Қош бол, сүйікті балабақшам !
Жүргізуші :Қымбатты ата-аналар,балабақша қызметкерлері!
Біз бүгін 4 жыл мәпелеп күтіп оқытып тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді
Ұямыздан ұшырып,мектепке шығарып салып отырмыз.
Өтті қызық көп күндер
Жеті жасқа жеттіңдер
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер.
Деп ортамызға бүгінгі бүлдіршін түлектерімізді шақырайық.Дуу қол шапалақпен ата-аналар.
Сұңғақ бойлы,бияз мінез Нұрайым
Әр нәрсенің мәні бар,Ернұрдың өз орны бар
Н.Алихан топтың сабырлы да ұяны
Білімді де,жан-жақты Инабат
Тамаша жақсы бала Адият
Тақпақ айтып,тақылдайды Досымжан
Инабатты қыз Томирис
Мінезі темір,қайсар жігіт Әкімжан
Салмақты жігіт Арнат
Ақылды жігіт Жандаулет
Ержүрек жігіт Д Алихан
Ерке қыз Айша
Мың бұралар биші қыз Назым
Сүйкімді де сүйікті қыз Аружан
Әділетті де ,әдепті қыз Мерует
Бәйшешектей,аппақ қыз Лилия
Қазақ қызы нәзік мінез Алия
Еркелеген ерке мінез сымбатты Даниял
Жарқын жүзді Аруна
Ботакөзді сүйкімді қыз Амина
Сегіз қырлы бір сырлы Мәди.
2013-2014 оқу жылындағы «Жұлдыз» тобы түлектерінің қоштасу ертеңгілін ашық деп жариялаймыз .
Келесі кезекте тақпақтарға береміз.
Аруна.1) Балабақшам қош енді
Әркез аман бол деймін
Әкем менен шешемді
Ертіп енді келмеймін.
2)Арнат .Елжіреп түлектер
Айтылсын тілектер
Бақ құсын қондырсын
Биылғы түлектер
3)Аружан. Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың гүлін біз
Алғашқы топты қимай біз
Қоштасып бүгін күн.
4) Н.Алихан. Ақылы бар баласын
Айтқан тілді аласын
Намысты болып өссін деп !
Нағыз адам боласын!
5) Алия. Балабақша базарлы үй
Қаладағы ажарлы үй
Күлкісі бар шуақты
Өз үйіміз сияқты.
Ән: «Есімде сол бір кез»
Келесі құттықтау сөз кезегін балабақша меңгерушісі Ахметова Райхан Аманжолқызына беріледі.
Би «Қанатпен би» қыздар: Назым,Инабат,Амина,Лилия,
Тілші :Мен кешіктім бе бұл қалай –қап,парламентте кризистен шығу туралы
Экономикалық проблема жиналысында болам деп,балабақшада түлектермен қоштасу мерекесінен кешіге жаздадым гой
Жүргізуші : Қапаланбаныз,құрметті тілші,біздің ертеңгілік енді басталғалы жатыр.
Қараңызшы бізідің гүлдей жайнаған түлектерге,жүздері бал бұл жанған ата-аналар.
Тілші: сұрақтар қойылады
1)Сен өскенде кім болғын келеді
2)Өз тәрбиешілеріне не тілер едіңдер
3)Өскенде балабақшада жұмыс істегін келеме?
4)Немен айналасқанды ұнатасың?
5)Өскенде қандай жақсылық жасар едің?
Тілші: Рахмет сендерге қол алысады,ал енді естелікке суретке түсірейін,қәне жымиямыз.
Қазір кешікпей келемін тосын сый жасаймын сіздерге.
Тақпақтар:
1)Д.Алихан. Мектеп қамқор анамыз
Оқып білім аламыз
Өнерпаз боп өсетін
Біз оқушы боламыз.
2) Айша .Жақсылыққа құштармыз
Жақсы адам боп шығамыз
Таза сәби жүректен
Қабылдаңыз мың алғыс
3)Мәди. Әуе шары қалықтап
Ұшуға бізді шақырды
Көңілденіп бүгін біз
Аттанамыз сапарға
4) Жандаулет. Үлкендердей тап-таза
Жазамыз бормен тақтаға
Үлгілі бала боламыз
Жүретіндей мақтана
5)Амина . Бізде қарап қалмаймыз
Қозғаламыз керемет
Би билеуді үйрендік
Айналамыз самғаймыз
6) Ернұр .6 жасқа толамыз
әдепті бала боламыз
Қуантып ата-анаңды
Мектепке кетіп барамыз
Бақша біздің панамыз
Мектеп біздің анамыз
Ұлағатты ұстаздан
Оқып білім аламыз
Дымбілмес пен Жалқаубек кіреді.
-дымбілмес қолында рогатка:мәссаған,құлпырып кетіпсіңдер го өздерің,қай жаққа
жиналдыңдар?
Балалар :мектепке барамыз
Дымбілмес :мектепке онда не бар,дым қызық жоққо,оданда менімен бірге жүріңдер
Рогаткамен торғайларды атамыз,сағыз шайнаймыз жүріңдердер,жүріңдер.
Жалқаубек :Одан да ұйықтамайсыңдарма?мен сияқты,тәтті ұйқыға батып рахатынай
Оқу деп осыны айт! «қолында көпшігі бар жатады»
Жүргізуші :Бұл балабақша түлектердің қоштасу мерекесі.Біздің балалар мектепке
Барғалы жатыр,сен болсан дымнан хабарын жоқ,я оқуды,я жазуды білмейсің.
Дымбілмес :Бау-бақша дейді ме?онда мен қазір бау бақшаны суарамын.
Жүргізуші: Бау бақша емес,балабақша.
-балалар дымбілмес пен жалқаубектің білімдерін тексеріп көреміз бе?
Алдымен сені тексерейік 5ке 3-ті қосқанда неше болады?
Дымбілмес : 10 болады гой
Балалар дұрыс емес,тәрбиеші балалардан сұрайды.
Жүргізуші:балалар біздер өз білімдерімізді көрсетейік!
5+2
10-5
6+2
8-5
Көрдіңдерме біздің балаларымыз қандай ақылды,бәрің біледі.Осымен бірге олар болашақ
Ел қорғаушылар.Біздің Отанымызды қорғайды.Қарсыалыңыздар алдарыңызда «Отан қорғаушылар» биімен біздің сарбаздарымыз.
Би: «Отан қорғаушылар» ұлдар
Жүргізуші : кәне,Балалар Дымбілмес пен Жалқаубек мектепке барғанда қандай мектеп құралдарын алып жүру керек екенін білмейді екен,көңілдерін көтеріп,бір ойын ойнайы
-балалар қандай құрал керек екенін айтып көрсетеміз бе?
Ойын: «Сумканы жинау»
Дымбілмес пен Жалқаубек : Жарайсындар балалар,енді біз біліп жүретін боламыз.
Біздерде оқығымыз келеді,былай жүруге шаршадық.
Біз жалқау болмаймыз
Кешірім сұраймыз
Рұқсат болса енді біз
Мектебізге барайық
Би: «Морячки» улдармен кыздар
Кішкентай топтың балалары келеді тақпақтарын айтады.
1
2
Ән: «Армандастар»
Жүргізуші: Бал балалық балдырған шақ сан арман
Барлық бала армандауға жаралған
Кел достарым әндетіңдер,билеңдер,
Гүлденсін деп Атамекен қара орман деп екіңші бөлімізді бастаймыз.
Сахналық қойылым:Әке мен шеше және қыз бала
Жүргізуші :Таң атқаннан,кеш батқанша
Бірге жүрдім өздеріңмен
Қызық күндер өтті міне
Тақпақ айтқан тілдеріңнен
Келесі кезек алғыс тақпақтары:
Досымжан. Гүлдендірген бақшаны
Меңгеруші жақсы адам
Сондықтанда біз үшін
Артықсыз сіз басқадан
Меңгеруші Р.А мың алғыс
Мерует. Тәрбие берген ұямыз
Тәртіпті бала боламыз
Қоштасып психолог апаймен
Біріншіге барамыз
Наталья Валерьевнаға мың алғыс
3)Лилия .Баулап баптап өсірген
Бұзықтық етсек кешірген
Жақсы жаманды айырып
Тәлім тәрбие үйреткен
Әселім апай мен Гүлжанат апайға мың алғыс!
4)Нұрайым .Әнге бізді баулаған
Әнші Айнур апай жақсы адам
Үйреткен бізге әндерін
Ұмытпаймыз әрқашан
Айнұр апайға мың алғыс
5) Томирис .Бәрін жуып тазалап
Аппақ салып төсекті
Күнде тыным таппаған
Света апай мен Галина апайға мың алғыс
6)Адият .Бәрі де өзі келеме?
Орындық, шкаф,төсекте,
Соның бәрін табатын
Шаршамайтын,күлетін
Бисенгали ағайға мың алғыс
7)Назым .Тәрбиешім,түлегіңмін
Шаттығысың жүрегіңнің
Енді оқуға кетемін
Ендігі ұям мектебім
Оқимыз білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Балабақшамен қоштасып
Біз мектепке барамыз.
8)Инабат. Көп өнеге үйретеді
Ән салдырып билетеді
Домбыраммен тартып берем
Тыңдайтының күй ме тегі?
«Тілашар» мен «Әліппеден»
Сауат аштық әріптермен
Түрлі бояу қарандашпен
Суретті де салып берем
Денемізді шынықтырып
Ұйықтады тынықтырып
Балабақша жібереді
Үйімізді ұмыттырып.
Ән: «Ерте ерте ертеде»
Табыстау рәсімі:венетка тарату.
Тілек Шарын ұшыру. Далаға шығып.
№31 «Күншуақ» мектепке дейіңгі ұйымы
«Қош бол,менің сүйікті балабақшам»
№5 «Нұршуақ» мектеп алды даярлық тобы
Өткізген:Жакупова Э.Ж.
2015 оқу жыл