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі» МКҚК





















«Қош келдің- Жаңа жыл !»

(Ертеңгілік )











Педагог: Гүлдаурен Мұратханқзы




















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Қош келдің жаңа жыл" атты мерекелік ертеңгілік сценариі

Автор: Гүлдаурен Мұратханқызы

Дата: 18.12.2019

Номер свидетельства: 532554

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) ""?ош келді?, Наурыз" ерте?гілік "
    ["seo_title"] => string(35) "k-osh-kieldin-nauryz-iertien-ghilik"
    ["file_id"] => string(6) "186034"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1426266441"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) ""?з наурыз ?ош келді?" ерте?гілік "
    ["seo_title"] => string(37) "z-nauryz-k-osh-kieldin-iertien-ghilik"
    ["file_id"] => string(6) "185652"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1426226870"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "жа?а жыл мерекесіне арнал?ан сценарий 11 сынып"
    ["seo_title"] => string(48) "zhanazhylmieriekiesiniearnalganstsienarii11synyp"
    ["file_id"] => string(6) "310622"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459077657"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) ""Жомарт к?з". К?згі бал кешіні? сценарийі"
    ["seo_title"] => string(39) "zhomartkuzkuzghibalkieshininstsienariii"
    ["file_id"] => string(6) "274398"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452369567"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Жомарт к?з. сценарий"
    ["seo_title"] => string(20) "zhomartkuzstsienarii"
    ["file_id"] => string(6) "274400"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452369917"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства