Ақтау қалалық әкімдігінің білім бөлімінің «№ 35 «Балдырған»бөбекжайы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
«Бекітемін»
№35 «Балдырған» бөбекжай директоры
________________М.М.Кабдрахманова
«____» ____________2016ж
«Көңілді мәре»
(Бөбекжай қызметкерлері арасында өткізілген эстафеталық жарыс)
Өткізген дене шынықтыру мұғалімі:
Төлегенова Г.Т
Ақтау қаласы
2016-2017 оқу жылы
Тақырыбы: «Көңілді мәре» Бөбекжай қызметкерлері арасында өткізілген эстафеталық жарыс
Мақсаты: Бөбекжай ұжымының спортқа деген қызығушылығын арттыру, қимыл қозғалыстарын жетілдіру, ептілік, шапшаңдыққа баулу. Бір орта мақсатты жұмыла бірігуге, ұйымшылдыққа баулып, қимыл әрекетке жаттықтыру.салауатты өмір салтын насихаттауға және спортпен шұғылданып тұруға шақыру. Күш қуат пен секіргіштікті дамыту.
Жүргізуші: Құрметті бөбекжай ұстаздары, қызметкерлері және қонақтары бүгін біздің бөбекжайымызда үлкен спорттық мереке. Бүгінгі біздің жарысқа тәрбиешілер мен қызметкерлері және тәрбиеші көмекшілері мен басшылықтан ұстаздарымыз қатысқалы отыр. Олай болса ұжымдастармен бірге орындайтын спорттық өнерлерін көрсетуде, жылдам, епті, ұйымшылдық және көңілді екенін көрген қандай қуаныш. Біз онда қызметкерлерге сәт сапар тілейміз.
Спорт-көркі өмірдің,
Спорт – досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп толарсың,-
демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спорттық серік етейік.
Жарысты бастамас бұрын әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныс болайық:
Ендеше жарысымызды бастамас бұрын ортаға музыка жетекшісі Амиргалиқызы Ақтотының «Қазағым» әнімен ортаға қарсы алыңыздар.
Жүргізуші: Бүгінгі сайсымыз 8турдан түрады ойын атауымен таныс болыңыздар.
«Таныстыру».
«Шаңғы тебу».
«Кім шапшаң?»
«Қайраттылар».
«Кім епті?»
«Кім жылдам?»
«Біз мықтымыз».
«Бәрекелді».
Қасиетті жердің,
Егеменді елдің
Біз шыныққан шымыр ұланы.
Самғай биік ұшқан,
Ғарыш төсін құшқан
Құрыш қайрат қайсар қыраны
Ұстаздарды таңдап,
Шеберлікті шыңдап,
Дайындалып келдік жарысқа.
Достарымды демеп,
Тобымызды жебеп.
Үлес қосам ортақ табысқа,-
деп келген бүгінгі сайысқа қатысушыларымызды қолдап ойынымыздың бірінші кезеңіне кезек берейік.
Бірінші: Таныстыру бөлімі.
Шарты: Қатысушылар өз командасын және төс белгілерін толық таныстырып өтеді. Жақсы таныстырған қатысушыға жоғары ұпай беріледі.
Әділқазылар алқасының бағасы 3-4-5 ұпаймен бағаланады
ең жоғарғы ұпай «5»
Ойынның аты: «Шаңғы тебу».
Ойынның шарты: Қатысушылардың аяғы жіппен бір біріне байланып қолдарына ұзын таяқша ұстап мәре сызығынан сөре сызығына шаңғы жүрісімен жүріп мәреге келу 3 мәрте қайталау. Бірінші келген команда жеңімпаз атанады.
Әділқазылар алқасы бағаларын берсін.
Ойынның аты: «Кім шапшаң?»
Ойынның шарты: Қатысушылар мәре сызығынан бөбекжайды айналып жүгіріп келеді де келесі қатысушыға қолындағы таяқшаны береді таяқшаны алған қатысушы жүгіруді жалғастырады. Бірінші келген командаға жоғары ұпай беріледі жеңімпаз атанады.
Әділқазылар алқасы бағаларын берсін.
Ойынның аты: «Қайраттылар».
Ойынның шарты: Арқан тартыс ойыны бірінші екі команда арқан тартады содан жеңген команда үшінші командамен арқан тартысады, үшінші екі женген команда тартысқа түседі содан ұтқан команда жеңімпаз атанады.
Әділқазылар алқасы бағаларын берсін.
Ойынның аты: «Кім епті?»
Ойынның шарты: Қатысушылар мәре сызығынан сөре сызығына кедергілер арасымен аяғына қап киіп алып секіріп барып кері қайтады. Бірінші келген команда жеңімпаз атанады.
«Әділқазылар алқасы бағаларын берсін.
Ойынның аты: « Кім жылдам?»
Ойынның шарты: Қатысушылардың қолы артына байланады мәре де стол үстінде түрған жүлдызшаларды аузымен қыстырып алып сөреде тұрған себетке алып барып салу керек, жұлдызша біткенше ойын жалғастыра береді. Бірінші келген команда жеңімпаз атанады.
Әділқазылар алқасы бағаларын берсін.
Ойынның аты: «Біз мықтымын».
Ойынның шарты: Қатысушылар мәре сызығынан сөре сызығына кезек -кезек бір- бірін арқалап жүгіріп барып кері кері жүгіріп келеді. Бірінші келген команда жеңімпаз атанады.
Әділқазылар алқасы бағаларын берсін.
Ойынның аты: «Бәрекелді».
Ойынның шарты: Әр команда шығыршықтың ішіне кіріп мәре сызығынан сөре сызығына жүгіріп барып кері қайту. 3-мәрте қайталау. Бірінші келген команда жеңімпаз атанады.
Әділқазылар алқасы бағаларын берсін.
Жүргізуші: Өнерге бейік сеніңіз,
Думанға қызық келіңіз,
Әділқазы ел сенген,
Өнерге баға беріңіз!
Ендеше бүгінгі «Көңілді мәре» атты спорттық сайысымыз өз мәресіне жетті. Уақыттарыңызды бөліп келгеніңзге рахмет. Ендігі кезекті әділ бағаларын беретін әділқазы алқаларына сөз кезегін берейік. Қош сау болыңыздар.