kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Кел, Жаңа жыл төрле!"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жаңа жылды қарсал. Өлең, тақпақтар айтқызу. Аяз атаны қарсалу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Кел, Жаңа жыл төрле!"»



35 «Звоночек» балабақшасы



(Жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілік)







Көкшетау қаласы



«Кішкентай шыршамыз» әні орындалады.

Балалар залға кіріп, қимылдар жасап тұрады; қол ұстасып шеңберде жүреді, қайырмасы басталғанда шапалақтайды. Музыка тоқтағаннан кейін тақпақтар айтады. (5-6 бала тақпақ айтады)

  1. Жаңа жылды карсы алып,

Барлық бала ән салып. Аида

Ақшақар жүр би билеп,

Қол соғады барша жұрт

  1. Жаңа жыл, жаңа жыл,

Жарық нұр төктінбе, Адия

Әр үйде бала жүр

Қуантып жеттінбе.

  1. Жаңа жыл, жаңа жыл,

Жаңа жылда жаңа жыр

Жасыл шырша жанында Ануарбек

Жадырап бар бала жүр

Жасыл шырша жанында

Ән саламыз айналып

Өзіміздің бақшада

Жаңа жылды қарсы алып.

  1. Жаңа жыл келді о міне,

Қалама, далама, жеріме

Шаттық беріп әр үйде Арыстанбек

Шыға ғой менің төріме.

  1. Тамаша, тамаша,

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса Әділжан

Қалып еді сағынып

Күтіп алды жабылып

Жолын қойдық жарық қып

Шыршамызға шам іліп.

Жүргізуші: Құтты болсын Жаңа жыл! Балалар қараңдаршы қандай әдемі шырша тұр, шамдары жарқырап, әсем безендірілген бәріміз қол ұстасып ән шырқайық.

Ән «Кішкентай шыршамыз»

Балалар, бәріміз Аяз ата мен Ақша қарды шақырайық.(балалар музыка әуеніменшақырады, осы кезде мыстан кемпір кіреді)

Мыстан кемпір: ха, ха, ха, мені шақырдыңдар ма?

Балалар: Жоқ, шақырған жоқпыз.

Мыстан кемпір: Мен Ақшақарға ұқсаймын ғой, қараңдаршы: сондай сұлумын, әдемі киінгенмін.

Балалар: Жоқ, сіз мыстан кемпірсіз.

Мыстан кемпір: Қа .. ап! Біліп қойдыңдар ғой.Бүгінгі шырша тойларыңды мен өткіземін.- Кәне ойын ойнайсыңдар ма? Менің сиқырлы сыпырғышым кімнің аяғына тиеді, сол ойынаншығады.

Ойын: «Кім биік секіреді?»

Мыстан кемпір: -Жігерлі, шапшаң екенсіңдер ғой, ешкімді ұстай алмадым . шаршадым дем алып отырайын, тақпақ, өлең тыңдаймын.

Жүргізуші:- Жоқ мыстан кемпір, біз Аяз ата мен Ақшақарды тосып отырмыз.

Мыстан кемпір:- Хм, о не, мен сендерге жарамаймын ба? Аяз ата Ақшақар, олар кім? Ендеше шырша тойларың болмайды. Мен сендердің шыршаларыңның шамдарын сөндіремін. Абра, швабра, кадабра. (шыршаны айналалып кетеді, шырша шамдары сөнеді)

Жүргізуші:- Қап енді біз не істейміз? (залға әуенмен қоян кіреді, ауыр демалып)

Қоян: Әзер дегенде құтылдым ғой әйтеуір! Сәл демімді алып, ары қарай ізімді адастырып кетуім керек.(күрсініп) Қоян байғұстың маңдайына үнемі қашып жүру жазылған екен ғой. Елдің бәрі Жаңа жыл мерекесіне дайындалып жатыр. Біздің жүрісіміз мынау, қашып ... пысып... (Тың тыңдайды) Ой, бұл не? Біреудің жылаған дауысы естіледі. (жан- жағына қарайды)- Ей, бұл кім?

Шырша:- Жылап тұрған менмін. (Қоян таңдана қарайды)

Қоян: -Сен кімсің?

Шырша :- Мен шыршамын. Бұл жерде менен басқа адам жоқ. (өксіп тұрып жылайды)

Қоян:- Соншама егілетіндей не күйге душар болдың?

Шырша :- Не деген бақытсыз, сорлы жан едім.(жылап)

Қоян: -Жә жетер, соншама таусылатындай не болды? Сені осындай жылауық деп ойламаппын.

Шырша: -Мен балаларға қуанышқа жарқырап келіп едім. Мыстан кемпір жарығымды сөндіріп қойды.(жылайды)

Қоян: (бұйыра) - Жылай берме енді, әйтпесе ауырып қаласың! Қазір біз балалармен сенің көңіліңді көтерейік! Балалар бәріміз қоян биін билеп жіберейік, шыршаның көңілін көтерейік.

Би: «қоян биі»

Шырша (жылай бастайды) -Шамдарым жанған жоқ, не істеймін?

(Музыка әуенімен әтеш кіреді)

Әтеш:- ку- ка- ре- ку! Сәлем үркек қоян , сен мында қорықпай не ғып тұрсың?

Қоян: - Шыршаның жағдайын ойлап тұрмын.

Әтеш: -Қандай жағдайын? Не болды айтыңдаршы

Қоян:- Мыстан кемпір шыршаның шамдарынөшіріп кетіпті, ал біз оны жандыра алмай тұрмыз. (шыршаның жылаған дауысы естіледі)

Әтеш: -Шырша түсіндім, жылама. Қазір балалармен ойын ойнаймыз, содан кейін шамдарың жарқырайды.

Ойын: «Шыршалар»

Қоян:-Шамдары жанбады, не істейміз?

Әтеш:- Дәрігер шақырайық! (ұялы телефонмен шақырады)

Адамға күш беретін

Жылатқанды жұбататын,

Тышқан емханасы ма?

Маған тышқан тез жетсін. (музыка әуенімен тышқан кіреді, шыршаны бір айналады да үшеуі би билеп тұрады)

Тышқан: -Жағдайларың түсінікті, бұл мыстан кемпірдің ісі. Шешеміз, көмектесеміз, шыршаның көңілін көтереміз.

Ойын: Тамаша , тамаша!

Шыршамыз тұр жараса!

Біз оны безендіреміз!

Ойыншықтарды тіземіз!

Түрлі түрлі шарларды. Ия.

Көрпелер мен жастықты. Жоқ.

Шамшырақтар, кәмпиттер. Ия.

Орындықпен дәптерлер. Жоқ.

Жарық жарық шамдарды. Ия.

Қасықтар мен ыдысты. Жоқ.

Шырша жылайды.

Тышқан: -Достар ау, қиын болды ғой, шамдары жанбады. А а, шыршаның жарқырауы Аяз атаның сиқырлы таяқшасында.Бәріміз Аяз-Атаны іздеп табайық. Қоян сен бізге жолын көрсетіп берші...(музыка әуенмен кейіпкерлер шығады)

Жүргізуші: Біз де көмектесейік шыршаға, Аяз атаны шақырайық.

Балалар: Аяз ата! Ақша қар! ...

Жүргізуші: шапалақтайық! Үрлейік! (музыка естіліп тұрады, шананың даусы шығады. Аяз ата кіріп құттықтайды.)

Аяз ата: Амансың ба, ұлдарым,

Амансың ба қыздарым!

Қандай көркем қырларың.

Қандай әсем жырларың.

Асулармен алыстым ,

Асау желмен жарыстым

Тойларыңа асығып

Өздеріңмен табыстым!

Қадірлі халайық! Жаңа жыл әр отбасына жаңа қуаныштар мен жақсылықтар әкелсін! Туған Отанды көркейте берейік!

Жүргізуші: Хош келдіңіз. Жоғары шығыңыз, біздің балалардың өнерін тамашалаңыз.

Ақша қар: Жаңғырар дәстүр салтымның,

Көзделсін бұлақ жалғасы.

Қастерлі бүкіл әлемге,

Мереке қаңтар жыл басы.

Тыныш болсын даламыз,

Қатыгездік жоқ болсын,

Ырысымыз көп болсын!

Аяз ата шырша жылап тұр. Мыстан кемпір оның шамдарын өшіріп кетті.

Аяз ата: Жаңа жылда шыршамыз балаларға сәулесін төгіп тұруы керек. Мен сиқырлы таяқшамен шырша шамдарын жағамын! «Қуант бізді таңырқат, шамдарыңды жарқырат!» (шамдары жанады)

Ән: «Аяз Ата Ақшақар »

Ақшақар: Аяз ата балалар тағатсыздана өнерлерін көрсетпекші. Біз тыңдайық




1.Аяз ата келді , 2. Мерекеге келдік

Бізге салем берді. Сабина Тақпақ айтып бердік. Лаура

Бір қолында шоколад Ойыншықтар тізген

Бір қолында мармелад Шыршаны да көрдік.


3.Жауды кеше ақ қар, 4.Сақалы аппақ күмістей,

Қыс келді біз жаққа С.Жанель Тістері аппақ күріштей Әлішер

Дала, қала, бақтар , Қызыл ала шапаны

Жамылды ақ мақта. Сағындым аяз атаны.

5.Мұздан моншақ тағынып, 6.Жаңа жылды қарсы алайық,

Күміс қырау жамылып Би билеп ән салайық

Ортада тұр Ақшақар Ділназ Тамаша, тамаша Аружан

Көптен күткен сағынып. Біздің шырша тамаша.


7.Қыс келді, қыс келді, 8. Жаңадан тақпақ

Қыспен бірге жыл келді. Айтамын жаттап. Әбілмансұр

Борандатып желдетіп, Т. Жанель Жаңа жыл келді

Аяз ата келеді. Жаңа жыл аппақ


9.Аяз ата келді 10.Жаңа жыл, жаңа жыл

Жаңа жылды көрді Тамаша тойымыз.

Тақпақ айтқан балаға Асанали Алақай, алақай Дана

Сыйлықтарын берді. Өседі бойымыз.


11.Тамаша сый алып, 12.Аяз ата келді

Келді аяз атамыз Расул Тамашаны көрді Жансая

Шаттанып қуанып Риза болып қуанып

Шырқап ән саламыз Сыйлықтарын берді.


Аяз ата: -Балалар, сендер білесіңдер ме, менің таяғым сиқырлы. Егер мен сендердің денелеріңе тисем, сол жерің үсіп кетеді.

Ойын: «Үсітемін»

Жүргізуші: Балалар, Аяз атамен Ақшақармен шеңберге тұрып өлең айтайық.

Ән: «Шырша әні»

Ақшақар:- Мен сендермен тағы да бір ойын ойнағым келеді.


Ойын: « Қар атысу»


Жүргізуші: балалар біз бәріміз көңілді биге тұрайық.

Би: « Ақшақарлар»

Ақшақар: -Балалар, Аяз ата ыстықтап кетті,ол кісі кішкене демалып отырсын, біз бір ойын ойнап жиберейік..

Аяз ата:- О, үркек қоян, сені халық қанша қорқақ қоян, үркек қоян деседе, бүгін өте батыл іс жасадың достарынмен бірге балаларға қызық көрсеттің, көңілдерін көтердің..Біз саған қоян өте ризамыз.... Құрметті қонақтар сіздерге келе жатқан жылан жылы бақ-береке әкелсің,ырыс мол болсын!

Қоян: -Аяз ата жаңа мен Мыстан кемпірді көрдім. Балаларға әкелген сыйлықтарыңызды тығып жүрді.

Аяз ата: -Ой, басым ай! Шыршаның жарығын жағуға асығып жүріп сыйлығымды шанада қалдырып кетіппін. Бұл ісімен мыстан кемпір балаларды сыйлықсыз қалдырмайды, сиқырлы таяқшам қараңғыны жарық қылады,қарды сыйлық қылады. Бір, екі, үш...сиқырлы таяқша алып күш. Ақ қарларды аударайық, бүлдіршінге сыйлық сыйлайық.

(Музыка әуенімен сыйлықтар таратылады)

Аяз ата:-Қоштасатын кез келді, Жаңа жыл құтты болсын!

Ақшақар: -Келесі кездескенше аман сау болыңдар!

Жүргізуші: Келіп жеткен сағынта, Жаңа жылды жарылқа!

Жаңа жігер қуатпен, Арта түссін бар ынта.



Балалар шыршаны айналып, топқа барады.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Кел, Жаңа жыл төрле!"

Автор: Жамангизова Нургуль Табылдиновна

Дата: 25.03.2017

Номер свидетельства: 403244

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(130) "«Кел, Жа?а жыл, т?рле, т?рле жеріме!» атты  Жа?а жылды? мерекені? сценарийі "
    ["seo_title"] => string(85) "kiel-zhan-a-zhyl-torlie-torlie-zhierimie-atty-zhan-a-zhyldyk-mieriekienin-stsienariii"
    ["file_id"] => string(6) "157708"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1421643640"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) ""Думан?а толы Жа?а жыл""
    ["seo_title"] => string(20) "dumangatolyzhanazhyl"
    ["file_id"] => string(6) "281440"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453534214"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "Кел жа?а жыл орта?а!"
    ["seo_title"] => string(19) "kielzhanazhylortaga"
    ["file_id"] => string(6) "315064"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459831678"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "Кел жа?а жыл орта?а"
    ["seo_title"] => string(24) "kiel-zhan-a-zhyl-ortag-a"
    ["file_id"] => string(6) "320704"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1461136143"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Ертеңгілік " Кел, Жаңа жыл""
    ["seo_title"] => string(31) "iertien_ghilik_kiel_zhan_a_zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "360980"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1479717059"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства