kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Келді міне, Жа?а жыл!

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ма?саты: О?ушылар?а Жа?а жыл туралы ??ым беріп, жа?а жылды татулы?пен, досты?пен, бірлікпен ?ткізуге баулу. Жа?а жылда барлы? бойларында бар ?нерлерін орта?а салып ?йрету. К??ілді ?ткізу ?з ?олдарында екенін т?сіндіру.
Зал мерекеге сай безендірілген. Музыка фонында орта?а ж?ргізуші шы?ады.

Ж?ргізуші: С?леметсіздер ме, ??рметті балалар, ата-аналар, ?она?тар. Жа?а жыл мерекесі ??тты болсын! Келе жат?ан 2015 жыл ?ой жылы б?рі?ізге ба?ыт, шатты? ?келсін. Олай болса, «Келді міне, Жа?а жыл!» атты бастауыш сыныптар ерте?гілігіне ?ош келіпсіздер! 

Армысы?, аманбысы?, Жа?а жылым,
Жа?а жылым! О мені? Жа?а жылым!
?ой жылы келгенде, сый ?ып тартып,
А?тарайы? ?нменен к??іл сырын – дей келе ж?рекке жылылы? ?ялатар ал?аш?ы Жа?а жылды? ??тты?тау с?зді а?ыл ойы жетілген, саналы ?рпа?ты т?рбиелеп жат?ан білім ?ясыны? білікті басшысы, мектеп директоры Серік Амантай?лына береміз.
Ж?ргізуші: Жа?а жылды? та?ы неткен арайлы, 
А? мамы??а орап алып ма?айын. 
Жа?а жылмен ??тты?таймын деген ?н, 
?анаттана ке? ал?ап?а тарайды. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Келді міне, Жа?а жыл! »

Келді міне, Жаңа жыл!

Мақсаты: Оқушыларға Жаңа жыл туралы ұғым беріп, жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу. Жаңа жылда барлық бойларында бар өнерлерін ортаға салып үйрету. Көңілді өткізу өз қолдарында екенін түсіндіру.
Зал мерекеге сай безендірілген. Музыка фонында ортаға жүргізуші шығады.

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті балалар, ата-аналар, қонақтар. Жаңа жыл мерекесі құтты болсын! Келе жатқан 2015 жыл қой жылы бәріңізге бақыт, шаттық әкелсін. Олай болса, «Келді міне, Жаңа жыл!» атты бастауыш сыныптар ертеңгілігіне қош келіпсіздер! 

Армысың, аманбысың, Жаңа жылым,
Жаңа жылым! О менің Жаңа жылым!
Қой жылы келгенде, сый ғып тартып,
Ақтарайық әнменен көңіл сырын – дей келе жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген, саналы ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы, мектеп директоры Серік Амантайұлына береміз.
Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы, 
Ақ мамыққа орап алып маңайын. 
Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн, 
Қанаттана кең алқапқа тарайды. 

- Байқаймын, бұл кеште біздің достарымыз аңдар көрінбейді ғой. Мына шырша жанындағы қаптағы не болды екен?
- Мүмкін бізге достарымыздың жасаған сыйы, жаңа жылдық тартуы болар. Қане, балалар, бірге ашып, көрейік. Жо, жоқ, мүмкін мыстан болар деп мен қорқып тұрмын.
- Жарайды, ашсам ашайын. Былай келісейік, балалар. Бәріміз бірге 1..2..3 деп санап қаптың аузын бірге ашайық. Жарайма, балалар. Ендеше, бастайық.1, 2, 3.
(қаптың аузын ашқанда сайқымазақтар атып шығады)
1 сайқымазақ: Сәлем саған, туған ел!
2 сайқымазақ: Сәлем, сәлем, достар!
Ой, ой,ой біздің достарымыз аңдар көрінбейді ғой. Көп соза бермейік. Достарымызды ертіп келейік, қане?!
1 сайқымазақ: Кешті көңілді өткізу өз қолымызда ғой. Ертсек, ертіп келейік.
Жүргізуші: Балалар, мен қардың сылдырын естіп тұрмын.Тұра тұрыңдар сайқымазақтар.

(залға әндетіп Ақшақар кіреді, шырша түбіндегі қоянды көреді) 
Ақшақар: Ақ қоян-ау, ақ қоян неге жылап отырсын? 
Қоян: Бәрі-бәрі жақсы-ау, бірақ біздің ормандағы әсем шыршамызды Қар ханшайымы өз сарайына апарып, мұздатып, қатырып тастады, біз әсем шыршасыз жаңа жыл мерекесін қалай тойламақпыз. (Бәрі аң таң болып тұрғанда қу түлкі келеді). 
Түлкі: Неге жиналып қалғансыңдар? 
Қоян: Қар ханшайымы біздің ормандағы әсем шыршамызды өз сарайына апарып, мұзғып қатырып тастапты. Әсем шыршасыз жаңа жыл мерекесін қалай тойламақпыз? 
Түлкі: Менімен бірге жүріндер. Мен түлкімін-түлкімін, тұнып тұрған күлкімін. 
(шыршаны бір айналып шығады) 
Бәрі бірге:
Сәлеметсізбе, Қар ханшайымы! 
Ханшайым: Менің сарайымда неғып жүрсіңдер? 
Түлкі: Әсем шыршасыз біз жаңа жыл мерекесін қалай тойлатпақпыз? Шыршамызды қайтарып беруіңізді сұраймыз. 
Ханшайым: Олай болса, менің көңілімді көтеріңдер. 
Жүргізуші: Балалар, әсем шыршамызды қайтарып алу үшін Қар ханшайымына арнап би билеп берейік. 
Би: флэшмоб. (2 клоун, ақшақар, қоян, түлкі, қар ханшайымы т.б балалар)

Қар ханшайымы: Көңілімді көтеріп тастадыңдар, рахмет сендерге, балалар, әсем де көрікті шыршаларыңызды қайтарып берейін. 
Балалар: Алақай! 
Жүргізуші: Балалар, біздің мерекемізге тағы бір қонағымыз асығып, келе жатқан сияқты, бұл кім болды екен? (Залға арыстан кіреді) 
Арыстан: Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сендерге хат алып келдім. 
Жүргізуші: Хат кімнен екен? 
Арыстан: Ойланып көріңдер, кәне, балалар. Бізге жаңа жылда кім көп сыйлық береді? 
Балалар: Аяз ата мен Ақшақар. 
Арыстан: Өздерің қандай тапқыр балаларсыңдар? 
Жүргізуші: (Хатты оқиды) Балалар, Аяз ата сендерді құттықтапты, бізде қазір сендердің мерекелеріңізге барамыз! Сендер мерекелеріңді бастай беріңдер депті. 
Балалар, Аяз ата мен Ақшақар келгенше, арыстанға арнап, ән айтып берейік! 

Ән: «Қош келдің, Жаңа жыл!». Орындайтын 2 сынып оқушысы Авдолмұрат Арайлым.
Жүргізуші: Балалар, әр жылдың өз иесі бар. Өткен жылымыз – Жылқы жылы болды.

Түлкі: - Жаңа біздің ескі жылымыз жүр еді ғой. Бізбен қоштасуға қимай қамығып жүрген шығар, рахмет айтып ортаға алайық. 
(Музыкамен Ескі жыл кіреді) 
Ескі жыл:

Бүгіннен ертең ғаламат,

Алдыңғы сапта боларсың. 
Келер жыл саған аманат, 
Қош сау болыңдар, балалар! 
Жүргізуші: Ал, балалар, тұрмайық, 
Ескі жылдай ата бар. 
Оны ортаға алып біз, 
Қоштаса билеп қалайық 
Би: МАДТ
Жүргізуші:
- Ал, балалар, келе жатқан жаңа жылдың иесі не? Жұмбақты шешсеңдер-білесіңдер. Тыңдаңдар:

Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (Қой)

Балалар: Қой! 
Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, қой! Олай болса, балалар, Жаңа жылымызды қарсы алайық!

Түлкі, қояндар бірге: Алақай, алақай, жаңа жыл келді, қарсы алайық. (Осы кезде жаңа жыл кіреді) 
Жүргізуші: Жаңа жыл жаңа күннен басталады, 
Ашылып келешектің төс қаламы. 
Билігін ескі жылдың қолына алып, 
Жаңа жыл одан әрі басқарады. 
Жаңа жыл: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Рахмет, балалар, мені бөтенсітпей, шын ықыласпен қарсы алғандарыңа рахмет. Өнерлі, ақылды, тапқыр балалар екенсіңдер, 365 күн бірге боламыз. Айтпақшы, Аяз ата мен Ақшақар келген жоқ па? Осылай қарай кетіп еді. 
Жүргізуші: Жоқ, бізге Аяз-ата келген жоқ. Ал біз, жаңа жылымызды ортаға алып, ән шырқайық. Аяз ата дауысымызды естіп, тез келсін. Түлкі, қоян, арыстан сендерге де рахмет, қане біздің балалармен бірге көңіл көтеріңдер. 
Хоровод: Аппақ, аппақ, жапалақтап.

Аққала: Келем, келем, ұшып келем! 
Атамызға көмектесем, 
Үшкір ине-жасыл ине, 
Шыршаны жағуға мен келем. (Балаларды көріп қалады) 
- Ой, балалар, мен мерекеге кешігіп қалған жоқпын ба? 
Жүргізуші: - Жоқ, Аққала, сен кешіккен жоқсың, уақытында келдің. Балалар, келген қонақпен амандасайық. 
Балалар: - Сәлеметсіз бе? 
Аққала: - Сәлеметсіңдер ме? Балалар, сендер сыйлық, ойыншық, кәмпиттерді тосып жүрген шығарсыңдар? Мені осында Аяз ата шыршаны жағуға жіберді, сендер өздерің шыршаны жаға алмайсыңдар! 

Кел, балалар, келіңдер!
Тамашаны көріңдер.
Бірге үріп шыршаның 
Шамдарын жағып көріңдер!
-    Қане, бәріміз бірге үріп шыршаның шамдарын жағайық! Ол үшін мына сиқырлы сөздерді бірге айтайық.
Бір, екі, үш!(үш шапалақ)
Шырша жарқырай түс!(қолдарымен фонарик жасайды)

Жүргізуші: - Бұл қалай болғаны? Шыршамыз неге жанбай тұр? 
Аққала: (Сиқырлы даусымен)

Биылғы жыл мерекеде, 
Орманда жаңа заң шықты. 
Шыршамыздың маңдарын 
Сиқырлы кілтпен жағыпты. 
Жай емес, ол сиқырлы, 
Алтынменен қапталған. 
Жағайық еппен шыршаның 
Әдемі шамын қаптаған. 
- Ал, енді менімен бірге сиқырлы сөзді қайталаңдар! Бір, екі, үш, шырша жарқырай түс!

(Аққала қолындаған кілтімен шыршаны айналып өткенде, шырша жанады, кілтті шыршаның астына қояды) 
Аққала:
Міне, енді жағдай басқа, мерекені де бастауға болады. 

Жүргізуші: - Балалар, қараңдаршы шыршаның шамдары жарқырай түсті, қандай әдемі! Кәне, шыршамызға арнап ән айтайық.
Хоровод: «Тауда туып, тауда өскен»
(Балалар орындарына отырады)

1 сайқымазақ: Бұл бір ғажап мереке ғой. Қандай сүп-сүйкімді балалар! Ой, мен түсінбедім, біздің ортамызда неге Аяз ата жоқ, қане, балалар, шақырамыз атамызды!
2 сайқымазақ: Қойшы, шақырмаймыз! Мына мақтаған балаларыңыз Аяз ата туралы дым білмейтін шығар.

1 сайқымазақ: Неге олай дейсің? Қане, қойып көр сұрағыңды! Солай ма, балалар?

(2 сайқымазақ қағазын ашып жіберіп)
1. Аяз ата келе ме, тура сағат жеті де? ( балалардың жауабы)
2. Жұртқа ол әйгілі ме, мәсі, кебіс кие ме? ( Жоқ пима киеді)
3. Әй, сол атаңыз келе ме, бізге сыйлық бере ме? ( ия, келеді, сыйлық береді!
4. Әсем екен шыршамыз, шауып оны аламыз.(шаппақшы болып жақындаса)
балалар жоқ дейді.
5. Әдемілеп тізілген, Қауын - қарбыз ба ілінген? (Балалар: Жоқ, ойыншықтар!)
6. Аяз ата балалар,
Қорқа ма екен аяздан? (Балалар: жоқ, қорықпайды.)
7. Жағдайы жақсы ма екен,
Қаршақыз бен дос па екен? (Балалар: иә, дос.)
1 сайқымазақ: - Көрдің бе? досым, біздің балалар ақылды. Аяз атамыз да келіп
қалатын уақыт болып қалған шығар. Би билеп Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алуға дайындалайық.

Жүргізуші: Жүзімізде күлкі ойнап,
Естіледі әніміз. 
Жаңа жылды қарсы алып.
Би билейміз бәріміз. 
Би: 1 сынып
Жүргізуші: Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын. Соны шешесіңдер ме?
Балалар: Иә.
Жұмбақ:
Ақсақалды шал жылына
Бip - ақ рет келіп кетеді
Қызы мен ұлына
Сыйлық алып келеді
/Аяз Ата/
Жүргізуші: Балалар, енді жаңа жылдық мерекемізге Аяз атаны шақырайық. Ол орманда жүріп адасып кеткен болар.

Жүргізуші: Қанеки, балалар, Аяз ата мен Ақшақарды дауыстап шақырайық. 
Балалар: Аяз ата! Ақшақар!
Залға әндетіп Аяз ата кіреді, қасында Ақшақар немересі. 
Аяз ата: Естіп жатырмын, естіп жатырмын,
               Келе жатырмын, келе жатырмын   
              Жаңа жылдарыңмен,
              Жаңа жылдарыңмен!
               Балаларым, балғыным,
               Өмір гүлім, шалғыным.
               Тілегенім жыл бойы,
               Сендердің ден – саулығың.
               Амансың ба, ұлдарым,
               Аппақ ару қыздарым?
               Мен сендерге әкелген,
               Құтты болсын жылдарың!!!

-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сәлеметсіздер ме, ата-аналар, қонақтар!

Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар, қадірлі қонақтар! 
Балалар: Сәлеметсіз бе, Аяз ата, Ақшақар.

Ақшақар: Өздерің де аман-есенсіңдер ме, менің балғын достарым. Бізге әзірлеген өнерлерің болса көрсетіп, әсем ән айтып, би  билеңдер, таңдайларыңды тақылдап тақпақ айтып беріңдер. Аяз атаның дорбасында бәріңе жететін сыйлық бар.

Хоровод: «Аяз ата»

Ақшақар: Аяз Ата, ал сен балаларға қандай ойын әкелдің?
Аяз Ата: Мен ойынға қар әкелдім, қазір қармен ойын ойнаймыз. Бұл ойын «Кім жылдам?» деп аталады. Бұл ойынға 5 баланы шақырамын. Мына әдемі қарларды жылдам жинау керек. (Ойыншыларға) Музыка ойнағанда, қарларды айналып жүгіресіңдер, тоқтағанда – жылдам 1 қарды алу керексіңдер. Кімге қар жетпей қалса, ойыннан шығады. Қалғандары ойынды жалғастырады. 

Ойын: «Кім жылдам?»
Жүргізуші:Қандай қызықты ойын! Рахмет, Аяз ата. 

Жүргізуші: Аяз ата, сіз ренжімеңіз, бізге ең маңыздысы жаңа жылды көру, сенімен бірге шыршаны айналып жүру. Аяз ата, қараңызшы, қандай әдемі, көңілді балалар. Олар сізге ән дайындады, қане, орындыққа отырып, тыңдаңыз! 
Ақшақар: Ата, қараңызшы, қаншама көп қар жауыпты! Ұлпақарларымды ортаға шақырайын, би билеп берсін. 
Би: «Ұлпақарлар биі» 3 сынып

Ақшақар: Қандай керемет, өздерің өнерлі екенсіңдер! Балалар, Аяз ата сендерге көп сыйлық әкелді. Қане, аталарыңа өз өнерлеріңді көрсетіңдер. Би билеп, өлең айтып, жаттаған тақпақтарыңды айтып беріңдер.

МАДТ тақпақтарын айтады.

Жүргізуші: Мектебіміздің бишілерін шақырайық,
Қошеметпен, құрметпен қарсы алайық.
Бишілерімізді ырғалтып би билетіп,
Қол соғып биік шыңға самғатайық

Бишілерге кезек береміз.

Би: Чунга-чанга. 2 сынып.

Жүргізуші: Бүгін біз көңілдіміз,
Қой жылын қарсы алып.
Мерекеге келгендерге,
Құттықтаймыз ән салып.      
Ән: Болатова Аяулым.

Сайқымазақтар: Құрметті Аяз ата. Сіздердің ойындарыңызға қарап біз қызығып кеттік. Бізде балалармен бір ойын ойнайықшы.

Аяз Ата: Әрине ойнаңдар

Сайқымазақ: Ол үшін бізге балалар керек. Барлықтарың сапқа тұруларың керек.Сосын мен «Жер» десем сендер бір рет алға секіресіңдер, «Су» десем  артқа секіресіңдер. Кім шатасып калады, ол бала ойыннан шығып отырады. Ең соңында тез, әрі шатаспай секірген балалар, Аяз атадан кәмпит алады. Ал, кәне,ойынды бастайық.

Жүргізуші: Кел, балалар, тақпақты
                    Тақылдатып айтайық,
                    Аяз ата таң қалсын.
                    Сыйлық алып қайтайық
Тақпақтар:  1 сынып

Жүргізуші:Өлең айтып, би билеп, 
Көңілденіп жүреміз! 
Қане ұлдар, қане, қыздар, 
Би билейміз бәріміз! 
Би: Джинг бенс. 4 сынып.

Аяз ата: Ал, енді балалар, өнерлерің тамаша екен, бәрің бір-бір талант иесі екенсіңдер. Өнерлерің әрі қарай шыңдала берсін. Менің әлі баратын жерім көп, сендер сияқты әр жерде балалар тосып отыр. Ақшақар екеуіміз қайтайық. Қош болыңдар, балалар. Келесі жылға дейін сабақты жақсы оқыңдар. Келесі Жаңа жылда жолыққанша сау болыңдар.
Ақша қар: Сау болыңдар, балалар,
Аман-есен болыңдар.
Әр таңды қуанышпен
Қарсы алып тұрыңдар!
Жүргізуші: Қане, балалар Аяз ата мен Ақша қарды бәріміз хормен шығарып салайық.

Балалар хормен: Қош сау болыңыз Аяз ата, Ақшақар!

Хоровод: Ақша қар.

Жүргізуші: Құрметті көрермендер, осымен бүгінгі «Келді міне, Жаңа жыл! »атты ертеңгілігіміз аяқталды.  Келесі кездескенше хош сау болыңыздар. Жаңа Жыл әрбір жанұяға береке- бірлік, шаттық-қуаныш, бақыт әкелсін. Келесі жаңа жылда кездескенше аман-сау болайық.
Бірге: Жаңа жылдарыңыз құтты болсын.






























1. Аяз ата: Естіп жатырмын, естіп жатырмын,
               Келе жатырмын, келе жатырмын   
              Жаңа жылдарыңмен,
              Жаңа жылдарыңмен!
               Балаларым, балғыным,
               Өмір гүлім, шалғыным.
               Тілегенім жыл бойы,
               Сендердің ден – саулығың.
               Амансың ба, ұлдарым,
               Аппақ ару қыздарым?
               Мен сендерге әкелген,
               Құтты болсын жылдарың!!!

-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сәлеметсіздер ме, ата-аналар, қонақтар!



2. Аяз Ата: Мен ойынға қар әкелдім, қазір қармен ойын ойнаймыз. Бұл ойын «Кім жылдам?» деп аталады. Бұл ойынға 5 баланы шақырамын. Мына әдемі қарларды жылдам жинау керек. (Ойыншыларға) Музыка ойнағанда, қарларды айналып жүгіресіңдер, тоқтағанда – жылдам 1 қарды алу керексіңдер. Кімге қар жетпей қалса, ойыннан шығады. Қалғандары ойынды жалғастырады. 

Ойын: «Кім жылдам?»


3. Аяз ата: Ал, енді балалар, өнерлерің тамаша екен, бәрің бір-бір талант иесі екенсіңдер. Өнерлерің әрі қарай шыңдала берсін. Менің әлі баратын жерім көп, сендер сияқты әр жерде балалар тосып отыр. Ақшақар екеуіміз қайтайық. Қош болыңдар, балалар. Келесі жылға дейін сабақты жақсы оқыңдар. Келесі Жаңа жылда жолыққанша сау болыңдар.
Аяз Атаның сөздері: Бәрекелді, жарайсың, ой, тамаша екен, қандай керемет деген сөздерді айтып отыруы керек.





1. Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар, қадірлі қонақтар! 
2.Ақшақар: Өздерің де аман-есенсіңдер ме, менің балғын достарым. Бізге әзірлеген өнерлерің болса көрсетіп, әсем ән айтып, би  билеңдер, таңдайларыңды тақылдап тақпақ айтып беріңдер. Аяз атаның дорбасында бәріңе жететін сыйлық бар.

3.Ақшақар: Аяз Ата, ал сен балаларға қандай ойын әкелдің?
4.Ақшақар: Ата, қараңызшы, қаншама көп қар жауыпты! Ұлпақарларымды ортаға шақырайын, би билеп берсін. 
5.Ақшақар: Қандай керемет, өздерің өнерлі екенсіңдер! Балалар, Аяз ата сендерге көп сыйлық әкелді. Қане, аталарыңа өз өнерлеріңді көрсетіңдер. Би билеп, өлең айтып, жаттаған тақпақтарыңды айтып беріңдер.

6.Ақша қар:

Сау болыңдар, балалар,
Аман-есен болыңдар.
Әр таңды қуанышпен
Қарсы алып тұрыңдар!




1. Аяз ата келе ме, тура сағат жеті де? ( балалардың жауабы)


2. Жұртқа ол әйгілі ме, мәсі, кебіс кие ме? ( Жоқ пима киеді)


3. Әй, сол атаңыз келе ме, бізге сыйлық бере ме? ( ия, келеді, сыйлық береді!


4. Әсем екен шыршамыз, шауып оны аламыз. (шаппақшы болып жақындаса) балалар жоқ дейді.


5. Әдемілеп тізілген, Қауын - қарбыз ба ілінген? (Балалар: Жоқ, ойыншықтар!)


6. Аяз ата балалар,
Қорқа ма екен аяздан? (Балалар: жоқ, қорықпайды.)


7. Жағдайы жақсы ма екен,
Қаршақыз бен дос па екен? (Балалар: иә, дос.)







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Келді міне, Жа?а жыл!

Автор: Ыбрайханова Асем Калкамановна

Дата: 26.02.2015

Номер свидетельства: 179047

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) ""Келді міне Жаңа ЖылІ""
    ["seo_title"] => string(25) "kieldi_minie_zhan_a_zhyli"
    ["file_id"] => string(6) "366815"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1481099812"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Келді міне, Жа?а жыл "
    ["seo_title"] => string(26) "kieldi-minie-zhan-a-zhyl-1"
    ["file_id"] => string(6) "229675"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1441821511"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Келді,міне жаңа жыл ортамызға."
    ["seo_title"] => string(31) "keldi_mine_zhana_zhyl_ortamyzga"
    ["file_id"] => string(6) "599569"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1643965147"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "Жаңа жылдық ертеңгілік «Келді міне, Жаңа жыл!»"
    ["seo_title"] => string(46) "zhana_zhyldyk_ertengilik_keldi_mine_zhana_zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "493003"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1545888027"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Бастауыш сынып Келді міне, Жа?а жыл! "
    ["seo_title"] => string(40) "bastauysh-synyp-kieldi-minie-zhan-a-zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "179061"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424941784"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства