дене ?имылдарын дамыту, ?имылды ойындар?а деген ?ызы?ушылы?тарын арттыру, шапша?дылы??а, ептілікке ?йрету, жаны таза ?рпа?ты салауатты ?мір салтына т?рбиелеу.
Мақсаты: Отбасы мен балабақша арасындағы қарым-қатынасты нығайту, балалардың дене қимылдарын дамыту, қимылды ойындарға деген қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдылыққа, ептілікке үйрету, жаны таза ұрпақты салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Ойынға қатысушылар: Шағын орталық тәрбиеленушілері(3-5жастағы ұл балалар) және әкелері.
Әдіс-тәсілдері: Көрсету, түсіндіру.
Қажетті құралдар: Дене шынықтыру залы жалаушалармен, шарлармен әшекейленеді. Қанатты сөздер: ("Шынықсан- шымыр боласың", "Денсаулық зор байлық)", Әуен естіледі және жарысқа қажетті заттар.
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, ата-аналар ! Сіздер ұландар күніне арналған "Балауса" шағын орталығында ұйымдастырылып отырған, бірлікке, бауырмалдыққа шақыратын,баршамызға ойната отырып, ойланта алатын "МЕН және ӘКЕМ" танымдық, ойын сауықтық сайысымызға келіп отырсыздар.
Енді осы сайысқа қатысатын командаларымызды қошеметпен ортаға шақырамыз.
( "Адай" күйімен қатысушылар ортаға шығады)
Әділқазы алқасымен таныстыру:
1. Тәрбие ісінің менгерушісі:М.Н.Темиргалиева.
2. Мектеп кітапханашысы: Р.Д.Агинбаева
команда екіге бөлінеді, команданың аты, ұраны болады.
Командалармен таныстыру:
1 топ қырандар
ұраны:
Қырандай күшті қанатты,
Біз өрендер талапты.
1.Әлібек Нұрхат әкесімен
2. Батталов Абат әкесімен
3. Әлібек Ибрагим әкесімен
4. Құсайын Абзал әкесімен
2 топ тұлпарлар
ұраны:
Желмен бірге жарысқан,
Тұлпар қалмас жарыстан
1. Нұрбек Бекарыс әкесімен
2. Усеинов Амир атасымен
3. Айтимов Али әкесімен
4. Уахитов Ералы әкесімен
-Көріп тұрмын ойыншылар жарысқа барлығымыз дайын сияқтымыз.
Олай болса балалар жарысымызды бастаймыз.
1-бөлім:Эстофеталық ойындар "Кім жылдам"
1 тапсырмаБалаларға: Доппен жүгіріп барып қабырғаға допты тигізіп қайта жүгіріп келу
2 тапсырмаӘкелерге: қаппен секіру
3 тапсырма Балаларға: Үлкен доппен секіру
4 тапсырма
Әкелерге: Әкесі баласын арқалап жүгіріп барып, есеп шығарып артқа қайта жүгіріп келу
5 тапсырма
Балаларға: Доппен кедергілерден айналып өтіп, допты тегенеге салып артқа қайта жүгіріп келу
2-бөлім: "Жарқырасың жұлдызын" бөлімі бойынша қазақ халқының ұлттық ойыны "арқан тартыс"
1. екі топтың әкелері
2. екі топтың балалары
3-бөлім: "Буынсыз дене майысар"деп қазір жаттығуларымызды "қара жорға" биімен жасап жүргендіктен осы бимен ортаға шығып "Қара жорға" биін билеп жарысады.