kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ош бол, балаба?шам

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Ба?-Н?р-Ел" б?бекжай- балаба?шасында ерте?гілік. "?ош бол, балаба?шам" та?ырыбында

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ош бол, балаба?шам»


Бекітемін

"Бақ-Нұр-Ел" бөбекжай-

балабақшасының

меңгерушісі

--------------Нұрхожа А.Н.





«Ақкөгершін» ересек тобы


Тақырыбы:

Тәрбиеші:Басарова А.Е

Қалыбекова Ж.Ш.












2015-2016жж.


Әнұран орындалады.

"Қазақ валсьі" әуенімен билеп залға балалар кіреді.

Жүргізуші: Қымбатты ата-аналар,балабақша қызметкерлері қонақтар бүгін біздің бірнеше жыл мәпелеп,күтіп тәрбиелеп өсірген бүлдіршіндерімізді мектеп табалдырығына шығарып салғалы отырмыз. Әрине бұл да үлкен той,тойларыңыз құтты болсын! Кәнекей кіштентай түлектерімізге тағы да бір қошеметтеп бір қол соғып қоялық.

Жүргізуші: Мерекеде сызылтып ән салады.

Ән айтып би де билеп жан салады,

Бұл ұлы мерекеде ән салғанда,

Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады.


Яшар: Сүйген өз қыз,өз ұлын,

Бөбегім деп аянбай.

Балабақша өз үйім,

Апай болды анамдай.


Мөлдір: Баулап,баптап өсірген

Бұзықтық етсек кешірген,

Ұмытпаймыз өзіңді

Ұмытпаймыз сөзіңді.


Ән: Тәрбиеші


Жүргізуші: Тұра алмай бір орнында тағат тауып,

Құс көңіл бара жатыр қанаттанып

Тарту қылып билеріиен келіп тұрған,

Келер жылғы "Ересек" топ талаптанып.


"Бәйтерек" тобының орындауында "Үнді биі"


Жүргізуші: Қыздары көңілді,

Шақырамыз ортаға

Тойымызға сән беріп

Би билесін шаттана.


Би: "Өзбек" биі

Жүргізуші: Өтті қызық көп күндер

Бес жасқа да жеттіңдер,

Барасыңдар мектепке

Бір белестен өтіңдер.



Аделя: Оқимыз білім аламыз.

Болашақ жолын саламыз,

Бақшаменен қоштасып

Біріншіге барамыз.


Эльмира: Балабақша базарлы үй,

Көшедегі ажарлы үй

Шаттығы бар шуақта

Өз үйіміз сияқты.


Әбдірахман: Жеті жасқа толамыз

Әдепті бала боламыз,

Ата-ананы қуантып,

Кілең бестік аламыз.


Грузин биі: Альбина.Яшар.


Жүргізуші: Балаларымыз көңілді.

Шақырамыз ортаға

Тойымызға сән беріп

Би билейік тамаша.

Үнді биі: Еңлік. Айым.


Жүргізуші: Бірге ойнап, бірге жүрген,

Күндерімді қимаймыз.

Естелік болсын біздерден,

"Ұлдар" биін сыйлаймыз.


Би: "Ұлдар" биі


Гүл ханшайымы: Саламатсыңдарма, балалар! мен музыка әуенін естіп сендерге келіп тұрмын. Қандай әдемі балалар,қандай әдемі безендірілген зал.Мен қай жерге келдім?


Жүргізуші: Бұл "Бақ-Нұр-Ел" балабақшасы "Ақкөгершін" тобы.Біздің бүлдіршіндеріміз балабақшамен қоштасқалы жатыр,ал сіз кімсіз,қайдан келдіңіз?


Гүл ханшайымы: Мен ертегі патшалығынан келген гүлдер ханшайымымын.

Мен бүлдіршіндерге жолдарың ашық болсын деймін.Ал балалар мына сиқырлы ағашқа қараңдар,бұл ағашқа өздерінің арман тілектеріңді айтсаңдар болады. Мына лентаны алып армандарыңды айтып байлай қойыңдар.

Ал балалар,Сау болыңдар! мені тағы басқа балабақшада балалар күтіп отыр сол жаққа барайын.





Би: "Бәйтерек" тобы.


Би: Молдаванка.

Ән: Учить в школе.


Музыка ойналып,Маша мен аю келеді.


Маша: Жүр,деймін жүр. Мен саған балалар балабақшада қалай оқиды екенін көрсетемін.

Аю: балабақша,балабақша деп неге қайталай бересін.Мен онсыз-ақ бәрін білемін.

Маша: Балалар міне мен аюды алып келдім. Ол мүлде жаза да оқида алмайды.Балалар маған көмектесіңдерші мен аюға бәрін үйреткім келеді.Балалар біз мектепке бару үшін бізге алдымен не керек?


Жүргізуші: Балалар,кәнекей біз машаға көмектесейік.


Маша: Көрдің бе, аю! Балалар бәрін біледі,ал сен болсаң,үп-үлкен болып ештеңе білмейсің!

Аю. Иә,расында да ұят болды.

Маша: Жарайсыңдар, бізде енді сендермен бірге мектепке баратын болдық.сендерге көп рахмет.

Аю: Мен барып сабаққа дайындалайын.Қош сау болыңдар,балалар!


Пародия: Еңлік


Жүргізуші: Бұл қуаныш себебін

Бізге қарап қғарсың,

Ер жетті деп бөбегім,

Қстаздарым қуансын,

деп қазір балалар өздерінің алғыстарын айтпақшы.


Еңлік :Гүлдендірген бақшаны,

Құрылтайшы апай жақсы адам.

Сондықтанда біз үшін

Артықсыз сіз басқадан.

Шолпан апайға мың алғыс.


Альбина: Білімге үйреткен баршаны,

Меңгеруші апай жақсы адам.

Сондықтан сіз біз үшін

Артықсыз сіз басқадан

Айбибі Нұрхожақызына мың алғыс.






Бақдаулет: Әдіскер Салтанат апайға,

Алғыс айтып барамыз.

Қабыл алып сыйымызды

Әдемі болып жүріңіз.


Нұрасыл: Орыс тілін білсін деп

Үйреткен бізді Күлжан апай.

Қоштаспай біз қаламыз,

Мектептен жалғасын табамыз.


К.Аслан: Чтоб активности излишек,

Не пугал людей вокруг,

Наблюдал всегда детишек

Наш психолог добрый друг!


Дулат: Тәтті тағам пісірген,

Айран,сүтін ішкізген.

Аспазшы апайлар

Сіздерге де көп алғыс.


Айым: Бізді баптап қараған,

Күлімдеген жақсы адам.

Ақ төсекке жатқызған

Басымыздан сипаған

Әлия Асатуллақызына көп рахмет.


Али: Әріптерді оқытқан,

Санамақты жаттатып.

Санауды бізге үйреткен,

Жақсы болсақ қуанған

Қатеміз болса кешірген

Жазира Шінәліқызына,

Айгүл Ермекқызына

Айтамыз мың алғыс.


Эльмира:Денсаулыққа болаттай

Ауруларды жолатпай.

Күнде болған әбдігер,

Қамқоршымыз дәрігер

Маржан апайға мың алғыс.


Балым: Ерекше бізде бір апай

Біз қараймыз таңырқай.

Ағылшын тіл үйрендік апайдан ,

Ешқашанда жалықпай

Айнұр апайға мың алғыс.




Жүргізуші: Көрмеген артық күліп,артық жүріп,

Шәкіртіңді баулыдың тәртіпті ғып.

Қоштасамыз біз бүгін ұстаздармен

Ұстаз әнін жаңғыртып айтып тұрып.


Ән: Ұстазым.


Жүргізуші: Алқынып арман тұрған жүректері,

Бұл күн дағы өмірдің бір өткелі.

Орындалып ойлаған армандарың

Қия шыңға өрлеңдер түлектерім.

Күтсін дейміз алдыңнан күтіп бағың,

Жоғалмасын ата салты ғұрыптарың.

Кір келтірме тәрбиеші, бақшаңа

Өскен орта бақшаңды ұмытпағын.


Жүргізуші: Міне,балаларымыздың жүректері лүпілдеп мектепке қадам басқалы тұр. Бойларындығы бар өнерлерін сіздерден аямай барынша тырысып көрсетті.

Жүргізуші: Ажырамай бақшадан бір елі сіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Сөз берелік құрметпен өзіңізге

Түлектерге арналсын тілегіңіз. Ендігі сөз кезегі балабақша құрылтайшысы Шолпан апайға береміз.






.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
?ош бол, балаба?шам

Автор: Басарова Айгул Ермековна

Дата: 30.05.2016

Номер свидетельства: 331314


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства