Просмотр содержимого документа
«"Келді міне жаңа жыл!"»
Балалар безендірілген залға әуенмен кіреді.
Жүргізуші : Қош келдіңіз Жаңа жыл кешімізге
Жаңа табыс тілейік ісімізге
Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін
Мына отырған барша жан бәрімізге
деп, бүгінгі "Балбөбек" тобының "Төрлет ,құтты жаңа жыл! " атты ертеңілігімізге қош келдіңіздер.
Жаңа жыл мерекемізді көңілді әнмен бастайық.Балалардың орындауында ән
Ән: "Келді шырша"
Бүлдіршіндеріміз жаңа жылға жаттаған тақпақтарын қабыл алыңыз.
Ортаға (Сүгір,Раяна,Ақниет,Аймира,К. Аружан,Бегзат,Қазына.)
Сүгір: Жаңа жылды қарсы алдың, Мініп алып күймеге. Мен де бүгін ән салдым, Араластым биге де.
Раяна: Тауда туып Тауда өсіп Шырша келді ортаға Қандай жақсы шыршамыз Ән шырқайық баршамыз
Ақниет: Бізбен бірге жайдары Жарқырайды жайнайды Айналамыз шыршаны Айналамыз баршаны.
Аймира: Жасыл желен жамылған, Асыл моншақ тағылған. Міне сұлу шыршамыз Көптен күтіп сагынған.
К.Аружан:Тілеймін мен бар әлемге Дос көп болсын жаңа-жыл Ата-әже, әке - шеше Құтты болсын Жаңа жыл
Бегзат: Әдемілеп тізілген
Ойыншықтар тізілген
Қандай жақсы шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз.
Қазына: Жаңа жылым мол болсын Баскан қадам он болсын Төрле Төрле Жаңа жыл Бізге Құтты жыл болсын
(Қорылдаған дыбыс шығады)
Жүргізуші: -Балалар ,біреудің қорылдаған дауысы шығып тұрма?
(іздей бастайды)
Мәссаған, мында аю ұйықтап жатыр ғой.
(Аю,аю тур деймін деп, аюды оята бастайды.)
-Балалар барлығымыз бірге дауыстайықшы. (Аю тұрмайды)
-Енді қайттік , мына аю қорылдап , біздің кешімізді бұзатын болды ғой.
(Осы кезде музыкамен Түлкі мен Қоян кіреді)
-Саламатсыздарма балалар!
Жүргізуші:Саламатсыздарма Түлкі мен Қоянжан Қош келдіңіздер!
Түлкі:Жаңа жылдық мейрамды өзіміз тойлай бермей сіздерді құттықтайын деп келдік.Аю досымызды таба алмай алдық.Негізгі үшеуміз бірге келіп құттықтамақшы болып едік ,бірақ аю келіскен жерге келмей қалды.Сендер ол аюды көрмедіңдер ме?
Балалар : ия көрдік аюды.
Жүргізуші: Аю достарың шырша түбінде ұйықтап қалыпты.Біз оята алмай әлекке қалып жатырмыз.
Қоян: Қап,енді ол көктемге дейін ұйықтайтын шығар.
Түлкі:Білдім,білдім біз көңілденіп ойын ойнасақ, ол мүмкін оянар.
Ойын: "Кім жылдам "
(Аю оянады)
Аю: Мұнда не болп жатыр? Қандай әдемі балалар менің достарым да мұнда жүр екен.
Қоян:Аю кел бірге билеп балалармен көңіл көтерейік.
Би:"Аю мен қоян"
Жүргізуші: Біздің балаларымыз тақпақтарын тыңдай қойыңыздар.
ортаға (Еркеназ Адия,Елтай,)
Еркеназ:Жаңа жылмен ,жаңа жылмен
Құттықтаймыз әрине
Әкемізді анамызды
Қонақтардың бәрінде
Адия: Жаңа жылЖаңа жыл Жаңа жылға жаңа жыр Жасыл шырша жанында Билеп барлық бала жүр