kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Кел, Жаңа жыл!» мерекелік ертеңгілік.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл күй тудыру, шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне балалардың назарын аударту, көңілді ойын ойнату, достық қарым-қатынас ояту, аудиторияға мерекелік көңіл күй жасау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Кел, Жаңа жыл!» мерекелік ертеңгілік.»

«Кел, Жаңа жыл!» мерекелік ертеңгілік.

Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл күй тудыру, шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне балалардың назарын аударту, көңілді ойын ойнату, достық қарым-қатынас ояту, аудиторияға мерекелік көңіл күй жасау.

Жүргізуші балаларды алып залға кіреді.

Жүргізуші:

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа орап алып маңайын.

Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн,

Қанаттана кең алқапқа тарайды.

Құрметті, ата-аналар, балалар, Жаңа жыл мерекесі құтты болсын! Келе жатқан ит жылы бәріңізге бақыт, шаттық әкелсін. «Кел, Жаңа жыл!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Кәмпит: (ортаға билеп шығады)

-Сәлеметсіңдер ме,балалар!

Жаңа-жыл келді о, міне,

Далама, қалама, жеріме.

Шатыққа бөлеп әр үйді,

Шыға ғой менің төріме.


Балалар, мен Аяз-атаның сендерге әкеле жатқан сыйлықтар салынған қабынан түсіп қалдым. Ал аяз –ата сендерге әлі келген жоқ па?

Кәмпит: Балалар, жылда жаңа жыл мерекесінде қонаққа кімдер келеді?

Балалар: Аяз-ата, Ақшақар.

Кәмпит: Дұрыс айтасыңдар, балалар, ендеше алдымен жаңа-жыл мерекесіне келетін Ақшақарды бәріміз шақырайық.

Балалар: Ақшақар (3 рет қайталап айтады).

Кәмпит: Амансың ба, Ақшақар!

Ақшақар: Шыршаларың керемет қой, өзі сондай әдемі екен, бірақ шамдары сөніп тұр ғой. Кәне, бәріміз шыршаға үрлейік. Қаттырақ.

Жүргізуші: Аяз-Атасыз біз ешетеңе істей алмаймыз, кәне, телефон соғып аяз атаны шақырайық, атамыз кәрі, мүмкін, ұмытып кеткен шығар. –

  • Алло, ата «Қошақан» тобының балалары шыршаның қасында сізді тосып жүр, неге кешігіп жатырсыз? Ұмытып кеттіңіз бе?

Аяз-Ата: Ойбай, кәрілік қой, ұмытып кетіппін, қазір жетемін.

Жүргізуші: -Балалар, Аяз-Ата келгенше, біз бір өлең айтайық.

«Шырша» әні.

Жүргізуші: -Балалар, Аяз –Ата өзі қандай?

Балалар: Аппақ сақалы, мұрты бар, қызыл шапаны бар, ақ таяқпен жүреді.

Жүргізуші: Өте дұрыс, балалар, олай болса барлығымыз қатты дауыстап Аяз-Атаны шақырайық. Бір, екі, үш: Аяз-Ата (3 рет қайталайды).

Аяз ата келеді.

Жүргізуші: Аяз-Ата, армысыз, жылдағыдай бармысыз!

Аяз-Ата: Армысыздар халайық, кішкене бүлдіршіндерім. Жаңа жыл құтты болсын. Шырша неге жанбай тұр. Кәне, шамдарын жағайық.

Қоян кіріп келеді. Жылайды.

Ақшақар: Қоян, сен неге көңілсізсің? Не болып қалды, біз саған көмектесеміз.

Қоян: Орман ішінде өзіме үй салып, тұрып жатқанмын. Қу түлкі қонаққа келіп, мені үйімнен қуып шықты. Мен далада қалдым.

Жүргізуші: Не деген сұм түлкі, қоян, жылама, біз түлкіні қуып шығып, үйіңді алып береміз.

Қоян: Мен түлкіден қорқамын. Оның тістері қандай, көздері қандай! Мінезі жаман!

Жүргізуші: Сен қорықпа, біз сенің бауырларыңды көмекке шақырайық. Олар сылдырмақпен билейді, оны түлкі естіп, қорқып, қашып кетеді.

  • Кәне, қуыршақтар, шығыңдар!

Сылдырмақтарды ойнатыңдар!

Биді бастаңдар, түлкі қорқып қашсын.

«Қояндар» биі.

Түлкі: Мен ешкімнен қорықпаймын.

Жүргізуші: Аяз-Ата, мына, түлкіге не істеуге болады?

Аяз-Ата: Қазір мен ормандағы аюларды көмекке шақырамын, түлкі олардан қорқып қашып кетер.

Жүргізуші: Ал, аңдар, келіңдер, көмектесіңдер.

«Аюлар» биі.

Түлкі: Мен үйден шықпаймын,

Мен ешкімнен қорықпаймын.

Аяз-Ата: Қазір мен саған көрсетейін!

Кәне, борандар соғыңдар!

Шыршалар төмен бүгілсін,

Ормандағы бар нәрсе,

Ақ қарменен жабылсын!

Қазір мен қар жауғызып, түлкіні үсітемін.

«Ұлпақарлар» биі.
Аяз-Ата түлкі үйіне үрлейді, қармен бірге.

Түлкі: Ойбай, Аяз-Ата, тұмсығымды үсіттің ғой, аясаншы мені. Енді не болдым?

Аяз-Ата: Ал сен қоянды аядың ба, қу түлкі? Балалар, түлкіні кешірейік пе?

Балалар:Ия, бір жолға кешірейік.

Аяз-Ата: Олай болса, қоян, бар сен өз үйіңе барып, тұра бер.

Қоян: рахмет.

Аяз-Ата: Балалар, мен сендердің дауыстарыңды сағындым, кәне, маған бір жақсы ән айтып беріңдерші.

«Аяз ата» әні.

Аяз-Ата: Ой, қандай керемет ән! Бір түрлі қобалжып кеттім.

Жүргізуші: Аяз-Ата, біздің бүлдіршіндеріміз әнмен қоса тақпақты да жақсы айтады. Кәне, тыңдаңызшы. Ал, сіз кәрісіз, шыршаның түбіне отырып тыңдаңыз.

Аяз-Ата:Ой, қандай өнері балалар, келіңдер, сендерге кәмпит берейін.

Жүргізуші: Аяз-Ата, біздің Сырым баламыз да сізді асыға күтіп жүр.

Аяз-Ата: қандай өнерлі балалар, мен бүгін біраз жасарып қалдым. Сендермен кездескеніме өте қуаныштымын.

Ақшақар: Аяз-Ата, балаларға сыйлықтар әкелдің бе?

Аяз-Ата: Әрине, мен бір қап сыйлық әкелдім. Балалар маған ұлпақарларды жинап берсе ғана сыйлықтарымды беремін.

Ойын: «Ұлпақарлар»

Аяз ата: Мына сыйлықтарды апайларына берейін, топтарыңда таратып аласыңдар. Аяз-Ата, Ақшақар: Ал, балалар, біз қайтайық. Біз басқа балалар да күтіп отыр.

Жаңа жыл құтты болсын,

Жаңа жыл мол табыс әкелсін.

Денсаулықтарын мықты болсын,

Сау болыңдар, балалар!

Жүргізуші: Ал, құрметті қонақтар! «Кел, Жаңа жыл» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Біздің осындай өнерлі, сүйкімді, ақылды, тәп-тәтті бүлдіршіндеріміздің өнерін тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет. Сау-саламат болыңыздар!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
«Кел, Жаңа жыл!» мерекелік ертеңгілік.

Автор: Жусанбаева Дидар Жумагазыевна

Дата: 26.02.2018

Номер свидетельства: 459823

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) ""Кел жа?а жыл біздерге кел жа?а жыл, жа?а жыл!""
    ["seo_title"] => string(46) "kielzhanazhylbizdierghiekielzhanazhylzhanazhyl"
    ["file_id"] => string(6) "319298"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460795853"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "Кел жа?а жыл орта?а"
    ["seo_title"] => string(24) "kiel-zhan-a-zhyl-ortag-a"
    ["file_id"] => string(6) "320704"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1461136143"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) ""Думан?а толы Жа?а жыл""
    ["seo_title"] => string(20) "dumangatolyzhanazhyl"
    ["file_id"] => string(6) "281440"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453534214"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "Жа?а жылым, ?ош келді?"
    ["seo_title"] => string(27) "zhan-a-zhylym-k-osh-kieldin"
    ["file_id"] => string(6) "311270"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1459177685"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "Құтты болсын, Жаңа жыл!"
    ["seo_title"] => string(28) "k_u_tty_bolsyn_zhan_a_zhyl_2"
    ["file_id"] => string(6) "403899"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1490633325"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства