kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қош бол, сүйікті балабақшам

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балабақшамен қоштасу сценарий мектепке дейінгі ұйымдарға арналған.  

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қош бол, сүйікті балабақшам»

Қош бол, сүйікті балабақшам!

Тақырыбы: «Қош бол, балабақшам!» ертеңгілігі
Мақсаты: Балалардың мерекелік көңіл - күйін қалыптастыру. Балабақша, мектеп туралы өлең шумақтар, әндер айтқызу арқылы балалардың тілдерін дамыту. Көріністер арқылы мектепке дайындығын тексеру. Балалардың бір жылда алған білімдерін тиянақтау. Оқуға деген қызығушылығын арттыру.

Жүргізуші:

Алдарымда сан тарау жолдары тұр

Түлектерім жақсы оқушы болғалы тұр.

Даярлықтың есігін ашпақ міне

Келген қауым қол соғып қолда міне.

Балабақшам айбынды ақ ордамыз

Өзіңді қалайша біз ұмытамыз.

Ал, енді бітіруші түлектерді

Қошеметпен ортаға шақырамыз.

(музыка әуенімен)


Сұңғақ бойлы, - Ғайнедин мен биязы мінезді-Ақбаян

Топтың сабырлы да ұяңы- Ершат пен әдемі-Ару

Білімді де жан жақты- Ерасыл мен Сымбат

Әр нәрсенің мәні бар-Нұртаза мен Ақботаның өз орны бар.

Салмақты бала- Аян, Сабырлы қыз- Фариза.

Биші қыздарымыз- Айару мен Айназ

Мінезі темір қайсар жігіттер- Нұрәлі мен Ерәлі

Нәзік қыздар- Назира мен Аяулым

Терең ойлы- Досымжан мен Тік мінезді-Асылзат

(балалар орындарына отырады.)

Жүргізуші: Құрметті ата - аналар, қонақтар, балабақша қызметкерлері!

Бүгін біз мәпелеп, күтіп, тәрбиелеп өсірген бүлдіршіндерімізді мектеп табалдырығына шығарып салғалы отырмыз. Әрине бұл да үлкен той, тойларыңыз құтты болсын!


Дорогие родители, дети вот и пришла нам с вами прощаться, желаем вам успеха в школе, что всегда радовали нас. Поздравляем с праздником!


Гуд дей гестс, пәрентс. Ю а уелкам төу ауә киндәгадн. Тудей уи а гоуин төу сенд ауә чилдрән төу скул. Мей еврисин нам тру.


Жүргізуші:

Ақ тілекті ағытып бір тастайық.

Қоштасатын кешімізді бастайық.

Жүздерінде көрем шаттық арайы

Өтсін солай әрбір күнің, әр айың. – деп балаларымыздың өлең тақпақтарына кезек берейік.


Бізге тәртіп үйреткен Ерасыл

Ән салдырып билеткен.

Таныстырған ең алғаш

Әріптер мен суретпен.

Тәрбиеші тәтеміз....


Доспен тату ойнауды Айназ

Мерекені тойлауды.

Көптің қамын ойлауды,

Бойымызға сіңірген.

Тәрбиеші тәтеміз...


Бізге тұңғыш тақпақты, Досымжан

Жалықпастан жаттатқан.

Түсіріп топ сынына,

Жақсымызды мақтатқан

Тәрбиеші тәтеміз ...


Білуге бізде құмармыз Асылзат

Маза да алған шығармыз.

Таза сәби жүректен,

Қабылдаңыз мың алғыс.

Тәрбиеші тәтеміз ...


Біз үшін екінші анамыздай Барлығы бірге

Еркелеткен бауырында баласындай

Қасиетті бұл кісі кім дейсің бе.

Олар біздің сүйікті: Зулфия Хайрушқызы, Зергул Закияқызы,

Жадыра Бекетқызы, Ділдә Ажғалиқызы.

Жүргізуші:

Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді,

Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды.

Бізден ұшып, қанат қағып есейдіңдлер.

Өздеріңмен қоштасатын күн туды- дей келе балалардың балабақшамен қоштасу әнін қабыл алыңыздар.

Ән : «Балабақшам, қош енді»


(Цыган келеді қолында гүлдерімен келіп ойын ойнатады.)

Сәлеметсіздер ме, балалар? Сәлеметсіздер ме, ата аналар? Байқаймын, басымды шайқаймын бүгін барлығы әдеміленіп кетіпті. Қандай мереке тойлап жатырсыңдар?

-Балабақшамен қоштасып жатырмыз.

-Қандай керемет! Мен карталарыма қарап жіберейін олар маған бүлдіршіндердің болашағы жайында не айтады екен? Ой, қандай ғажап! Менің карталарым балаларыңыздың жолдары ашық, жарқын болады дейді.Менің карталарым алдамайды. Ал, кімнің өскенде кім болатынын айтып берейін бе?

-Ия!

-Ендеше, маған алдымен қыздар келсінші!

Ойын : «Кім болам?»

-Енді, ер балалар келе қойсын!


Цыган: Балаларыңыз үлкен азамат болып өссін! Жақсы маман иесі болсын!


Жүргізуші: Айтқаныңыз келсін! Сізге көп көп рахмет! Сіздің құрметіңізге біздің бүлдіршіндер «Цыган» биін билеп бермекші! Қабыл алыңыздар!

Би : «Цыган биі»


Жүргізуші:

Алдындағы балалар,

Мектепке кетіп барады.

Тақпақ айтып бір бірден,

Қимай кетіп барады. - дей отырып, балаларымыздың үш тілдегі өлең шумақтарына кезек берейік.

(Тақпақтар үш тілде)

Қоштасып мен бүгін балалықпен, Сымбат

Қоштасамын сиқырлы бала бақпен.

Танысып мектеп деген әлемменен,

Достасамын біліммен даналықпен.


Сен үйреттің сөйлеуді, Нұрәлі

Сенде ойым есейді.

Мектепке барам мен енді,

Балабақшам қош енді.

Ты нас принял малышами. Сымбат

Детский сад наш дом родной

Мы теперь большими стали

И прощаемся с тобой!


Детский сад наш, до свидания! Досымжан

Мы уходим в первый класс

И хоть грустно расставанье.

Не волнуйся ты за нас.

Наступает минута прощания. Ару

Но не будем грустить мы друзья.

Навсегда в вашей жизни останется

Детский сад как родная семья.


Санк ю май тичэ Ғайнедин

Фо тичин ту би

Бигэ, стронэ, файтэ

Академикали.


Зис киндэгэ дансиа Ақбота

Хэз кам ту эн энд

Сэй гуд бай ту ич

Тичэ энд френд

(осы кезде клоун келеді)

Клоун : Балалар, не тойлап жатырсыңдар?

-балабақшамен қоштасу кешін тойлап жатырмыз.

-Ендеше мен сендердің көңілдеріңді көтерейін. Менімен бірге би билейсіңдер ма?

-ияя билейміз.

Жүргізуші:

Бишілерде өнер көп

Билейді биді мәнерлеп.

Көңілді күйді көріңіз,

Өнерге баға беріңіз. Деп «Айгөлек» тобының балаларының орындауында:

Би : «Көңілді балақайлар»

(Осы кезде Білгішбек келеді.)

-Амандасады. Балалар қандай әдемісіңдер,

-Қандай мерекені атап өтіп жатсыңдар?

-Біздер балабақшамен қоштасып жатырмыз.

-Сндердің де мектепке баратын уақыттарың таяп қалды, сол себепті мектепке дайындықтарыңды тексеруге келдім.

-Мектепке баруға дайынбыз ба?

-Дайынбыз.

-Ендеше мен сендерді мектебіме шақырам.

-Бұл менің мектебімнің көрінісі.

(Экраннан сурет бойынша таныстырады.)

-Осы мектептен білім алғыларың келе ме?

-Ияя

-Ендеше білімдеріңді тексерейін.

-Оқу білім туралы мақал-мәтел айтып беріңдер?

-Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.

-Білім инемен құдық қазғандай.

-Ілім шырақ, білім бұлақ.

-Жыл мезгілдерін атаңдар?

-Бір жылда неше мезгіл бар?

-Атап беріңдерші үш тілде?

-Онға дейін санауды білесңдерме?

-Үш тілде санап беріңдерші?

-Бір аптада неше күн бар?

-Тағы не үйрендіңдер, қандай өнерлерің бар?

Жүргізуші:

-Білгішбек сіз мерекеміздің соңына дейін қатысыңыз біздің балаларымыздың жан жақты екеніне тәнті боласыз.

біздің балаларымыз сонымен қатар балабақшада жан жақты білім алып қана қоймай, би десе биде билейді, ән десе әнде салады,

-Солайма балалар?

-ия солай.

Білгішбек: қандай тамаша би, өнерлерің өрге жүзсін. Ал ендеше балалар мектепке бару үшін сөмкеге қандай заттар керек екенін білесіңдер ме?

Иә білеміз.

Ойын : «Сөмкеңді жина»

Жүргізуші:

Қуан, шаттан, алақай!
Қуанатын күн бүгін.
Шәкірттермен қимай біз
Қоштасатын күн бүгін! Деп өздеріңмен қоштасып тілектерін білдіру үшін, балабақша тәрбиеленушілерін ортаға шақырайық.


Сендермен бірге өстік біз, Анаргүл

Көп жақсы нәрсе үйрендік.

Шығарып сап мектепке,

Құттықтауға келдік біз.


Амал қанша бұл анық, Замир

Қоштасатын кез келді.

Ойыншықтар мұңайып,

Іздейді ау енді сендерді.


Өздеріңді оларда, Інкәр

Сағынады біліңдер.

Бізбен бірге ойнауға,

Келіп кетіп жүріңдер.
Жүргізуші: Балалар бүгін сіздердің ойыншықтарыңда көңілсіз, сендерді қимайды, бірақ сендер олармен қоштасып, мектеп табалдырығын аттап, оқушы атанасыңдар, олармен қоштаса отырып би билейік.

Би : «Балабақшамен қоштасу»

(тілек білдіруші балалар ойыншықтарымен шығып кетеді)

Жүргізуші: Балалар сендер дұрыс жасадыңдар, енді сендер ойыншық пен емес әліппемен дос боласыңдар.

Жүргізуші:

Мы наших милых малышей,

Сегодня в школу провожаем.

Добра и счастье им желаем!

Дорогу школьникам скорей!

Песня : «Чему учат в школе»

Жүргізуші:

Оқимыз білім аламыз,

Болашақ жолын саламыз.

Бақшаменен қоштасып,

Мектепке енді барамыз, деп енді балаларымыз балабақшадағы апайларына өз ризашылықтарын білдірмек.

(Балабақша қызметкерлеріне арналған тақпақтар)

Ұстаздардың ұстазы, Назира

Тәрбиенің ұстасы,

Меңгеруші апайға

Ырза әке, шеше де

Бізде мұнда әрдайым

Бәрі бәрі дап дайын.

Қамымызды ойлаған

Меңдігул Төлеқызына

мың алғыс!


Дәрумен жеп қолынан Ғайнедин

Өскен сәби баламыз.

Дәрігер Қамария апайға

Алғыс айтып барамыз.


Талай талайбаспалдақты аттармыз. Ару

Атан ананың да үмітінде ақтармыз.

Жадыра Бекетқызы

Сізден алған ақылды

Есімізде өмір бақи сақтармыз.


Төсек орны тап таза Нұртаза

Аппақ жуған сүлгісі

Мағауия апай сізге де

Балалардан мың алғыс!


Орындық шкаф, төсекте Фариза

Шанышқы мен кеседе,

Бәріде өзі келеме

Соның бәрін табатын.

Шаршамайтын күлетін

Зыр жүгіріп жүретін

Лунара Тұрарбекқызына

Мың алғыс!


Естен кетпес үніңіз Ершат

Бізбен өтті әр күніңіз.

Шығар деп күйші әншілер,

Үмітпен бізге қарайтын

Жамила Сатқалиқызы мен

Мейрамгүл Маратқызына

мың алғыс!


Әр кезде де шаршамай Ақбота

Бізге билеуді үйреттің,

Мың бұралған

Айнаш Бержанқызы

Бізден сізге мың алғыс!

Есеп қисап жүргізетін Ерәлі

Бақшаға кіріс кіргізетін

Есепші Бибігүл апайға

Біз айтамыз мың алғыс!


Знать англиский и казахский Ақбаян

Руский тоже надо знать

Чтоб прочесть простую сказку.

Или что то написать

Зағипа Ахметқызы мен Салтанат апайға

Мың алғыс!


Жан дүниеңді түсінетін, Айару

Жан жақты көмек беретін.

Психлолог Айдана Бейбітқызына

Мың алғыс!

Ата анамен ойын: «Ия, ия. Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық.

-Балаңызға әрқашан тірек сіз ба?

-Сабақ оқып, есепке сіз жүйрік сіз ба?

-Тамағын уақытында бересіз ба?

-Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз ба?

-Сериал көріп жатасыз ба?

-Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?

-Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тарпа сөзді айтасыз ба?

-Сен оқыт, мен оқып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?

-Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба?

-Бала үшін асулардан асасыз ба?

Білгішбек : Қандай білімді, тәртіпті, өнерлі балалар! Мен сендерге ризамын. Барлығыңды 1 қыркүйек білім күні мектепте күтетін боламын. Қош сау болыңыздар! Мен сендерді күтемін!

Жүргізуші: Ой рахмет Білгішбек, сенімдеріңізді ақтаймыз. Ал балалар, қараңдаршы енді мектепке баруға әбден болады, бізге рұқсат бар.

Жүргізуші: Қарашы бүгін күн қандай?
Қалайша қаласың нұрланбай!
Енді уақыт басқаша
Жер шары айналып тұрғандай!
Кезекті әсем қоштасу вальсіне берейік!


Би : «Вальс биі»

Жүргізуші:

Балабақша сендермен
Көркейді де гүлденді.
Енді уақыт басқаша,
Білім қажет бәріңе!

Деп құттықтау сөзді балабақшамыздың директоры: Муканова Меңдігүл Төлеқына сөз береміз!

Балаларды марапаттау рәсімі.


Ән: «Біз мектепке барамыз!»


Жүргізуші:

Бізден ұшып талмай қанат қағыңдар,

Жүректерден арман отын жағыңдар.

Жақсы оқып алтын ұя мектепте,

Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар!

Бәріңді де сәбиім деп сүйетін,
Өздеріңді сағынып біз жүрейік

Құтты болсын қадамдарың аттаған

Біз сендерге сәтті сапар тілейік!





















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Қош бол, сүйікті балабақшам

Автор: Сабыргалиева Камшат Утемисовна

Дата: 03.06.2019

Номер свидетельства: 513210

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(50) "Қош бол сүйікті балабақшам!"
    ["seo_title"] => string(30) "k_osh_bol_suiikti_balabak_sham"
    ["file_id"] => string(6) "403865"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1490630763"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Ертеңгілік "Қош бол, сүйікті балабақшам!""
    ["seo_title"] => string(39) "ertengilik_kosh_bol_suiikti_balabaksham"
    ["file_id"] => string(6) "586494"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1631291446"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "Ерте?гілік "?ош бол, с?йікті балаба?шам""
    ["seo_title"] => string(38) "iertienghilikkoshbolsuiiktibalabaksham"
    ["file_id"] => string(6) "310433"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459014962"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "?ош бол с?йікті балаба?шам"
    ["seo_title"] => string(30) "k-osh-bol-suiikti-balabak-sham"
    ["file_id"] => string(6) "294038"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1455596922"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) ""Қош бол, сүйікті балабақшам!""
    ["seo_title"] => string(32) "k_osh_bol_suiikti_balabak_sham_1"
    ["file_id"] => string(6) "460082"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1519758341"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства