kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Кел жемісті,Алтын күз

Нажмите, чтобы узнать подробности

Армысыздар, ардақты қонақтар, ата-аналар, әріптестер және сүйкімді ғана кішкентай бүлдіршіндер! Табиғаттың бізге берер байлығы мен берекесін сыйлауға сары алтын күзіміз тағы келді, мерекеміз құтты болсын!

        Кел жемісті, Алтын күз атты мерекесіне қош келдіңіздер!

Балалар: Дөңгеленіп тұрамыз,

                Керегені құрамыз.

                Уықтар болып иіліп,

                Шаңыраққа киіліп,

                Достық үйін құрамыз

                Иіліп сәлем береміз. (шаттық шеңбері)

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Кел жемісті,Алтын күз»

Т.Кенжебаев атындағы орта мектеп

мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесі



«Бекітемін»

Мектеп директоры: А.М.Қырықбай







«Кел жемісті, Алтын күз»

(Мерекелік ертеңгілік)

Шағын орталық.













2016-2017 о.ж.





Кел жемісті, Алтын күз!

Тәрбиеші: Армысыздар, ардақты қонақтар, ата-аналар, әріптестер және сүйкімді ғана кішкентай бүлдіршіндер! Табиғаттың бізге берер байлығы мен берекесін сыйлауға сары алтын күзіміз тағы келді, мерекеміз құтты болсын!

Кел жемісті, Алтын күз атты мерекесіне қош келдіңіздер!

Балалар: Дөңгеленіп тұрамыз,

Керегені құрамыз.

Уықтар болып иіліп,

Шаңыраққа киіліп,

Достық үйін құрамыз

Иіліп сәлем береміз. (шаттық шеңбері)


Балалар: Бүгін мейрам, бүгін той,

Қуанышты күн біліп қой.

Күзгі бақтай, сыңғырлап,

Алақанды соғып қой.


Сұңқар: Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.


Іңкәр: Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан-алуан, жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.


Тәрбиеші: Ал балалар тұрмайық,

Күзгі бақта бүгінгі

Шырқап әнге салайық.


Ән: «Ойыншықтар»


Тәрбиеші: Балалар, енді мерекеміз қызық өтуі үшін ортамызға

«Күз ханшайымын» шақырайық.

Айаулым:

Келші, келші алтын күз,

Келші, келші жарқын күз.

Мерекені жалғастырып,

Ойнап күлші алтын күз.





Күз ханшайымы: Армысыңдар ма бүлдіршіндер?!

Күзгі бақтағы қонақтар.

Өздеріңе әкелдім,

Күздің сыйын көз тартар.

Балалар: Көп рахмет сізге!

Ханшайым: Мына жемістерді балаларға таратып берсек бола ма?

Тәрбиеші: Жоқ, бұл сыйды балалар еңбек етіп, тер төгіп алулары қажет. Өйткені күздің сыйлары жемістері көкөністері де тек адамның еңбегінің арқасында болады.

Тәрбиеші: Құрметті күз ханшаймы біздің балалардың өнерін тамашалаңыз.

Еңілік: Күздің қазан айында,

Алма, алмұрт піседі.

Жапырақтар сарғайып,

Сыбдыр-сыбдыр түседі.


Нұржан: Алма пісіп, алмұрт түсіп,

Күзгі бақтар жайнайды.

Құстар қайтып, қош айтысып,

Қимас үнмен сайрайды.


Ән: «Біз өмірдің гүліміз».


Тәрбиеші Қауын-қарбыз жемістермен,

Толтырамыз қап себетті.

Алтын күз деп аталады,

Күз айы да сол себепті.

Диана: Мен алмұртпын, алмұртпын

Аузындамын бар жұрттың.


Айзере: Мен жүзіммін, жүзіммін,

Моншақ болып тізілдім.


Нұрасыл: Мен өрікпін, өрікпін,

Табиғатқа көрікпін.


Баянсұлу: Мен шиемін, шиемін,

Күннің көзін сүйемін.


Айым: Мен алмамын, алмамын,

Таңдай қағар бар дәмім.


Тәрбиеші: Көкөністі көп ектік,

Өсіп, піссін деп ектік.

Көктемде еккен көкөніс,

Адэлям:

Өсіретін бойыңды,

Дамытатын ойыңды.

Қоянға да азықпыз,

Сәбіздерміз жазықсыз.


Бексұлтан: Жеміс жидек пісіп жатыр,

Пісіп жатыр бау-бақта

Жапырақтар ұшып жатыр,

Түсіп жатыр жан-жаққа,

Жапырақтың сарғайғаны,

Келген күздің сәні ме?


Маргарита: Күз келіпті дегенше,

Мереке болды десейсің,

Қонаққа келіп тұратын,

Апайларымыз көбейсін.


Ән: «Жау жаңбыр»

Балалар «Күз ханшайымы» сендерге жұмбақтар жасырады. Соны шешейік.

Күз ханшайымы: Ағайынды бәрі,

Шықса-жасыл,

Түссе-сары (жапырақ)

Қалың кигенді ұнатады,

Шешіндірсең жылатады. (пияз)

Жер бетінде шашы бар,

Жер астында басы бар. (сәбіз)


Көкпеңбек еді көктемде,

Қызарды күз жеткенде. (қызанақ)


Жарпырағын сапрыады,

Қайыңды жел тоңады.

Қартайған сықылды,

Қайың енді тоңады.


Бұл қай кезде болады?

Күзде болады.





Күз ханшайымы: Балалар, сендер жұмбақты дәл тауып шешіңдер.

Жарайсыңдар, мен сендер риза болдым!


Инесса: Сары алтындай сары күз,

Қамбадағы дәніміз.

Шелек-шелек балымыз,

Ағыл-тегіл дәніміз.

Адилям: Қамда толды астыққа,

Алғыс алған алтын күз.

Бір уыс дән шаштық та,

Қап-қап қауын алдық біз.

Би : «Құстар»


Қош бол, өскен жеріміз

Аминам: Айдын шалқар көліміз.

Аман болып тұрыңдар,

Қамқор болған еліміз.


Тәрбиеші: Кел балалар, ойнайық,

Күздің тойын тойлайық.

Ойын: «Кім тез жинайды?»

Шарты: Қоян, тиін, кірпі өздеріне азық жинайды.


Тәрбиеші: Молшылық күз-береке күз,

Береке күз-мерекеміз.

- Осымен, балалар, «Кел жемісті, Алтын күз» атты мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Кел жемісті,Алтын күз

Автор: Жанаева Айнур Тлепалдиевна

Дата: 08.11.2016

Номер свидетельства: 356786

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "Разработка на тему "Алтын күз""
    ["seo_title"] => string(29) "razrabotka_na_tiemu_altyn_kuz"
    ["file_id"] => string(6) "416968"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1495199112"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "«Алтын күз ертеңгілік»"
    ["seo_title"] => string(24) "altyn_kuz_iertien_ghilik"
    ["file_id"] => string(6) "347656"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1475736593"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "Ертеңгілік: "Алтын күз""
    ["seo_title"] => string(26) "iertien_ghilik_altyn_kuz_2"
    ["file_id"] => string(6) "436276"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1509622597"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Тақырыбы:"Алтын күз""
    ["seo_title"] => string(20) "takyryby_altyn_kuz_1"
    ["file_id"] => string(6) "492136"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1545494943"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Ашы? саба?  "Алтын к?з" "
    ["seo_title"] => string(21) "ashyk-sabak-altyn-kuz"
    ["file_id"] => string(6) "157833"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1421659845"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства