kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қоштасу балабақшамен

Нажмите, чтобы узнать подробности

Шағын орталықта өткен ертеңгілік.Шағын орталық түлектерімен қоштасу

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қоштасу балабақшамен»

Айтуар негізгі орта мектебінің жаңында ашылған

«Балбөбек» шағын орталық















«ҚОШ БОЛ ШАҒЫН ОРТАЛЫҚ 2017»

Ертеңгіліктің есебі







Дайындаған тәрбиешілер:

Идрисова Д.М

Абукенова Д.С





2016- 2017 оқу жылы





Айтуар негізгі мектебінің жаңында ашылған

«Балбөбек» шағын орталық

















АНАЛАР

МЕЙРАМЫ











Дайындаған тәрбиешілер

Идрисова Д.М.

Абукенова Д.С

2 016-2017 оқу жылы

































Дайындаған тәрбиешілер:

Идрисова Д.М

Абукенова Д.С







2016- 2017 о.ж



































Қош бол, шағын орталығым!

Жүршізуші: Құрметті  ата-аналар, қонақтар, ұстаздар.

Бүгін  біздің  бірнеше  жыл  мәпелеп,күтіп, тәрбиелеп  өсірген  бүлдіршіндерімізді  мектеп  табалдырығына  шығарып  салғалы  отырмыз. Балаларымыз осыдан  4  жыл  бұрын  кішкентай бүлдіршін  еді,  енді  міне, бойлары да, ойлары да  өсіп,  мектепке  қадам  басқалы  тұр. Әрине, бұл да  үлкен  той,  тойларыңыз  құтты  болсын!. Балаларға  «Қадамдарыңа гүл бітсін, талаптарыңа  нұр  жаусын» -дей отырып, Қош бол, шағын орталығым!   атты  ертеңгілігімізді бастауға  рұқсат  етіңіздер.Олай болса Шағын орталық түлектерін ортаға шақырамыз.

Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді 
Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды, 
Бізден ұшып қанат қағып есейіп, 
Өздеріңмен қоштасатын күн туды. 
Бәріңді де сәбиім деп сүйетін, 
Өздеріңді сағынып біз жүрейік, 
Құтты болсын қадамдарын аттаған, 
Біз сендерге сәтті сапар тілейік. дей отырып, құттықтау сөзді мектебіміздің директоры Абдрешов Гайдар Базарұлына, және оқу ісі жөніндегі орынбасары Какижанова Айна Кәрімқызына және де,тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Калиева Ақмарал Қалиахметқызына береміз.



Жүргізуші:

Бұл қуаныш себебін

Бізге қарап ұғарсын

Ер жетті деп бөбегін

Туған отан қуансын дей келе ҚР-ның әнұраны орындалсын.





Жүргізуші:Көз салып қараңызшы бойымызға, 
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға, 
Қош келіпсіз ардақты ата-аналар 
Бақшамен қоштасу тойымызға. дей келе «Бала тілегі» әнін қабыл алыныздар.

Жүргізуші 

Ботақаным бөбек деп 
Еркелеткен ұл қызын 
Анамызды ерекше,қуантатын күн бүгін дей отырып шағын орталық түлектерінің өлең шумақтарын қарсы алыныздар.

Мирас:Біз балауса баламыз

Жетелеп ой санамыз

Бақшамызбен қоштасып

Мектепке енді барамыз

Қош бол балабақшамыз

Қимай кетіп барамыз

Сол күндерді қиялдап

Сағынармыз алі-ақ біз.

Тәтті тағам пісірген 
Айран сүтін ішкізген, Айнұр тәте,Раушан тәте,Гүлдана тәте сіздерге мың алғыс.

Бізде мұнда әрдайым

Бәрі,бәрі дап дайын

Бізді әрқашан ойлаған

Тәттігүл тәтеге мың алғыс.

Нұрбол:

Балабақша, балабақша 

Шаңырағы шаттықтың

Балабақша қорғанышы 
Балғын сәби жастықтың 
Қуанамыз сыйлаймыз 
Қуаныштың мың гүлін 
Бақшамызбен қимай біз 
Қоштасатын күн бүгін 

Жайдары жүз,ай қабақ

Жүреді бізді аймалап

Тобымызға жиі кеп

Білгеніңді сұрайтын

Ақыл айтып тұратын Гайдар ағайға мың алғыс.

Бізді баптап қараған

Күлімдегенижақсы адам

Ақ төсекке жатқызған

Басымыздан сипаған Динара апай,Дарина апай сіздерге мың алғыс.

Сымбат: Сүйкімді балғын бала шақ

Сендердікі болашақ

Озат болып оқыңдар

Ойға білім тоқыңдар.



Мансұр: Мектепке енді бардыңдар

Үлгілі бала болдыңдар

Жақсы оқып сабақты

Кілең «бестік» алдыңдар.

Жарас: Көк жүзінде самғаңдар

Тауды бұзып,тас жарып

Мұхиттарды жалғаңдар

Күллі әлемді шарлаңдар.

Сергітту сәтті

Жүргізуші:

Еркелеткен ұл қызын

Анамызды ерекше

Қуантатын күн бүгін

Өсті міне бойымыз

Қуанышқа ортақпыз

Құтты болсын тойымыз дей отырып ата-аналармен ойын.

Бас киімді неге киіп жүреді (бас киім өзі жүрмейді)

Көзді жұмып нені көруге болады (түс)

Адамдар қай кезде ағашқа ұқсайды (ұйықтап жатқан кезде)

Ағашқа қонған құстарды үркітпей бұтақты қалай кесіп алуға болады.(құстардың ұшқанын күту керек).

Жүргізуш:

Өзіңнен көп дос таптым, 
Бауыр баса бастаппын 
Тәрбиешілер мейірбан

Келмей тұр енді қоштасқым, 
Тәрбие берген ұямыз, 
Тәртіпті бала боламыз 
Қоштасып бала бақшамен 
Біз мектепке барамыз балалармен иа,жоқ ойыны.







«Біз мектепке барамыз» 
1. Мектепке біз барамыз ба? 
2. Кілең бестік аламыз ба? 
3. Айтқан тілді аламыз ба? 
4. Ақылды бала боламыз ба? 
5. Нан жеймін деп жылаймыз ба? 
6. Ертеңгісін тұрамыз ба? 
7. Сабақ та отырып ұйықтаймыз ба? 
8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба? 
9. Екі алғанда жылаймыз ба? 
10. Оқушы біз боламыз ба? 

Жүргізуші:Ата-аналарға иә,жоқ ойыны.

  1. Балаңызға әрқашан тірек сіз ба? 
    2. Сабақ оқып, есепке сіз жүйрік сіз ба? 
    3. Тамағын уақытылы бересіз бе? 
    4. Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз ба? 
    5. Сериал көріп жатасыз ба? 
    6. Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба? 
    7. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба? 
    8. Сен оқыт, мен оқып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба? 
    9. Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба? 
    10. Бала үшін асулардан асасыз ба? 




Жүргізуші:

Талайлардың шырқалады жыр әні



Талайлардың жүрегі нұр құшады

Бүгінгі той күн аспанында



Ән қалықтап күй мен жыр бірге ұшады ортада «Қошақаным» әні қабыл алынңыздар.









Жүргізуші:

: Түлектерім аман бол.
Алдарыңда сендердің,
Қаланған сүрлеу, сара жол.
Шақырады мектебің,
Қоштасатын кез келді.
Сағынамыз сіздерді,











Ұмытпаңдар біздерді.дей отырып «Қош бол,шағын орталығым» атты концертіміздің жабылу салтанаты өз мәресіне жетті.Келесі кезекті түлектердің ата-аналарына сөз берейік.















 






Есеп

















































Балабақша, балабақша 

Шаңырағы шаттықтың

Балабақша қорғанышы 
Балғын сәби жастықтың 
Қуанамыз сыйлаймыз 
Қуаныштың мың гүлін 
Бақшамызбен қимай біз 
Қоштасатын күн бүгін 
Ақбота: 
Ботақаным бөбек деп 
Еркелеткен ұл қызын 
Анамызды ерекше 
Қуантатын күн бүгін 
Өсті міне бойымыз 
Қуанышқа ортақпыз 
Құтты болсын тойымыз. 
Бекнұр: 
Бұл қуаныш себебін 
Бізге қарап ұғарсың 
Ер жетті деп бөбегің 
Туған Отан қуансын. 
Оқимыз білім аламыз, 
Болашақ жолын табамыз 
Бақшамызбен қоштасып, 
Біз мектепке барамыз. 
Үлкендердей тап-таза 
Жазамыз бормен тақтаға 
Үлгілі бала боламыз 
Жүретіндей мақтана. 
Назерке: 
Өзіңнен көп дос таптым, 
Бауыр баса бастаппын 
Тәрбиешілер мейірбан 
Келмей тұр енді қоштасқым, 
Тәрбие берген ұямыз, 
Тәртіпті бала боламыз 
Қоштасып бала бақшамен 
Біз мектепке барамыз. 
Аружан: 
Сезімнен туған баламыз 
Оянды ақыл санамыз, 
Адамдықтың бастауын 
Өзіңнен алып барамыз. 
Балабақша базарлы үй 
Көшедегі ажарлы үй 
Шаттығы бар шуақты 
Өз үйіміз сияқты 
Айшат: 
Сыңғыр, сыңғыр қоңырау, 
Тәтті әуені ән думан 
Мектепке кетіп барамыз 
Білім алған бақшадан 
Нұртай: 
Мектепке енді барыңдар 
Кілең бестік алыңдар 
Жақсы оқып сабақты 
Кілең бестік алыңдар! 
Балабақшам қош енді 
Әркез аман бол деймін 
Әкем менен шешемді, 
Ертіп енді келмеймін. 
Бекарыс Ш: 
Тауды бұзып тас жарып 
Мұхиттарды жалғаңдар 
Күллі әлемді шарлаңдар 
Ғарышқа да самғаңдар! 
Ән: «Біз мектепке барамыз» 
1. Мектепке біз барамыз ба? 
2. Кілең бестік аламыз ба? 
3. Айтқан тілді аламыз ба? 
4. Ақылды бала боламыз ба? 
5. Нан жеймін деп жылаймыз ба? 
6. Ертеңгісін тұрамыз ба? 
7. Сабақ та отырып ұйықтаймыз ба? 
8. Ойыншықтармен ойнаймыз ба? 
9. Екі алғанда жылаймыз ба? 
10. Оқушы біз боламыз ба? 
2-Тәрбиеші: Олай болса ата – аналармен де «Ия, ия» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық. 
1. Балаңызға әрқашан тірек сіз ба? 
2. Сабақ оқып, есепке сіз жүйрік сіз ба? 
3. Тамағын уақытылы бересіз бе? 
4. Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз ба? 
5. Сериал көріп жатасыз ба? 
6. Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба? 
7. Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба? 
8. Сен оқыт, мен оқып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба? 
9. Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба? 
10. Бала үшін асулардан асасыз ба? 
Тәрбиеші: Рахмет көп- көп 
Балаларымыз көңілді 
Шақырамыз ортаға 
Тойымызға сән беріп 
Би билейік тамаша 
Кешіміздің одан әрі жалғасын биге берейік 
Би: «Көбелектер» 
Тәрбиеші: – Балалар біз мектепке не үшін барамыз? 
1- бала. – оқып білім алу үшін 
2- бала: – еліме еңбек ету үшін 
3- бала: Білімді азамат болу үшін 
4- бала: Ер жетіп Отанымды қорғау үшін 
1-Тәрбиеші: Талаптарыңа нұр жаусын! Өте жақсы балалар екенсіңдер, біздің елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өз жолдауында «Білім беруді балабақшадан бастау керек» деп атап кеткен болатын, әрине осы сөз текке айтылмаған, мінекей Елбасымыздың қолдауымен жасаған «Балапан» бағдарламасы арқасында сендер мектеп табалдырығын нық аттап бара жатырсыңдар. 
Ойын «Тез тұратын сандар» 
Шарты: Балаларға бірден 5– ке дейінгі сандар беріледі, музыка тоқтағанда бір қатарға тез тұру керек. 
Келе жатқан үзілмей бабасынан 
Ана үшін қымбат жоқ баласынан, 
Әлі талай шығады нағыз Шара 
Балғын биші қыздардың арасынан-деп түлектерге сәттілік тілеуге келген Наргизаны ортаға шақырайық. 
Би: «Аққу» 
Балалар өздеріңе жүрек жылуын, мейірімін сыйлаған жандарды ұмытпаңдар! Бүгін сендермен қоштасуға балабақшада өткізген жарқын, қызықты болуына күні-түні барын салып жүрген жандардың барлығы келді (музыкамен балабақша қызметкерлері кіреді) 
Елшат: Меңгеруші 
Гүлдендірген бақшаны 
Меңгеруші апай жақсы адам 
Сондықтан да біз үшін 
Артықсыз сіз басқадан 
Жеткіземіз біз ертең 
Болашаққа даңқыңды 
Біздің Айман апайға 
Бар баланың алғысы! 
Аружан: Әдіскер 
Гүлденсін деп бақшамыз, 
Күн сайын тыным таппаған, 
Әдіскер Айнагүл апайым 
Аямас жанын бақшадан 
Сізге рахмет айтамыз! 
Бекарыс Ш: Дәрігер 
Денсаулыққа болаттай 
Ауруларды жолатпай 
Күнде болған әбігер 
Қамқоршымыз дәрігер 
Дәрігер апайға мың рахмет 
Нұрдана: Хореограф 
Үйренеміз өнер біз 
Шетімізден шеберміз 
Бал татыған әндерді 
Мың бұралған билерді 
Үйреткен апайларға мың алғыс 
Елдос: Аспазшы 
Тәтті тағам пісірген 
Айран сүтін ішкізген 
Азпазшы апайлар 
Сіздерге де мың алғыс 
Әсемгүл: Тәрбиеші . 
Сыңғырлаған қоңыраудың дауысы шығады- міне балалар, сендер енді мектепке барасыңдар, кітап алып, оқып білім аласыңдар! Балабақшаны ұмытпай келіп тұрыңдар! Сіздер- еліміздің ертеңісіздер, Отанымыздың болашағы сендердің қолдарыңда! Ата-аналар! Мәпелеп отырған балапандарымыз аман болсын! Үйімізден баланың базарлығы таусылмасын! 
Өтелер ме жылуы алақанның 
Өтелер ме қызығы балақанның 
Өтелер ме аяулы, ата-ана 
Қатайып қанаты ұшса балапанның-деп келесі сөз кезегі ата-аналарға беріледі. 
Келешек қой осылар барға шүкір, 
Алдарыңда ақ қанат арманы тұр 
Бала сәби жүрекпен тебіреніп, 
Қолдарына диплом алғалы тұр. Марапаттау рәсімі. 

Тәрбиеші: Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын! 
Дендеріңіз сау аман есен мықты болсын! 
Мектеп есігі әрқашанда ашық болсын! 
Біріншіге баратын қадамдарың құтты болсын-деп бүгінгі балабақшамен қоштасу кешін жабық деп жариялаймын. 




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Қоштасу балабақшамен

Автор: Идрисова Динара Мұратқызы

Дата: 07.07.2017

Номер свидетельства: 423828

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "Балабақшамен қоштасу"
    ["seo_title"] => string(27) "balabak_shamien_k_oshtasu_1"
    ["file_id"] => string(6) "415608"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1494861200"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Балаба?шамен ?ошатсу кеші"
    ["seo_title"] => string(28) "balabakshamienkoshatsukieshi"
    ["file_id"] => string(6) "291286"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1455100726"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) ""Біз ?мірді? г?ліміз" балаба?шамен ?оштасу "
    ["seo_title"] => string(46) "biz-omirdin-ghulimiz-balabak-shamien-k-oshtasu"
    ["file_id"] => string(6) "216654"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1433090420"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(112) "«Қош бол, балабақшам!» атты балабақшамен қоштасу ертеңгілігі"
    ["seo_title"] => string(60) "kosh_bol_balabaksham_atty_balabakshamen_koshtasu_ertengiligi"
    ["file_id"] => string(6) "501296"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1551033214"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "Балабақшамен қоштасу"
    ["seo_title"] => string(22) "balabakshamen_koshtasu"
    ["file_id"] => string(6) "614253"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1664723650"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства