kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Кел, Жаңа жыл!" ертеңгілік

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жүргізуші:    

Армысыңдар,  халайық,

Бармысыңдар, халайық,

Жаңа жылды жұп жазбай,

Бірге қарсы алайық!

Өлең де әзір, ән де әзір

Ойын да әзір, бәрі әзір.

Кел,жаңа жыл біздерге,

Кел, жаңа жыл,жаңа жыл.

(Музыка ойнап, балалар ортага шыгады)

Міне, балақайлар, ертегі әлеміне келіп қалдық. Жаңа жылды ертегі әлемінде қарсы алайық. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Кел, Жаңа жыл!" ертеңгілік»

Павлодар облысы, Екібастұз ауданы, Өлеңті ЖОББМ, «Бөбектер» шағын орталығының тәрбиешісі КажиковаАйсулу Тулеутемировна

«Кел, Жаңа жыл!» ертеңгілігі

Жүргізуші:    

Армысыңдар,  халайық,

Бармысыңдар, халайық,

Жаңа жылды жұп жазбай,

Бірге қарсы алайық!

Өлең де әзір, ән де әзір

Ойын да әзір, бәрі әзір.

Кел,жаңа жыл біздерге,

Кел, жаңа жыл,жаңа жыл.

(Музыка ойнап, балалар ортага шыгады)

Міне, балақайлар, ертегі әлеміне келіп қалдық. Жаңа жылды ертегі әлемінде қарсы алайық. Жаңа жылды қарсы алуға орманда аңдар, құстар жиналыпты. (әртүрлі аңдардың киімін киген балалар шыршаның жанында тұрады)

Кірпі: 

Таяп қалды жаңа жыл

Әзірлейік ән мен жыр,

Сен орманға барсаңшы,

Сыйлық таңдап алсаңшы!

Аю

Әкелсе бізге көп моншақ,

Ақ моншақты тағайық,

Сауық сайран салайық

Қоян: 

Біз ақылды баламыз,

Айтқан тілді аламыз,

Келсе Аяз атамыз,

Би билеп, ән саламыз!

Тиін:

Жаңа жылға қатысып,

Сыйлық алғым келеді.

Сен орманға барсаңшы,

Сыйлық таңдап алсаңшы!

Түлкі

Орманға мен барайын,

Сыйлық таңдап алайын,

Сақ болыңдар достарым,

Қасқыр келіп қалмасын,

Тойдың шырқын алмасын.

Жүргізуші: Солай деп түлкі достарына абай болуды айтып, сыйлық алуға орманға барады. Сол кезде Ақшақарды кездестіреді.

Ақшақар: Сәлеметсің бе, түлкі?

Түлкі :Сәлеметсіз бе, Ақшақар!

Ақшақар:

Жасыл шырша орманнан,

Бізге арнайы келіпті.

Ойыншықты балалар,

Шыршаға әсем іліпті.

Әсем шырша сәнденген,

Өз аңдарын күтеді. Барлықтарың бізбен жаңа жылды тойлауға жүріңдер.

Жүргізуші : 

Тектен-текке тұрмайық,

Жаңа жылға біз дайын.

Достарымызбен бірге,

Шырша әнін жырлайық – жүріңдер Ақшақармен бірге шыршаға барайық,ән салып , би билейік.  

Ақшақар:  Аңдар болса жиналды, шыршамыз дайын, Аяз ата болса әлі жоқ.

Жүргізуші:  Ақшақар, мұңайма, қанекей бәріміз бірге дауыстап Аяз атаны шақырайық.1,2,3  Аяз ата!!! (3 рет).

Аяз ата:

Сәлеметсіңдер ме, балалар.

Балаларым балғыным,

Өмір гүлім, шалғыным.

Тілейтінім жыл бойы,

Сендердің денсаулығың.

Мені көп күткен шығарсыңдар, мен алыс-алыс жолдардан келемін,

менің  балғындарым маған не әзірлеп қойды екен.

Ақшақар:Аяз ата, шыршамызды жағып алайық, қанекей бәріміз бірге…

Бәрі бірге: «Қуант бізді таңырқат, Шамдарыңды жарқырат!»

Жүргізуші: Балалар аяз атамыз бен ақшақарымыз келді, шыршамыздың шамын жақтық, енді әсем шыршамызға арнап тақпақ айтайық.

Бәріміз бірге:

Тамаша, тамаша!

Шыршамыз тұр жараса,

Басында әсем жұлдызы, көз тоймайды қараса.

Шыршаны айналып ән айтайық, би билейік.

Би: «Шөжелерім».

Жүргізуші : Балалар ,қараңдаршы шырша жанындағы сандықшаны таңертен балабақшаға келе жатқанымда тауып алдым. Сыртында жазуы бар екен. Ашып көреміз бе? Ішінде тапсырмалар екен орындап көрейік.

1.Ойын: «Қолғаптың сыңарын тап»

ойын шартын түсіндіреді. Екі команда болып ойналады.

2. Жұмбақтар шешу.

1. Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.(Қар)
2.Терезеге қонады,
Әсем ою ояды.(Қырау)
3.Тікен,тікен тік пістe.
Қысы жазы бip түсте(Шырша)

Жүргізуші:  

Ал, келіңдер, келіңдер!

Тақпақ айтып беріңдер,

Жомарт аяз атадан

Сыйлық алып көріңдер. - Аяз ата, енді балалардың тақпақтарын тыңдаңыз.

Азиза:

Шыршаға бардық ,

Әсем ән салдық.

Ерасыл:

Аққала жасалды,

Мереке басталды.

Айзере:

Жаңа жыл келді

Жаңа жыл аппақ.

Даут

Жаңа жылым жол болсын,

Басқан қадам мол болсын.

Төрле, төрле, жаңа жыл,

Бізге құтты жыл болсын!

Еркежан:

Жаңа жыл, жаңа жыл,

Жаңа жылға жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр.

Қарақат:

Ақ көрпесін жамылып

Ұйықтап жатқан дала нұр.

Балаларды сағынып

Келді міне жаңа жыл.

Диана:

Аспан жерге төгеді

Ақ күмісін уыстап.

Жаңа жылда келеді

Бізге қарай жылыстап.

Ислам :

Аппақ бүгін қыр далаң,

Ақ дастархан жапқандай.

Халық біткен қарбалаң,

Қонақ күтіп жатқандай.

Ілияс:

Базарлықты мол алып

Келді алыс сапардан

Аяз ата оралып.

Жүргізуші:
Жылым келді тағы да,
Амандық тілеп еліне.
Тауық жылы қош келдің,
Төрлетіңіз төріме.(Ортаға тауық жылы шығады.)
Тауық :

Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Келдім міне еліме,
Келдім міне жеріме.

Жаңа жылдың бастауын

Сіздерменен тойлайын.
Шаттыққа бөлеп әр үйді,
Шығам енді төріме.

Аман болсын халқымыз.

Жүргізуші: жыл бойы көңілді болып жүрсін деп тауық жылы бізге ойын ала келіпті. Ойнаймыз ба?

Шарты: анасы мен баласы шардағы тапсырманы орындайды.

Жүргізуші : Кәнекей балалар шыршаны айналып би билеп өтейік.

Аяз ата: Балаларым, рахмет! Жарайсыңдар. Қалай сендерге сыйлық таратпасқа.

Аяз - Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, екенсіңдер. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер.Қош болыңдар!
Балалар: Сау болыңыздар! Рахмет сіздерге!
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, балалар! «Кел, Жаңа жыл!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Жаңа жыл құтты болсын, отбасыларыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін! Сау болыңыздар!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Кел, Жаңа жыл!" ертеңгілік

Автор: Кажикова Айсулу Тулеутемировна

Дата: 10.02.2017

Номер свидетельства: 390391

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Ертеңгілік " Кел, Жаңа жыл""
    ["seo_title"] => string(31) "iertien_ghilik_kiel_zhan_a_zhyl"
    ["file_id"] => string(6) "360980"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1479717059"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) ""?ош келді?, Жа?а жыл!" ерте?гілік кеш"
    ["seo_title"] => string(38) "koshkieldinzhanazhyliertienghilikkiesh"
    ["file_id"] => string(6) "272745"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452059417"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "Кел жа?а жыл орта?а!"
    ["seo_title"] => string(19) "kielzhanazhylortaga"
    ["file_id"] => string(6) "315064"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1459831678"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(79) ""Кел жа?а жыл біздерге кел жа?а жыл, жа?а жыл!""
    ["seo_title"] => string(46) "kielzhanazhylbizdierghiekielzhanazhylzhanazhyl"
    ["file_id"] => string(6) "319298"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460795853"
  }
}
object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "Кел жа?а жыл орта?а"
    ["seo_title"] => string(24) "kiel-zhan-a-zhyl-ortag-a"
    ["file_id"] => string(6) "320704"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1461136143"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства