Просмотр содержимого документа
«"Кім жүйрік" ұлттық ойындардан сайыс»
Тақырыбы: “Кім жүйрік”
Мақсаты: Ұлттық ойындармен таныстыру.Ұлттық ойын арқылы өз халқының тарихын .салт-дәстүрін түсіндіру .Шапшаңдыққа байқағыштыққа жылдамдыққа баулып дене қасиеттерін дамыту.Ұлт ойындарын үйрету арқылы достыққа,сыйластыққа ,адамгершілікке тәрбиелеу.
Ұлттық ойын баланың дамып жетілуіне, адамгершілік қаиеттерінің артуына психикасына да тигізетін әсері мол.Ұлттық ойындарды балаларға үйретуде, олардың өмірі туралы мағлұмат беруге болады дей отыра бүгінгі сайысымызды бастаймыз.
Біздің сайысымызға қатысқалы отырған “Шағала “ ,”Балдәурен” ортаңғы топ балалары жарысқа түседі.Командалар өздерінің жылдамдықтарын, ой-өрістерін күш-жігерін көрсетуден күш сынасады.Ал енді сайысқа қатысушы командалар сапқа тұрады.
1.”Арқан тартыс”
Ойын шарты: ойнаушылардың саны он баладан көп болмаганы жөн.Ойынға ұзындығы сегіз он метрекі ұшы түйілген арқан керек. Арқанның тең ортасына белгі ретінде қызыл мата байланады.Ойынға қатысушылар бойына қарай бір қатар жасап тұрады да, ойын жүргізушінің тапсыруымен бір ,екі деп санап шығады.Содан кейін екі дегендері жұп біржаққа , бір дегендері тақ екінші жаққа бөлінеді.
2.”Ақ серек-көк серек”
Ойын шарты: Екі команда балалары бір-біріне қарама-қарсы тұрып кезекпен бір команда екінші командаға «ақ серек көк серек” бізден сізге кім керек “деп айтады екінші команда сзден бізге деп баланы атап шақырады.Ойын жалғаса береді.
3.”Сақина салу”
Мақсаты:Байқампаздыққа ,шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Балалар тізерлеп ,қолдарын алға созып ,алақандарын тосып отырады.Басқарушы аралап жүріп ,сақинаны бір баланың қолына салып кетеді.Сақина алған бала айналасындағы балаларға білдірмеу керек.Басқарушы “ақ қояным атып шық” дейді ,сол кезде қолыңда сақинасы бар бала шапшаң атып тұру керек, ал жанындағы балалар үлгеріп ұстап алуы керек.Егер ұстай алмаса ,қатар отырған көршілері өлең немеме тақпақ айтады, егер ұсталып қалса ,ұсталған бала өз өнерін көрсетеді.