Просмотр содержимого документа
«Келді міне, Жаңа жыл!»
КМҚК «Көкпекті-Толағайы» балабақшасы
Ертеңгілік
Тақырыбы: «Келді міне, Жаңа жыл»
Тәрбиеші: Кокенова А.Д.
2018ж.
Мақсаты: Балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру. Мерекелік көңіл-күй ортасын ұйымдастыру. Образдық бейнелерді сомдай білуге үйрету, хормен және жеке ән айту шеберліктерін арттыру. Би қимылдарын қызығушылықпен, ырғақты сақтай орындауға төселдіру.
Жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге мына жыл арайлы!
Құтты болсын ағайын!
Жаңа жылың тағы да
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға
Ертеңгілік басталсын
«Жұлдыз» тобында!
(балалар келіп шыршаны айналып тұрады)
«В лесу родилась ёлочка» әнін орындау.
Жаннұр: Жаңа жылда жол болсын!
Жанболат: Әрбір үйде той болсын!
Андре: Все мечты и все желания
Чтоб исполнил Новый год.
Барлығы бірге: Келе жатқан жаңа жылдарыңыз құтты болсын!
Жүргізуші: Нұрландырып маңайды
Шырша шамы жағылсын
Жаңа жылдың құрметіне
Ақ тілектер ағылсын!
Бәрі: Қуант, бізді, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! 3 рет
(Шырша шамы жанады, «Алақайлап» қол соғады)
Шырша шамын жағу сәті.
Жаннұр: Аяз ата келе ме?
Бізге сыйлық бере ме?
Ернұр: Әрине, ата келеді
Бізге көп сыйлық береді.
Осы кезде музыка әуенімен билей басып түлкі келеді.
Түлкі: Мен түлкімін, түлкімін
Тұнып тұрған күлкімін
Бұлғаң, бұлғаң құйрығым
Текке өтпейді бір күнім
Аяз ата мұнда келмейді,
Сендерге сыйлық бермейді.
Балалар: Қалайша?
Түлкі: Аяз аталарың адасып кетіпті,
Сендерді таба алмай
Үйіне қайтып жетіпті.
Жүргізуші: Бұл қалай болды? Думанымыз Аяз атасыз қалай өтпек?
Мұның артында бір шикілік бар сияқты. Ернұр, Жанболат
екеуің түлкінің ізіне түсіңдер, не бүлдіргенін біліңдер.
Екеуі: Жарайды, біз кеттік. (түлкінің соңына түседі)
Сықырлаған қардың дыбысы естіледі.
Тәрбиеші тың-тыңдап: Балалар, Аяз атамыз келе жатқанға ұқсайды.
Қардың сықырын естідіңдер ме?
Балалар: Иә, естіп тұрмыз.
Жүргізуші: Енді қарап тұрмайық
Бәріміз бірге дауыстап
Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық!
Балалар: Аяз ата, Ақшақар ау-ау-ау!
Әуен ойналады. Залға Аяз ата мен Ақшақар кіреді. Балалар қошеметтеп қарсы алады.
Аяз ата: Амансың ба, ұлдарым,
Амансың ба, қыздарым
Қандай әсем жүздерің
Қандай мөлдір көздерің
Керемет бір ән тыңдап,
Келіп тұр-ау демалғым.
Жүргізуші: Міне, керемет, қол ұстасып әнімізді шырқайық.
Ән «Шырша жыры» хор
Аяз ата: Ой, айналайындарым-ай, сендерге келуін келдім, бірақ қапшық
толы сыйлығым ұшты-күйлі жоқ болып кетті. Осында келе жатып,
жоғалтып алдым. Енді не істесем екен?
Осы кезде түлкінің соңынан кеткен екі бала түлкіні алдына салып, қапшық толы сыйлықты алып келеді.
Аяз ата: Ә, енді есіме түсті, қу түлкі. Жолда бағана өлген боп жатып
қапшығымды қымқырған екенсің ғой. Түлкінің мұнысы дұрыс па, балалар?
Балалар: Жоқ.
Түлкі: Қулық-сұмдықты жоямын
Өнерге ден қоямын
Аяз атам мені кешірсе
Сыйлығына тоямын.
Аяз ата: Онда, айыбыңды өтеп, өнеріңді көрсет.
Түлкі: Достарым менің келіңдер,
Бірге билеп көріңдер
«Вуги-вуги» биі орындалады.
Аяз ата: Бәрекелді, жарайсыңдар. Билерің керемет екен.
Жүргізуші: Өкінішті. Ескі жылмен қоштасып, жаңа жылмен достасатын
кез келді. Балалар, жаңа жыл болса кеп қалды, біздің қоштасатын ит жылымыз қайда? Балалар, ит қалай дыбыстайды? Дауысы естілмейді ме?
«Жаңа жыл жарылқасын, ескі жыл есіркесін» деп ескі жылымызды қарсы алайық.
Ит кіреді.
Жүргізуші: Ау, итжан сенімен де қоштасатын кез келді.
Ит:
Бір жыл бойы сендермен
Бірге жүрдім ойнадым
Енді міне балалар
Кезек келді қоштасар.
Жүргізуші: - Шыныменен, балалар, біз бір жасқа үлкейдік. Ескі жыл Жаңа жылға орнын сыйлағысы келіп тұр, олай болса, сау болыңыз, біз сізге ризамыз!
Бәрі. Қош, қош, Ескі жыл!
Жүргізуші: Жаңа жыл неге кешікті,
Уақыт 12-ден асып кетіпті.
Жаңа жыл өлеңі
Доңыз:
Сәлеметсіздер ме, балалар
Мен тұрмын қуанып,
Шаттыққа бөленіп
Бір жыл бойы сіздермен
Дос болайық шаттанып.
Жүргізуші: Жаңа жылым төрле бізге нұр болып, Жақсылықтың жаршысы боп, бақ болып.
Жанболат:
Қуантып елді
Жаңа жыл келді
Өсетін болдық
Бір жасқа енді.
М.Ақнұр:
Әкелсін жыл ырыс-құт
Әлемде болсын тыныштық
Жаңа жылым тамаша
Ән салайық жаңаша!
Жүргізуші: Ал, балалар, тұрмайық
Аяз атаға арнаған
Тақпақтарымызды айтайық.
Баян:
Аппақ тонға оранып
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып.
Қалып едік сағынып
Күтіп алдық жабылып.
Андре:
Расим:Новый год, Новый год
Ждали мы тебя весь год
Ярко огоньки сверкают,
Нашу елку украшают.
Ернұр:
Шырша дейміз елканы
Балалар билеп қоршады.
Түрлі - түсті ойыншық
Шыршада көз тартады
Аружан:
Жаңа жылға сәніміз
Біздің айтар әніміз
Келдің бе аман алыстан
Сәлем, Аяз атамыз.
С.Ақнұр:
Ақ қырауға малынған
Ақша қардай сақалы
Көптен күтіп сағынған
Көрдік Аяз атаны
Амина:А за елкой Дед Мороз
Мне мешок конфет принес.
Будем петь и танцевать
Будем Новый год встречать!
Нұрислам:
Базарлықты баршаға
Әкеліпті ол тағы
Қарасын деп тамсана
Безендірдік шыршаны.
Аруна:Новый год, Новый год
В гости к каждому идет.
Белым снегом посыпает,
Всем подарочки несет!
Нұрәли:
Тақпақтарды жаттадық.
Би биледік көрсін деп.
Аяз ата қуанып,
Бізге риза болсын деп.
Айзере:Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса
Аяз ата: Ой, айналайындарым рахмет сендерге! Қасымда бар Ақшақар
Ол да ренжіп қалмасын
Бүлдіршіндер балалар
Би билеп, бірге ойнасын!
Жаннұр:
Жаңа жылды тойлайық
Ойнап асыр салайық
Атамыздың сиқырлы
Қолғабымен ойнайық.
Аяз ата: Балалар, шынында менің қолғабым сиқырлы. Қолғабымның
сиқыры-ойын шарты бойынша қолғап кімнің қолында қалып қойса,
сол бала бірден әнші болып шыға келеді.
Жүргізуші: Рас па, олай болса, біз әзірміз.
«Қолғап» ойыны ойналады.
Аяз ата қолғабын шешіп балаларға береді. Кімнің қолында тоқтайды.Сол
өнер көрсетеді.
Жүргізуші: Аяз ата, біз өте тату-тәтті топпыз. Сондықтан біз сізге ұжым болып өнерімізді көрсетеміз. Сіз қарсы болмайсыз ба?
Аяз ата: Жоқ, әрине! Ал тамашалайық сендердің өнерлерінді.
1. Би «Аққала» орындалады.
2. «Паровоз» биі
3.«Кім жылдам?» ойыны .
Аяз ата қолғапты ата-аналарға ұстатып қояды.
4. «Қырықбуын» ойыны ата-аналармен.
5. «Қар атқылау» ойыны балалар мен ата-аналар.
Жүргізуші: Қандай керемет, Шынымен де біздің балалар да, аналарымыз да өнерлі және көңілді екен. Құрметті қонақтар қошеметтеп қояйық. Аяз ата,
қолғабыңыз бізге қажет екен, бізге қалдырып кете алмайсыз ба?
Аяз ата: Қалдырар едім, қарағым, бұл қолғап мен болмасам күшін жояды.
Жүргізуші: Аяз-ата бізге әкелген сыйлықтарыңыз қайда?
Аяз-ата: Мына сиқырлы таяғым сыйлықты тауып береді.
Аяз-ата: Бәрекелді, міне біздің сыйлықтар.
Сыйлықтарды тарату сәті.
Аяз ата: Ал,енді тағы да біз барар балабақшалар көп еді. Сау болыңдар балалар! Ақшақар:Келесі кездескенше!
Жүргізуші:Балалар, Аяз-ата мен Ақшақар басқа балабақшаға кетті.
Ал біз келген жаңа доңыз жылына өте қуаныштымыз.Жаңа жылымыз бақыт,табыс, жақсылық әкелсін.Жаңа жыл құтты болсын!
Ал енді, ортаға балабақша меңгерушісі Жайнагуль Бақытбекқызын шақырамыз.
Ата-аналар мен балаларды марапаттау.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! «Келді міне, Жаңа жыл!» атты мерекеміз аяқталып қалды. Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата - аналар, әріптестерім сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!