Мақсаты: Балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру.Мерекелік көңіл-күй ортасын ұйымдастыру. Образдық бейнелерді сомдай білугеүйрету, хормен және жеке ән айту шеберліктерін арттыру. Би қимылдарын қызығушылықпен,ырғақты сақтай орындауға төселдіру.
Балалар көңілді әуен ырғағымен залға билеп кіреді.
Русалка: (Сабын көпіршіктерімен отырады)-Ішім пысты,көңіл-күйім мүлде жоқ.Ешкімге керегім де жоқ,барлығы мен жайлы ұмытты.Соңғы рет қонақта Садко болып еді оның өзі қашып кетті.Жаз мезгілі қандай керемет десенші әртүрлі тосын сыйлар,мерекелер болады. Ал қазір..
Теңізді мұз басты.Балықтар ұйқыға кетті.Ешкім менімен ойнамайды.
Мидуза:Сәлеметсің бе,балақай!Сен мұнда сабын көпіршіктерімен ойнап отырсың.Ал жердегі адамдар меркеге қызу дайындалуда.Шырша безендіріп,бірі-біріне сыйлықтар жасап, үйлерін әшекейлеуде.
Русалка:Қыс мезгілінде қайдағы мереке?
Мидуза:Жаңа жыл!Сен соны да білмейсің.Ал жердегі адамдар жаңажылды күн санап күтеді. Ал осы мерекенің басты кейіпкері-Аяз ата.
Русалка: Ол кім тағы да?
Мидуза: (сиқырлы таяқшасын алып шығады) Мен қазір сиқырлы таяқшам арқылы сендерді жер бетіне апарамын.Барлығымыз жер бетіне барып керемет саяхат жасап жасайық!
(Балалар суда малтып әсем әуенмен жер бетіне барады)
Жүргізуші: Барлық жандар бір білікке қосқан үн,
Бақытты боп бастады жыл дастанын.
Қуанышпен келді той деп жаңа жыл,
Құтты болсын жаңа бақыт достарым.
Құрметті ата аналар, балалар, қонақтар Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің, Жаңа 2018 жыл» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер
Жүргізуші:Су патшалығының тұрғындары біздің мерекеге қош келдіңдер!Біз мұнд
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Қош келдің,Жаңа жыл!»
«Жаңа жыл»
Мақсаты: Балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру.Мерекелік көңіл-күй ортасын ұйымдастыру. Образдық бейнелерді сомдай білугеүйрету, хормен және жеке ән айту шеберліктерін арттыру. Би қимылдарын қызығушылықпен,ырғақты сақтай орындауға төселдіру.
Балалар көңілді әуен ырғағымен залға билеп кіреді.
Русалка: (Сабын көпіршіктерімен отырады)-Ішім пысты,көңіл-күйім мүлде жоқ.Ешкімге керегім де жоқ,барлығы мен жайлы ұмытты.Соңғы рет қонақта Садко болып еді оның өзі қашып кетті.Жаз мезгілі қандай керемет десенші әртүрлі тосын сыйлар,мерекелер болады. Ал қазір.....
Теңізді мұз басты.Балықтар ұйқыға кетті.Ешкім менімен ойнамайды.
Мидуза:Сәлеметсің бе,балақай!Сен мұнда сабын көпіршіктерімен ойнап отырсың.Ал жердегі адамдар меркеге қызу дайындалуда.Шырша безендіріп,бірі-біріне сыйлықтар жасап, үйлерін әшекейлеуде.
Русалка:Қыс мезгілінде қайдағы мереке?
Мидуза:Жаңа жыл!Сен соны да білмейсің.Ал жердегі адамдар жаңажылды күн санап күтеді. Ал осы мерекенің басты кейіпкері-Аяз ата.
Русалка: Ол кім тағы да?
Мидуза: (сиқырлы таяқшасын алып шығады) Мен қазір сиқырлы таяқшам арқылы сендерді жер бетіне апарамын.Барлығымыз жер бетіне барып керемет саяхат жасап жасайық!
(Балалар суда малтып әсем әуенмен жер бетіне барады)
Жүргізуші: Барлық жандар бір білікке қосқан үн,
Бақытты боп бастады жыл дастанын.
Қуанышпен келді той деп жаңа жыл,
Құтты болсын жаңа бақыт достарым.
Құрметті ата аналар, балалар, қонақтар Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің, Жаңа 2018 жыл» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер
Жүргізуші:Су патшалығының тұрғындары біздің мерекеге қош келдіңдер!Біз мұнда жаңа жыл меркесін қарсы алып жатырмыз
Русалка:Шыңында да жер бетінде өте қызықты екен.Айналамыз бәрі әсем безендірілген.Мидуза саған көп рахмет бізді сииқырлы таяғымен осы жерге әкелгеніне
Мидуза:Оқасы жоқ,бізді алдымызда түрлі тосын сыйлар күтіп тұр
Жүргізуші: Су патшалығының балалары өте өнерлі балалар деп естігем сол рас па екен?
Мидуза: Әрине,біздің балалардың тақпақтарына кезек берйік! Тақпақтар 8 бала
1.Жаңа жыл Жаңа жыл
Жаңа жылға жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр
2. Тамаша.тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
3. Жаңа жылым мол болсын
Баскан қадам он болсын
Төрле Төрле Жаңа жыл
Бізге Құтты жыл болсын
4. Жаңа жыл келгенде
Қуанып қарсы аламыз.
Аяз Ата келгенде
Билейміз, ән саламыз.
5. Ақ қар жапты даланы
Ақ жамылды айнала
Жарқыратып шамдарын,
Шырша келді ортаға
6. Ауыл маңы қар аппақ,
Қызықтар көп не түрлі.
Ақ дәптерді парақтап,
Қыс отырған секілді.
7.Жаңа жылда, балалар,
Тек қуаныш көріңдер.
Ауырмаңдар ешқашан,
Мықты болу өзіңнен.
8.Әкем таңдап әкелді
Ең үлпілдек шыршаны,
Иісі аңқыған шыршаны,
Жарқыраған шыршаны...
Жұпар иісі аңқыды,
Апамды да мәз қылды!
Залға Урса кіреді сандықша сүйретіп.
Зуза:Тағы не акеле жатырсың?Адамдар түрлі қоқысты теңізге лақтырады,ал сен болсаң оларды жинайсың.Әкет мына қоқысты.
Урса:Қоқыс? Кәне қоқыс? Бұл сандық
Русалка: (Урсаны айналып) Көрсетші!
Урса:Сәлеметсіңдер ме,құрметті қонақтар.Мында не айқай шу!Менде көргім келеді.Жаңа осы жаққа келе жатып,жолда мына сандықты тауып алдым оның иесі кім екенін білмейсіңдер ме?
Русалка:Ол Аяз ата бұл соның сандығы!Ол жай сандық емес,сиқырлы шығар.Оны маған берші!
Урса:Неге саған беруім керек?
Русалка:Ал неге ол сенікі болу керек?
Урса:Кім мұнда басшы?Мен қазір мұнда қарақшыларды шақырам олар сені қорқытады. Кәне,қарақшыларым шығыңдар!
Би: «Қарақшылар»
Русалка:Кім қазір қарақшылардан қорқады дейсің?
Урса:Ал жақсы!Ендеше мен сендерге сұрақ қоям егер сендер ол тағамдарды жақсы көретін болсаңдар ИЯ! Егер жақсы көрмесеңдер үндемейсіңдер
-Кім апельсин,Ал кім алма жақсы көреді,Ал кім картоп жақсыкөреді?
-Кім мандарин,ал кім ананас жақсы көреді,ал кім қызылша жақсы көреді?
Русалка:Кәне,балалар шеңберге тұрып әсем ән айтайық,ал сен Урса бізге сандықты бер!
Урса:Жарайды!
Ән: «Шыршыжыры»
Урса:Ха-ха-ха ерте қуаңдыңдар!
Русалка:Бізде тек балалар ғана өнерлі емес,ата-аналарымзда өнерлі.Мен қазір керемет би көрсетем ал ата-аналар қайталайды.
Урса:Мен де билеймін!
Русалка:Ал саған би блеуді үйреттік,енді сандықшаны бер!
Урса:Ту-ту ән айта аласыңдар,би билеу білесіңдер.Қандай тапсырма берсем екен.
(Залға Аяз ата мен Ақшақар кіреді)
Урса: Сіз кімсіз? Аяз атасыз ба?
Аяз ата:Сәлеметсіңдер ме, менің қымбатты достарым! Келе жатқан жаңа жылдарыңызбен!
Ақшақар:Сәлеметсіңдер ме,балалар,қонақтар сіздерді келе жатқан жаңа жылдарыңызбен құттықтаймыз!
Зуза:Кім келді! Не әкелді?
Барлық бала: Аяз ата мен Ақшақар
Аяз ата:Балалар,мен өзімнің сиқырлы ноутбугымды осында екенін білемін.Онда интернет бар мен сол арқылы кімге қайда сыйлық апару керек екенін біліп отырамын.Өтінемін маған ноутбугымды қайтарып беріңдер!
Урса:Енді қайтеміз? Онда менің жұмысым жоқ.Шабақ бар,сазан бар,шортан бар ал сіздін айтып отырған ноутбугыныз жоқ
Аяз ата:Осында деймін менің сиқырлы сандықшам
Жүргізуші: Аяз ата,сіз сонау алыс жолдан келдіңіз төрге шығып демалыңыз Су патшалығының тұрғындары сізге сандықшаңызды қайтарып береді деген ойдамын.Оданша балалардың тақпақтарын тыңдаңыз
Тақпақтар: 8 бала
9. Аспан жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап
10. Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген
Қандай әсем шыршамыз.
Ән шырқайық баршамыз 11. Оралды өлкеме
Жаңа жыл, армысың!
Оранды ақ көрпе
Асқар тау, қарлы шың.
12. Аяз ата келіп тұр,
Бізге сәлем беріп тұр.
Сақалының ұзыны-ай
Кесіп алсам шіркін-ай!!!
13. Жасыл желен жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сагынған.
14. Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа-жыл
Ата-әже, әке - шеше
Құтты болсын Жаңа жыл
15. Жылдың әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.
16. Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы әпкелер жаңа кеп,
Мерекені бастаған. Русалка:Бідің қыздар «Русалка» биін билеп берсе қайтеді?
Аяз ата: Урса,енді сен маған сиқырлы сандықшамды беретін шығарсың?
Урса:Жоқ дедім!
Аязата:Сен өтірік айтасың қазір біз саған көрсетеміз.Кәне балалар,айғалаңда!Сықырыңдар!Аяқпен тарсылдатыңдар! Қазір осы жерде теңіз дауылы пайда болады.Су патшалығы жоқ болады.
Урса: (құлағын жауып) Тыныш,тыныш қойыңдар біге ондай шудың керегі жоқ.Ал менде сандық бар десеңіздер.Мен оны тек сендер маған өлең,би билеп берсеңдерғана беремін!