Просмотр содержимого документа
«Әкем, шешем және мен»
Ақтау қалалық әкімдігінің білім бөлімінің «№ 35 «Балдырған»бөбекжайы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
«Бекітемін»
№35 «Балдырған» бөбекжай директоры
________________М.М.Кабдрахманова
«____» ____________2016ж
«Әкем, шешем және мен- спорттық отбасы!»
(отбасылық спорттық сайыс)
Дайындаған: дене шынықтыру
мұғалімі Төлегенова Г.Т
Ақтау қаласы
2016-2017 оқу жылы
Қатысушы: №6 №9 ересек тобының бүлдіршіндері мен ата-аналары.
№10 №11 мектепалды даярлық тобының бүлдіршіндері мен ата-аналары.
Мақсаты: Бөбекжай бүлдіршіндері және ата-аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің маңызын түсіндіру. Оларға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылығын арттыру. Салауаттану – адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Ата-аналарды бөбекжай қызметіне тарту.
Құрал –жабдықтары: доптар , секіртпелер, кеглилер, үлкен қапшықтар, шығыршықтар, кіші доптар, ысқырық, вилосипедтер, құм салынған дорбаша.
Жүргізуші: Армысыздар, ата-аналар, ұстаздар! Армысыздар! Болашақтың бастауы, балғын шақты балалар! Болашақ үшін қиындыққа қол созған соң, үміт күткен ел арманың қолдасын! Бүлдіршіннің жүрегіне жол тартқан, ізгі ниет жақсы өнерге тозбасын,-дегендей, бүгін «Әкем, шешем және мен-отбасылық спорт!» атты отбасылық спорт сайысына қош келдіңіздер!
Береке де-осында!
Мереке-де осында!
Болып жатыр той-думан!
Қырандардың қасында!
*****
Көңіл қойып қараңыз,
Жалындап тұр ғой баламыз.
Жарыссын кәне төрт топ,
Қол соғып қарсы аламыз!
Ортаға: «Жұлдыз», «Сұңқар», «Береке» және «Ынтымақ» отбасылық топтар шығады.
Ал құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер!
Әділ қазы алқасы!
Әділ баға беріңдер!
Жүргізуші: Жарысты бастамас бұрын әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныс болайық:
Бөбекжай тәрбиешісі : С.Дюсенова
Бөбекжай медбикесі: М.Унайбаева
Бөбекжай психологы: Л.К. Кентанова
Жүргізуші: «Сәлем-сөздің анасы» деген нақыл сөз бар. Ендеше жарысымызға келген төрт тобымыз өздерінің тобын таныстырып өтсін.
Таныстыру:
Шарты: «Әр топ өз тобының атын, ұранын айтып таныстырады»
«Жұлдыз» тобы ортаға өздерін таныстырсын
«Сұңқар» тобы ортаға өздерін таныстырсын
«Береке» тобы ортаға өздерін таныстырсын
«Ынтымақ» тобы ортаға өздерін таныстырсын
Әділқазылар алқасының бағасы 3-4-5 ұпаймен бағаланады
ең жоғарғы баға «5» ұпай
Жүргізуші: Жарайды ендеше ата-аналар және балалар сайысымызды бастамас бұрын , дене шынықтыру мұғалімімен бірге денемізді бір сергітіп алайық.
Жүргізуші: Ендеше сайыстың шарттарымен таныс болдық, әр сайысымыз әділқазылар 3-4-5 деген ұпаймен бағалайды. Ендеше сайысымызды бастайық.
Ойынның аты: Кім шапшаң? (аналар)
Ойынның шарты: Аналарымыз мәре сызығынан сөре сызығына кедергілер арасымен секіртпемен 3 рет секіріп барып, кері секіріп келу.
Әділқазылар алқасының бағасы 3-4-5 ұпаймен бағаланады
ең жоғарғы баға «5» ұпай
Ойынның аты: Кім епті?(ата-аналар)
Ойынның шарты: Әкесі мен анасы баласын қолына отырғызып алып мәре сызығынан төрешінің ысқырығы бойынша сөре сызығына кедергілер арасымен бар күшімен жүгіріп барып кері жүгіріп келу.
Әділқазылар алқасының бағасы 3-4-5 ұпаймен бағаланады
ең жоғарғы баға «5» ұпай
Ойынның аты: «Жарысайық бәріміз». (балалар)
Ойынның шарты: Балалар мәре сызығынан төрешінің ысқырығы бойынша вилосипедпен айдап кедергілер арасынан өтіп сөре сызығына барып кері қайту. Бірінші келген топ жеңімпаз атанады.
Әділқазылар алқасының бағасы 3-4-5 ұпаймен бағаланады
ең жоғарғы баға «5» ұпай
Ойынның аты: Жылдам-жылдам (ата-аналар, балалар)
Ойынның шарты: Балалар мәре сызығынан тізесіне жұмсақ доп қыстырып алып кедергілер арасымен сөре сызығына барады, мәре сызығында тұрған аналары құм салынған қапшықты басына қойып денесін тік ұстап, қолын белге қойып кедергілер арасымен сөреге жүгіріп келеді ал, әкелері кедергілер арасымен 3 рет жүгіріп барып сөре сызығында тұрған баласы мен анасын үлкен дөнгелек обручтың ортасына алып үшеуі бірге мәреге жүгіріп келеді.
Әділқазылар алқасының бағасы 3-4-5 ұпаймен бағаланады
ең жоғарғы баға «5» ұпай
Жүргізуші: Өнерге бейік сеніңіз,
Думанға қызық келіңіз,
Әділқазы ел сенген,
Өнерге баға беріңіз!
Құрметті әділқазы алқаларының бағалары дайын болғанша бөбекжай бүлдіршіндері құлақтан кіріп бойды алар, жақсы ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой сала, әнді сүйсен, менше сүй,-деп Абай атамыз айтқандай, №10 Мектепалды даярлық тобының бүлдіршіні Сейтов Мадиді «Тұлпарым» әнімен ортаға қарсы алыңыздар.
Әділқазылар алқасы балалар мен ата-аналарды, марапаттап құттықтайды.
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, балалар жүлделеріңіз құтты болсын! Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге рахмет. Қош сау болыңыздар!